🔎 Сводка официальных опровержений за период с 1 по 10 ноября 2026 года Фейк: «В Казахстане введут налог на доходы физических лиц по банковским депозитам» Официальное заявление Министерства национальной экономики РК: «Согласно статье 430 Налогового кодекса Республики Казахстан, вознаграждения, выплачиваемые физическим лицам по их вкладам (депозитам) в банках, не подлежат обложению индивидуальным подоходным налогом». Фейк: Письма Национального банка РК гражданам о возврате похищенных средств и необходимости декларирования поступивших денежных переводов Официальное заявление НБК: «Злоумышленники рассылают поддельные письма от имени НБК, в которых сообщают гражданам о том, что они стали жертвами мошенничества, и предлагают перевести денежные средства якобы для их безопасного возврата. (...) При этом Национальный банк не осуществляет переписку посредством мессенджеров, электронной почты или социальных сетей». Фейк: Министр туризма и спорта РК якобы заявил о поддержке Казахстаном бойкота российских хоккеистов Официальное заявление Казахстанской федерации хоккея: «Информация о якобы поддержке Казахстаном бойкота российских хоккеистов не соответствует действительности». Фейк: «17 ноября 2026 года произойдет глобальная кибератака: хакеры обнулят банковские счета, а интернет во всем мире отключат на три месяца» Официальный комментарий Главы МЧС: «…Нашим гражданам нет никакой необходимости беспокоиться. Правительство, в том числе МЧС, никаких подобных рассылок не направляло». 📌 Центр по борьбе с дезинформацией делал подробный разбор по данной тематике. Манипуляция: Распространение в социальных сетях неофициальных «калькуляторов благосостояния» для оценки материального положения семьи на фоне обсуждения социальных пособий. Официальное заявление Министерства труда и социальной защиты населения РК: «Не используйте калькуляторы благосостояния, распространяемые в социальных сетях».
JAQ.OrtCom.kz ✔
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының (JAQ) ресми арнасы Официальный канал Центра по борьбе с дезинформацией СЦК при Президенте Республики Казахстан @JAQOrtcom_bot
-
-
🔎 2026 жылдың 1-10 қараша аралығындағы ресми теріске шығарулардың жиынтығы Фейк: «Қазақстанда банктік депозиттерден түсетін табысқа жеке табыс салығы енгізіледі» ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ресми мәлімдемесі: «ҚР Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың банктердегі салымдары (депозиттері) бойынша алатын сыйақыларына жеке табыс салығы салынбайды». Фейк: ҚР Ұлттық банкінің атынан азаматтарға ұрланған қаражатты қайтару және түскен ақша аударымдарын декларациялау қажеттігі туралы хаттар тарату. ҚР Ұлттық банкінің ресми мәлімдемесі: «Алаяқтар Ұлттық банктің атынан азаматтарға жалған хаттар таратып, олардың алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын хабарлайды. Сондай-ақ қаражатты қауіпсіз қайтару сылтауымен ақша аударуды ұсынады. (...) Ұлттық банк мессенджерлер, электрондық пошта немесе әлеуметтік желілер арқылы хат алмасу жүргізбейді». Фейк: ҚР Туризм және спорт министрі Қазақстанның ресейлік хоккейшілерге бойкот жариялауды қолдайтынын мәлімдеді деген ақпарат. Қазақстан хоккей федерациясының ресми мәлімдемесі: «Қазақстанның ресейлік хоккейшілерге бойкот жариялауды қолдайтыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді». Фейк: «2026 жылғы 17 қарашада жаһандық кибершабуыл жасалып, хакерлер банктік шоттардағы қаражатты нөлге түсіреді, ал бүкіл әлемде интернет үш айға өшіріледі». ҚР Төтенше жағдайлар министрі ресми мәлімдемесі: «...Азаматтарымызға алаңдауға еш негіз жоқ. Үкімет, оның ішінде Төтенше жағдайлар министрлігі мұндай мазмұндағы ешқандай хабарлама таратқан жоқ». 📌 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұл тақырып бойынша толық талдау жариялады. Манипуляция: әлеуметтік жәрдемақыларды талқылау аясында әлеуметтік желілерде отбасының материалдық жағдайын бағалауға арналған бейресми «әл-ауқат калькуляторларының» таралуы. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми мәлімдемесі: «Әлеуметтік желілерде таралып жатқан әл-ауқат калькуляторларын пайдаланбаңыздар».
-
edited
Глобальная кибератака 17 ноября: некоторые пользователи продолжают верить очередному фейку из соцсетей До 17 ноября меньше недели, а фейки про «цифровой апокалипсис» по-прежнему не сходят с лент. Одни раскручивают тему ради охватов, другие пересылают тревожные посты родным «на всякий случай». Мировые и казахстанские СМИ уже разобрали эту историю по пунктам, но опровержения тонут в потоке новых репостов. Версия из соцсетей звучит громче фактов. С чего все началось? Первоисточник - пост пользователя X под ником Wesley. 1 Ноября он написал его на португальском языке и сослался на анонимный «источник в даркнете». Вскоре к нему добавилась вторая волна о странах, которые якобы велели гражданам делать запасы. Две истории слились в одну. Проверим, что от нее остается… «Хакеры обнулят счета». Банки не хранят балансы в единой базе, которую можно стереть одной командой. Данные дублируются в разных дата-центрах, а регуляторы обязывают банки иметь планы восстановления. Ни один банк и ни одно ведомство о такой атаке не предупреждали. «Интернет отключат на три месяца». Интернет - распределенная система из множества независимых сетей, и одним взломом ее не выключить. Бразильский фактчекинговый ресурс Boatos.org не нашел ни официальных прогнозов, ни доказательств того, что на эту дату запланированы глобальные отключения интернета или связи. «Дата выбрана не случайно». Отчасти это правда, но смысл у даты совсем другой. 17 ноября FEMA и Федеральная комиссия по связи США проведут общенациональную проверку системы экстренного оповещения. Это минутный сигнал по радио и телевидению, на телефоны он не придет. «Это предсказали «Симпсоны»». Вирусный пост связал с блэкаутом эпизод 2023 года из мультфильма, хотя в нем нет ни слова о ноябре 2026-го. «Срочно запасайтесь едой и водой». Советы держать дома запас на 72 часа - это стандартные рекомендации на случай любых ЧС. Бразильское издание A Rede подчеркивает, что связи между ними и 17 ноября нет. Что выяснили в Казахстане? Казахстанские журналисты получили ответы из первых рук. МЧС заявило, что не делало никаких предупреждений об отключении интернета и не призывало делать запасы. В «Казахтелекоме» сообщили, что сеть работает штатно. В ЦАРКА подтвердили, что официальные источники эту информацию не подтверждают. Nur.kz предупредил о мошенниках, которые могут предлагать «спасти деньги от атаки». Свои разборы также выпустил Tengrinews. О чем говорили мы? Центр по борьбе с дезинформацией тоже проследил путь этого фейка и разобрал каждый его элемент. Материалы можно найти в наших социальных сетях: Пост в Instagram, TikTok Видео в Instagram, TikTok Фейк живет, пока его кормят! Ложная новость не распространяется сама. Ее двигает каждый репост, каждый испуганный комментарий, каждое «перешлю на всякий случай». Прежде чем поделиться тревожным сообщением, проверьте, кто его автор и что говорят официальные источники. Самый надежный способ остановить фейк - не платить ему вашим вниманием.
