🇰🇿 Study in Kazakhstan: ҚарИУ-да 70-тен астам шетелдік студент білім алады
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі іске асыратын «Study in Kazakhstan» жобасы аясында шетел азаматтарына Қазақстанның жоғары оқу орындары, білім беру бағдарламалары, оқуға түсу және білім алу шарттары туралы ақпарат беріледі.
2026-2027 оқу жылында Қарағанды индустриялық университетінде жоба аясында оқуға түскен 70-тен астам шетелдік студент білім алады. Олар Әзербайжан, Беларусь, Мысыр, Йемен, Кения, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан азаматтары.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
🇰🇿 Study in Kazakhstan: более 70 иностранных студентов будут обучаться в КарИУ
В рамках проекта «Study in Kazakhstan», реализуемого Министерством науки и высшего образования РК, иностранным гражданам предоставляется возможность получить информацию о казахстанских вузах, образовательных программах, условиях поступления и обучения.
В 2026-2027 учебном году в Карагандинском индустриальном университете будут обучаться более 70 иностранных студентов, поступивших в рамках проекта. Они представляют Азербайджан, Беларусь, Египет, Йемен, Кению, Кыргызстан, Россию, Туркменистан и Узбекистан.
🔗 Подробнее: gov.kz
🏭 Идеядан өндіріске дейін: Сәтбаев университетінде инженерлік өндірістің толық циклі іске қосылды
Сәтбаев университетінде инженерлік әзірлемелерді цифрлық модельден бастап өнеркәсіптік үлгіге дейін жеткізуге мүмкіндік беретін Mechanical Prototyping & Pilot Production орталығы ашылды.
Орталық Idea to Product – «идеядан өнімге дейін» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бір алаңда жобалау, дайындау және сынақтан өткізу кезеңдері біріктірілген. Мұнда инженерлік әзірлеме CAD/CAM-модель мен конструкторлық құжаттамадан бастап прототипке, өнеркәсіптік үлгіге және шағын сериялы өндіріске дейінгі жолдан өте алады.
Орталық студенттер мен жас ғалымдарға тәлімгерлердің жетекшілігімен заманауи өндірістік жабдықтарда жұмыс істеуге және нақты инженерлік жобаларға қатысуға мүмкіндік береді. Ғалымдар өз әзірлемелерін тәжірибелік үлгіден дайын өнімге дейін жеткізе алады.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
🏭 От идеи до производства: в Satbayev University открыли инженерный центр полного цикла
В университете открылся центр Mechanical Prototyping & Pilot Production, где инженерные разработки можно довести от цифровой модели до промышленного образца.
Центр работает по принципу Idea to Product – «от идеи до продукта»: на одной площадке объединены проектирование, изготовление и испытания, что позволяет пройти весь путь от CAD/CAM-модели и конструкторской документации до прототипа, промышленного образца и малой серии.
Здесь студенты и молодые ученые по руководством наставников смогут работать на современном промышленном оборудовании и участвовать в реальных инженерных проектах, а ученые – доводить собственные разработки до готовых изделий.
🔗 Подробнее: gov.kz
🧠AI-Sana: Ғылым министрлігі мен Halyk Bank студенттердің ЖИ-құзыреттерін дамытуға күш біріктіреді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk Bank) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытуға, білім беру бастамаларын қолдауға, сондай-ақ студенттер мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – студенттердің жасанды интеллект және технологиялық кәсіпкерлік салаларындағы құзыреттерін дамытуға бағытталған AI-Sana бағдарламасын іске асыруды қолдау.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
🧠AI-Sana: Миннауки и Halyk Bank объединяют усилия для развития ИИ-компетенций студентов
Министерство науки и высшего образования РК и АО «Народный Банк Казахстана» (Halyk Bank) подписали Меморандум о сотрудничестве, направленный на развитие высшего и послевузовского образования, поддержку образовательных инициатив и создание новых возможностей для студентов и организаций высшего и послевузовского образования.
Одним из ключевых направлений партнерства станет поддержка реализации программы AI-Sana, ориентированной на развитие у студентов компетенций в сфере искусственного интеллекта и технологического предпринимательства.
