🔰Түркістанда Woosong University Kazakhstan студенттерін қабылдау рәсімі өтті
Түркістанда Woosong University Kazakhstan-ның бірінші курс студенттерін қабылдау рәсімі өтті. Университет Қазақстанда екінші жыл қатарынан жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы сұранысқа ие бағыттар бойынша мамандар даярлап келеді. Биыл Түркістан облысының әкімдігі университетке бөлген білім гранттарының саны екі есеге артып, 100-ден 200-ге жетті.
Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, Woosong Educational Foundation төрағасы Ким Сонг Кёнг, Woosong University Kazakhstan ректоры Ким Хонг Ги, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.
Woosong University Kazakhstan ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан халықаралық білім беру жобасы аясында жұмыс істейді. Университет жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға қатысты бағыттар бойынша білікті кадрлар даярлап, студенттерге халықаралық білімді Қазақстанда алуға мүмкіндік беріп отыр.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
🔰 В Туркестане прошла церемония приема студентов в Woosong University Kazakhstan
В Туркестане прошла церемония приема студентов первого курса в Woosong University Kazakhstan. Университет второй год осуществляет подготовку специалистов в Казахстане по востребованным направлениям в сфере искусственного интеллекта и цифровых технологий. В текущем году количество образовательных грантов, выделенных акиматом Туркестанской области, увеличилось вдвое – со 100 до 200.
В мероприятии приняли участие вице-министр науки и высшего образования РК Гульзат Кобенова, председатель Woosong Educational Foundation Ким Сонг Кёнг, ректор Woosong University Kazakhstan Ким Хонг Ги, представители профессорско-преподавательского состава и студенты.
Woosong University Kazakhstan реализует международный образовательный проект в соответствии с поручением Президента Республики Казахстан. Университет осуществляет подготовку квалифицированных кадров по направлениям, связанным с искусственным интеллектом и цифровыми технологиями, создавая возможности для получения международного образования непосредственно в Казахстане.
🔗 Подробнее: gov.kz
🇰🇿🇱🇦Лаос Президенті Тхонглун Сисулит қазақстандық студенттерге дәріс оқыды
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне Лаос Халық Демократиялық Республикасы Президенті Тхонглун Сисулит келді.
Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірінде дәріс оқыған Лаос басшысы ЕҰУ мен Лаос университеттері арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. Тхонглун Сисулит мемлекеттердің болашағын қалыптастыруда жастар мен жоғары оқу орындарының айрықша рөл атқаратынын атап өтіп, халықаралық диалогты дамыту, білім мен тәжірибе алмасу және халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
«Бүгін Қазақстан Республикасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне қадам басып отырмыз. Қазақстанда білім алған Лаос азаматтары бүгінде мемлекеттік қызметтің жауапты лауазымдарында еңбек етіп, өз елінің дамуына үлес қосып келеді. Қазіргі таңда Қазақстанмен тоғыз негізгі бағыт бойынша, соның ішінде білім беру саласында ынтымақтастықты дамытуға дайынбыз. Сонымен қатар екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы байланысты кеңейтіп, атап айтқанда, студенттердің академиялық ұтқырлығын дамытуға ұсыныс білдіреміз», - деді Лаос Президенті.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
🇰🇿🇱🇦Президент Лаоса Тхонглун Сисулит выступил с лекцией для казахстанских студентов
В Евразийском национальном университете имени Л.Н. Гумилева состоялся визит Президента Лаосской Народно-Демократической Республики Тхонглуна Сисулита.
Выступая с лекцией в одном из ведущих вузов Казахстана, глава Лаоса выразил уверенность в дальнейшем укреплении сотрудничества между ЕНУ и университетами Лаоса. Тхонглун Сисулит также отметил особую роль молодежи и университетов в формировании будущего государств, подчеркнув важность международного диалога, обмена знаниями и укрепления взаимопонимания между народами.