-
edited
17 қарашадағы жаһандық кибершабуыл: әлеуметтік желідегі кезекті фейкке әлі де сенетіндер бар 17 қарашаға бір аптадан аз уақыт қалды. Ал «цифрлық апокалипсис» туралы жалған ақпарат әлі де таралып жатыр. Бірі қаралым жинау үшін таратса, енді бірі «сақтық үшін» жақындарына жолдайды. Әлемдік және қазақстандық БАҚ бұл ақпаратты тексеріп, оның негізсіз екенін түсіндірді. Алайда теріске шығарулар жаңа репосттардың арасында қалып, қауесет таралуын жалғастырып жатыр. Бәрі неден басталды? Бұл қауесет X әлеуметтік желісіндегі Wesley лақап атымен тіркелген қолданушының жазбасынан кейін тарай бастады. Ол 1 қарашада португал тілінде жазба жариялап, «даркнеттегі анонимді дереккөзге» сілтеме жасаған. Кейін бұған кейбір елдер қор жинауға кеңес беріпті деген екінші толқын ақпарат қосылды. Осылайша, бастапқыда бір-біріне қатысы жоқ екі хабарлама бір оқиға ретінде тарала бастады. Бұл мәлімдемелердің қаншалықты негізді екенін тексеріп көрейік... «Хакерлер банк шоттарындағы ақшаны нөлге түсіреді». Банктер шоттардағы қаражат туралы деректерді бір командамен өшіруге болатын бір ғана базада сақтамайды. Мәліметтер бірнеше деректер орталығында қатар сақталады. Сонымен қатар реттеуші органдар банктерден ақпараттық жүйелерді қалпына келтіру жоспарының болуын талап етеді. Мұндай шабуыл болатыны туралы бірде-бір банк те, мемлекеттік орган да ескерткен жоқ. «Интернет үш айға өшіріледі». Интернет - көптеген тәуелсіз желілерден тұратын күрделі жүйе. Сондықтан оны бір ғана кибершабуыл арқылы толықтай істен шығару мүмкін емес. Бразилияның Boatos.org фактчекинг ресурсы 17 қарашада интернет пен байланыс қызметтері жаһандық деңгейде өшіріледі деген ақпаратты растайтын ресми дерек пен дәлел жоқ екенін хабарлады. «Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған». Бұл мәлімдеме ішінара рас, алайда оның мәні мүлде басқа. 17 қарашада АҚШ-тың ТЖ жөніндегі федералдық агенттігі (FEMA) мен Федералдық байланыс комиссиясы ел көлемінде шұғыл хабарлау жүйесін тексереді. Тексеру барысында радио мен телеарналар арқылы бір минуттық сынақ сигналы беріледі. Ұялы телефондарға мұндай хабарлама жіберілмейді. «Мұны «Симпсондар» мультсериалы алдын ала болжаған». Тараған жазбада 2023 жылғы мультсериал эпизоды жаһандық жаппай жарықтың өшуімен байланыстырылған. Алайда эпизодта 2026 жылғы қараша туралы ештеңе айтылмайды. «Шұғыл түрде азық-түлік пен су қорын жинау керек». Үйде 72 сағатқа жететін азық-түлік пен қажетті заттардың қорын сақтау туралы кеңестер - кез келген төтенше жағдайға дайындық жөніндегі стандартты ұсыным. Бразилияның A Rede басылымы бұл кеңестің 17 қарашада болуы мүмкін кибершабуылға еш қатысы жоқ екенін атап өткен. Қазақстанда не анықталды? Қазақстандық журналистер де ақпаратты жауапты мекемелерден нақтылаған. ТЖМ интернеттің өшуі туралы ескертпегенін және қор жинауға шақырмағанын мәлімдеді. «Қазақтелеком» АҚ желінің штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. Ал Кибершабуылды талдау және тергеу орталығы ақпараттың ресми дереккөздерде расталмағанын айтты. Nur.kz порталы осы жағдайды пайдаланып, «ақшаны кибершабуылдан қорғауды» ұсынатын алаяқтардан сақ болуға шақырды. Tengrinews редакциясы да бұл тақырыпқа сараптамалық материал жариялады. Бұл туралы біз не айттық? Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы да аталған фейктің таралу жолын бақылап, ондағы әрбір мәлімдемені жеке-жеке тексерді. Біздің әлеуметтік желілердегі материалдарымызбен мына сілтемелер арқылы танысуға болады: Instagram және TikTok желілеріндегі жазба. Instagram және TikTok желілеріндегі бейнематериал. Фейк оны таратқан сайын күшейе түседі! Жалған ақпарат өздігінен таралмайды. Оның таралуына әрбір репост, үрейге толы пікір және «сақтық үшін басқаларға да жіберейін» деген әрекет себеп болады. Кез келген күмәнді хабарламаны бөліспес бұрын, алдымен оның авторын және ресми дереккөздерде жарияланған ақпаратты тексеріңіз. Фейктің таралуын тоқтатудың ең сенімді жолы - оған назар аудармау.
