ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%906 avg views
Posting 8.3/day last 8 hours ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥
  1. repost

    Как отметил Касым-Жомарт Токаев, в рамках партнерства между высшими учебными заведениями двух стран создаются образовательные и научные центры с учетом потребностей экономики Казахстана ✔️Результатом этой работы стало открытие совместных казахстанско-германских университетов в Мангистауской, Восточно-Казахстанской областях и Алматы. – Эти примеры демонстрируют важный принцип. Наиболее сильными являются те академические партнерства, которые отвечают реальным экономическим и технологическим потребностям. Университеты не должны существовать в отрыве от промышленности. Научные исследования должны вести к созданию новых технологий, а система образования призвана обеспечивать экономику высококвалифицированными специалистами, – подчеркнул Президент. ✔️Далее Глава государства поделился своим видением дальнейшего сотрудничества. Он предложил три основных направления партнерства, обеспечивающих переход от обмена знаниями к их совместному созданию. – Во-первых, нам следует расширять совместные образовательные программы и программы двойных дипломов между нашими партнерскими учебными заведениями. Важно открывать новые возможности для совместной работы студентов и исследователей в обеих странах. В этой связи предлагаю запустить специальную программу образовательных обменов, которая будет способствовать укреплению академических связей между нашими странами, – призвал Касым-Жомарт Токаев. t.me/aqorda_resmi

  2. repost

    Президент екі ел жоғары оқу орындарының серіктестігі аясында Қазақстан экономикасының қажеттілігіне сай білім және ғылым орталықтары құрылып жатқанын айтты ✔️Аталған жұмыстың нәтижесінде Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында Қазақстан-Германия бірлескен университеттері ашылды. – Бұл мысалдар мына маңызды қағиданың дұрыс екенін көрсетеді. Нақты экономикалық және технологиялық қажеттілікке сай келетін академиялық серіктестік нәтижелі болады. Университеттер өндірістен алшақтап кетпеуі керек. Ғылыми зерттеулер жаңа технологияларды ойлап табуға түрткі болуға тиіс. Ал білім беру жүйесі экономиканы біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз етуі қажет, – деді Президент. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев білім алмасу тәжірибесінен білім қорын бірлесе жасау үдерісіне көшуге мүмкіндік беретін серіктестіктің үш негізгі бағытын ұсынды. – Біріншіден, бірлескен білім беру бағдарламаларын көбейтіп, серіктес оқу орындары арасындағы қос дипломды бағдарламалардың аясын кеңейту керек. Екі ел студенттері мен зерттеушілерінің бірлесе жұмыс істеуіне мүмкіндік беру маңызды. Осы орайда елдеріміздің арасындағы академиялық байланысты нығайтуға ықпал ететін арнайы білім алмасу бағдарламасын іске қосуды ұсынамын, – деді Президент. t.me/aqorda_resmi

  3. repost

    🇰🇿🇩🇪Глава государства встретился с ректорами ведущих ВУЗов и руководителями научных институтов Германии ✔️В своем выступлении Касым-Жомарт Токаев особо отметил успехи в сфере образовательного сотрудничества между Казахстаном и Германией. ✔️По его словам, эти достижения стали возможными благодаря укреплению политического диалога, начало которому было положено в ходе визита Президента Франка-Вальтера Штайнмайера в Астану в июне 2023 года. – Сегодня 45 казахстанских университетов сотрудничают примерно со 100 немецкими партнерами. Около 2 тысяч студентов из Казахстана обучаются в Германии. В настоящее время в Казахстане работают более 30 филиалов и партнерских представительств зарубежных университетов. Эти цифры говорят сами за себя. Но при этом они не отражают всей глубины партнерства. Важно то, что именно мы создаем вместе. Здесь я имею в виду принципиальное изменение характера нашего сотрудничества, – сказал Президент. ✔️Глава государства определил в качестве одного из стратегических приоритетов формирование Казахстана как ведущего академического и научно-исследовательского центра Евразии. – Мы меняем традиционную модель. Вместо того, чтобы в основном направлять молодежь на обучение за рубеж, мы привлекаем в Казахстан стандарты и специализацию ведущих международных ВУЗов. Кардиффский университет, KAIST и Колорадская школа горного дела уже представлены в нашей стране. Сегодня у нас обучаются более 40 тысяч иностранных студентов, к 2029 году мы планируем увеличить их число до 100 тысяч. Наша страна, являющаяся участницей Болонского процесса, применяет европейские стандарты обеспечения качества и сопоставимости образовательных степеней, – заявил он. t.me/aqorda_resmi