«Сегодня мы открываем новую страницу в сотрудничестве между Республикой Казахстан и Лаосской Народно-Демократической Республикой. Получившие образование в Казахстане граждане Лаоса сегодня занимают ответственные государственные должности и участвуют в развитии своей страны. В настоящее время мы готовы развивать сотрудничество с Казахстаном по девяти ключевым направлениям, в том числе в сфере образования. Мы также предлагаем расширять взаимодействие между университетами двух стран, в частности развивать академическую мобильность студентов», - сказал Президент Лаоса.
🔗 Подробнее: gov.kz
▪️ Министрлік қызметкерлері ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды
Білім күніне орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қызметкерлеріне ведомстволық наградалар табысталды.
Салтанатты жиында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына және Әділетті Қазақстанды құруға қосқан үлесі, сондай-ақ жоғары білім мен ғылым саласындағы қажырлы еңбегі үшін азаматтарға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Қазақстан Республикасы Конституциясының арнайы басылымы табысталды.
Сондай-ақ білім мен ғылым саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азамат «Еңбек ардагері», «Қаныш Сәтбаев» медальдарымен, сондай-ақ «Жоғары білім беру саласына қосқан үлесі үшін» және «Салаға қосқан үлесі үшін» ведомстволық наградаларымен марапатталды.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
▪️ Сотрудники Министерства отмечены за вклад в развитие науки и образования
В честь Дня знаний сотрудники Министерства науки и высшего образования РК были отмечены ведомственными наградами.
В ходе торжественного мероприятия за вклад в социально-экономическое развитие Казахстана и построение Справедливого Казахстана, а также многолетний добросовестный труд в сфере науки и высшего образования сотрудникам от имени Президента РК Касым-Жомарта Токаева были вручены специальные издания Конституции Республики Казахстан.
Кроме того, ряд специалистов, внесших значительный вклад в развитие сферы образования и науки, награждены медалями «Еңбек ардагері» и «Қаныш Сәтбаев», а также ведомственными наградами «Жоғары білім беру саласына қосқан үлесі үшін» и «Салаға қосқан үлесі үшін».
🔗 Подробнее: gov.kz
repost
🇱🇦Президент Лаоса Тхонглун Сисулит отметил, что его визит в Казахстан является важной вехой в развитии двусторонних отношений
– Я рассматриваю Казахстан как одну из стран Центральной Азии, которая всегда поддерживала добрые и устойчивые отношения с Лаосом. Казахстан оказывал помощь Лаосу еще со времен национально-освободительной борьбы и продолжает поддерживать нашу страну по сегодняшний день. Как бы ни менялась ситуация, отношения между Казахстаном и Лаосом, наши братские связи и взаимное расположение оставались неизменными. Считаю, что нынешний визит будет способствовать дальнейшему укреплению и расширению дружественных отношений между двумя странами, – сказал он.
✔️Тхонглун Сисулит также акцентировал внимание на помощи Казахстана в подготовке кадров для Лаоса.
– Сотни граждан Лаоса получили образование и окончили учебные заведения в Казахстане. Сегодня многие из них работают на государственной службе, являются предпринимателями, занимают руководящие должности на центральном и местном уровнях. Все они с теплотой вспоминают Казахстан, который оказывал им поддержку и помощь в годы учебы. Безусловно, они с нетерпением ждут возможности принять представителей Казахстана в Лаосе, встретиться с ними и выразить свою глубокую признательность, – подчеркнул Президент Лаоса.
✍️По итогам переговоров Касым-Жомарт Токаев и Тхонглун Сисулит приняли Совместное заявление, подтверждающее обоюдную заинтересованность Казахстана и Лаоса в дальнейшем расширении двустороннего сотрудничества.
repost
🇱🇦Лаос Президенті Тхонглун Сисулит Қазақстанға сапары екіжақты қарым-қатынасты дамытудың маңызды кезеңі екенін атап өтті
– Мен Қазақстанды Орталық Азиядағы Лаоспен әрдайым ізгі әрі орнықты қарым-қатынас жасаған елдердің бірі ретінде қарастырамын. Еліміз Лаосқа ұлт-азаттық күрес кезінен бері көмек қолын созып, бүгінге дейін қолдау көрсетіп келеді. Әлемдегі ахуал сан мәрте өзгерсе де, Қазақстан мен Лаостың қарым-қатынасы, бауырластық байланыстары және орналасқан аумағымыз мүлде өзгерген емес. Бүгінгі сапар екі ел арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайтуға және кеңейтуге ықпал етеді, – деді Лаос Президенті.
