Росатом Центральная Азия

@rosatom_ca · tech · Kazakh · active

Официальный канал Госкорпорации «Росатом» в Центральной Азии. Новости, исследования, интересные факты об энергетике. Сайт: https://rosatomnewsletter.com/kk/ По всем вопросам обращайтесь на почту press@rosatom.kz

Subscribers 702 tracking since 13 Nov
Reach per post (ERR) 49.9%350 avg views
Posting 2.7/day last 14 hours ago
Reactions per 1K views 17.0 🔥 ⚡ ❤
  1. «Росатом» Тәжікстандағы уран мұрасы нысанын оңалтуға кірісті Орталық жобалау-технологиялық институты («ЦПТИ» АҚ, «Росатомның» Отын дивизионы) Соғды облысы Истиклол кентіндегі «Табошар» алаңының №3 цехын оңалту жұмыстарын бастады. Жоба Ресей мен Тәжікстан арасындағы үкіметаралық келісім аясында жүзеге асырылып, экологиялық ахуалды жақсартуға және аумақты болашақта қауіпсіз пайдалануға бағытталған. Ресейлік мамандардың өңірде табысты тәжірибесі бар: 2023 жылы ЦПТИ «Табошар» алаңында кедей уран кендері фабрикасының үйіндісі мен төрт қалдық қоймасын кестеден бұрын рекультивациялады. Қырғызстанда Миң-Куш және Каджи-Сай кенттері маңындағы қалдық қоймалары рекультивацияланды, ал Тоо-Моюн, Қызыл-Жар үйінділеріндегі және Каджи-Сайдағы жұмыстарды 2030 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр. «„Табошар“ алаңындағы жұмыстардың басталуы – Тәжікстандағы уран мұрасын жою жөніндегі дәйекті жұмысымыздың кезекті маңызды кезеңі», – деп атап өтті «ЦПТИ» АҚ бас директоры Яков Никонов.

  2. Қытайдағы «Тяньвань» АЭС-інің № 7 энергоблогында энергетикалық іске қосу басталды 8 қазанда ВВЭР-1200 реакторы бар ресейлік жоба бойынша салынып жатқан «Тяньвань» АЭС-інің № 7 энергоблогы Қытай энергожүйесіне алғашқы электр энергиясын берді. Блоктың барлық жүйелері қалыпты режимде жұмыс істеді. Бұл – іске қосу операцияларының ең маңызды кезеңі. Реактор қуаты сатылап арттырылады: номиналды қуаттың 25 %-ына жеткенде турбогенератор алғаш рет желіге қосылады, содан соң блок 50 %-ға, одан әрі 100 %-ға шығарылады. Осыдан кейін коммерциялық пайдалану басталады. «Тяньвань АЭС-інің жетінші блогын энергетикалық іске қосу – ресейлік және қытайлық мамандар командасының кезекті жеңісі», – деді «Росатомның» бас директоры Алексей Лихачев. Оның айтуынша, алда ВВЭР-1200 жобасының тағы үш блогын іске қосу күтіп тұр. «Тяньвань» АЭС-і – Ресей мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың ең ірі жобасы. Станцияда ресейлік ВВЭР-1000 жобасының төрт блогы табысты жұмыс істеп тұр. № 7 және № 8 блоктарды салу туралы келісімшартқа 2018 жылы қол қойылды, құрылыс 2021 жылғы мамырда басталды. «Росатомның» Инжинирингтік дивизионы «ядролық аралды» жобалады және оған негізгі жабдықты жеткізеді. На энергоблоке № 7 АЭС «Тяньвань» в Китае начат энергопуск 8 октября энергоблок № 7 АЭС «Тяньвань», который сооружается по российскому проекту с реактором ВВЭР-1200, выдал первую электроэнергию в энергосистему Китая. Все системы блока отработали в штатном режиме. Это самый важный этап пусковых операций. Мощность реактора поднимают ступенями: при 25 % от номинальной турбогенератор впервые включают в сеть, затем блок выводят на 50 % и далее на 100 %. После этого начнется коммерческая эксплуатация. «Энергопуск седьмого блока Тяньваньской АЭС – это очередная победа команды российских и китайских специалистов», – отметил генеральный директор «Росатома» Алексей Лихачев. По его словам, впереди запуск еще трех блоков проекта ВВЭР-1200. АЭС «Тяньвань» – крупнейший проект экономического сотрудничества России и Китая. На станции уже успешно работают четыре блока российского проекта ВВЭР-1000. Контракт на сооружение блоков № 7 и № 8 подписан в 2018 году, строительство началось в мае 2021-го. Инжиниринговый дивизион «Росатома» спроектировал «ядерный остров» и поставляет для него ключевое оборудование.

