JAQ.OrtCom.kz ✔

@jaqortcomkz · news · Kazakh · active

Subscribers 1.7K Subscribers, last 30 days: 1.7K → 1.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 50.2%854 avg views
Posting 5.6/week last 14 hours ago
Reactions per 1K views 16.9 👍 👏 🔥
edited

⚡️ Қазақстанның Туризм және спорт министрінің атынан жалған мәлімдеме таратылуда Шетелдік әлеуметтік желілер сегментінде Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың атынан айтылған, алайда оған тиесілі емес мәлімдемелер таралуда. Талдау нәтижесінде бұл ақпараттық материалдың X және Bluesky платформаларындағы аккаунттар арқылы орыс, чех және ағылшын тілдерінде таратылғаны анықталды. Ақпаратты таратушылар қатарында Шығыс және Орталық Еуропаның бірнеше елінде орналасқан пайдаланушылар бар. X платформасындағы бастапқы жарияланым бірнеше сағат ішінде 12 мыңнан астам қаралым жинап, 200-ден аса репост жасалды. Бірдей мазмұндағы мәлімдеменің бір мезгілде бірнеше тілде таралуы жалған ақпараттың жүйелі түрде ұйымдастырылғанын аңғартады. Бұл ретте, Қазақстан хоккей федерациясының атқарушы директоры таралған ақпаратты ресми түрде теріске шығарды. Осылайша, әлеуметтік желілерде таралып жатқан мәлімдемелер шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстанның ресми ұстанымын бұрмалау арқылы халықаралық шиеленісті қолдан күшейту көзделуі мүмкін. ‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға сыни көзқараспен қарап, ондағы мәліметтерді ресми дереккөздер арқылы міндетті түрде тексеру қажеттігін тағы да еске салады. JAQ.Ortcom

Views over time

02004006 Nov 11:3813 Nov 06:423806 Nov 11:38: 0 views11 Nov 13:53: 352 views13 Nov 06:42: 380 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
6 Nov 2026, 11:380
11 Nov 2026, 13:53352
13 Nov 2026, 06:42380

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.