📌Мемлекеттік білім гранты бойынша оқыған түлектердің жұмыспен өтеу тәртібі қандай? Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқыған азаматтар оқуын аяқтағаннан кейін келісімшарттық міндеттемелерін орындап, заңнамада белгіленген мерзімде жұмыспен өтеуге тиіс. ✔️Жалпы ереже бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура түлектері үшін бұл мерзім – кемінде 3 жыл. ✔️«Серпін» жобасы бойынша білім алғандар кадр тапшылығы бар өңірлерде 2 жыл жұмыс істеуі қажет. 👆Педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша білім алғандар жұмыспен өтеуді тиісті сала ұйымдарында, ал ауыл квотасы бойынша грант алғандар ауылдық жерлердегі білім беру, денсаулық сақтау, ветеринария және аграрлық ұйымдарда жүзеге асырады. 💡2026 жылғы 25 тамыздан бастап авиациялық мамандықтар бойынша жұмыспен өтеу мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылды. Сонымен қатар PhD докторлары үшін жұмыспен өтеуге болатын ұйымдардың тізімі кеңейтілді. Ал кімдер жұмыспен өтеуден босатылады? Қандай жағдайларда жұмыспен өтеу мерзімі кейінге қалдырылады? Заңнамадағы соңғы өзгерістер кімдерге қатысты? 💬Осы және басқа да маңызды сұрақтар жайлы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан толығырақ атап өтеді.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Subscribers
59.9K
−200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR)
1.5%906 avg views
Posting
8.3/day
last 9 hours ago
Reactions per 1K views
6.8
👍 ❤ 🔥
Views over time
| When | Views |
|---|---|
| 7 Sep 2026, 07:23 | 0 |
| 12 Nov 2026, 09:17 | 4.9K |
Who shared this post
Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)
Nobody yet.