  3. 🇹🇷 На четвёртом энергоблоке АЭС «Аккую» завершили бетонирование плиты машинного зала 🏗 На площадке АЭС «Аккую» в Турции забетонировали плиту перекрытия машинного зала энергоблока № 4 на отметке +18 метров. Плита станет полом машинного зала: с неё будут обслуживать основное оборудование — турбину, валоповоротное устройство и генератор. 👷 В работах участвовали 120 специалистов в две смены. Они выполнили армирование, подали 1801 м³ бетонной смеси с помощью бетононасосов и провели вибрирование для устранения пустот. Следующий этап — подготовка фундамента под турбоагрегат: для него потребуется 308 тонн высокопрочной стали и 2238 м³ бетона. «Крупнейший российско-турецкий проект проходит через важный этап. Работа ведется на всех четырёх блоках, к уже существующей инфраструктуре добавляются новые объекты, соответствующие высоким отраслевым стандартам надёжности», — отметил генеральный директор АО «Аккую Нуклеар» Сергей Буцких.

  4. 🇹🇷 «Аккую» АЭС-інің төртінші энергоблогында машина залының плитасын бетондау аяқталды 🏗 Түркиядағы «Аккую» АЭС-інің алаңында №4 энергоблоктың машина залының +18 метр белгісіндегі жабын плитасы бетондалды. Плита машина залының еденіне айналады: одан негізгі жабдықтарға – турбинаға, білік бұрағыш құрылғыға және генераторға қызмет көрсетіледі. 👷 Жұмысқа екі ауысымда 120 маман қатысты. Олар арматуралау жұмыстарын жүргізіп, бетон сорғыларының көмегімен 1801 м³ бетон қоспасын құйып, қуыстарды жою үшін дірілдетіп нығыздады. Келесі кезең – турбоагрегатқа арналған іргетасты дайындау: ол үшін 308 тонна беріктігі жоғары болат пен 2238 м³ бетон қажет болады. «Ең ірі ресей-түрік жобасы маңызды кезеңнен өтіп жатыр. Жұмыс барлық төрт блокта жүргізілуде, бұрыннан бар инфрақұрылымға саланың жоғары сенімділік стандарттарына сай келетін жаңа нысандар қосылуда», – деп атап өтті «Аккую Нуклеар» АҚ бас директоры Сергей Буцких.

  5. Первый энергоблок АЭС «Руппур» в Бангладеш вышел на минимально контролируемый уровень мощности На первом энергоблоке АЭС «Руппур» впервые запущена самоподдерживающаяся цепная ядерная реакция: реактор выведен на минимально контролируемый уровень мощности. Станцию по российскому проекту сооружает Инжиниринговый дивизион «Росатома», все технологические операции прошли под контролем регулятора и научного руководителя – НИЦ «Курчатовский институт». Дальше – испытания на разных уровнях мощности, энергетический пуск и подключение блока к энергосистеме Бангладеш. Глава «Росатома» Алексей Лихачев рассчитывает, что это произойдет до конца ноября. «Руппур» – первая АЭС Бангладеш: два блока с реакторами ВВЭР-1200 поколения III+ общей мощностью 2400 МВт. Такие же реакторы планируются и для первой АЭС Казахстана – сейчас продолжаются инженерные изыскания для сооружения двух энергоблоков.

  6. Бангладештегі «Руппур» АЭС-інің бірінші энергоблогы ең төменгі бақыланатын қуат деңгейіне шықты «Руппур» АЭС-інің бірінші энергоблогында алғаш рет өзін-өзі қолдайтын тізбекті ядролық реакция басталды: реактор ең төменгі бақыланатын қуат деңгейіне шығарылды. Станцияны ресейлік жоба бойынша «Росатомның» Инжинирингтік дивизионы салып жатыр, барлық технологиялық операциялар реттеуші орган мен ғылыми жетекші – «Курчатов институты» Ұлттық зерттеу орталығының бақылауымен өтті. Алдағы кезеңдер – әртүрлі қуат деңгейлеріндегі сынақтар, энергетикалық іске қосу және блокты Бангладеш энергожүйесіне қосу. «Росатом» басшысы Алексей Лихачев мұның қараша айының соңына дейін жүзеге асады деп күтеді. «Руппур» – Бангладештің алғашқы АЭС-і: жалпы қуаты 2400 МВт болатын, III+ буынды ВВЭР-1200 реакторлары бар екі энергоблок. Дәл осындай реакторлар Қазақстанның алғашқы АЭС-іне де жоспарланған – қазір екі энергоблокты салу үшін инженерлік іздестіру жұмыстары жалғасуда.