  4. repost

    🇰🇿🇩🇪Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды жоғары оқу орындары ректорларымен және ғылыми институт жетекшілерімен кездесті ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Германияның білім саласындағы табысты ынтымақтастығына тоқталды. ✔️Оның айтуынша, бұл жетістіктерге Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің 2023 жылы маусым айындағы сапарынан бастау алған саяси диалогтың нығаюы септігін тигізді. – Бүгінде Қазақстанның 45 университеті Германиядағы 100-ге жуық серіктеспен ынтымақтастық орнатқан. Екі мыңға жуық қазақстандық студент Германияда білім алады. Қазіргі кезде елімізде шетелдік университеттердің 30-дан астам филиалы мен серіктес өкілдігі бар. Бұл көрсеткіштер көп нәрсені аңғартады. Дегенмен олар ынтымақтастығымыздың қаншалықты терең екенін толық көрсетпейді. Ең бастысы, қолға алған ісіміз өте маңызды. Яғни ықпалдастығымыздың мазмұны түбегейлі өзгерді, – деді Президент. ✔️Мемлекет басшысы елімізді Еуразия мен одан тысқары жерлердегі жетекші академиялық және ғылыми-зерттеу орталығы ретінде қалыптастыру стратегиялық басымдық ретінде айқындалғанын айтты. – Біз дәстүрлі қалыпты өзгертіп жатырмыз. Жастарды шетелге білім алуға жіберудің орнына Қазақстанға озық халықаралық жоғары оқу орындарының стандарттары мен бағыттарын әкелуге кірістік. Елімізде Кардифф университетінің, KAIST және Колорадо тау-кен мектебінің өкілдіктері жұмыс істейді. Қазір елімізде 40 мыңнан астам шетелдік студент білім алады. 2029 жылға қарай олардың санын 100 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Қазақстан Болон процесіне мүше ел ретінде білім беру сапасы мен ғылыми дәрежелердің сәйкестігін қамтамасыз ететін еуропалық стандарттарды қолданады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. t.me/aqorda_resmi

  5. 🇰🇿 Қазақстан Жаһандық инновациялар индексінде 8 сатыға көтерілді Қазақстан 2026 жылғы Жаһандық инновациялар индексінде (GII) 8 сатыға көтеріліп, әлемнің 139 экономикасының арасында 73-орынға ие болды. Осылайша, инновациялық даму деңгейі ең жоғары әлемнің 80 экономикасының қатарына енді. Бұл – Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасындағы ең жоғары өсім. GII-2026 индексінің жаңа нәтижелері Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Женевадағы штаб-пәтерінде таныстырылды. Биылғы индекс «Ғылымның алдыңғы шебіндегі кәсіпкерлерді қолдау» тақырыбына арналған. Зерттеуде ғылыми жаңалықтар мен озық технологияларды стартаптарға, технологиялық компанияларға және ауқымды шешімдерге айналдыру мәселелері қарастырылады. Жаһандық инновациялар индексі – ДЗМҰ жыл сайын әзірлейтін рейтинг. Ол әлем елдерінің инновациялық қызметі мен әлеуетін бағалайды. Индекс ұлттық инновациялық жүйелерді салыстыруға, олардың күшті және әлсіз тұстарын анықтауға, сондай-ақ алынған деректерді инновациялар саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру үшін пайдалануға мүмкіндік береді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿 Казахстан поднялся на восемь позиций в Глобальном инновационном индексе Казахстан поднялся на восемь позиций и занял 73-е место среди 139 экономик мира в Глобальном инновационном индексе (GII) 2026 года, войдя в топ-80 наиболее инновационно развитых экономик мира. Это наиболее значительное продвижение среди стран Центральной и Южной Азии. Новые результаты GII 2026 года представлены в штаб-квартире Всемирной организации интеллектуальной собственности (ВОИС) в Женеве. В этом году индекс посвящен теме «Поддержка предпринимателей на переднем крае науки» и рассматривает вопросы превращения научных открытий и передовых технологий в стартапы, технологические компании и масштабируемые решения. Глобальный инновационный индекс является ежегодным рейтингом ВОИС, который оценивает инновационную деятельность и потенциал экономик мира. Он позволяет сопоставлять национальные инновационные системы, выявлять их сильные и слабые стороны, а также использовать полученные данные для совершенствования государственной политики в сфере инноваций. 🔗 Подробнее: gov.kz

