🇰🇿 Қазақстан Жаһандық инновациялар индексінде 8 сатыға көтерілді Қазақстан 2026 жылғы Жаһандық инновациялар индексінде (GII) 8 сатыға көтеріліп, әлемнің 139 экономикасының арасында 73-орынға ие болды. Осылайша, инновациялық даму деңгейі ең жоғары әлемнің 80 экономикасының қатарына енді. Бұл – Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасындағы ең жоғары өсім. GII-2026 индексінің жаңа нәтижелері Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Женевадағы штаб-пәтерінде таныстырылды. Биылғы индекс «Ғылымның алдыңғы шебіндегі кәсіпкерлерді қолдау» тақырыбына арналған. Зерттеуде ғылыми жаңалықтар мен озық технологияларды стартаптарға, технологиялық компанияларға және ауқымды шешімдерге айналдыру мәселелері қарастырылады. Жаһандық инновациялар индексі – ДЗМҰ жыл сайын әзірлейтін рейтинг. Ол әлем елдерінің инновациялық қызметі мен әлеуетін бағалайды. Индекс ұлттық инновациялық жүйелерді салыстыруға, олардың күшті және әлсіз тұстарын анықтауға, сондай-ақ алынған деректерді инновациялар саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру үшін пайдалануға мүмкіндік береді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿 Казахстан поднялся на восемь позиций в Глобальном инновационном индексе Казахстан поднялся на восемь позиций и занял 73-е место среди 139 экономик мира в Глобальном инновационном индексе (GII) 2026 года, войдя в топ-80 наиболее инновационно развитых экономик мира. Это наиболее значительное продвижение среди стран Центральной и Южной Азии. Новые результаты GII 2026 года представлены в штаб-квартире Всемирной организации интеллектуальной собственности (ВОИС) в Женеве. В этом году индекс посвящен теме «Поддержка предпринимателей на переднем крае науки» и рассматривает вопросы превращения научных открытий и передовых технологий в стартапы, технологические компании и масштабируемые решения. Глобальный инновационный индекс является ежегодным рейтингом ВОИС, который оценивает инновационную деятельность и потенциал экономик мира. Он позволяет сопоставлять национальные инновационные системы, выявлять их сильные и слабые стороны, а также использовать полученные данные для совершенствования государственной политики в сфере инноваций. 🔗 Подробнее: gov.kz