JAQ.OrtCom.kz ✔

@jaqortcomkz · news · Kazakh · active

Subscribers 1.7K Subscribers, last 30 days: 1.7K → 1.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 50.2%854 avg views
Posting 5.6/week last 16 hours ago
Reactions per 1K views 16.9 👍 👏 🔥
edited

💭 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желіде мұғалімдерге, медицина қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге және басқа да сала мамандарына арналған ипотекалық бағдарламалар туралы жалған хабарландырулардың таралуын тіркеді. Тартымды тақырыптар белгілі бір кәсіп иелеріне ғана ұсынылатын ерекше жеңілдіктер мен қолжетімді баспананы уәде етеді. Сыртынан қарағанда, әр мамандық бойынша арнайы мемлекеттік бағдарламалар пайда болғандай әсер қалдыруы мүмкін. Алайда, мұндай жазбалардың артында көбіне жаңа тұрғын үй бастамасы емес, ипотекалық несие рәсімдеуге кеңес беретін компаниялардың кезекті маркетингтік тәсілі жатады. Бұл схема қалай жұмыс істейді? Компаниялар әлеуметтік топтардың сұранысын зерттеп, әр салаға арнайы жарнамалық жазбалар дайындайды. Мәселен, мұғалімдерге - «Педагогтарға арналған ипотека», дәрігерлерге - «Дәрігерлерге арналған баспана», ал мемлекеттік қызметшілерге - «Мемлекеттік қызметшілерге арналған арнайы бағдарлама» деген тақырыптар қойылады. Мұндай тәсіл ықтимал клиенттердің назарын аударуға көмектеседі. Азаматтар жарнама тақырыбынан өзінің мамандығын көргенде, бұл бағдарлама арнайы өзі үшін әзірленген деп қабылдауы мүмкін. Іс жүзінде әртүрлі мамандық өкілдеріне сәйкес келетін стандартты ипотекалық бағдарламалар туралы айтылып отыр. Жазбадағы мамандықтар бойынша бөлу жеке мемлекеттік бағдарламаның барын білдірмейді, бұл ең алдымен коммерциялық қызметтерді насихаттау үшін қолданылады. Бұл неліктен адамдарды адастыруы мүмкін? Баспана сатып алу көптеген қазақстандық отбасылар үшін өте өзекті мәселе. Сол себепті азаматтар жаңа бағдарламаларды мұқият қадағалап, тиімді шартпен ипотека алу мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысады. Алайда, мұндай кликбейттік тақырыптар оқырманда жаңсақ үміт қалыптастырады. Салдарынан азаматтар іс жүзінде жоқ бағдарламаларды іздеп уақыт жоғалтады, әрі «делдалсыз бұл мүмкіндікті пайдалану мүмкін емес» деген қате оймен ақылы кеңестерге жүгінуге мәжбүр болады. Қорытынды Ипотекалық несиелеуге қатысты әрбір жарнамалық тақырып жаңа мемлекеттік бастаманың іске қосылғанын дәлелдемейді. Жекелеген жағдайларда ұсыныстарды кәсіби белгілері бойынша санаттау - мақсатты аудиторияны тартуға және коммерциялық қызметтерді жылжытуға бағытталған маркетингтік тәсіл болып табылады. Егер жарнамалық жарияланымда ресми шарттарға сілтеме жасалмаса, ақпарат төлем жасағаннан кейін берілсе немесе несиеге мақұлдау кепілдендірілсе, онда ақпараттың шынайылығын қосымша тексерген дұрыс. ‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды ипотекалық бағдарламалар туралы ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге және қаржылық шешімдерді тек әлеуметтік желілердегі жазбаларға сүйеніп қабылдамауға шақырады.

Views over time

020040021 Oct 13:2712 Nov 16:4443121 Oct 13:27: 0 views11 Nov 13:53: 426 views12 Nov 16:44: 431 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
21 Oct 2026, 13:270
11 Nov 2026, 13:53426
12 Nov 2026, 16:44431

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.