Росатом Центральная Азия

@rosatom_ca · tech · Kazakh · active

Subscribers 702 tracking since 13 Nov
Reach per post (ERR) 49.9%350 avg views
Posting 2.7/day last 15 hours ago
Reactions per 1K views 17.0 🔥 ⚡ ❤

🇹🇷 «Аккую» АЭС-інің төртінші энергоблогында машина залының плитасын бетондау аяқталды 🏗 Түркиядағы «Аккую» АЭС-інің алаңында №4 энергоблоктың машина залының +18 метр белгісіндегі жабын плитасы бетондалды. Плита машина залының еденіне айналады: одан негізгі жабдықтарға – турбинаға, білік бұрағыш құрылғыға және генераторға қызмет көрсетіледі. 👷 Жұмысқа екі ауысымда 120 маман қатысты. Олар арматуралау жұмыстарын жүргізіп, бетон сорғыларының көмегімен 1801 м³ бетон қоспасын құйып, қуыстарды жою үшін дірілдетіп нығыздады. Келесі кезең – турбоагрегатқа арналған іргетасты дайындау: ол үшін 308 тонна беріктігі жоғары болат пен 2238 м³ бетон қажет болады. «Ең ірі ресей-түрік жобасы маңызды кезеңнен өтіп жатыр. Жұмыс барлық төрт блокта жүргізілуде, бұрыннан бар инфрақұрылымға саланың жоғары сенімділік стандарттарына сай келетін жаңа нысандар қосылуда», – деп атап өтті «Аккую Нуклеар» АҚ бас директоры Сергей Буцких.

Views over time

020040060013 Oct 12:3713 Nov 04:5747513 Oct 12:37: 0 views13 Nov 04:57: 475 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
13 Oct 2026, 12:370
13 Nov 2026, 04:57475

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.