ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%906 avg views
Posting 8.3/day last 8 hours ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥

▪️ Қазақстанда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» атты III халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті 25 қыркүйекте Бурабайда Қазақстан мен шетелден келген жетекші ғалымдар, тарихшылар, археологтар, түркітанушылар, шығыстанушылар және академиялық қауымдастық өкілдерін біріктірген «Өр Алтай – түркілердің атамекені» атты III халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. 🔸Конференцияға қатысушыларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек оқып берді. ⏩Өз құттықтауында Президент Алтайдың тарихи және мәдени маңызына айрықша тоқталып, оның түркі әлемінің қалыптасуы мен Орталық Еуразия халықтарының өркениеттік мұрасындағы рөлін атап өтті. «Ұлан-ғайыр жерді алып жатқан және сан алуан мәдениеттер мен дәстүрлер тоғысқан Алтай түркі әлемінің алтын бесігі ретінде адамзат тарихында айрықша орын алады. Бұл аймақ мыңдаған жылдар бойы Алтай өркениетінің орталығы саналған. Дәл осы кең байтақ мекенде Орталық Еуразия халықтарына тән дүниетаным дәстүрі, өзара үндес тілдер мен мәдениеттер шоғыры пайда болды», - делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында. 🔹Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің конференцияға қатысушыларға жолдаған құттықтауын Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің гуманитарлық саладағы мемлекеттік саясат басқармасының басшысы Владимир Бочарников жеткізді. ⏩Құттықтауда конференцияның ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, түркітану мен алтаистика салаларындағы зерттеулерді ілгерілетуге, сондай-ақ Еуразия халықтарының рухани мұрасын сақтауға қосып отырған үлесі атап өтілген. «Биыл конференция алғаш рет Ресейден тыс жерде – Қазақстанда өтіп отырғанын атап өткім келеді. Өткен жылдар ішінде конференция халықаралық деңгейде елеулі беделге ие болып, өз мақсаттары төңірегіне әртүрлі елдердің ғалымдарын, мәдениет қайраткерлерін, білім беру саласының өкілдерін, мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерін, сондай-ақ танымал мамандарды біріктірді. Алдыңғы кездесулердің игі дәстүрін жалғастыра отырып, биылғы конференция сындарлы әрі өзара қызығушылыққа негізделген пікірталас алаңына айналып, өңіраралық және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін бірлескен жобалардың негізін қалайды деп сенемін», - деді Владимир Бочарников Ресей Президентінің құттықтауын оқи отырып. 🔸Конференцияға қатысушыларға сондай-ақ Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Арслан Койчиев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев, Моңғолия Ғылым академиясының президенті Содномсамбуу Дэмбэрэл және Ресей Ғылым академиясының вице-президенті, Ресей Ғылым академиясы Археология институтының директоры Николай Макаров құттықтау сөздерін арнады. ✔️Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Моңғолия, Германия, Швеция, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Болгария, Бельгия және АҚШ-тың жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарының, зерттеу институттары мен академиялық қауымдастықтарының өкілдері қатысты. Олардың қатарында танымал тарихшылар, археологтар, түркітанушылар, тіл мамандары мен этнографтар бар. 🔗 Толығырақ: gov.kz

Views over time

01K2K3K26 Sep 09:0312 Nov 09:172.9K26 Sep 09:03: 0 views12 Nov 09:17: 2,890 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
26 Sep 2026, 09:030
12 Nov 2026, 09:172.9K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.