✔️Тхонглун Сисулит Қазақстан Лаосқа мамандар даярлауға көмек көрсететініне баса мән берді.
– Лаостың жүздеген азаматы Қазақстандағы оқу орындарында білім алды. Бүгінде олардың көбі мемлекеттік қызметте, кәсіпкерлікте, орталық және жергілікті деңгейде басшылық қызмет атқарады. Отандастарым студенттік жылдарда көмектесіп, қолдау көрсеткені үшін қазақстандықтарды жылылықпен еске алады. Олар қазақстандықтарды Лаоста қарсы алуға да, кездескен жерде ризашылығын білдіруге де дайын екені сөзсіз, – деді Лаос Президенті.
✍️Келіссөз қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қос елдің де мүдделі екенін растайтын Бірлескен мәлімдеме қабылдады.
repost
Касым-Жомарт Токаев пригласил компании из Лаоса активно использовать преимущества Международного финансового центра «Астана»
– МФЦА уже стал международной площадкой для ведения бизнеса и привлечения инвестиций. Он объединяет более 6 300 зарегистрированных компаний из более 90 стран мира, формируя динамичную бизнес-среду. Через платформу МФЦА в Казахстан привлечено 27 млрд долларов инвестиций. Для лаосских компаний МФЦА может стать эффективным инструментом выхода на рынок Казахстана и дальнейшего расширения присутствия в Центральной Азии, – сообщил он.
✔️В ходе беседы отдельно были рассмотрены перспективы взаимодействия в культурно-гуманитарной сфере и туризме.
✔️Было отмечено наличие значительного потенциала для налаживания тесных связей между высшими учебными заведениями двух стран, расширения академических обменов и совместной подготовки кадров, включая обучение лаосских специалистов в Казахстане по востребованным направлениям.
repost
Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос компанияларын «Астана» халықаралық қаржы орталығының жеңілдіктерін барынша пайдалануға шақырды
– АХҚО бизнес ашу мен инвестиция тартудың халықаралық алаңына айналды. Онда әлемнің 90-нан аса елінен келген 6300-ден астам компания тіркелген. АХҚО платформасы арқылы Қазақстанға 27 миллиард доллар инвестиция тартылды. АХҚО Лаос компаниялары үшін Қазақстан нарығына шығатын әрі Орталық Азиядағы қызметін кеңейтетін тиімді құрал бола алады, – деді ол.
✔️Әңгімелесу кезінде мәдени-гуманитарлық және туризм салаларындағы ықпалдастық перспективасына ерекше назар аударылды.
✔️Екі елдің жоғары оқу орындары арасында тығыз байланыс орнатудың, академиялық алмасу мен бірлесе кадр даярлау аясын кеңейтудің, сұранысқа ие лаостық мамандарды Қазақстанда оқытудың әлеуеті зор.
🔰Atyrau Oil and Gas University Қытайдың білім беру ұйымдарымен ынтымақтастығын кеңейтеді
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Қытайдың білім беру ұйымдарымен серіктестігін кеңейтіп жатыр. Қытайлық серіктестермен өткен кездесу барысында ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойылып, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыру жөнінде уағдаластықтар жасалды. Сондай-ақ өзара іс-қимылдың жаңа бағыттары айқындалды.
Кездесудің негізгі нәтижелерінің бірі – Atyrau Oil and Gas University, Language and Culture Press және Association of Silk Road Countries Universities and Consulting Companies арасында үшжақты меморандумға қол қойылуы.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
🔰Atyrau Oil and Gas University расширяет сотрудничество с образовательными организациями Китая
Атырауский университет нефти и газа имени Сафи Утебаева расширяет партнерство с образовательными организациями Китая. В рамках встречи с китайскими партнерами подписаны два меморандума о сотрудничестве, достигнуты договоренности о реализации совместных образовательных и научных проектов, а также определены новые направления взаимодействия.