-
ℹ️ ИИ, поддельные заявления и цифровая паника: какие фейки распространялись в разных странах мира за прошедшую неделю Дипфейки и изображения, созданные ИИ 📌 «Детский сад отменил шествие из уважения к другим религиям». В Германии разошлось якобы официальное объявление детского сада об отмене шествия в День святого Мартина. Изображение набрало более 130 тысяч просмотров на одной из площадок. Correctiv установил, что картинка создана ИИ. 📌 «Шоу дронов в честь Криштиану Роналду». Видео масштабного светового шоу в честь футболиста набрало около 5,6 млн просмотров в Facebook. Проверка La República с помощью сервиса Hive показала, что ролик создан ИИ. 📌 «Трампа выносят из Белого дома после обморока». В X и Facebook распространили изображения, на которых президента США якобы выносят из Белого дома после обморока на фоне итогов выборов. Ролик перепостило даже посольство Ирана в Индии. Full Fact обнаружила водяной знак SynthID от OpenAI: изображение было взято из ИИ-видео, появившегося еще в мае 2026 года, и отредактировано. 📌 «Министр Лавров унизил Индию». В соцсетях распространялось видео, на котором Сергей Лавров якобы заявляет, что Индия — лишь покупатель российской нефти и не имеет права влиять на политику Москвы. Alt News нашла оригинальную запись брифинга от 31 октября: изображение и жесты министра совпадают, но звук подменен. Ролик распространили в том числе известный индийский адвокат Прашант Бхушан и другие пользователи. Поддельные заявления, документы и скриншоты 📌 «Трамп назвал избирателей врагами». После промежуточных выборов в США в соцсетях распространили скриншот якобы опубликованного Трампом поста в Truth Social с оскорблениями в адрес избирателей. Lead Stories не обнаружил публикацию ни в аккаунте президента, ни в архиве его сообщений. Скриншот оказался подделкой. 📌 Взлом рассылки «Украинской правды» и ложное сообщение о теракте. Часть подписчиков издания получила письмо о якобы произошедшем теракте в Киеве со ссылкой внутри. Редакция сообщила о взломе аккаунта в сервисе рассылок и предупредила читателей не переходить по ссылке. В этом случае ложная информация распространялась через настоящий канал известного СМИ, что могло повысить доверие к сообщению. Старые видео выдают за новые 📌 «Демократы празднуют победу на улицах Мельбурна». Видео ликующей толпы в австралийском Мельбурне выдали за празднование победы демократов на выборах в США. Lead Stories нашел оригинал: запись сделана в 2022 году на площади Федерации, где болельщики отмечали победу сборной Австралии на чемпионате мира по футболу. 📌 «Милей устроил салют в честь победы Трампа». В Аргентине повторно распространили видео фейерверков у президентского дворца, утверждая, что президент Хавьер Милей праздновал победу Трампа. На самом деле кадры сняты в декабре 2019 года во время инаугурации Альберто Фернандеса. «Страшилки» 📌 «В Испании ограничат покупки по банковской карте суммой 80 евро». В X распространяли утверждение, что правительство Испании якобы ввело лимит на покупки по кредитным картам. Maldita проверила официальный государственный бюллетень BOE и выяснила, что соответствующего решения там нет. Более того, заседание правительства, на которое ссылался автор публикации, в указанную дату не проводилось.
-
ℹ️ ЖИ, жалған мәлімдемелер және цифрлық дүрбелең: өткен аптада әлемде қандай фейктер тарады? Дипфейктер мен ЖИ жасаған суреттер 📌 «Балабақша басқа діндерге құрмет білдіріп, шеруді тоқтатты». Германияда балабақшаның Әулие Мартин күніне арналған шеруді тоқтатқаны туралы «ресми хабарландыру» тарады. Бұл сурет платформалардың бірінде 130 мыңнан астам қаралым жинады. Алайда Correctiv ұйымы суреттің ЖИ көмегімен жасалғанын анықтады. 📌 «Криштиану Роналду құрметіне арналған дрондар шоуы». Футболшының құрметіне ұйымдастырылған ауқымды дрондар шоуы бейнеленген видео Facebook желісінде 5,6 млн-ға жуық қаралым жинады. La República басылымы Hive сервисі арқылы жүргізген тексеру нәтижесінде роликтің ЖИ көмегімен жасалғанын дәлелдеді. 📌 «Трампты есінен танып қалғаннан кейін Ақ үйден алып шығып жатыр». X және Facebook әлеуметтік желілерінде АҚШ президентін сайлау қорытындылары аясында есінен танып қалып, Ақ үйден алып шығып жатқан суреттер тарады. Бұл роликті Иранның Үндістандағы елшілігі де бөліскен. Full Fact ұйымы кадрдан OpenAI компаниясының SynthID сутаңбасын анықтады. Сурет 2026 жылдың мамырында жарияланған ЖИ жасаған видеосынан алынып, кейіннен өңделген. 📌 «Министр Лавров Үндістанды қорлады». Әлеуметтік желіде Сергей Лавровтың Үндістан Ресей мұнайын сатып алушы, ол Мәскеудің саясатына ықпал ете алмайды деп айтқаны бейнеленген видео тарады. Alt News басылымы 31 қазандағы брифингтің түпнұсқа жазбасын тапты. Онда министрдің бейнесі мен қимылдары таралған роликтегі кадрлармен сәйкес келгенімен, дыбысы ауыстырылған. Жалған видеоны танымал үндістандық адвокат Прашант Бхушан және басқа да қолданушылар таратқан. Жалған мәлімдемелер, құжаттар және скриншоттар 📌 «Трамп сайлаушыларды жау деп атады». АҚШ-тағы аралық сайлаудан кейін әлеуметтік желілерде Трамптың Truth Social платформасында сайлаушыларды қорлайтын жазба жариялағаны туралы скриншот тарады. Lead Stories басылымы мұндай жазбаны президенттің ресми аккаунтынан да, жарияланымдар мұрағатынан да таппады. Скриншот қолдан жасалған. 📌 «Украинская правда» басылымының электрондық тарату жүйесі бұзылып, теракт туралы жалған хабарлама таратылды. Басылым жазылушыларының бір бөлігіне Киевте теракт болғаны туралы сілтемесі бар электронды хат келген. Редакция хат тарату сервисіндегі аккаунтының бұзылғаны туралы хабарлап, оқырмандарды сілтемеге өтпеуге шақырды. Мұнда жалған ақпарат белгілі БАҚ-тың ресми арнасы арқылы таратылып, сенім ұялату тәсілі қолданылған. Ескі видеоларды жаңа оқиға ретінде көрсету 📌 «Демократтар Мельбурн көшелерінде жеңісті тойлап жатыр». Австралияның Мельбурн қаласында қуанышқа бөленген халық бейнеленген видео АҚШ-тағы сайлауда демократтардың жеңісін тойлау сәті ретінде көрсетілді. Lead Stories басылымы бейнежазбаның түпнұсқасын тапты. Кадрлар 2022 жылы Федерация алаңында түсірілген. Ол кезде жанкүйерлер футболдан әлем чемпионатында Австралия құрамасының жеңісін атап өткен. 📌 «Милей Трамптың жеңісіне орай отшашу ұйымдастырды». Аргентинада президент сарайының маңындағы отшашу бейнеленген видео қайта тарап, онда президент Хавьер Милей Трамптың жеңісін атап өтті деген ақпарат таратылды. Алайда кадрлар 2019 жылдың желтоқсанында Альберто Фернандестің президенттік қызметіне кірісу рәсімі кезінде түсірілген. Үрей тудыратын жалған хабарламалар 📌 «Испанияда банк картасымен жасалатын сауда 80 еуромен шектеледі». X әлеуметтік желісінде Испания үкіметі несие картасымен төлем жасауға 80 еуро көлемінде шектеу енгізді деген хабарлама тарады. Maldita басылымы BOE ресми мемлекеттік бюллетенін тексеріп, онда мұндай шешімнің жоқ екенін анықтады. Сонымен қатар жарияланым авторы сілтеме жасаған үкімет отырысы көрсетілген күні өтпеген.