🔗 Подробнее: gov.kz
⚜️ЖОШЫ ҰЛЫСЫН ЗЕРТТЕУШІ МАРИ ФАВЕРОНЫҢ «АЛТЫН ОРДА. ДАЛА ИМПЕРИЯСЫ ӘЛЕМДІ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТТІ» КІТАБЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ НҰСҚАСЫНЫҢ РЕСМИ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясында француз тарихшысы, Еуразияның ортағасырлық тарихы мен Жошы Ұлысын зерттеуші Мари Фавероның «Алтын Орда. Дала империясы әлемді қалай өзгертті» атты кітабының қазақ тіліндегі нұсқасының ресми тұсаукесері өтті.
📎GOV.KZ
⚜️ИССЛЕДОВАТЕЛЬ УЛУСА ДЖУЧИ МАРИ ФАВЕРО ПРЕДСТАВИЛА КАЗАХОЯЗЫЧНОЕ ИЗДАНИЕ КНИГИ «АЛТЫН ОРДА. ДАЛА ИМПЕРИЯСЫ ӘЛЕМДІ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТТІ»
Сегодня в Алматы в Национальной академии наук Республики Казахстан при Президенте Республики Казахстан состоялась официальная презентация издания на казахском языке книги французского историка, исследователя средневековой истории Евразии и Улуса Джучи Мари Фаверо «Алтын Орда. Дала империясы әлемді қалай өзгертті».
📎GOV.KZ
🇰🇿🇨🇿 ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Чех Республикасының ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Павол Шепелякпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар жоғары білім, ғылым және инновациялар салаларындағы Қазақстан-Чехия ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
🔗GOV.KZ
🇰🇿🇨🇿Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек провел встречу с Чрезвычайным и Полномочным Послом Чешской Республики в РК Паволом Шепеляком.
В ходе встречи стороны обсудили текущее состояние и перспективы дальнейшего развития казахстанско-чешского сотрудничества в сфере высшего образования, науки и инноваций.
🔗GOV.KZ
repost
Олжас Бектенов поручил создать в регионах отраслевые кластеры подготовки и сертификации кадров с учетом потребностей
📌 Премьер-министр Олжас Бектенов на заседании Правительства, посвященном новым подходам в подготовке кадров по рабочим профессиям, дал ряд поручений.
«Для преодоления кадрового дефицита и устранения разрыва между системой образования и реальными запросами бизнеса необходима синхронизация потребностей работодателей, отраслевых ассоциаций и возможностей образовательных организаций»,
— подчеркнул Премьер-министр.
🟦Министерству просвещения совместно с Министерством труда, нацпалатой «Атамекен» и акиматами регионов поручено создать в каждом регионе отраслевые кластеры подготовки и независимой сертификации кадров по приоритетным отраслям экономики.
«С целью более эффективной подготовки кадров под конкретные потребности регионов и новых высокотехнологичных производств необходимо определение точного количества рабочих мест для формирования госзаказа в колледжах»,
— отметил Олжас Бектенов.
🟦Министерствам труда, просвещения, науки и высшего образования совместно с акиматами поручено выстроить системную работу по ежегодному прогнозированию видов и количества рабочих мест на производствах.
Прогноз должен регулярно актуализироваться и размещаться в информационной системе Enbek.kz, обеспечивая прямую увязку подготовки кадров с реальной потребностью экономики.
Общая координация закреплена за Первым заместителем Премьер-министра Нурлыбеком Налибаевым.
📱 @KZgovernment
repost
Олжас Бектенов өңірлердегі қажеттіліктерді ескере отырып кадрларды даярлау мен сертификаттаудың салалық кластерлерін құруды тапсырды
📌Премьер-министр Олжас Бектенов жұмысшы мамандықтары бойынша кадрлар даярлаудағы жаңа тәсілдерге арналған Үкімет отырысында бірқатар тапсырма берді.
«Кадр тапшылығын еңсеру және білім беру жүйесі мен бизнестің нақты сұраныстары арасындағы алшақтықты жою үшін жұмыс берушілер мен салалық қауымдастықтардың қажеттіліктерін білім беру ұйымдарының мүмкіндіктерімен үйлестіру қажет»,
— деп атап өтті Премьер-министр.