Одним из ключевых итогов встречи стало подписание трехстороннего меморандума между Atyrau Oil and Gas University, Language and Culture Press и Association of Silk Road Countries Universities and Consulting Companies.
🔗 Подробнее: gov.kz
repost
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды.
✍️ Указом Главы государства Нурбек Саясат назначен Министром науки и высшего образования Республики Казахстан.
t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇨🇳Академиялық алмасудан бірлескен зерттеулерге дейін: Қазақстан мен Қытай ғылыми серіктестікті дамытып келеді
Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. Саясат Нұрбектің Қытайдың ғылым және техника қауымдастығының (CAST – China Association for Science and Technology) атқарушы президенті Цзюнькэ Хэ бастаған делегациясымен кездесуі өтті.
Кездесуге ҚХР Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь, Қытайдың ғылым және техника қауымдастығының Оқыту және кадрлармен жұмыс орталығының директоры Шужуй Ван, ҚХР Шэньси провинциясының ғылым және техника қауымдастығының атқарушы президенті Ли Юйци қатысты.
Кездесу барысында Саясат Нұрбек Қазақстанның жоғары білім беру және ғылым жүйесін одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған Ғылым және жоғары білім министрлігі жүзеге асырып жатқан негізгі реформалар туралы айтып берді. Сонымен қатар Орталық Азияда халықаралық білім беру және ғылыми ынтымақтастықты кеңейту үшін маңызды алаңға айналуы мүмкін білім беру орталығын құру перспективаларына ерекше назар аударылды.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
🇰🇿🇨🇳От академических обменов до совместных исследований: Казахстан и Китай развивают научное партнерство
Сегодня состоялась встреча и.о. министра науки и высшего образования РК Саясата Нурбек с делегацией Китайской ассоциации по науке и технике (CAST, China Association for Science and Technology) во главе с исполнительным президентом ассоциации Цзюнькэ Хэ.
Во встрече также приняли участие Чрезвычайный и Полномочный Посол КНР в Республике Казахстан Чуньлинь Хань, директор Центра по обучению и работе с кадрами Китайской ассоциации по науке и технике Шужуй Ван, исполнительный президент Шэньсийской провинциальной ассоциации по науке и технике КНР Юйци Ли.
В ходе встречи Саясат Нурбек рассказал о ключевых реформах, реализуемых Министерством науки и высшего образования РК, направленных на дальнейшее развитие и укрепление национальной системы высшего образования и науки. Отдельное внимание было уделено перспективам создания образовательного центра в Центральной Азии, который может стать важной площадкой для расширения международного образовательного и научного сотрудничества.
🔗 Подробнее: gov.kz
🇰🇿🎓Study in Kazakhstan: Әзербайжан студенттерінің алғашқы тобы Kozybayev University-де білім алу үшін келді
Kozybayev University-де білім алатын Әзербайжан Республикасының алғашқы тобы Солтүстік Қазақстан облысына келді. Олардың қатарында бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларына қабылданған 32 студент бар.
Шетелдік студенттер қаржы, экономика, химия, инженерия және ақпараттық технологиялар сияқты сұранысқа ие бағыттар бойынша білім алады. 2026 жылы университетте барлығы 100-ден астам Әзербайжан азаматының білім алуы жоспарланып отыр.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
🇰🇿🎓Study in Kazakhstan: первая группа азербайджанских студентов прибыла в Kozybayev University для обучения
В Северо-Казахстанскую область прибыла первая группа граждан Азербайджанской Республики, поступивших на обучение в Kozybayev University. В ее составе – 32 студента, зачисленных на образовательные программы бакалавриата, магистратуры и докторантуры.
Иностранные студенты будут обучаться по востребованным направлениям, включая финансы, экономику, химию, инженерное дело и информационные технологии. Всего в 2026 году в университете планируется обучение более 100 граждан Азербайджана.