  6. 🌼 «Таза Қазақстан»: ШҚТУ UI GreenMetric 2026 әлемдік рейтингінде Қазақстандағы көшбасшылығын сақтады Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті UI GreenMetric World University Rankings 2026 халықаралық рейтингіндегі жоғары көрсеткіштерін тағы да растады. ШҚТУ Қазақстан жоғары оқу орындары арасында І орынды сақтап, әлемдегі үздік 150 «жасыл» университеттің қатарына енді. 2026 жылы рейтингке әлемнің 2015 университеті қатысты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 270 жоғары оқу орнына көп. Қазақстандық ЖОО-лардың да қатысу ауқымы кеңейді: 2025 жылы рейтингте еліміздің 30 университеті болса, 2026 жылы олардың саны 41-ге жетті. ШҚТУ Қазақстандағы көшбасшылық орнын сақтап, тұрақты даму бағытындағы нәтижелерінің жүйелілігін көрсетті. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🌼 «Таза Қазақстан»: ВКТУ сохранил лидерство в Казахстане и вошел в топ-150 UI GreenMetric 2026 Восточно-Казахстанский технический университет имени Д. Серикбаева вновь подтвердил свои устойчивые позиции в международном рейтинге UI GreenMetric World University Rankings 2026, сохранив 1-е место среди университетов Казахстана и войдя в топ-150 лучших «зеленых» университетов мира. В рейтинге 2026 года приняли участие 2015 университетов мира – на 270 больше, чем годом ранее. Таким образом, конкуренция в международном рейтинге продолжает усиливаться, а сохранение ВКТУ в числе 150 ведущих университетов мира демонстрирует устойчивость результатов университета в области устойчивого развития. 🔗 Подробнее: gov.kz

  7. repost

    🇰🇿🇩🇪Касым-Жомарт Токаев по приглашению Федерального Президента Франка-Вальтера Штайнмайера прибыл с официальным визитом в Германию 🔹В рамках визита в Берлине запланированы переговоры с Президентом ФРГ Франком-Вальтером Штайнмайером и Федеральным канцлером Фридрихом Мерцем. 🔹Стороны обсудят перспективы укрепления стратегического партнерства между Казахстаном и Германией. 🔹Кроме того, в ходе визита Касым-Жомарт Токаев посетит Мюнхен. 🔹Также запланированы встречи Касым-Жомарта Токаева с руководителями ведущих германских компаний, финансовых институтов, ректорами вузов и руководителями научных институтов Германии. 🔹Глава государства примет участие в бизнес-форуме в Берлине и технологическом бизнес-форуме в Мюнхене. t.me/aqorda_resmi

  8. repost

    🇰🇿🇩🇪Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды 🔹Сапар аясында Берлинде ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жоспарланған. 🔹Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды. 🔹Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барады. 🔹Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. 🔹Президент Берлинде бизнес-форумға және Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады. t.me/aqorda_resmi

