JAQ.OrtCom.kz ✔

@jaqortcomkz · news · Kazakh · active

Subscribers 1.7K Subscribers, last 30 days: 1.7K → 1.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 50.2%854 avg views
Posting 5.6/week last 13 hours ago
Reactions per 1K views 16.9 👍 👏 🔥
edited

⚡️ Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған Бұған дейін ресми түсіндірме берілгеніне қарамастан, Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде жеке тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақыға салық енгізіледі деген жалған ақпарат пен түрлі манипуляциялардың әлі де таралып жатқанын анықтап отыр. ❌ Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, Үкіметте мұндай салық енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың банктік салымдары (депозиттері) бойынша алатын сыйақысына жеке табыс салығы салынбайды», – делінген министрліктің ресми хабарламасында. Осылайша, депозиттер бойынша сыйақыға салық енгізіледі деген мәлімдемелерінің заңнамалық негізі жоқ. Сонымен қатар, заңда көзделген белгілер болған жағдайда, көрінеу жалған ақпаратты қасақана тарату әрекеттеріне белгіленген тәртіппен құқықтық баға берілуі мүмкін. ‼️ Орталық азаматтарды, әсіресе қоғамда негізсіз алаңдаушылық пен әлеуметтік шиеленіс тудыруы мүмкін әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты ақпаратты таратуда жауапкершілік танытуға шақырады. 🔈Ақпаратты таратпас бұрын оның анықтығын ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз. JAQ.OrtCom

Views over time

02004005 Nov 05:3013 Nov 06:424405 Nov 05:30: 0 views11 Nov 13:53: 415 views12 Nov 05:36: 421 views13 Nov 06:42: 440 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
5 Nov 2026, 05:300
11 Nov 2026, 13:53415
12 Nov 2026, 05:36421
13 Nov 2026, 06:42440

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.