Бангладештегі «Руппур» АЭС-інің бірінші энергоблогы ең төменгі бақыланатын қуат деңгейіне шықты «Руппур» АЭС-інің бірінші энергоблогында алғаш рет өзін-өзі қолдайтын тізбекті ядролық реакция басталды: реактор ең төменгі бақыланатын қуат деңгейіне шығарылды. Станцияны ресейлік жоба бойынша «Росатомның» Инжинирингтік дивизионы салып жатыр, барлық технологиялық операциялар реттеуші орган мен ғылыми жетекші – «Курчатов институты» Ұлттық зерттеу орталығының бақылауымен өтті. Алдағы кезеңдер – әртүрлі қуат деңгейлеріндегі сынақтар, энергетикалық іске қосу және блокты Бангладеш энергожүйесіне қосу. «Росатом» басшысы Алексей Лихачев мұның қараша айының соңына дейін жүзеге асады деп күтеді. «Руппур» – Бангладештің алғашқы АЭС-і: жалпы қуаты 2400 МВт болатын, III+ буынды ВВЭР-1200 реакторлары бар екі энергоблок. Дәл осындай реакторлар Қазақстанның алғашқы АЭС-іне де жоспарланған – қазір екі энергоблокты салу үшін инженерлік іздестіру жұмыстары жалғасуда.