🔗 Подробнее: gov.kz
▪️ Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оқытушысы Кәдірбек Володя Президент атынан тұрғын үй сертификатының табысталғанына қуанышын білдіріп, бұл қолдаудың жас ғалымдар үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Оның айтуынша, тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған мұндай әлеуметтік қолдау шаралары жас зерттеушілердің тұрақты еңбек етуіне, кәсіби және ғылыми әлеуетін одан әрі дамытуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының жас ғалымдарды қолдауға бағытталған бастамалары ғылым саласында еңбек етіп жүрген мамандарға үлкен серпін беріп, олардың ғылыми қызметке деген ынтасын арттыратынын жеткізді.
***
✔️Преподаватель Казахского агротехнического исследовательского университета имени Сакена Сейфуллина Кадирбек Володя выразил благодарность и радость в связи с вручением ему жилищного сертификата от имени Президента, подчеркнув особую значимость такой поддержки для молодых ученых.
По его словам, подобные меры социальной поддержки, направленные на решение жилищного вопроса, создают условия для стабильной профессиональной деятельности молодых исследователей и позволяют им в полной мере развивать свой профессиональный и научный потенциал. Он также отметил, что инициативы Главы государства по поддержке молодых ученых придают дополнительный импульс специалистам, работающим в сфере науки, и способствуют повышению их мотивации к научно-исследовательской деятельности.
▪️ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында бес жас ғалымға тұрғын үй сертификаттары салтанатты түрде табысталды. Солардың бірі – Ядролық физика институты Астана филиалының Қатты дене физикасы зертханасының инженері Юрий Александрович Гаранин.
Өз сөзінде ол ғылыми жұмысының негізгі бағыты ядролық энергетикада қолдануға арналған жаңа материалдарды зерттеу және өңдеумен, атап айтқанда, дисперсті ядролық отын ретінде пайдалануға болатын керамикалық материалдарды әзірлеумен байланысты екенін атап өтті.
«Ең алдымен, Мемлекет басшысына жас ғалымдарға көрсетіліп отырған қолдауы үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді. Мен үшін тұрғын үй сертификаты – маңызды әлеуметтік қолдау ғана емес, сонымен қатар ғылыми жұмысымды одан әрі сенімді түрде жалғастыруға, зерттеулеріме көңіл бөлуге және отандық ғылым мен ядролық энергетиканың дамуына өз үлесімді қосуға мүмкіндік. Мұндай бастамалар жас зерттеушілерге кәсіби тұрғыдан дамуға, ғылыми әлеуетін жүзеге асыруға және жаңа нәтижелерге қол жеткізуге қосымша мүмкіндік береді деп сенемін. Жас ғалымдарды қолдау – ғылымның болашағына және еліміздің технологиялық дамуына салынған инвестиция», - деді жас ғалым.
***
🏠 В рамках исполнения поручения Главы государства пяти молодым ученым были торжественно вручены жилищные сертификаты. Один из них – инженер Лаборатории физики твердого тела Астанинского филиала Института ядерной физики Юрий Александрович Гаранин.
В своем слове он отметил, что основное направление его научной работы связано с исследованием и обработкой новых материалов для применения в ядерной энергетике, в частности с разработкой керамических материалов для использования в качестве дисперсного ядерного топлива.
«Хочу выразить глубокую признательность Главе государства за поддержку, которая сегодня оказывается исследователям. Для меня жилищный сертификат – это не только важная социальная поддержка, но и возможность более уверенно продолжать научную работу, сосредоточиться на исследованиях и вносить свой вклад в развитие отечественной науки и ядерной энергетики. Уверен, что такие инициативы создают для молодых исследователей дополнительные возможности для профессионального роста, реализации научного потенциала и достижения новых результатов. Поддержка молодых ученых – это вклад в будущее науки и технологическое развитие нашей страны», - сказал молодой ученый.
✔️Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында бес жас ғалымға тұрғын үй сертификаттары салтанатты түрде табысталды. Сертификат иегерлерінің бірі – В. Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтының Космология және гравитация зертханасының ғылыми қызметкері Гульнара Сулиева. Өз сөзінде ол бұл күн жас ғалымдар үшін маңызды әрі қуанышты оқиға болғанын атап өтті.
