ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%906 avg views
Posting 8.3/day last 8 hours ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥

▪️ Әуезов мұрасы және көркем аударма: дәстүрлі ХХІІ «Әуезов оқулары» өтті Алматыдағы «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығында «М.О.Әуезов және көркем аударма» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Дәстүрлі ХХІІ «Әуезов оқулары» аясында ұйымдастырылған жиын көрнекті әдебиеттанушы Евгения Лизунованың туғанына 100 жыл толуына арналды. Конференцияны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырды. Жиында Мұхтар Әуезовтің көркем аударма саласындағы қызметі, шығармаларының өзге тілдерге аударылуы және әлемдік әдеби кеңістікте қабылдануы қарастырылды. Сонымен қатар Е.В.Лизунованың әуезовтануға қосқан үлесі мен қазақ әдебиетін зерттеудегі ғылыми мұрасына ерекше назар аударылды. Конференция жұмысы Мұхтар Әуезов және аударма теориясы, М.О.Әуезовтің көркем аударма саласындағы қызметі, көрнекті әдебиеттанушы Е.В.Лизунованың әуезовтанудағы еңбектері, Е.В.Лизунова және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері сияқты төрт бағытты қамтыды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ▪️ Наследие Ауэзова и художественный перевод: состоялись традиционные XXII «Ауэзовские чтения» В научно-культурном центре «Дом Ауэзова» в Алматы состоялась международная научно-практическая конференция «М.О.Ауэзов и художественный перевод». Встреча прошла в рамках традиционных XXII «Ауэзовских чтений» и была посвящена 100-летию со дня рождения выдающегося литературоведа Евгении Лизуновой. Организатором выступил Институт литературы и искусства имени М.О.Ауэзова Комитета науки Министерства науки и высшего образования РК. Научная встреча была посвящена переводческой деятельности Мухтара Ауэзова, переводам его произведений на другие языки и их восприятию в мировом литературном пространстве. Особое внимание было уделено вкладу Е.В.Лизуновой в ауэзоведение и ее научному наследию в области изучения казахской литературы. Работа конференции охватила четыре направления: Мухтар Ауэзов и теория перевода, деятельность М.О.Ауэзова в области художественного перевода, труды выдающегося литературоведа Е.В.Лизуновой в области ауэзоведения, Е.В.Лизунова и актуальные проблемы казахской литературы. 🔗 Подробнее: gov.kz

Views over time

01K2K28 Sep 11:0212 Nov 09:172.1K28 Sep 11:02: 0 views12 Nov 09:17: 2,070 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
28 Sep 2026, 11:020
12 Nov 2026, 09:172.1K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.