  9. +2

    ▪️ Әуезов мұрасы және көркем аударма: дәстүрлі ХХІІ «Әуезов оқулары» өтті Алматыдағы «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығында «М.О.Әуезов және көркем аударма» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Дәстүрлі ХХІІ «Әуезов оқулары» аясында ұйымдастырылған жиын көрнекті әдебиеттанушы Евгения Лизунованың туғанына 100 жыл толуына арналды. Конференцияны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырды. Жиында Мұхтар Әуезовтің көркем аударма саласындағы қызметі, шығармаларының өзге тілдерге аударылуы және әлемдік әдеби кеңістікте қабылдануы қарастырылды. Сонымен қатар Е.В.Лизунованың әуезовтануға қосқан үлесі мен қазақ әдебиетін зерттеудегі ғылыми мұрасына ерекше назар аударылды. Конференция жұмысы Мұхтар Әуезов және аударма теориясы, М.О.Әуезовтің көркем аударма саласындағы қызметі, көрнекті әдебиеттанушы Е.В.Лизунованың әуезовтанудағы еңбектері, Е.В.Лизунова және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері сияқты төрт бағытты қамтыды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ▪️ Наследие Ауэзова и художественный перевод: состоялись традиционные XXII «Ауэзовские чтения» В научно-культурном центре «Дом Ауэзова» в Алматы состоялась международная научно-практическая конференция «М.О.Ауэзов и художественный перевод». Встреча прошла в рамках традиционных XXII «Ауэзовских чтений» и была посвящена 100-летию со дня рождения выдающегося литературоведа Евгении Лизуновой. Организатором выступил Институт литературы и искусства имени М.О.Ауэзова Комитета науки Министерства науки и высшего образования РК. Научная встреча была посвящена переводческой деятельности Мухтара Ауэзова, переводам его произведений на другие языки и их восприятию в мировом литературном пространстве. Особое внимание было уделено вкладу Е.В.Лизуновой в ауэзоведение и ее научному наследию в области изучения казахской литературы. Работа конференции охватила четыре направления: Мухтар Ауэзов и теория перевода, деятельность М.О.Ауэзова в области художественного перевода, труды выдающегося литературоведа Е.В.Лизуновой в области ауэзоведения, Е.В.Лизунова и актуальные проблемы казахской литературы. 🔗 Подробнее: gov.kz

  10. 🇰🇿🇮🇹Марке политехникалық университеті филиалының алғашқы студенттері Италияға аттанды І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Италияның Марке политехникалық университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алуға аттанатын студенттермен кездесу өтті. 2024 жылы Жетісу университеті мен Марке политехникалық университетінің ынтымақтастығы аясында университет базасында италиялық жоғары оқу орнының филиалы құрылды. Сол жылы алғашқы қос дипломды білім беру бағдарламасы әзірленіп, студенттерді қабылдау басталды. 2025 жылғы 16 шілдеде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен филиал кампусының ресми ашылу рәсімі өтті. Қазіргі таңда «Агрономия – Ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологиясы» қос дипломды білім беру бағдарламасында білім алып жатқан студенттердің алғашқы тобы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Италияның Анкона қаласына аттанып, оқуын Марке политехникалық университетінде жалғастырады. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿🇮🇹 Первые студенты филиала Политехнического университета Марке отправились в Италию В Жетысуском университете имени И.Жансугурова состоялась встреча со студентами, которые в рамках программы академической мобильности отправляются на обучение в Политехнический университет Марке в Италии. В 2024 году в рамках сотрудничества Жетысуского университета и Политехнического университета Марке на базе Жетысуского университета был открыт филиал итальянского вуза. В том же году была разработана первая образовательная программа двойного диплома и начат прием студентов. 16 июля 2025 года при участии министра науки и высшего образования Саясата Нурбек состоялась официальная церемония открытия кампуса филиала. В настоящее время первая группа студентов образовательной программы двойного диплома «Агрономия – Сельскохозяйственные науки и технологии» в рамках академической мобильности отправилась в город Анкона, где продолжит обучение в Политехническом университете Марке. 🔗 Подробнее: gov.kz

  11. ▪️ Бурабайда Қазақстан мен шетелден келген жетекші ғалымдар, тарихшылар, археологтар, түркітанушылар, шығыстанушылар және академиялық қауымдастық өкілдерін біріктірген «Өр Алтай – түркілердің атамекені» атты III халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. *** ▪️ В Бурабае прошла III Международная научно-практическая конференция «Большой Алтай – прародина тюрков», объединившая ведущих ученых, историков, археологов, тюркологов, востоковедов и представителей академического сообщества из Казахстана и зарубежных стран.