-
edited
⚡️ Ложное заявление от имени Министра туризма и спорта Казахстана распространяется в социальных сетях В зарубежном сегменте социальных сетей распространились публикации с высказываниями, приписываемыми Министру туризма и спорта Ерболу Мирзабосынову, которые он не делал. По результатам анализа установлено, что информационный вброс распространялся на русском, чешском и английском языках через аккаунты в X и Bluesky. В качестве распространителей задействованы пользователи, локализация которых охватывает несколько стран Восточной и Центральной Европы. За несколько часов исходная публикация в X набрала более 12 тысяч просмотров и свыше 200 репостов. Одновременное продвижение одной и той же формулировки на нескольких языках может указывать на признаки возможной координации распространения дезинформации. При этом исполнительный директор Казахстанской федерации хоккея официально опроверг распространяемую информацию. Таким образом, распространяемые сообщения не соответствуют действительности. Подобные искажения об официальной позиции Казахстана направлены на искусственное нагнетание международной напряженности. ‼️ Центр по борьбе с дезинформацией в очередной раз напоминает, что публикации в социальных сетях требуют критического восприятия и обязательной проверки в официальных источниках. JAQ.Ortcom
-
edited
⚡️ Қазақстанның Туризм және спорт министрінің атынан жалған мәлімдеме таратылуда Шетелдік әлеуметтік желілер сегментінде Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың атынан айтылған, алайда оған тиесілі емес мәлімдемелер таралуда. Талдау нәтижесінде бұл ақпараттық материалдың X және Bluesky платформаларындағы аккаунттар арқылы орыс, чех және ағылшын тілдерінде таратылғаны анықталды. Ақпаратты таратушылар қатарында Шығыс және Орталық Еуропаның бірнеше елінде орналасқан пайдаланушылар бар. X платформасындағы бастапқы жарияланым бірнеше сағат ішінде 12 мыңнан астам қаралым жинап, 200-ден аса репост жасалды. Бірдей мазмұндағы мәлімдеменің бір мезгілде бірнеше тілде таралуы жалған ақпараттың жүйелі түрде ұйымдастырылғанын аңғартады. Бұл ретте, Қазақстан хоккей федерациясының атқарушы директоры таралған ақпаратты ресми түрде теріске шығарды. Осылайша, әлеуметтік желілерде таралып жатқан мәлімдемелер шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстанның ресми ұстанымын бұрмалау арқылы халықаралық шиеленісті қолдан күшейту көзделуі мүмкін. ‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға сыни көзқараспен қарап, ондағы мәліметтерді ресми дереккөздер арқылы міндетті түрде тексеру қажеттігін тағы да еске салады. JAQ.Ortcom
-
edited
⚡️ Налог на депозиты. Фейки продолжают распространяться несмотря на официальное опровержение Центр по борьбе с дезинформацией JAQ.OrtCom, несмотря на ранее опубликованные разъяснения, продолжает фиксировать в социальных сетях вбросы и манипуляции о якобы введении налога на вознаграждения по депозитам физических лиц. ❌ Эта информация не соответствует действительности. Как сообщили в Министерстве национальной экономики РК, вопрос введения такого налога Правительством не рассматривается. «Согласно статье 430 Налогового кодекса Республики Казахстан, вознаграждения, выплачиваемые физическим лицам по их банковским вкладам (депозитам), не подлежат обложению индивидуальным подоходным налогом». Таким образом, распространяемые утверждения не имеют правовых оснований. Намеренное распространение заведомо ложной информации при наличии предусмотренных законом признаков может повлечь правовую оценку в установленном порядке. ‼️ Центр призывает граждан ответственно относиться к распространению информации, особенно по чувствительным социально-экономическим вопросам, способным вызвать необоснованную тревожность и общественное напряжение. 🔈 Проверяйте информацию по официальным источникам. JAQ.OrtCom
-
edited
⚡️ Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған Бұған дейін ресми түсіндірме берілгеніне қарамастан, Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде жеке тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақыға салық енгізіледі деген жалған ақпарат пен түрлі манипуляциялардың әлі де таралып жатқанын анықтап отыр. ❌ Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, Үкіметте мұндай салық енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың банктік салымдары (депозиттері) бойынша алатын сыйақысына жеке табыс салығы салынбайды», – делінген министрліктің ресми хабарламасында. Осылайша, депозиттер бойынша сыйақыға салық енгізіледі деген мәлімдемелерінің заңнамалық негізі жоқ. Сонымен қатар, заңда көзделген белгілер болған жағдайда, көрінеу жалған ақпаратты қасақана тарату әрекеттеріне белгіленген тәртіппен құқықтық баға берілуі мүмкін. ‼️ Орталық азаматтарды, әсіресе қоғамда негізсіз алаңдаушылық пен әлеуметтік шиеленіс тудыруы мүмкін әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты ақпаратты таратуда жауапкершілік танытуға шақырады. 🔈Ақпаратты таратпас бұрын оның анықтығын ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз. JAQ.OrtCom
-
