Росатом Центральная Азия

@rosatom_ca · tech · Kazakh · active

Subscribers 702 tracking since 13 Nov
Reach per post (ERR) 49.9%350 avg views
Posting 2.7/day last 15 hours ago
Reactions per 1K views 17.0 🔥 ⚡ ❤

🇰🇬 Ресей технологиялары Қырғызстанға «Кристалл» зауытының экологиялық мұрасын жоюға көмектеседі «Росатом» Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, Таш-Көмірдегі бұрынғы «Кристалл» зауытының аумағын қауіпсіз күйге келтіреді. Кәсіпорын 1989 жылы поликристалды кремний өндіру үшін салынып, 2010 жылы банкротқа ұшыраған. Алаңдағы технологиялық сыйымдылықтарда шамамен 15 жыл бойы 155 тоннаға дейін улы химиялық заттар сақталып келеді. Мамандар сыйымдылықтардағы қысымды тұрақтандырып, оларды ашады, газдарды бейтараптандырып, заттарды сілтілі гидролиз әдісімен залалсыздандырады. Барлық жұмыстар экологиялық мониторингпен қатар жүргізіледі. Жоба басталар алдында Таш-Көмірде тұрғындармен кездесу өтіп, оларға жұмыс кезеңдері мен қауіпсіздік шаралары туралы айтылды. «Біз қол жеткізуге тиіс басты нәтиже – осы аумақта көп жылдар бойы сақталып келген экологиялық тәуекелдерді жою», – деп атап өтті «Федералдық экологиялық оператор» ФМУК экологиялық жобаларды іске асыру жөніндегі директоры Станислав Жабриков.

Views over time

01002003007 Oct 11:5313 Nov 04:573107 Oct 11:53: 0 views13 Nov 04:57: 310 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
7 Oct 2026, 11:530
13 Nov 2026, 04:57310

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.