  12. +5

    🔵 Қазақстанда CDIO бастамасының Азиялық өңірлік кездесуі алғаш рет өтіп жатыр Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде CDIO дүниежүзілік бастамасының Азиялық өңірлік кездесуі – CDIO Asian Regional Meeting 2026 өтіп жатыр. Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық іс-шараға 15 елдің жоғары оқу орындары мен сарапшылық қауымдастығының 50-ден астам өкілі қатысты. Олардың қатарында Сингапур, Швеция, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Үндістан, Малайзия, Вьетнам, Өзбекстан және Әзербайжанның өкілдері бар. Биылғы кездесудің негізгі тақырыбы – «Жаңа буын инженериясы: академиялық орта, индустрия және жасанды интеллектінің жаңа үштағаны». Іс-шара аясында инженерлік білім беру бағдарламаларын жаңарту, жобалық және тәжірибеге бағдарланған оқытуды дамыту, жоғары оқу орындары мен өнеркәсіп кәсіпорындары арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ болашақ инженерлерді даярлауда жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелері талқыланады. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔵В Казахстане впервые проходит Азиатская региональная встреча инициативы CDIO В Восточно-Казахстанском техническом университете имени Д. Серикбаева проходит Азиатская региональная встреча Всемирной инициативы CDIO – CDIO Asian Regional Meeting 2026. Международное мероприятие, впервые организованное в Центральной Азии, собрало более 50 представителей высших учебных заведений и экспертного сообщества из 15 стран. Среди них – представители Сингапура, Швеции, Великобритании, Германии, Японии, Индии, Малайзии, Вьетнама, Узбекистана и Азербайджана. Основная тема встречи в этом году – «Инженерия нового поколения: новая триада академической среды, индустрии и искусственного интеллекта». В рамках мероприятия обсуждаются вопросы обновления образовательных программ в сфере инженерного образования, развития проектного и практико-ориентированного обучения, укрепления взаимодействия между вузами и промышленными предприятиями, а также эффективного использования возможностей искусственного интеллекта в подготовке будущих инженеров. 🔗 Подробнее: gov.kz

  13. +1

    🔸ҚазҰУ-да «Smart жылыжай» агробиостанциясы құрылады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қытайдың екі компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оқу ордасының базасында «Smart жылыжай» агробиостанциясы құрылады. Жоба ҚазҰУ мен Henan Wonjoy Supply Chain Management Co., Ltd. компаниясының бірлескен инвестициясы негізінде жүзеге асады. Агробиостанцияда өсімдіктерді клондық микроөсіру зертханасы және тәжірибелік өндіріс алаңдары жұмыс істейді. Ақылды жылыжайда суару, қоректендіру және микроклиматты автоматты басқару технологиялары сынақтан өткізіледі. Мұнда қызанақ, қияр, бұрыш және жасыл дақылдарды өсірудің тиімді тәсілдері зерттелмек. Университет базасында ашылатын клондау зертханасында өсімдіктерді «in vitro» әдісімен көбейту технологиясы қолданылады. Алынған көшеттер жылыжай жағдайында бейімделіп, кейін зерттеу нәтижелері өндірісте сынақтан өткізіледі. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔸В КазНУ будет создана агробиостанция «Smart жылыжай» В рамках Казахстанско-Китайского инвестиционного форума, состоявшегося с участием Главы государства Касым-Жомарта Токаева, Казахский национальный университет имени аль-Фараби подписал меморандум о сотрудничестве с двумя китайскими компаниями. На базе университета будет создана агробиостанция «Smart жылыжай». Проект реализуется на основе совместных инвестиций КазНУ и компании Henan Wonjoy Supply Chain Management Co., Ltd. На базе агробиостанции будут созданы лаборатория клонального микроразмножения растений и экспериментальные производственные площадки. В интеллектуальной теплице будут тестироваться технологии автоматизированного управления поливом, питанием растений и микроклиматом. Здесь планируется исследовать эффективные методы выращивания томатов, огурцов, перца и зеленных культур. В лаборатории клонального микроразмножения, которая будет открыта на базе университета, будет применяться технология размножения растений методом «in vitro». 🔗 Подробнее: gov.kz