edited ℹ️ Хакеры, дипфейки и поддельные скриншоты: 12 фейков, которые разошлись по миру за последние дни NB! Не ресурсах Центра стартует публикация обзоров мировых кейсов дезинформации. Наша цель - не только рассказать о самих фейках, но и показать, как их создают. Одни и те же приемы кочуют из страны в страну, и то, что сегодня распространяют в США или Индии, может появиться у нас завтра. Информирован - значит вооружен. Дипфейки и ИИ Настоящее видео назвали фейком. Запись крушения самолета во Флориде объявили «на 100% сгенерированной ИИ». Видео настоящее: его снял видеорегистратор очевидца, его показывали AP, CNN и BBC. Эксперты называют это «дивидендом лжеца»: когда подделок много, люди перестают верить и настоящим кадрам. «Пожар» в Национальном театре Лагоса. Видео горящего здания разошлось по соцсетям Нигерии. Это компьютерная графика для фильма, на кадрах даже остался водяной знак студии. «Ссора» Лаврова и Джайшанкара. На двух видео министры иностранных дел России и Индии резко отвечают друг другу. Одно из них распространил известный индийский юрист. Фактчекеры BOOM нашли оригинальные записи, где министры говорят совсем другое, а детекторы подтвердили, что звук и видео сгенерированы ИИ. Взломы и поддельные рассылки Ядерная тревога в приложении МЧС. Ночью 2 ноября хакеры взломали приложение МЧС России и разослали сообщения о запуске ядерных ракет. Сообщения получили жители Москвы, Петербурга и еще восьми регионов. В МЧС подтвердили кибератаку и уточнили, что основная система оповещения не пострадала. «Долг за парковку» в Ташкенте. Жителям приходят SMS со ссылкой на сайт, который выдает себя за официальный, и угрозой ограничить доступ к парковкам. Номера отправителей иностранные. Оператор парковок такие сообщения не рассылает. Если вы уже ввели данные карты, заблокируйте ее через банк. Поддельные скриншоты СМИ и соцсетей «Fox News объявил победу Стейси Абрамс». Утром в день выборов в США, за 12 часов до закрытия участков, в X появился поддельный кадр эфира. Абрамс в этом году даже не баллотируется. В Fox News подтвердили, что такого эфира не было. «Посты Трампа». По Facebook, Instagram и TikTok разошлись два скриншота из Truth Social. В первом Трамп благодарит Маска за то, что голос республиканца «считается за три». Во втором заранее объявляет победу всех республиканцев. AFP не нашла этих постов ни в аккаунте, ни в архивах. Второй скриншот изначально опубликовала сатирическая страница. Выборы «Экспертный отчет» о фальсификациях в Бразилии. Документ утверждал, что Лула победил за счет голосов, поданных после 17:00. Пост с ним в Instagram и X набрал более 712 тысяч просмотров. Фактчекеры Lupa сверили его с данными избиркома: после 17:00 проголосовали около 34 тысяч человек, а отрыв Лулы составил около 4,4 миллиона голосов. «20 тысяч фальшивых бюллетеней» в Хьюстоне. В день выборов писали, что ФБР ночью нашло на складе бюллетени, заполненные за демократов. Вброс начался с аккаунта, у которого меньше 3 тысяч подписчиков, а собрал больше 400 тысяч просмотров. В ФБР ответили, что никакого рейда не проводили. Старые видео выдают за новые «Иностранцы бегут из Катара». На видео толпы в аэропорту Хамад на фоне слухов об эскалации в регионе. Запись сделана еще в феврале 2026 года. «Иран испытал межконтинентальную ракету». На видео на самом деле запуск американской ракеты Starship в Техасе в 2023 году. Страшилки «Цифровой апокалипсис». Пишут, что 17 стран рекомендовали гражданам запасаться едой, а хакеры отключат банки и интернет. Пост в X, с которого началась паника, набрал 5,3 миллиона просмотров. Центр выяснил, что это обычные советы разных стран разных лет, склеенные в одну страшилку. Пост в Instagram Видео в Instagram Пост в TikTok Видео в TikTok
-
ℹ️ Хакерлер, дипфейктер және жалған скриншоттар: соңғы күндері әлемде тараған 12 фейк NB! Орталықтың ақпараттық ресурстарында әлемде тараған жалған ақпараттарға шолулар жариялана бастайды. Бүгін АҚШ-та немесе Үндістанда тараған ақпарат ертең Қазақстанда да пайда болуы мүмкін. Ақпараттан хабардар болу - жалған ақпараттан қорғанудың бір жолы. Дипфейктер және ЖИ Шынайы бейнежазбаны жалған деп көрсетті. Флоридада ұшақтың апатқа ұшыраған видеосы «100 пайыз ЖИ арқылы жасалған» деген ақпарат тарады. Алайда бейнежазба шынайы. Оны оқиға куәгерінің бейнетіркегіші түсірген. Жазбаны AP, CNN және BBC де көрсетті. Мұны «өтірікшінің дивиденді» деп атайды. Лагос ұлттық театрындағы «өрт». Нигерияның желіде ғимараттың жанып жатқан видеосы тарады. Бұл - фильм үшін жасалған компьютерлік графика. Кадрда студияның сутаңбасы да көрініп қалған. Лавров пен Джайшанкардың «жанжалы». Желіде Ресей мен Үндістанның СІМ-лері бір-біріне дөрекі жауап беріп жатқандай көрінетін екі видео тарады. Бірін Үндістанның заңгері жариялаған. BOOM фактчекерлері түпнұсқа жазбаларын тапты. Видео мен дыбыс ЖИ көмегімен жасалған. Хакерлік шабуылдар және жалған хабарламалар ТЖМ қосымшасындағы ядролық қауіп туралы жалған дабыл. 