Бішкекте Орталық Азиядағы атом энергетикасының болашағы талқыланды Бішкекте «Росатомның» қолдауымен «Қырғыз Республикасында атом энергетикасы мен технологияларын дамыту перспективалары туралы» халықаралық семинар өтті. Оған атом және энергетика салаларының ардагерлері, жастар бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ Қырғызстан 🇰🇬, Қазақстан 🇰🇿, Тәжікстан 🇹🇯, Өзбекстан 🇺🇿, Ресей 🇷🇺 және басқа да елдердің мамандары қатысты. Қатысушылар атом энергетикасының төмен көміртекті экономикаға көшудегі рөлін, бейбіт атомның заманауи технологияларын және кадр даярлау мәселелерін талқылады. «Росатомның» Қырғызстандағы өкілдігінің басшысы Дмитрий Константинов мемлекеттік корпорацияның республикадағы жаңартылатын энергетика, жоғары технологиялық медицина және экологиялық қауіпсіздік салаларындағы жобалары туралы айтып берді. «Қырғызстан үшін энергетиканы дамыту – ең алдымен сенімді энергиямен жабдықтау және ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздік мәселесі», – деп атап өтті Қырғыз Республикасы энергетика министрінің орынбасары Бекнур Маратбеков.