JAQ.OrtCom.kz ✔

@jaqortcomkz · news · Kazakh · active

Subscribers 1.7K Subscribers, last 30 days: 1.7K → 1.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 50.2%854 avg views
Posting 5.6/week last 13 hours ago
Reactions per 1K views 16.9 👍 👏 🔥

🔎 2026 жылдың 1-10 қараша аралығындағы ресми теріске шығарулардың жиынтығы Фейк: «Қазақстанда банктік депозиттерден түсетін табысқа жеке табыс салығы енгізіледі» ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ресми мәлімдемесі: «ҚР Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың банктердегі салымдары (депозиттері) бойынша алатын сыйақыларына жеке табыс салығы салынбайды». Фейк: ҚР Ұлттық банкінің атынан азаматтарға ұрланған қаражатты қайтару және түскен ақша аударымдарын декларациялау қажеттігі туралы хаттар тарату. ҚР Ұлттық банкінің ресми мәлімдемесі: «Алаяқтар Ұлттық банктің атынан азаматтарға жалған хаттар таратып, олардың алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын хабарлайды. Сондай-ақ қаражатты қауіпсіз қайтару сылтауымен ақша аударуды ұсынады. (...) Ұлттық банк мессенджерлер, электрондық пошта немесе әлеуметтік желілер арқылы хат алмасу жүргізбейді». Фейк: ҚР Туризм және спорт министрі Қазақстанның ресейлік хоккейшілерге бойкот жариялауды қолдайтынын мәлімдеді деген ақпарат. Қазақстан хоккей федерациясының ресми мәлімдемесі: «Қазақстанның ресейлік хоккейшілерге бойкот жариялауды қолдайтыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді». Фейк: «2026 жылғы 17 қарашада жаһандық кибершабуыл жасалып, хакерлер банктік шоттардағы қаражатты нөлге түсіреді, ал бүкіл әлемде интернет үш айға өшіріледі». ҚР Төтенше жағдайлар министрі ресми мәлімдемесі: «...Азаматтарымызға алаңдауға еш негіз жоқ. Үкімет, оның ішінде Төтенше жағдайлар министрлігі мұндай мазмұндағы ешқандай хабарлама таратқан жоқ». 📌 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұл тақырып бойынша толық талдау жариялады. Манипуляция: әлеуметтік жәрдемақыларды талқылау аясында әлеуметтік желілерде отбасының материалдық жағдайын бағалауға арналған бейресми «әл-ауқат калькуляторларының» таралуы. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми мәлімдемесі: «Әлеуметтік желілерде таралып жатқан әл-ауқат калькуляторларын пайдаланбаңыздар».

Views over time

010020030011 Nov 16:3913 Nov 06:4223811 Nov 16:39: 0 views11 Nov 17:46: 62 views11 Nov 22:44: 85 views12 Nov 16:44: 180 views13 Nov 06:42: 238 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
11 Nov 2026, 16:390
11 Nov 2026, 17:4662
11 Nov 2026, 22:4485
12 Nov 2026, 16:44180
13 Nov 2026, 06:42238

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.