2 қарашаға қараған түні хакерлер Ресей ТЖМ-нің қосымшасын бұзып, ядролық зымырандар ұшырылғаны туралы хабарламалар таратқан. Оны Мәскеу, Санкт-Петербург және тағы 8 өңірдің тұрғындары алған. ТЖМ кибершабуылды растады. Ескерту жүйесі зардап шекпеген. Ташкенттегі «автотұрақ қарызы». Тұрғындарға ресми сайтқа ұқсатып жасалған ресурсқа сілтемесі бар SMS-хабарламалар келіп жатыр. Шетелдік нөмірден автотұрақтарды пайдалану мүмкіндігі шектелетінін ескертіледі. Оператор SMS-хабарламаларды таратпайтынын мәлімдеді. Егер банк картаңыздың деректерін енгізіп қойған болсаңыз, оны банк арқылы дереу бұғаттаңыз. БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жалған скриншоттар «Fox News С.Абрамстың жеңісін жариялады». АҚШ-тағы сайлау күні, учаскелер жабылардан 12 сағат бұрын X желіде телеарнадан алынғандай етіп жасалған жалған кадр жарияланды. Алайда С.Абрамс осы сайлауға қатысқан жоқ. Fox News мұндай эфир болмағанын растады. «Трамптың жазбалары». Truth Social желісіндегі екі жазбаның скриншоты Facebook, Instagram және TikTok-та тарады. Бірінші скриншотта Трамп Илон Маскқа республикашылдардың дауысы «үш дауыс болып есептелетіні» үшін алғыс айтқандай көрсетілген. Екіншісінде ол республикашылдардың барлығы жеңіске жеткенін алдын ала жариялағандай әсер қалдырады. AFP агенттігі бұл жазбаларды Трамптың аккаунтынан да, мұрағаттардан да таппады. Екінші скриншотты алғашында сатиралық парақша жариялаған. Сайлауға қатысты фейктер Бразилиядағы сайлау нәтижелерін бұрмалау туралы «сараптамалық есеп». Құжатта Лула 17:00-ден кейін берілген дауыстардан жеңіске жеткені айтылған. Жазба 712 мың қаралым жинады. Lupa фактчекерлері 17:00-ден кейін шамамен 34 мың адам ғана дауыс бергені, ал Луланың қарсыласынан басымдығы шамамен 4,4 млн дауыс болғаны анықтады. Хьюстондағы «20 мың жалған бюллетень». Сайлау күні желілерде ФТБ түнде қоймадан демократтар үшін алдын ала толтырылған бюллетеньдерді тапқаны туралы ақпарат тарады. Хабарламаны 300 мыңнан аз жазылушысы бар аккаунт жариялағанымен, жазба 400 мыңнан астам қаралым жинады. ФТБ мұндай рейд жүргізілмегенін мәлімдеді. Ескі бейнежазбаларды жаңа оқиға ретінде көрсету «Шетелдіктер Катардан жаппай кетіп жатыр». Хамад халықаралық әуежайында жиналған адамдардың видеосы тарады. Алайда бұл бейнежазба 2026 жылғы ақпанда түсірілген. «Иран құрлықаралық зымыранды сынақтан өткізді». Желіде Иранның зымыран сынағы ретінде ұсынылған видео шын мәнінде 2023 жылы АҚШ-тың Техас штатында Starship зымыраны ұшырылған сәтті көрсетеді. Үрей туғызатын жалған хабарлар «Цифрлық апокалипсис». Желіде 17 ел өз азаматтарына азық-түлік қорын жинауға кеңес бергені, ал хакерлер банктер мен интернетті істен шығаратыны туралы ақпарат тарады. Бастапқы жазба 5,3 миллион қаралым жинады. Бұл әр жылдары әртүрлі елдер жариялаған әдеттегі ұсынымдардан құрастырылған. Бір-біріне қатысы жоқ мәліметтер біріктіріліп, жалған оқиғаға айналған. Instagram-дағы пост Instagram-дағы видео TikTok-тағы пост TikTok-тағы видео
-
edited ℹ️ Центром по борьбе с дезинформацией Службы центральных коммуникаций JAQ.OrtCom подготовлен Обзор опровержений за октябрь 2026 года.
-
edited ℹ️ Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы JAQ.OrtCom 2026 жылғы қазан айында теріске шығарылған жалған ақпараттарға шолу дайындады.
-
edited
⚡️ Кадры из учений ССО Казахстана используют для распространения дезинформации В социальных сетях иностранного сегмента интернета распространяется видеоролик с участием военнослужащих Сил специальных операций Вооруженных сил Республики Казахстан. При этом видеозапись сопровождается утверждениями о том, что на ней якобы запечатлено противостояние иностранных государств. По данным Министерства обороны Республики Казахстан, данная информация не соответствует действительности. «На демонстрируемых кадрах запечатлены учебно-тренировочные сборы военнослужащих Сил специальных операций Вооруженных сил Республики Казахстан, проведенные с июня по август 2026 года на полигоне «Коктал» в области Жетысу в соответствии с планом боевой подготовки». ‼️ Центр по борьбе с дезинформацией призывает пользователей проверять первоисточники и контекст публикаций, прежде чем делиться ими в социальных сетях.
-
edited
⚡️Қазақстанның Арнайы операциялар күштерінің оқу-жаттығу кадрлары жалған ақпарат тарату үшін пайдаланылуда Шетелдік әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар күштері әскери қызметшілері бейнеленген бейнеролик таралуда. Бейнежазбаға қоса жарияланған жазбаларда онда шет мемлекеттер арасындағы текетірес бейнеленгені туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер келтірілген. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. «Бейнежазбада 2026 жылғы маусым мен тамыз айлары аралығында Жетісу облысындағы «Көктал» полигонында жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өткізілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштері әскери қызметшілерінің оқу-жаттығу жиындары бейнеленген». ‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желі қолданушыларын жарияланымдарды бөліспес бұрын олардың бастапқы дереккөздерін және қандай мәнмәтінде жарияланғанын мұқият тексеруге шақырады.