🟦Оқу-ағарту министрлігіне Еңбек министрлігімен, «Атамекен» ұлттық палатасымен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, әрбір өңірде экономиканың басым салалары бойынша кадрлар даярлау және оларды тәуелсіз сертификаттау жөніндегі салалық кластерлер құру тапсырылды.
«Өңірлердің және жаңа жоғары технологиялық өндірістердің нақты қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды барынша тиімді даярлау үшін колледждердегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде қажетті жұмыс орындарының нақты санын айқындау қажет»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.
🟦Ол үшін Еңбек, Оқу-ағарту және Ғылым министрліктері мен өңір әкімдіктері өндірістердегі жұмыс орындарының түрлері мен санын жыл сайын болжау бойынша жүйелі талдау жұмыстарын жолға қоюы қажет.
Деректер тұрақты түрде жаңартылып, Enbek.kz ақпараттық жүйесінде орналастырылуға тиіс.
Жалпы үйлестіру жұмыстары Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.
📱 @KZgovernment
repost
Олжас Бектенов поручил до конца года запустить Национальный центр трансформации профессий
📌 В ходе заседания Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов поручил Министерствам науки и высшего образования и труда до конца текущего года обеспечить полноценный запуск Национального центра трансформации профессий совместно с ведущими компаниями по модели государственно-частного партнерства.
Также поставлена задача по повышению привлекательности колледжей.
«Программы обучения нужно постоянно модернизировать на основе спроса рынка труда и населения. Для получения востребованных микроквалификаций следует открывать краткосрочные модульные программы. Колледж должен стать местом, куда идут осознанно, стремясь получить профессиональные знания и навыки»,
— отметил Олжас Бектенов.
📱 @KZgovernment
repost
Олжас Бектенов жыл соңына дейін Ұлттық мамандықтар трансформациясы орталығын іске қосуды тапсырды
📌 Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов Ғылым және Еңбек министрліктеріне жыл соңына дейін жетекші компаниялармен бірге мемлекет пен жеке серіктестік негізінде кәсіптерді трансформациялаудың ұлттық орталығын толыққанды іске қосуды тапсырды.
Сондай-ақ колледждердің тартымдылығын арттыру міндеті қойылды.
«Оқу бағдарламаларын еңбек нарығы мен халықтың сұранысына сәйкес үнемі жаңғыртып отыру керек.
Қажетті микро-біліктіліктерді алу мақсатында қысқа мерзімді модульдік бағдарламалар ашқан жөн.
Колледж кәсіби білім мен дағдыларды меңгеру үшін саналы түрде таңдайтын білім ошағына айналуы тиіс»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.
📱 @KZgovernment
repost
50 тыс. студентов проходят дуальное обучение на базе 6 тыс. предприятий
📌 В Казахстане расширяется практико-ориентированная подготовка кадров в партнерстве с реальным сектором экономики. Сегодня 50 тыс. студентов 76 вузов проходят дуальное обучение на базе 6 тыс. предприятий. Об этом сообщил министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек на заседании Правительства.
В Костанайской области на ведущих промышленных предприятиях обучаются 138 студентов Костанайского регионального университета имени А.Байтурсынова. В этом году трудоустроены 62 студента.
В портфельных компаниях АО «Самұрық-Қазына» ежегодно дуальное обучение и производственную практику проходят свыше 10 тыс. студентов.
📱 @KZgovernment
repost
50 мың студент 6 мың кәсіпорын базасында дуальды оқытудан өтіп жатыр
📌 Қазақстанда экономиканың нақты секторымен әріптестікте кадрларды тәжірибеге бағдарлау арқылы даярлау кеңеюде. Бүгінде 76 жоғары оқу орнының 50 мың студенті 6 мың кәсіпорын базасында дуальды оқытудан өтіп жатыр. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында хабарлады.
Мысалы, Қостанай облысының жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындары базасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің 138 студенті білім алуда. Биыл 62 студент жұмысқа орналастырылды.
«Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларында жыл сайын 10 мыңнан астам студент дуальды оқыту мен өндірістік тәжірибеден өтеді.
📱 @KZgovernment
repost
В Казахстане обновили более 1,9 тыс. образовательных программ с учетом новых профессий
📌 В Казахстане формируется опережающая система подготовки кадров с учетом трансформации рынка труда и появления новых профессий. Об этом сообщил министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек на заседании Правительства.
Отмечено, что разработано 20 региональных карт, в которых определено более 2 тыс. новых профессий и отражена трансформация действующих. В том числе появляются специалисты по цифровым двойникам и применению искусственного интеллекта в производственных процессах.
В 2026 году на основе Атласа новых профессий обновлены 1 983 образовательные программы, тогда как в 2022 году было обновлено только 7. Образовательные программы также актуализируются с учетом искусственного интеллекта, внедряются микроквалификации и производственное обучение.
📱 @KZgovernment
repost
Қазақстанда Жаңа мамандықтар атласы негізінде 1,9 мың білім беру бағдарламасы жаңартылды
📌 Қазақстанда еңбек нарығының өзгеруін және жаңа кәсіптердің пайда болуын ескере отырып, кадрларды даярлаудың озық жүйесі қалыптасуда. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында хабарлады.
Оның айтуыша, 20 өңірлік карта әзірленген. Оларда 2 мыңнан астам жаңа мамандық айқындалып, қолданыстағы мамандықтардың трансформациясы көрсетілген. Бұл ретте цифрлық сыңар бойынша және өндірістік процестерде жасанды интеллектіні қолдану бойынша мамандар пайда болуда.
2026 жылы Жаңа мамандықтар атласы негізінде 1 983 білім беру бағдарламасы жаңартылды, ал 2022 жылы небәрі 7 бағдарлама жаңартылған еді. Білім беру бағдарламалары жасанды интеллектіні ескере отырып өзектендіріледі, микробіліктіліктер мен өндірістік оқыту енгізіледі.
📱 @KZgovernment
repost
Более 50% спроса на рынке труда приходится я на специалистов с ТиПО
📌Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек на заседании Правительства рассказал на какие специальности возрастает спрос в Казахстане.
По данным комплексного прогнозирования, на сегодня более 50% спроса приходится на специалистов с техническим и профессиональным образованием.
В ведомства уточнили, что наибольшая потребность ожидается в сфере сельского, лесного и рыбного хозяйства, обрабатывающей промышленности, сфере услуг и других отраслях.
📱 @KZgovernment
repost
Еңбек нарығындағы сұраныстың 50%-дан астамы ТжКБ мамандарына тиесілі
📌 ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс артатынын айтты.
Кадрларға қажеттілікті кешенді болжау сәйкес, бүгінде сұраныстың 50%-дан астамы техникалық және кәсіптік білім беру мамандарына тиесілі болмақ.
Ведомство мамандарға ең көп қажеттілігі бар салалар – ауыл, орман және балық шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету және тағы басқа салалар болатынын нақтылап өтті.
📱 @KZgovernment
🧠AI+X: Қазақстанда мамандар даярлаудың жаңа моделі сынақтан өткізіліп жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын нақты салалардағы кәсіби біліммен ұштастыратын мамандар даярлаудың жаңа моделі сынақтан өткізіліп жатыр. Осы тәсілдің алғашқы мысалдарының бірі – Maqsut Narikbayev University (MNU) іске қосқан Artificial Intelligence and Frontier Systems: AI+X білім беру бағдарламасы.
Бүгін MNU-да аталған бағдарламаның ресми ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Президентінің көмекшісі Қуанышбек Есекеев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, MNU Басқарма төрағасы Талғат Нарикбаев, университет оқытушылары мен студенттері қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар білім беру бағдарламасымен танысып, университеттің жасанды интеллект саласындағы әзірлемелері ұсынылған AI Agentic Lab зертханасына барды.