  7. Студенты из Казахстана, Кыргызстана и Узбекистана побывали в реакторном зале Белоярской АЭС Финалисты международного студенческого чемпионата Global HackAtom посетили Белоярскую АЭС в Свердловской области. Среди участников — представители 15 стран, в том числе Казахстана 🇰🇿, Кыргызстана 🇰🇬 и Узбекистана 🇺🇿. Для станции это самая масштабная экскурсия иностранных студентов за последние 25 лет. Гости побывали на блочном пункте управления энергоблока № 4 и в реакторном зале, где узнали о преимуществах быстрых реакторов. На Белоярской АЭС работают энергоблоки БН-600 и БН-800 — крупнейшие в мире энергоблоки с реакторами на быстрых нейтронах. Они помогают освоить замкнутый ядерный топливный цикл, который позволит повторно использовать отработавшее топливо и минимизировать радиоактивные отходы. 🏆 Global HackAtom — международный чемпионат, где студенты за 24 часа решают реальные задачи атомной отрасли. Национальные отборы прошли в 15 странах, а гранд-финал состоялся в Екатеринбурге в рамках Международного фестиваля молодёжи.

  8. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан студенттері Белояр АЭС-інің реактор залында болды Global HackAtom халықаралық студенттер чемпионатының финалистері Свердлов облысындағы Белояр АЭС-іне барды. Қатысушылар арасында 15 елдің өкілдері, соның ішінде Қазақстан 🇰🇿, Қырғызстан 🇰🇬 және Өзбекстан 🇺🇿 студенттері болды. Станция үшін бұл соңғы 25 жылдағы шетелдік студенттерге арналған ең ауқымды экскурсия. Қонақтар №4 энергоблоктың блоктық басқару пунктінде және реактор залында болып, жылдам реакторлардың артықшылықтарымен танысты. Белояр АЭС-інде БН-600 және БН-800 энергоблоктары жұмыс істейді – бұл жылдам нейтрондардағы реакторлары бар әлемдегі ең ірі энергоблоктар. Олар пайдаланылған отынды қайта пайдалануға және радиоактивті қалдықтарды барынша азайтуға мүмкіндік беретін тұйық ядролық отын циклін игеруге көмектеседі. 🏆 Global HackAtom – студенттер 24 сағат ішінде атом саласының нақты міндеттерін шешетін халықаралық чемпионат. Ұлттық іріктеу кезеңдері 15 елде өтті, ал гранд-финал Екатеринбургте Халықаралық жастар фестивалі аясында ұйымдастырылды.

  9. 🇰🇿 В Астане одобрили предложенную «Росатомом» систему обращения с непригодными пестицидами в странах СНГ В Астане прошло 12-е заседание Межгосударственного экологического совета государств — участников СНГ. Специалисты «Росатома» представили проект Международной программы безопасного обращения с непригодными пестицидами, и он был одобрен. Программа поможет решить проблему опасного промышленного наследия и повысить качество жизни более 240 млн человек в девяти странах Программа предусматривает инвентаризацию и классификацию непригодных пестицидов, выявление наиболее опасных объектов и определение очерёдности их ликвидации. Также запланированы переупаковка и консолидация отходов по международным требованиям, создание пилотных мощностей по обезвреживанию и формирование единого реестра объектов накопленного вреда в странах СНГ. «Эта программа – не просто план, а единый механизм для всего СНГ: он объединит ресурсы, технологии и компетенции, чтобы вырвать у прошлого одну из самых опасных экологических угроз и вернуть людям чистую землю, воду и безопасное будущее», — отметила руководитель проектного офиса по реализации международных проектов ФГУП «ФЭО» Людмила Плющ.