-
⚡️ «Списание кредитов и штрафов»: как мошенники маскируют фишинг под социальную помощь В TikTok распространяются ролики, в которых казахстанцам старше 18 лет обещают списать кредиты и штрафы на сумму до 5 млн тенге. Для убедительности авторы используют государственную символику и предлагают перейти по ссылке в описании профиля… Что показывает технический анализ? Центр по борьбе с дезинформацией изучил подозрительную ссылку и выявил несколько признаков риска. Сайт имитирует якобы официальный сервис социальной помощи. Пользователю предлагают указать год рождения, после чего сообщают о соответствии условиям программы и предлагают перейти в Telegram. Таймер обратного отсчета создает ощущение срочности и подталкивает к быстрым действиям. При подтверждении авторизации в Telegram пользователь, по сути, предоставляет посторонним доступ к своей учетной записи, личной переписке и связанным данным. Техническая проверка также выявляет следующие признаки: VirusTotal: сервис LevelBlue классифицирует ресурс как Phishing (фишинг), а alphaMountain.ai и Fortinet - как Spam (спам). Возраст домена: по результатам анализа, на момент проверки домен зарегистрирован около 17 дней назад. Сам по себе этот факт не доказывает мошенничество, но в сочетании с другими признаками вызывает подозрения. Совокупность этих признаков указывает на риск фишинга под предлогом получения государственной помощи. Как распознать подозрительный сайт? Проверяйте доменное имя. Официальные государственные ресурсы Казахстана используют домены в зоне .gov.kz, а многие другие официальные организации - .kz. Чаще всего названия сайтов государственных органов и организаций пишется латиницей с использованием казахских слов и их аббревиатур. Обращайте внимание на необычные домены. Если после названия сайта стоят незнакомые зоны, например .cfd, .xyz, .top или .click, это повод внимательнее проверить ресурс. Не доверяйте одному лишь оформлению. Государственная символика, логотипы и надписи о защищенном соединении не подтверждают, что сайт принадлежит государственному органу. Проверяйте обещания. Информацию о списании кредитов и штрафов ищите на официальных ресурсах государственных органов. Не подтверждайте подозрительную авторизацию. Не предоставляйте доступ к Telegram и другим аккаунтам, если не уверены, кому и какие права передаете. Если вы уже подтвердили подозрительный вход, проверьте активные сеансы Telegram, завершите незнакомые сеансы и включите двухэтапную аутентификацию. ‼️ Мошенники тщательно продумывают каждый этап вовлечения пользователей: обещают списать долги, предлагают финансовую помощь или используют актуальную социальную повестку, чтобы вызвать доверие и подтолкнуть людей к нужным действиям. За внешне убедительными публикациями могут скрываться фишинговые схемы, нацеленные на получение доступа к личным данным и аккаунтам. Поэтому важно не поддаваться на громкие обещания, проверять информацию через официальные источники и внимательно относиться к ссылкам и запросам на авторизацию.
-
⚡️ «Несиелер мен айыппұлдарды есептен шығару»: алаяқтар фишингті әлеуметтік көмек ретінде қалай бүркемелейді? TikTok желісінде 18 жастан асқан қазақстандықтардың 5 млн теңгеге дейінгі несиелері мен айыппұлдарының бәрін бір сәтте жауып, есептен шығаруға уәде беретін бейнероликтер таралуда. Жарияланым авторлары ақпараттың шынайылығына сендіру үшін мемлекеттік рәміздерді пайдаланып, профиль сипаттамасындағы көрсетілген сілтемеге өтуге шақырады. Техникалық талдау нені көрсетеді? Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұл күдікті сілтемені жан-жақты зерделеп, бірнеше қауіп белгілерді анықтады. Сайт ресми әлеуметтік көмек көрсететін сервис ретінде ұсынылған. Пайдаланушыдан туған жылын көрсету сұралады. Одан кейін оның бағдарлама шарттарына сәйкес келетіні хабарланып, Telegram желісіне өтуге бағыттайды. Ал кері санақ таймері уақыттың шектеулі екенін алға тартып, пайдаланушыны асығыс шешім қабылдауға итермелейді. Telegram-да авторизацияны растаған пайдаланушы іс жүзінде бөгде адамдарға өз аккаунтына, жеке хат алмасуларына және оған байланысты деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Техникалық тексеру сонымен қатар келесі белгілерді анықтайды: VirusTotal: LevelBlue сервисі ресурсты Phishing (фишинг), ал alphaMountain.ai мен Fortinet-ті Spam (спам) ретінде жіктейді. Доменнің тіркелген мерзімі: Талдау көрсеткендей, тексеру кезінде аталмыш домен шамамен небәрі 17 күн бұрын тіркелген. Бұл дерек өздігінен алаяқтық әрекетті толық дәлелдемейді. Алайда басқа белгілермен бірге қарастырғанда үлкен күдік тудырады. Аталған белгілер мемлекеттік көмек алу сылтауымен жасалатын фишингтік алаяқтық қаупі бар екенін көрсетеді. Күдікті сайтты қалай анықтауға болады? Домен атын мұқият тексеріңіз. Қазақстанның ресми мемлекеттік ресурстары тек .gov.kz домендік аймағын пайдаланады. Ал басқа да көптеген ресми ұйымдардың сайттары негізінен .kz аймағын қолданады. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сайт атауларында көбіне қазақ тіліндегі сөздер мен олардың қысқартылған нұсқалары латын әріптерімен жазылады. Бейтаныс домендік аймақтарға назар аударыңыз. Егер сайт атауы мысалы .cfd, .xyz, .top немесе .click сияқты бейтаныс домендік аймақтармен аяқталса, оны мұқият тексерген жөн. Сайттың сыртқы көрінісіне ғана сенбеңіз. Сайтта мемлекеттік рәміздер, логотиптер мен қорғалған қосылым байланыс белгілерінің болуы оның мемлекеттік органға тиесілі екенін ешқашан растамайды. Уәделердің шынайылығын тексеріңіз. Несиелер мен айыппұлдарды есептен шығару туралы қандай да бір ақпарат тараса, оны тек мемлекеттік органдардың ресми ақпарат көздерінен қараңыз. Күдікті авторизацияны растамаңыз. Егер сілтеменің немесе қосымшаның қайдан шыққанына және кімге қандай құқық беріп жатқаныңызға сенімді болмасаңыз, Telegram және басқа да жеке аккаунттарыңызға рұқсат бермеңіз. Егер күдікті сілтеме арқылы кіріп қойған болсаңыз, Telegram параметрлеріне кіріп, белсенді сеанстарды тексеріңіз, бейтаныс құрылғыларды өшіріңіз және екі кезеңді аутентификацияны қосыңыз. ‼️ Алаяқтар азаматтарды өз айласына түсірудің әр кезеңін мұқият ойластырады. Олар қарыздарды есептен шығаруға, қаржылай көмек көрсетуге уәде береді немесе қоғамдағы өзекті мәселелерді пайдаланып, адамдардың сеніміне кіруге және оларды өздеріне қажетті әрекеттерге итермелеуге тырысады. Сырт көзге сенімді көрінетін мұндай жарияланымдардың артында азаматтардың жеке деректері мен аккаунттарына қол жеткізуді көздейтін фишингтік схемалар жасырынуы мүмкін. Сондықтан құрғақ уәделерге сенбей, ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеріп, күмәнді сілтемелер мен аккаунтқа кіруге рұқсат беру туралы сұрауларға мұқият қараған жөн.