AI+X моделі екі компоненттің үйлесімін білдіреді: AI – жасанды интеллект және X – нақты кәсіби сала. Яғни студент жасанды интеллект саласында білім алып қана қоймай, оны практикада қолданатын белгілі бір бағытты – мысалы, қаржы, экономика, медицина, құқық немесе инженерия салаларын меңгереді.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
🧠AI+X: в Казахстане апробируют новую модель подготовки специалистов
В рамках Года цифровизации и искусственного интеллекта, объявленного Главой государства Касым-Жомартом Токаевым, в Казахстане апробируется новая модель подготовки специалистов, объединяющая технологии искусственного интеллекта с профессиональными знаниями в конкретной отрасли. Одним из первых примеров такого подхода стала образовательная программа Artificial Intelligence and Frontier Systems: AI+X, запущенная в Maqsut Narikbayev University (MNU).
Сегодня в MNU состоялось официальное открытие программы. В мероприятии приняли участие Помощник Президента РК Куанышбек Есекеев, министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек, Председатель правления MNU Талгат Нарикбаев, преподаватели и студенты университета.
В рамках мероприятия участники ознакомились с программой обучения и посетили AI Agentic Lab, где представлены разработки университета в области искусственного интеллекта.
Модель AI+X предполагает сочетание двух компонентов: AI – искусственный интеллект и X – конкретная профессиональная область. Таким образом, студент получает знания в области AI и одновременно осваивает сферу их практического применения – например, финансы, экономику, медицину, право или инженерное дело.
🔗 Подробнее: gov.kz
⏩Қазақстан мен Бельгия критикалық маңызды металдар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің маңызды басымдықтарының бірі – қолданбалы ғылымды, халықаралық ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын және университеттердің экономиканың нақты секторымен өзара іс-қимылын дамыту. Бұл бағыттар Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында айқындалған.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ өкілдері Бельгияға жұмыс сапары барысында критикалық маңызды металдарды өңдеудің заманауи технологияларын зерделеп, еуропалық компаниялармен бірлескен бастамалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге уағдаласты.
Қазақстандық делегация түсті, сирек және қайталама металдарды өңдеуге маманданған Hydrometal S.A. және Campine NV компанияларымен келіссөздер жүргізді. Тараптар қазақстандық шикізатты өңдеу, технологиялармен алмасу және пилоттық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға және өндірістің қоршаған ортаға түсіретін жүктемесін азайтуға ерекше назар аударылды.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
⏩Казахстан и Бельгия расширяют сотрудничество в сфере критически важных металлов
Представители Восточно-Казахстанского технического университета имени Д. Серикбаева, АО «НАК «Казатомпром» и АО «Ульбинский металлургический завод» в ходе рабочего визита в Бельгию изучили современные технологии переработки критически важных металлов и договорились с европейскими компаниями о подготовке технико-экономических обоснований совместных инициатив.
Казахстанская делегация провела переговоры с компаниями Hydrometal S.A. и Campine NV, специализирующимися на переработке цветных, редких и вторичных металлов. Стороны обсудили переработку казахстанского сырья, обмен технологиями и реализацию пилотных проектов. Особое внимание уделено повышению эффективности использования ресурсов и снижению экологической нагрузки производства.
Делегация также приняла участие во Втором международном симпозиуме по циклической гидрометаллургии ICHS 2026 в Мехелене. Форум, организованный под эгидой SOLVOMET при поддержке проектов программы Horizon Europe, объединил более 200 представителей научных центров и промышленных компаний Европы, Азии и Северной Америки.
🔗 Подробнее: gov.kz
📌 Қазақстандық ғалымдар жаңа отандық картоп сортын шығарды
Қазақстанда жоғары өнімділігімен және бірқатар ауруларға төзімділігімен ерекшеленетін «Айтхожин» атты жаңа картоп сорты шығарылды. Жаңа сорт Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен М.Ә. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты ғалымдарының бірлескен еңбегінің нәтижесі.
Жаңа сортты әзірлеу жұмыстары 267 «Білім және ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасы және «Селекция, тұқым шаруашылығы, биотехнология және инновациялық агротехнологиялар негізінде Қазақстанда картоп, көкөніс және бақша шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету» 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында жүргізілді.