  14. 🇰🇿🇲🇾 Астанада алғашқы Қазақстан-Малайзия университеттер форумы өтті Астанада Maqsut Narikbayev University базасында алғашқы Қазақстан-Малайзия университеттер форумы өтті. Форум екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы тікелей байланысты нығайтуға, академиялық және ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ жаңа бірлескен бастамаларды талқылауға арналды. Форум барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан мен Малайзия арасындағы жоғары білім саласындағы ынтымақтастықтың қалыптасқан институционалдық негізіне тоқталды. Қазіргі таңда 40-тан астам қазақстандық және 30-дан астам малайзиялық жоғары оқу орны арасында 80-нен астам ынтымақтастық туралы келісім жасалған. Биыл 50-ден астам қазақстандық студент Малайзия университеттеріндегі академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысты. Сонымен қатар қазақстандық жоғары оқу орындарында Малайзиядан келген мамандар білім беру және ғылыми қызметке тартылады. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿🇲🇾 В Астане состоялся первый Казахстанско-Малайзийский университетский форум В Астане на базе Maqsut Narikbayev University состоялся первый Казахстанско-Малайзийский университетский форум. Мероприятие стало площадкой для укрепления прямых связей между высшими учебными заведениями двух стран, расширения академического и научного сотрудничества, а также обсуждения новых совместных инициатив. В ходе форума министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек отметил сформированную институциональную основу сотрудничества Казахстана и Малайзии в сфере высшего образования. В настоящее время между более чем 40 казахстанскими и более чем 30 малайзийскими вузами заключено свыше 80 соглашений о сотрудничестве. В этом году более 50 казахстанских студентов приняли участие в программах академической мобильности в университетах Малайзии. Кроме того, специалисты из Малайзии привлекаются к образовательной и научной деятельности в казахстанских вузах. 🔗 Подробнее: gov.kz

  15. 🇰🇿🇲🇾 Қазақстан мен Малайзия жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады Астанада ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Малайзияның Жоғары білім министрі Замбри Абдул Кадирдің кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар жоғары білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі кеңейтудің перспективаларын талқылады. Негізгі назар академиялық ұтқырлықты дамытуға, университеттер арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға, бірлескен ғылыми зерттеулерді іске асыруға, трансұлттық білім беру жобаларын дамытуға және білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне аударылды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿🇲🇾Казахстан и Малайзия обсудили расширение сотрудничества в сфере высшего образования и науки В Астане состоялась встреча министра науки и высшего образования РК Саясата Нурбек и министра высшего образования Малайзии Замбри Абдул Кадира. В ходе встречи стороны обсудили текущее состояние двустороннего сотрудничества в сфере высшего образования и науки, а также перспективы его дальнейшего расширения. Основное внимание было уделено развитию академической мобильности, укреплению прямых связей между университетами, реализации совместных научных исследований, развитию транснациональных образовательных проектов и вопросам обеспечения качества образования. 🔗 Подробнее: gov.kz

  16. +6

    ▪️ В Казахстане прошла III Международная научно-практическая конференция «Большой Алтай – прародина тюрков» 25 сентября в Бурабае прошла III Международная научно-практическая конференция «Большой Алтай – прародина тюрков», объединившая ведущих ученых, историков, археологов, тюркологов, востоковедов и представителей академического сообщества из Казахстана и зарубежных стран. 🔹Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек зачитал участникам конференции приветственный адрес Главы государства Касым-Жомарта Токаева. ⏩В своем обращении Президент отметил особое историческое и культурное значение Алтая, подчеркнув его роль в формировании тюркского мира и цивилизационного наследия народов Центральной Евразии. «Древний Алтай, будучи огромным по территории и уникальным по многообразию культурных традиций субконтинентом, занимает особое место в истории человечества как колыбель тюркского мира. На протяжении тысячелетий данный регион служил символом Алтайской цивилизации. Именно в этом территориальном пространстве зарождались общая мировоззренческая традиция, схожесть языков и культур народов Центральной Евразии», - говорится в приветственном адресе Главы государства. 🔸С приветственным посланием Президента Российской Федерации Владимира Путина к участникам конференции выступил начальник Управления Президента Российской Федерации по государственной политике в гуманитарной сфере Владимир Бочарников. ⏩В поздравлении отмечается вклад конференции в развитие научного сотрудничества, изучение тюркологии и алтаистики, а также сохранение духовного наследия народов Евразии. «Отмечу, что в этом году конференция впервые проходит за пределами России – в Казахстане. За прошедшие годы она завоевала значительный международный авторитет, объединила вокруг своих задач ученых, деятелей культуры, представителей образовательной сферы, органов власти и общественности, признанных специалистов из разных стран. Убежден, что, продолжая добрые традиции предыдущих встреч, нынешняя конференция пройдет в атмосфере конструктивного, заинтересованного обсуждения и станет основой для совместных проектов, которые послужат дальнейшему укреплению межрегионального и международного гуманитарного сотрудничества», - отметил Владимир Бочарников, зачитав приветствие Президента Российской Федерации. 🔹С приветственными словами к участникам конференции также обратились Государственный секретарь Кыргызской Республики Арслан Койчиев, заместитель акима Акмолинской области Досулан Айтбаев, президент Академии наук Монголии Содномсамбуу Дэмбэрэл и вице-президент Российской академии наук, директор Института археологии РАН Николай Макаров. 🔸В работе конференции принимают участие представители ведущих научных и образовательных организаций, исследовательских институтов и академического сообщества Казахстана, России, Кыргызстана, Монголии, Германии, Швеции, Турции, Азербайджана, Узбекистана, Болгарии, Бельгии и США. Среди участников – известные историки, археологи, тюркологи, лингвисты и этнографы. 🔗 Подробнее: gov.kz