«Тұрғын үй сертификаттары – жас ғалымдарға көрсетіліп отырған үлкен қолдаудың белгісі. Біз үшін жасалған бұл жағдайлар ғылыми жұмысымызға ден қойып, зерттеулерімізді дамытуға және отандық ғылымның дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді. Осындай мүмкіндік пен қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына шын жүректен алғыс айтамыз. Өз тарапымнан еліміздің ғылымын одан әрі дамытуға, жаңа жобаларды жүзеге асырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бар күшімді саламын. Барша жас ғалымдарға табыс, кәсіби өсу және жаңа жетістіктер тілеймін», - деді Гульнара Бадырхановна.
***
▪️В рамках исполнения поручения Главы государства пяти молодым ученым были торжественно вручены жилищные сертификаты. Одной из обладательниц сертификата стала научный сотрудник лаборатории космологии и гравитации Астрофизического Института имени В. Г. Фесенкова Гульнара Сулиева. В своем слове она отметила, что этот день стал для молодых ученых знаменательным и радостным событием.
«Жилищные сертификаты – это знак огромной поддержки молодых ученых. Созданные для нас условия позволят сосредоточиться на научной работе, развивать свои исследования и вносить вклад в развитие отечественной науки. Мы искренне благодарны Главе государства за эту возможность и поддержку. Со своей стороны, я буду стремиться и дальше развивать науку нашей страны, реализовывать новые проекты и достигать высоких результатов. Желаю всем молодым ученым успехов, профессионального роста и новых достижений», - сказала Гульнара Бадырхановна.
🏠🗝️Білім күніне орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бес жас ғалымға пәтер сертификаттарын салтанатты түрде табыстады.
▪️ Тұрғын үй сертификатының иегерлерінің бірі – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Биотехнология және микробиология» кафедрасының аға оқытушысы Қазбек Дюсембаев.
«Мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығы биотехнологиясы саласында шетелде ғылыми тәжірибе жинақтап, Аустралияда докторлық диссертациямды қорғадым. Елімізге оралғаннан кейін осы салада қызмет атқарып келемін. Бүгін Президенттің тапсырмасы бойынша табысталып отырған тұрғын үй сертификаты – біз үшін үлкен сый әрі зор жауапкершілік. Бұл – мемлекет тарапынан жас ғалымдарға көрсетіліп отырған маңызды қолдаудың бірі. Осындай мүмкіндік бізге тұрмыстық жағдайды уайымдамай, ғылыми жұмыстарымызды одан әрі алаңсыз жалғастырып, ғылымға өз үлесімізді қосуға мүмкіндік береді деп есептеймін», - деді Қазбек Амзеұлы.
****
🏠🗝️В преддверии Дня знаний и.о. министра науки и высшего образования РК Саясат Нурбек по поручению Главы государства торжественно вручил жилищные сертификаты пяти молодым ученым.
✔️Одним из обладателей жилищного сертификата стал старший преподаватель кафедры биотехнологии и микробиологии Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева Казбек Дюсембаев.
«Благодаря государственной поддержке я получил научный опыт за рубежом в области сельскохозяйственной биотехнологии и защитил докторскую диссертацию в Австралии. После возвращения в Казахстан продолжаю работать в этой сфере. Жилищный сертификат, который сегодня вручается по поручению Президента, – это для нас большая поддержка и одновременно большая ответственность. Я считаю, что это одна из важных мер государственной поддержки молодых ученых. Такая возможность позволяет нам не беспокоиться о жилищных и бытовых вопросах, спокойно продолжать научную работу и вносить свой вклад в развитие отечественной науки», - отметил Казбек Амзеулы.
repost
🇷🇺Владимир Путин высоко оценил динамичное развитие двусторонних отношений практически по всем направлениям
– В прошлом году у нас были неплохие показатели товарооборота, а в этом году он еще подрос. Мы работаем по широкому кругу вопросов. В нашей повестке дня есть и крупные проекты, и текущие вопросы. Межправительственная комиссия работает активно, мы должны поблагодарить наших коллег за эту активность, за выполнение всех наших с Вами договоренностей. Особенно радует развитие контактов в гуманитарной сфере. 60 тысяч студентов из Казахстана обучаются в вузах России. В Омске совсем недавно открыт филиал казахстанского ведущего высшего учебного заведения. У нас дорога с двусторонним движением практически по всем вопросам. Есть возможность сегодня по всему этому комплексу поговорить, – сказал Президент России.