  10. 🇰🇿 Астанада «Росатом» ұсынған ТМД елдеріндегі жарамсыз пестицидтермен жұмыс істеу жүйесі мақұлданды Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің 12-отырысы өтті. «Росатом» мамандары жарамсыз пестицидтермен қауіпсіз жұмыс істеудің халықаралық бағдарламасының жобасын таныстырып, ол мақұлданды. Бағдарлама қауіпті өнеркәсіптік мұра мәселесін шешуге және тоғыз елдегі 240 миллионнан астам адамның өмір сүру сапасын арттыруға көмектеседі Бағдарлама жарамсыз пестицидтерді түгендеу мен жіктеуді, ең қауіпті нысандарды анықтауды және оларды жою кезектілігін белгілеуді көздейді. Сондай-ақ қалдықтарды халықаралық талаптарға сай қайта орау және шоғырландыру, залалсыздандыру бойынша пилоттық қуаттар құру және ТМД елдеріндегі жинақталған зиян нысандарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру жоспарланған. «Бұл бағдарлама – жай ғана жоспар емес, бүкіл ТМД үшін бірыңғай тетік: ол ресурстарды, технологиялар мен құзыреттерді біріктіріп, өткеннен қалған ең қауіпті экологиялық қатерлердің бірін жойып, адамдарға таза жер мен суды және қауіпсіз болашақты қайтарады», – деп атап өтті «ФЭО» ФМУК халықаралық жобаларды іске асыру жөніндегі жобалық кеңсесінің басшысы Людмила Плющ.

  11. «Росатом» четвёртый год подряд подтвердил высокий ESG-рейтинг Рейтинговое агентство АКРА подтвердило ESG-рейтинг госкорпорации «Росатом» на уровне ESG-2 (АА+). Это очень высокая оценка в области экологии, социальной ответственности и корпоративного управления. Прогноз — «стабильный»: рейтинг с высокой вероятностью сохранится на горизонте 12–18 месяцев. В оценке участвовали шесть ключевых дивизионов «Росатома»: Горнорудный, Электроэнергетический, Топливный, Инжиниринговый, Машиностроительный и «Сбыт и трейдинг». На них приходится более 70% консолидированной выручки госкорпорации. Среди сильных сторон агентство отметило прогресс в сохранении биоразнообразия, многочисленные социальные инициативы и значительный вклад в развитие регионов присутствия. «Прохождение ежегодной ESG-оценки является неотъемлемой частью любой компании, заявляющей лидерство в области устойчивого развития», — подчеркнула директор департамента устойчивого развития «Росатома» Полина Лион.

  12. 👌 «Росатом» қатарынан төртінші жыл жоғары ESG-рейтингін растады АКРА рейтингтік агенттігі «Росатом» мемлекеттік корпорациясының ESG-рейтингін ESG-2 (АА+) деңгейінде растады. Бұл – экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару салаларындағы өте жоғары баға. Болжам – «тұрақты»: рейтинг 12–18 ай ішінде жоғары ықтималдықпен сақталады. 📊 Бағалауға «Росатомның» алты негізгі дивизионы қатысты: Тау-кен, Электр энергетикасы, Отын, Инжиниринг, Машина жасау және «Өткізу және трейдинг». Олардың үлесіне мемлекеттік корпорацияның шоғырландырылған түсімінің 70%-дан астамы тиесілі. Агенттік күшті жақтар ретінде биоәртүрлілікті сақтаудағы ілгерілеуді, көптеген әлеуметтік бастамаларды және компания жұмыс істейтін өңірлерді дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. «Жыл сайынғы ESG-бағалаудан өту – тұрақты даму саласындағы көшбасшылықты мәлімдейтін кез келген компанияның ажырамас бөлігі», – деп атап өтті «Росатомның» тұрақты даму департаментінің директоры Полина Лион.

  13. «Росатом» поддержал выставку Третьяковской галереи в Алматы 8 октября в Национальном музее искусств РК имени Абылхана Кастеева открылась выставка «Наследие эпохи. Искусство XX века из собрания Третьяковской галереи». Проект объединил два ведущих музея при поддержке «Росатома» и фонда национального благосостояния «Самрук-Казына», генерального партнёра выставки. В экспозиции 30 произведений 1917–1980 годов: работы Рылова, Кустодиева, Петрова-Водкина, Дейнеки, Кончаловского, Машкова, Попкова, Жилинского, Яблонской и других мастеров. Среди них «В голубом просторе» Рылова, «Смерть комиссара» Петрова-Водкина, «Лыжники» Дейнеки, «Капитуляция Германии» Кукрыниксов и «На фестивале» Ефанова. «Для “Росатома” партнерство с Казахстаном – это долгосрочная совместная работа, в центре которой стоят люди. Развивая сотрудничество в атомной энергетике, мы считаем важным поддерживать и культурные связи между нашими странами. Поддержка выставки “Наследие эпохи” – один из шагов в этом направлении. Рассчитываем, что этот проект станет основой для дальнейшего сотрудничества музеев и новых выставок, знакомящих зрителей с искусством наших стран», — отметил первый заместитель генерального директора – директор Блока по развитию и международному бизнесу госкорпорации «Росатом» Кирилл Комаров.

