Росатом Центральная Азия

@rosatom_ca · tech · Kazakh · active

Subscribers 702 tracking since 13 Nov
Reach per post (ERR) 49.9%350 avg views
Posting 2.7/day last 15 hours ago
Reactions per 1K views 17.0 🔥 ⚡ ❤

«Росатом» Третьяков галереясының Алматыдағы көрмесіне қолдау көрсетті 8 қазанда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде «Дәуір мұрасы. Третьяков галереясы қорындағы XX ғасыр өнері» көрмесі ашылды. Екі жетекші музейдің бірлескен жобасы «Росатомның» және көрменің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен жүзеге асты. Экспозицияға 1917–1980 жылдары жасалған 30 туынды енді. Олардың арасында Рылов, Кустодиев, Петров-Водкин, Дейнека, Кончаловский, Машков, Попков, Жилинский, Яблонская сынды шеберлердің еңбектері бар. Атап айтқанда, Рыловтың «Көгілдір кеңістікте», Петров-Водкиннің «Комиссардың қазасы», Дейнеканың «Шаңғышылар», Кукрыниксылардың «Германияның капитуляциясы» және Ефановтың «Фестивальде» атты картиналары қойылған. «“Росатом” үшін Қазақстанмен серіктестік – басты назарда адамдар тұратын ұзақ мерзімді бірлескен жұмыс. Атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты дамыта отырып, елдеріміз арасындағы мәдени байланыстарды да қолдауды маңызды деп санаймыз. “Дәуір мұрасы” көрмесіне қолдау көрсету – осы бағыттағы қадамдардың бірі. Бұл жоба музейлер арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі жалғасуына және көрермендерді екі елдің өнерімен таныстыратын жаңа көрмелердің ұйымдастырылуына негіз болады деп үміттенеміз», – деді «Росатом» мемлекеттік корпорациясы бас директорының бірінші орынбасары – Даму және халықаралық бизнес блогының директоры Кирилл Комаров.

Views over time

01002003008 Oct 16:0213 Nov 04:573058 Oct 16:02: 0 views13 Nov 04:57: 305 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
8 Oct 2026, 16:020
13 Nov 2026, 04:57305

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.