Зерттеудің негізгі мақсаты – Қазақстанның топырақ-климаттық жағдайларына бейімделген, жоғары өнімді, ауруларға төзімді және шаруашылыққа құнды қасиеттері бар жаңа картоп сортын шығару. Осы бағытта дәстүрлі селекция әдістері заманауи биотехнологиялық және молекулалық-генетикалық әдістермен ұштастырылды.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
📌 Казахстанские ученые вывели новый отечественный сорт картофеля
В Казахстане выведен новый сорт картофеля «Айтхожин». Он отличается высокой урожайностью и устойчивостью к ряду заболеваний. Новый сорт стал результатом совместной работы ученых Казахского научно-исследовательского института плодоовощеводства и Института молекулярной биологии и биохимии им. М.А. Айтхожина.
Работа по созданию нового сорта проводилась в рамках бюджетной программы 267 «Повышение доступности образования и научных исследований» и проекта программно-целевого финансирования на 2024-2026 годы «Обеспечение устойчивого развития картофелеводства, овощеводства и бахчеводства в Казахстане на основе селекции, семеноводства, биотехнологии и инновационных агротехнологий».
Основной целью исследования было создание нового сорта картофеля, адаптированного к почвенно-климатическим условиям Казахстана, отличающегося высокой урожайностью, устойчивостью к заболеваниям и ценными хозяйственными характеристиками. Для этого традиционные методы селекции сочетались с современными биотехнологическими и молекулярно-генетическими подходами.
🔗 Подробнее: gov.kz
📌Каков порядок отработки для выпускников, обучавшихся по государственному образовательному гранту?
🔊Граждане, обучавшиеся по государственному образовательному гранту, после завершения обучения обязаны выполнить договорные обязательства и пройти установленный законодательством срок отработки.
▶️По общему правилу для выпускников бакалавриата, магистратуры и докторантуры срок отработки составляет не менее трех лет.
✔️Выпускники, обучавшиеся по проекту «Серпін», должны отработать два года в регионах, испытывающих дефицит кадров.
✔️Выпускники педагогических и медицинских специальностей проходят отработку в соответствующих организациях сферы образования и здравоохранения. Получатели грантов по сельской квоте должны отработать в организациях образования, здравоохранения, ветеринарии и аграрной сферы, расположенных в сельской местности.
💡С 25 августа 2026 года срок отработки для выпускников авиационных специальностей увеличен с трех до пяти лет. Кроме того, расширен перечень организаций, в которых доктора PhD могут выполнить обязательства по отработке.
Кто освобождается от отработки? В каких случаях срок отработки может быть отсрочен? На кого распространяются последние изменения в законодательстве?
💬Об этих и других важных вопросах подробнее расскажет заместитель председателя Комитета высшего и послевузовского образования Министерства науки и высшего образования РК Акерке Абылайхан.
📌Мемлекеттік білім гранты бойынша оқыған түлектердің жұмыспен өтеу тәртібі қандай?
Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқыған азаматтар оқуын аяқтағаннан кейін келісімшарттық міндеттемелерін орындап, заңнамада белгіленген мерзімде жұмыспен өтеуге тиіс.
✔️Жалпы ереже бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура түлектері үшін бұл мерзім – кемінде 3 жыл.
✔️«Серпін» жобасы бойынша білім алғандар кадр тапшылығы бар өңірлерде 2 жыл жұмыс істеуі қажет.
👆Педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша білім алғандар жұмыспен өтеуді тиісті сала ұйымдарында, ал ауыл квотасы бойынша грант алғандар ауылдық жерлердегі білім беру, денсаулық сақтау, ветеринария және аграрлық ұйымдарда жүзеге асырады.
💡2026 жылғы 25 тамыздан бастап авиациялық мамандықтар бойынша жұмыспен өтеу мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылды. Сонымен қатар PhD докторлары үшін жұмыспен өтеуге болатын ұйымдардың тізімі кеңейтілді.
Ал кімдер жұмыспен өтеуден босатылады? Қандай жағдайларда жұмыспен өтеу мерзімі кейінге қалдырылады? Заңнамадағы соңғы өзгерістер кімдерге қатысты?
💬Осы және басқа да маңызды сұрақтар жайлы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан толығырақ атап өтеді.