  17. +3

    ▪️ Қазақстанда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» атты III халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті 25 қыркүйекте Бурабайда Қазақстан мен шетелден келген жетекші ғалымдар, тарихшылар, археологтар, түркітанушылар, шығыстанушылар және академиялық қауымдастық өкілдерін біріктірген «Өр Алтай – түркілердің атамекені» атты III халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. 🔸Конференцияға қатысушыларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек оқып берді. ⏩Өз құттықтауында Президент Алтайдың тарихи және мәдени маңызына айрықша тоқталып, оның түркі әлемінің қалыптасуы мен Орталық Еуразия халықтарының өркениеттік мұрасындағы рөлін атап өтті. «Ұлан-ғайыр жерді алып жатқан және сан алуан мәдениеттер мен дәстүрлер тоғысқан Алтай түркі әлемінің алтын бесігі ретінде адамзат тарихында айрықша орын алады. Бұл аймақ мыңдаған жылдар бойы Алтай өркениетінің орталығы саналған. Дәл осы кең байтақ мекенде Орталық Еуразия халықтарына тән дүниетаным дәстүрі, өзара үндес тілдер мен мәдениеттер шоғыры пайда болды», - делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында. 🔹Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің конференцияға қатысушыларға жолдаған құттықтауын Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің гуманитарлық саладағы мемлекеттік саясат басқармасының басшысы Владимир Бочарников жеткізді. ⏩Құттықтауда конференцияның ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, түркітану мен алтаистика салаларындағы зерттеулерді ілгерілетуге, сондай-ақ Еуразия халықтарының рухани мұрасын сақтауға қосып отырған үлесі атап өтілген. «Биыл конференция алғаш рет Ресейден тыс жерде – Қазақстанда өтіп отырғанын атап өткім келеді. Өткен жылдар ішінде конференция халықаралық деңгейде елеулі беделге ие болып, өз мақсаттары төңірегіне әртүрлі елдердің ғалымдарын, мәдениет қайраткерлерін, білім беру саласының өкілдерін, мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерін, сондай-ақ танымал мамандарды біріктірді. Алдыңғы кездесулердің игі дәстүрін жалғастыра отырып, биылғы конференция сындарлы әрі өзара қызығушылыққа негізделген пікірталас алаңына айналып, өңіраралық және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін бірлескен жобалардың негізін қалайды деп сенемін», - деді Владимир Бочарников Ресей Президентінің құттықтауын оқи отырып. 🔸Конференцияға қатысушыларға сондай-ақ Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Арслан Койчиев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев, Моңғолия Ғылым академиясының президенті Содномсамбуу Дэмбэрэл және Ресей Ғылым академиясының вице-президенті, Ресей Ғылым академиясы Археология институтының директоры Николай Макаров құттықтау сөздерін арнады. ✔️Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Моңғолия, Германия, Швеция, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Болгария, Бельгия және АҚШ-тың жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарының, зерттеу институттары мен академиялық қауымдастықтарының өкілдері қатысты. Олардың қатарында танымал тарихшылар, археологтар, түркітанушылар, тіл мамандары мен этнографтар бар. 🔗 Толығырақ: gov.kz

