👌 «Росатом» қатарынан төртінші жыл жоғары ESG-рейтингін растады АКРА рейтингтік агенттігі «Росатом» мемлекеттік корпорациясының ESG-рейтингін ESG-2 (АА+) деңгейінде растады. Бұл – экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару салаларындағы өте жоғары баға. Болжам – «тұрақты»: рейтинг 12–18 ай ішінде жоғары ықтималдықпен сақталады. 📊 Бағалауға «Росатомның» алты негізгі дивизионы қатысты: Тау-кен, Электр энергетикасы, Отын, Инжиниринг, Машина жасау және «Өткізу және трейдинг». Олардың үлесіне мемлекеттік корпорацияның шоғырландырылған түсімінің 70%-дан астамы тиесілі. Агенттік күшті жақтар ретінде биоәртүрлілікті сақтаудағы ілгерілеуді, көптеген әлеуметтік бастамаларды және компания жұмыс істейтін өңірлерді дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. «Жыл сайынғы ESG-бағалаудан өту – тұрақты даму саласындағы көшбасшылықты мәлімдейтін кез келген компанияның ажырамас бөлігі», – деп атап өтті «Росатомның» тұрақты даму департаментінің директоры Полина Лион.