ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%906 avg views
Posting 8.3/day last 9 hours ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥
repost from UKIMET

Олжас Бектенов өңірлердегі қажеттіліктерді ескере отырып кадрларды даярлау мен сертификаттаудың салалық кластерлерін құруды тапсырды 📌Премьер-министр Олжас Бектенов жұмысшы мамандықтары бойынша кадрлар даярлаудағы жаңа тәсілдерге арналған Үкімет отырысында бірқатар тапсырма берді. «Кадр тапшылығын еңсеру және білім беру жүйесі мен бизнестің нақты сұраныстары арасындағы алшақтықты жою үшін жұмыс берушілер мен салалық қауымдастықтардың қажеттіліктерін білім беру ұйымдарының мүмкіндіктерімен үйлестіру қажет», — деп атап өтті Премьер-министр. 🟦Оқу-ағарту министрлігіне Еңбек министрлігімен, «Атамекен» ұлттық палатасымен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, әрбір өңірде экономиканың басым салалары бойынша кадрлар даярлау және оларды тәуелсіз сертификаттау жөніндегі салалық кластерлер құру тапсырылды. «Өңірлердің және жаңа жоғары технологиялық өндірістердің нақты қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды барынша тиімді даярлау үшін колледждердегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде қажетті жұмыс орындарының нақты санын айқындау қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. 🟦Ол үшін Еңбек, Оқу-ағарту және Ғылым министрліктері мен өңір әкімдіктері өндірістердегі жұмыс орындарының түрлері мен санын жыл сайын болжау бойынша жүйелі талдау жұмыстарын жолға қоюы қажет. Деректер тұрақты түрде жаңартылып, Enbek.kz ақпараттық жүйесінде орналастырылуға тиіс. Жалпы үйлестіру жұмыстары Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді. 📱 @KZgovernment

Views over time

01K2K8 Sep 08:1712 Nov 09:171.9K8 Sep 08:17: 0 views12 Nov 09:17: 1,950 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
8 Sep 2026, 08:170
12 Nov 2026, 09:171.9K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.