  14. «Росатом» Третьяков галереясының Алматыдағы көрмесіне қолдау көрсетті 8 қазанда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде «Дәуір мұрасы. Третьяков галереясы қорындағы XX ғасыр өнері» көрмесі ашылды. Екі жетекші музейдің бірлескен жобасы «Росатомның» және көрменің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен жүзеге асты. Экспозицияға 1917–1980 жылдары жасалған 30 туынды енді. Олардың арасында Рылов, Кустодиев, Петров-Водкин, Дейнека, Кончаловский, Машков, Попков, Жилинский, Яблонская сынды шеберлердің еңбектері бар. Атап айтқанда, Рыловтың «Көгілдір кеңістікте», Петров-Водкиннің «Комиссардың қазасы», Дейнеканың «Шаңғышылар», Кукрыниксылардың «Германияның капитуляциясы» және Ефановтың «Фестивальде» атты картиналары қойылған. «“Росатом” үшін Қазақстанмен серіктестік – басты назарда адамдар тұратын ұзақ мерзімді бірлескен жұмыс. Атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты дамыта отырып, елдеріміз арасындағы мәдени байланыстарды да қолдауды маңызды деп санаймыз. “Дәуір мұрасы” көрмесіне қолдау көрсету – осы бағыттағы қадамдардың бірі. Бұл жоба музейлер арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі жалғасуына және көрермендерді екі елдің өнерімен таныстыратын жаңа көрмелердің ұйымдастырылуына негіз болады деп үміттенеміз», – деді «Росатом» мемлекеттік корпорациясы бас директорының бірінші орынбасары – Даму және халықаралық бизнес блогының директоры Кирилл Комаров.

  15. 🇰🇬 Российские технологии помогут Кыргызстану ликвидировать экологическое наследие завода «Кристалл» «Росатом» совместно с МЧС Кыргызской Республики приведёт в безопасное состояние территорию бывшего завода «Кристалл» в Таш-Кумыре. Предприятие построили в 1989 году для производства поликристаллического кремния, а в 2010 году оно обанкротилось. Около 15 лет в технологических ёмкостях на площадке хранятся до 155 тонн токсичных химических веществ. Специалисты стабилизируют давление в ёмкостях, вскроют их, нейтрализуют газы и обезвредят вещества методом щелочного гидролиза. Все работы будут сопровождаться экологическим мониторингом. Перед стартом проекта в Таш-Кумыре прошла встреча с жителями, на которой им рассказали об этапах работ и мерах безопасности. «Главный результат, к которому мы должны прийти – это устранение экологических рисков, сохранявшихся на этой территории многие годы», — отметил директор по реализации экологических проектов ФГУП «Федеральный экологический оператор» Станислав Жабриков.

  16. 🇰🇬 Ресей технологиялары Қырғызстанға «Кристалл» зауытының экологиялық мұрасын жоюға көмектеседі «Росатом» Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, Таш-Көмірдегі бұрынғы «Кристалл» зауытының аумағын қауіпсіз күйге келтіреді. Кәсіпорын 1989 жылы поликристалды кремний өндіру үшін салынып, 2010 жылы банкротқа ұшыраған. Алаңдағы технологиялық сыйымдылықтарда шамамен 15 жыл бойы 155 тоннаға дейін улы химиялық заттар сақталып келеді. Мамандар сыйымдылықтардағы қысымды тұрақтандырып, оларды ашады, газдарды бейтараптандырып, заттарды сілтілі гидролиз әдісімен залалсыздандырады. Барлық жұмыстар экологиялық мониторингпен қатар жүргізіледі. Жоба басталар алдында Таш-Көмірде тұрғындармен кездесу өтіп, оларға жұмыс кезеңдері мен қауіпсіздік шаралары туралы айтылды. «Біз қол жеткізуге тиіс басты нәтиже – осы аумақта көп жылдар бойы сақталып келген экологиялық тәуекелдерді жою», – деп атап өтті «Федералдық экологиялық оператор» ФМУК экологиялық жобаларды іске асыру жөніндегі директоры Станислав Жабриков.

