ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%906 avg views
Posting 8.3/day last 8 hours ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥

🔵 Қазақстанда CDIO бастамасының Азиялық өңірлік кездесуі алғаш рет өтіп жатыр Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде CDIO дүниежүзілік бастамасының Азиялық өңірлік кездесуі – CDIO Asian Regional Meeting 2026 өтіп жатыр. Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық іс-шараға 15 елдің жоғары оқу орындары мен сарапшылық қауымдастығының 50-ден астам өкілі қатысты. Олардың қатарында Сингапур, Швеция, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Үндістан, Малайзия, Вьетнам, Өзбекстан және Әзербайжанның өкілдері бар. Биылғы кездесудің негізгі тақырыбы – «Жаңа буын инженериясы: академиялық орта, индустрия және жасанды интеллектінің жаңа үштағаны». Іс-шара аясында инженерлік білім беру бағдарламаларын жаңарту, жобалық және тәжірибеге бағдарланған оқытуды дамыту, жоғары оқу орындары мен өнеркәсіп кәсіпорындары арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ болашақ инженерлерді даярлауда жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелері талқыланады. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔵В Казахстане впервые проходит Азиатская региональная встреча инициативы CDIO В Восточно-Казахстанском техническом университете имени Д. Серикбаева проходит Азиатская региональная встреча Всемирной инициативы CDIO – CDIO Asian Regional Meeting 2026. Международное мероприятие, впервые организованное в Центральной Азии, собрало более 50 представителей высших учебных заведений и экспертного сообщества из 15 стран. Среди них – представители Сингапура, Швеции, Великобритании, Германии, Японии, Индии, Малайзии, Вьетнама, Узбекистана и Азербайджана. Основная тема встречи в этом году – «Инженерия нового поколения: новая триада академической среды, индустрии и искусственного интеллекта». В рамках мероприятия обсуждаются вопросы обновления образовательных программ в сфере инженерного образования, развития проектного и практико-ориентированного обучения, укрепления взаимодействия между вузами и промышленными предприятиями, а также эффективного использования возможностей искусственного интеллекта в подготовке будущих инженеров. 🔗 Подробнее: gov.kz

Views over time

01K2K28 Sep 07:2312 Nov 09:171.9K28 Sep 07:23: 0 views12 Nov 09:17: 1,850 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
28 Sep 2026, 07:230
12 Nov 2026, 09:171.9K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.