⏩Қазақстан мен Бельгия критикалық маңызды металдар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің маңызды басымдықтарының бірі – қолданбалы ғылымды, халықаралық ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын және университеттердің экономиканың нақты секторымен өзара іс-қимылын дамыту. Бұл бағыттар Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында айқындалған. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ өкілдері Бельгияға жұмыс сапары барысында критикалық маңызды металдарды өңдеудің заманауи технологияларын зерделеп, еуропалық компаниялармен бірлескен бастамалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге уағдаласты. Қазақстандық делегация түсті, сирек және қайталама металдарды өңдеуге маманданған Hydrometal S.A. және Campine NV компанияларымен келіссөздер жүргізді. Тараптар қазақстандық шикізатты өңдеу, технологиялармен алмасу және пилоттық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға және өндірістің қоршаған ортаға түсіретін жүктемесін азайтуға ерекше назар аударылды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ⏩Казахстан и Бельгия расширяют сотрудничество в сфере критически важных металлов Представители Восточно-Казахстанского технического университета имени Д. Серикбаева, АО «НАК «Казатомпром» и АО «Ульбинский металлургический завод» в ходе рабочего визита в Бельгию изучили современные технологии переработки критически важных металлов и договорились с европейскими компаниями о подготовке технико-экономических обоснований совместных инициатив. Казахстанская делегация провела переговоры с компаниями Hydrometal S.A. и Campine NV, специализирующимися на переработке цветных, редких и вторичных металлов. Стороны обсудили переработку казахстанского сырья, обмен технологиями и реализацию пилотных проектов. Особое внимание уделено повышению эффективности использования ресурсов и снижению экологической нагрузки производства. Делегация также приняла участие во Втором международном симпозиуме по циклической гидрометаллургии ICHS 2026 в Мехелене. Форум, организованный под эгидой SOLVOMET при поддержке проектов программы Horizon Europe, объединил более 200 представителей научных центров и промышленных компаний Европы, Азии и Северной Америки. 🔗 Подробнее: gov.kz