  17. edited

    🇹🇷 Алексей Лихачёв проинспектировал готовность первого энергоблока АЭС «Аккую» Делегация «Росатома» во главе с генеральным директором Алексеем Лихачёвым посетила площадку АЭС «Аккую» — первой атомной станции Турции, которая будет состоять из четырёх энергоблоков с реакторами ВВЭР-1200. Руководству доложили о ходе сооружения: оборудование первого энергоблока последовательно переходит к работе как единая технологическая система, а после первого этапа гидравлических испытаний специалисты запустили главные циркуляционные насосы. 🖥 Особое внимание уделили блочному пункту управления — «мозговому центру» энергоблока. Здесь расположены рабочие места операторов реакторной установки, турбинного отделения и начальника смены блока. Уже сейчас оперативный персонал контролирует основные технологические системы блока с единого комплекса автоматизированных рабочих мест. «Наша задача – пройти как можно скорее этап, выйти на лицензирование, получить лицензию на эксплуатацию», — отметил Алексей Лихачёв.

  18. edited

    🇹🇷 Алексей Лихачёв «Аккую» АЭС-інің бірінші энергоблогының дайындығын тексерді Бас директор Алексей Лихачёв бастаған «Росатом» делегациясы «Аккую» АЭС-інің алаңына барды. Бұл – ВВЭР-1200 реакторлары бар төрт энергоблоктан тұратын Түркиядағы алғашқы атом электр станциясы. Басшылыққа құрылыс барысы баяндалды: бірінші энергоблоктың жабдықтары біртұтас технологиялық жүйе ретінде жұмыс істеуге кезең-кезеңімен көшуде, ал гидравликалық сынақтардың бірінші кезеңінен кейін мамандар бас айналым сорғыларын іске қосты. 🖥 Энергоблоктың «ми орталығы» – блоктық басқару пунктіне ерекше назар аударылды. Мұнда реактор қондырғысы, турбина бөлімшесі операторлары мен блок ауысымы бастығының жұмыс орындары орналасқан. Қазірдің өзінде жедел персонал блоктың негізгі технологиялық жүйелерін автоматтандырылған жұмыс орындарының бірыңғай кешенінен бақылап отыр. «Біздің міндетіміз – бұл кезеңнен барынша тез өтіп, лицензиялауға шығу және пайдалануға лицензия алу», – деп атап өтті Алексей Лихачёв.

  19. В Бишкеке обсудили будущее атомной энергетики в Центральной Азии В Бишкеке при поддержке «Росатома» прошёл международный семинар «О перспективах развития атомной энергетики и технологий в Киргизской Республике». В нём приняли участие ветераны атомной и энергетической отраслей, представители молодёжных объединений и специалисты из Кыргызстана 🇰🇬, Казахстана 🇰🇿, Таджикистана 🇹🇯, Узбекистана 🇺🇿, России 🇷🇺 и других стран. Участники обсудили роль атомной энергетики в переходе к низкоуглеродной экономике, современные технологии мирного атома и подготовку кадров. Глава представительства «Росатома» в Кыргызстане Дмитрий Константинов рассказал о проектах госкорпорации в республике в сфере возобновляемой энергетики, высокотехнологичной медицины и экологической безопасности. «Для Кыргызстана развитие энергетики — это прежде всего вопрос надежного энергоснабжения и долгосрочной энергетической безопасности», — подчеркнул заместитель министра энергетики Кыргызской Республики Бекнур Маратбеков.

  20. Бішкекте Орталық Азиядағы атом энергетикасының болашағы талқыланды Бішкекте «Росатомның» қолдауымен «Қырғыз Республикасында атом энергетикасы мен технологияларын дамыту перспективалары туралы» халықаралық семинар өтті. Оған атом және энергетика салаларының ардагерлері, жастар бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ Қырғызстан 🇰🇬, Қазақстан 🇰🇿, Тәжікстан 🇹🇯, Өзбекстан 🇺🇿, Ресей 🇷🇺 және басқа да елдердің мамандары қатысты. Қатысушылар атом энергетикасының төмен көміртекті экономикаға көшудегі рөлін, бейбіт атомның заманауи технологияларын және кадр даярлау мәселелерін талқылады. «Росатомның» Қырғызстандағы өкілдігінің басшысы Дмитрий Константинов мемлекеттік корпорацияның республикадағы жаңартылатын энергетика, жоғары технологиялық медицина және экологиялық қауіпсіздік салаларындағы жобалары туралы айтып берді. «Қырғызстан үшін энергетиканы дамыту – ең алдымен сенімді энергиямен жабдықтау және ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздік мәселесі», – деп атап өтті Қырғыз Республикасы энергетика министрінің орынбасары Бекнур Маратбеков.

  21. Older posts