-
💭 Центр по борьбе с дезинформацией фиксирует в сети манипулятивные публикации об ипотеке, ориентированной на конкретные категории граждан: учителей, медицинских работников, государственных служащих и т.д. Яркие заголовки обещают особые условия, доступное жилье и возможности, которые якобы предназначены исключительно для представителей определенных профессий. На первый взгляд может сложиться впечатление, что для каждой из этих категорий действуют отдельные государственные ипотечные программы. Однако зачастую за такими публикациями стоит не новая жилищная инициатива, а маркетинговый прием компаний, которые предлагают консультационные услуги по оформлению ипотечных займов. Как работает эта схема? Компании изучают интересы своей аудитории и создают рекламные публикации под конкретные группы населения. Для учителей делают заголовок «Ипотека для педагогов», для медиков - «Жилье для врачей», а для госслужащих - «Специальная программа для государственных служащих». Такой подход помогает привлечь внимание потенциальных клиентов. Человек видит знакомую профессию в заголовке и может решить, что появилась новая программа именно для него. При этом речь может идти об одних и тех же жилищных программах, условиям которых соответствуют представители разных профессий. Разделение по категориям в подобных публикациях используется прежде всего для продвижения услуг, а не обязательно отражает наличие отдельных государственных программ. Почему это может вводить людей в заблуждение? Вопрос приобретения жилья имеет большое значение для многих казахстанских семей. Поэтому люди внимательно следят за новыми предложениями и стараются не упустить возможность получить ипотеку на выгодных условиях. Кликбейтные заголовки могут создавать ложные ожидания, заставлять людей тратить время на поиск несуществующих специальных программ и обращаться за платными консультациями, полагая, что без посредника воспользоваться предложением невозможно. Вывод Не каждый рекламный заголовок об ипотеке означает появление новой государственной программы. Иногда разделение предложений по профессиям - лишь маркетинговая уловка, чтобы привлечь внимание потенциальных клиентов и продвинуть коммерческие услуги. Если рекламная публикация не содержит ссылок на официальные условия, предлагает получить подробности только после оплаты или обещает гарантированное одобрение кредита, стоит дополнительно проверить достоверность информации. ‼️ Центр по борьбе с дезинформацией призывает граждан проверять информацию об ипотечных программах по официальным источникам и не принимать финансовые решения исключительно на основании публикаций в социальных сетях.
-
edited 💭 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желіде мұғалімдерге, медицина қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге және басқа да сала мамандарына арналған ипотекалық бағдарламалар туралы жалған хабарландырулардың таралуын тіркеді. Тартымды тақырыптар белгілі бір кәсіп иелеріне ғана ұсынылатын ерекше жеңілдіктер мен қолжетімді баспананы уәде етеді. Сыртынан қарағанда, әр мамандық бойынша арнайы мемлекеттік бағдарламалар пайда болғандай әсер қалдыруы мүмкін. Алайда, мұндай жазбалардың артында көбіне жаңа тұрғын үй бастамасы емес, ипотекалық несие рәсімдеуге кеңес беретін компаниялардың кезекті маркетингтік тәсілі жатады. Бұл схема қалай жұмыс істейді? Компаниялар әлеуметтік топтардың сұранысын зерттеп, әр салаға арнайы жарнамалық жазбалар дайындайды. Мәселен, мұғалімдерге - «Педагогтарға арналған ипотека», дәрігерлерге - «Дәрігерлерге арналған баспана», ал мемлекеттік қызметшілерге - «Мемлекеттік қызметшілерге арналған арнайы бағдарлама» деген тақырыптар қойылады. Мұндай тәсіл ықтимал клиенттердің назарын аударуға көмектеседі. Азаматтар жарнама тақырыбынан өзінің мамандығын көргенде, бұл бағдарлама арнайы өзі үшін әзірленген деп қабылдауы мүмкін. Іс жүзінде әртүрлі мамандық өкілдеріне сәйкес келетін стандартты ипотекалық бағдарламалар туралы айтылып отыр. Жазбадағы мамандықтар бойынша бөлу жеке мемлекеттік бағдарламаның барын білдірмейді, бұл ең алдымен коммерциялық қызметтерді насихаттау үшін қолданылады. Бұл неліктен адамдарды адастыруы мүмкін? Баспана сатып алу көптеген қазақстандық отбасылар үшін өте өзекті мәселе. Сол себепті азаматтар жаңа бағдарламаларды мұқият қадағалап, тиімді шартпен ипотека алу мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысады. Алайда, мұндай кликбейттік тақырыптар оқырманда жаңсақ үміт қалыптастырады. Салдарынан азаматтар іс жүзінде жоқ бағдарламаларды іздеп уақыт жоғалтады, әрі «делдалсыз бұл мүмкіндікті пайдалану мүмкін емес» деген қате оймен ақылы кеңестерге жүгінуге мәжбүр болады. Қорытынды Ипотекалық несиелеуге қатысты әрбір жарнамалық тақырып жаңа мемлекеттік бастаманың іске қосылғанын дәлелдемейді. Жекелеген жағдайларда ұсыныстарды кәсіби белгілері бойынша санаттау - мақсатты аудиторияны тартуға және коммерциялық қызметтерді жылжытуға бағытталған маркетингтік тәсіл болып табылады. Егер жарнамалық жарияланымда ресми шарттарға сілтеме жасалмаса, ақпарат төлем жасағаннан кейін берілсе немесе несиеге мақұлдау кепілдендірілсе, онда ақпараттың шынайылығын қосымша тексерген дұрыс. ‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды ипотекалық бағдарламалар туралы ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге және қаржылық шешімдерді тек әлеуметтік желілердегі жазбаларға сүйеніп қабылдамауға шақырады.
- Older posts