  18. +6

    🧠Алматыда жасанды интеллект дәуіріндегі көшбасшылық пен білім берудің өзгеруі талқыланды Алматыда жасанды интеллект дәуіріндегі көшбасшылықтың өзгеруіне арналған халықаралық inVision U Forum өтті. Форум барысында жасанды интеллектінің білім беру мен еңбек нарығына ықпалы, сондай-ақ болашақ мамандарға қойылатын жаңа талаптар талқыланды. Іс-шараға академиялық қауымдастықтың, бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен студенттер қатысты. Пікірталастың негізгі тақырыбы адам мен жасанды интеллектінің бірлесіп жұмыс істеуі жағдайында көшбасшылық ұғымының қалай өзгеретіні және бүгінгі жас ұрпаққа қандай білім мен дағдылар қажет екеніне арналды. Форумға ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, inVision U және inDrive негізін қалаушы Арсен Томский, қоғам қайраткері Мәулен Әшімбаев және басқа да сарапшылар қатысты. АҚШ, БАӘ, Нидерланд және Қазақстаннан келген спикерлердің баяндамаларын тыңдап, білім беру мен көшбасшылықты дамыту мәселелерін талқылауға 400-ден астам адам қатысты. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🧠В Алматы обсудили трансформацию лидерства и образования в эпоху искусственного интеллекта В Алматы состоялся международный форум inVision U Forum, посвященный трансформации лидерства в эпоху искусственного интеллекта. Участники обсудили влияние AI на образование и рынок труда, а также новые требования к компетенциям специалистов будущего. Форум объединил представителей академического сообщества, бизнеса, общественных организаций и студентов. Ключевым вопросом дискуссии стало то, как меняется понятие лидерства в условиях совместной работы человека и искусственного интеллекта и какие знания и навыки необходимы молодому поколению уже сегодня. В форуме приняли участие вице-министр науки и высшего образования РК Гульзат Кобенова, министр просвещения РК Жулдыз Сулейменова, основатель inVision U и inDrive Арсен Томский, общественный деятель Маулен Ашимбаев и другие эксперты. Более 400 участников получили возможность послушать выступления спикеров из США, ОАЭ, Нидерландов и Казахстана и обсудить актуальные вопросы развития образования и лидерства. 🔗 Подробнее: gov.kz

  19. +2

    👥 Kozybayev University мен Harvest Agro СҚО агроөнеркәсіптік кешені үшін кадр даярлауды бірлесіп дамытады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіптік кешенді технологиялық жаңғырту, цифрлық шешімдерді енгізу және су ресурстарын тиімді пайдалану қажеттігін атап өткен болатын. Бұл ретте аграрлық секторға агрономия, инженерия, биотехнология және цифрлық технологияларды меңгерген білікті мамандар қажет. Осы бағыттағы кадрларды даярлау мәселелері Kozybayev University-ге «Харвест Агро Холдинг» ЖШС өкілдерімен кездесуі барысында талқыланды. Harvest Agro – өсімдік шаруашылығы және заманауи агротехнологиялар саласында жобаларды жүзеге асырып келе жатқан халықаралық компания. Компания әлемнің 35-тен астам елінде жұмыс істейді және Қазақстандағы өндірістік қызметін кеңейтеді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 👥 Kozybayev University и Harvest Agro совместно развивают подготовку кадров для агропромышленного комплекса Северо-Казахстанской области Глава государства Касым-Жомарт Токаев отмечал необходимость технологической модернизации агропромышленного комплекса, внедрения цифровых решений и эффективного использования водных ресурсов. В этой связи аграрному сектору требуются квалифицированные специалисты, владеющие компетенциями в области агрономии, инженерии, биотехнологий и цифровых технологий. Вопросы подготовки кадров по данным направлениям обсудили в ходе встречи представителей ТОО «Харвест Агро Холдинг» в Kozybayev University. Harvest Agro – международная компания, реализующая проекты в сфере растениеводства и современных агротехнологий. Компания осуществляет деятельность более чем в 35 странах мира и расширяет производственное присутствие в Казахстане. 🔗 Подробнее: gov.kz

  20. Older posts