ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

@atomagencykz · Kazakh · active

Subscribers 759 Subscribers, last 30 days: 754 → 759 +0 24h
Reach per post (ERR) 33.9%257 avg views
Posting 1.7/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.3 👍 ❤ 🔥

🆕Атом саласының дамуы — ғылымға адал берілген, өз ісін терең меңгерген мамандардың еңбегімен тығыз байланысты Бүгінгі «Атом маманы» айдарының кейіпкері — ҚР Ұлттық ядролық орталығының «Атом энергиясы институты» филиалының радиациялық материалтану зертханасының бастығы, PhD, қауымдастырылған профессор Ержан Ернатұлы Сапатаев. Ержан Сапатаев Семей мемлекеттік Шәкәрім университетінде «Физика» мамандығын тәмамдап, кейін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде магистратура мен докторантурада білім алды. Ол атом энергетикасымен кәсіби жолын 2010-жылдардың басында байланыстырып, «Атом энергиясы институтында» қатардағы ғылыми қызметкерден зертхана басшысына дейінгі жолдан өтті. Бүгінде ғалым радиациялық материалтану, реакторлардың қауіпсіздігі және экстремалды жағдайларда жұмыс істейтін материалдардың қасиеттерін зерттеумен айналысады. Сонымен қатар халықаралық ғылыми жобаларға қатысып, атом энергетикасының қауіпсіз әрі сенімді дамуына өз үлесін қосып келеді. Ғылымды мамандық емес, өмірлік жолы еткен Ержан Сапатаевтың кәсіби тарихы — атом саласында жаңа буын ғалымдарын қалыптастырудың жарқын үлгісі.

Views over time

010020030014 Sep 09:4512 Nov 09:0023414 Sep 09:45: 0 views12 Nov 09:00: 234 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
14 Sep 2026, 09:450
12 Nov 2026, 09:00234

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.