✔️Главы государств обсудили перспективы укрепления торгово-экономического и инвестиционного сотрудничества, а также реализации совместных проектов в сферах, представляющих взаимный интерес.
✔️Также состоялся обмен мнениями по актуальным вопросам международной и региональной повестки.
t.me/aqorda_resmi
repost
🇷🇺Владимир Путин екіжақты қарым-қатынас барлық бағытта қарқынды ілгерілеп келе жатқанын жоғары бағалады
– Былтыр елдеріміз арасындағы тауар айналымының көрсеткіштері ойдағыдай болды. Биыл да өсім байқалады. Көптеген мәселе бойынша бірге жұмыс істеп келеміз. Күн тәртібінде ірі жобалар да, ағымдағы мәселелер де бар. Үкіметаралық комиссия белсенді жұмыс істеуде. Өзара уағдаластықтарды бұлжытпай орындағаны үшін оларға алғыс айтуымыз керек. Әсіресе, гуманитарлық саладағы байланыстарымыздың жандана түскені қуантады. Қазақстандық 60 мың студент Ресей жоғары оқу орындарында білім алып жүр. Жуырда ғана Омбы қаласында Қазақстанның маңдайалды оқу орнының филиалы ашылды. Яғни барлық мәселе бойынша өзара түсіністік орнаған. Бүгін осы тақырыпты егжей-тегжейлі талқылауға мүмкіндік туып отыр, – деді Ресей Президенті.
✔️Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өзара мүддеге сай келетін салаларда бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады.
✔️Халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
t.me/aqorda_resmi
repost
🇰🇿🇷🇺Глава государства провел встречу с Президентом России
✔️На полях юбилейного саммита ШОС состоялась встреча Президента Касым-Жомарта Токаева с Президентом Российской Федерации Владимиром Путиным.
✔️Собеседники отметили динамичный характер многогранного сотрудничества Казахстана и России, поступательно развивающегося в духе дружбы, добрососедства и союзничества.
✔️Владимир Путин поздравил Главу нашего государства с успешным проведением выборов в Курултай, отметив, что их результаты подтвердили широкую поддержку стратегического курса Касым-Жомарта Токаева на дальнейшее развитие Казахстана, укрепление внутриполитической стабильности, развитие экономики и решение широкого круга вопросов, связанных с повышением уровня жизни людей.
✔️Президент Казахстана поблагодарил лидера России за поздравление и рассказал о проводимой работе в рамках конституционной реформы.
– Процесс модернизации Казахстана будет продолжаться в соответствии с национальными интересами. Реформы ради реформ ни в коем случае нельзя проводить, это мы хорошо понимаем. Прежде всего, надо исходить из интересов наших граждан. Что касается двустороннего сотрудничества, считаю, что Ваш государственный визит в мае этого года в Астану завершился полным успехом. По своему характеру и сути он стал историческим. Сейчас Правительство занимается реализацией всех соглашений, которые были подписаны. Вы правильно отметили, что торговля развивается опережающими темпами. Есть прирост по сравнению с прошлым годом. Полагаю, что Россия останется нашим основным инвестиционным и торговым партнером. Этот процесс я всемерно поддерживаю, – отметил Касым-Жомарт Токаев.
t.me/aqorda_resmi
repost
🇰🇿🇷🇺Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті
✔️ШЫҰ мерейтойлық саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің кездесуі өтті.
✔️Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық қарқынды сипат алғанына назар аударды.
✔️Владимир Путин Мемлекет басшысын Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Оның айтуынша, дауыс беру нәтижесі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды одан әрі дамытуға, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, экономиканы ілгерілетуге және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға байланысты көптеген мәселені шешуге бағытталған стратегиялық бағдары кеңінен қолдау тапқанын растайды.
✔️Қазақстан Президенті құттықтауы үшін Ресей басшысына ризашылығын білдіріп, конституциялық реформа аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде әңгімеледі.
– Қазақстанды жаңғырту үдерісі ұлттық мүддемізге сай жалғаса береді. Аты бар, заты жоқ реформалар жүргізуге мүлдем болмайды. Біз мұны жақсы түсінеміз. Ең алдымен, халқымыздың келешегін ойлауымыз қажет. Екіжақты ынтымақтастыққа келер болсақ, Сіздің мамыр айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапарыңыз табысты өтті. Әрі сипаты жағынан тарихи сапар болды деп санаймын. Қазір Үкімет қол қойылған барлық келісімді іске асыруға кірісті. Өзіңіз атап өткендей, сауда-саттық тез дамып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда өсім байқалады. Ресей біздің басты инвестициялық және сауда серіктесіміз болып қала береді деп ойлаймын. Бұл үдерісті барынша қолдаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
t.me/aqorda_resmi
🏠 Жаңа оқу жылының қарсаңында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бес жас ғалымға тұрғын үй сертификаттары салтанатты түрде табысталды. Бұл – жас зерттеушілерді қолдауға, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және ғылымдағы әлеуетін толық іске асыруына бағытталған маңызды шаралардың бірі.
🤩 Тұрғын үй сертификатының иегерлерінің бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультетінің механика кафедрасының аға оқытушысы Таңнұр Аманжолов.
«Соңғы сегіз жылдан бері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да аға оқытушы болып қызмет атқарып келемін. Бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру аясында энергетика бағыты бойынша тұрақты түрде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келемін. Бұл салаға университетте білім алып жүрген кезімнен қызығушылық таныттым. Мемлекет басшысына жас ғалымдарға осындай қолдау көрсетіп, мүмкіндік беріп отырғаны үшін алғысымды білдіремін. Тұрғын үй мәселесінің шешілуі бізге ғылыми-зерттеу жұмыстарына алаңсыз көңіл бөліп, жаңа идеялар мен бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұндай қолдау жас ғалымдар үшін өте маңызды. Бұл бізді ғылым жолында алға ұмтылуға, биік мақсаттар қойып, жаңа белестерді бағындыруға ынталандырады. Алдағы уақытта да еліміздің ғылымын дамытуға өз күш-жігерімізді аямай, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге барымызды саламыз», - деді жас ғалым.
***
🏠В преддверии нового учебного года по поручению Главы государства пяти молодым ученым были торжественно вручены жилищные сертификаты. Это одна из важных мер, направленных на поддержку молодых исследователей, улучшение их социальных условий и создание возможностей для полной реализации их научного потенциала.
🔑Одним из обладателей жилищного сертификата стал старший преподаватель кафедры механики механико-математического факультета Казахского национального университета имени аль-Фараби Таңнұр Аманжолов.
«Последние восемь лет я работаю старшим преподавателем в Казахском национальном университете имени аль-Фараби. В рамках программно-целевого и грантового финансирования на постоянной основе занимаюсь научно-исследовательской работой в сфере энергетики. Интерес к этому направлению у меня появился еще во время обучения в университете. Выражаю благодарность Главе государства за поддержку молодых ученых и предоставление таких возможностей. Решение жилищного вопроса позволит нам сосредоточиться на научно-исследовательской работе, не отвлекаясь на социальные вопросы, а также реализовывать новые идеи и инициативы. Такая поддержка имеет большое значение для молодых ученых. Она мотивирует нас двигаться вперед в науке, ставить перед собой амбициозные цели, покорять новые вершины и добиваться высоких результатов. В дальнейшем мы также будем прилагать все усилия для развития отечественной науки и достижения значимых результатов», - отметил молодой ученый.