💻️ Қазақстан NVIDIA бағдарламалары бойынша оқытушылар мен студенттерді даярлау ауқымын кеңейтеді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі NVIDIA компаниясымен бірлесіп, жасанды интеллект және жоғары өнімді есептеулер саласында кадрлар даярлау бағытындағы ынтымақтастықты дамытып келеді. Осы жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушыларын NVIDIA Deep Learning Institute (DLI) халықаралық бағдарламалары бойынша даярлау.
Бағдарлама аясында NVIDIA DLI сертификатталған оқытушы-амбассадорларының желісін қалыптастыру көзделген. Олар компанияның халықаралық бағдарламалары бойынша оқыту жүргізіп, ресми оқу және зертханалық материалдарды пайдалана алады. Сондай-ақ университеттерде студенттердің жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін дамытуға үлес қосады.
2026 жылғы 23 қазанда Астанада ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуангпен кездесуі өтті. Кездесу барысында министр Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы әлеуетін, жоғары білім беруді цифрлық трансформациялау бағытындағы нәтижелерін және физикалық жасанды интеллектіні (Physical AI) дамыту жөніндегі бастамасын таныстырды.
Physical AI – жасанды интеллект пен нақты физикалық ортамен өзара әрекеттесетін жүйелерді ұштастыратын бағыт. Бұл технологиялар роботтарды оқытуға, өндірістік процестерді модельдеуге, инженерлік шешімдерді виртуалды ортада сынақтан өткізуге және өнеркәсіптік нысандардың цифрлық егіздерін жасауға мүмкіндік береді. Оларды тау-кен өнеркәсібінде, энергетикада, көлікте және басқа да салаларда қолдану жаңа мүмкіндіктер ашады.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
💻️ Казахстан расширит подготовку преподавателей и студентов по программам NVIDIA
Министерство науки и высшего образования РК совместно с компанией NVIDIA развивает сотрудничество в области подготовки кадров по искусственному интеллекту и высокопроизводительным вычислениям. Одним из направлений работы стала подготовка преподавателей казахстанских вузов по международным программам NVIDIA Deep Learning Institute (DLI).
Программа предусматривает формирование сети сертифицированных преподавателей-амбассадоров NVIDIA DLI, которые смогут проводить обучение по международным программам компании, использовать официальные учебные и лабораторные материалы, а также развивать компетенции студентов в области ИИ на базе своих университетов.
23 октября 2026 года в Астане состоялась встреча министра науки и высшего образования РК Саясата Нурбек с основателем и генеральным директором NVIDIA Дженсеном Хуангом. В ходе встречи министр представил потенциал Казахстана в сфере искусственного интеллекта, результаты цифровой трансформации высшего образования и инициативу по развитию физического искусственного интеллекта (Physical AI).
Physical AI – направление на стыке искусственного интеллекта и систем, взаимодействующих с реальным физическим миром. Эти технологии позволяют обучать роботов, моделировать производственные процессы, тестировать инженерные решения в виртуальной среде и создавать цифровые двойники промышленных объектов. Их применение открывает новые возможности для горнодобывающей промышленности, энергетики, транспорта и других отраслей.
🔗 Подробнее: gov.kz
repost
⚡️Президент:
«Жалпы, кез келген реформаны іске асыру үшін заңдарды жетілдіру, саяси институттарды нығайту жеткіліксіз. Ең алдымен, сана жаңғыруға тиіс.
Еліміз орнықты дамуы үшін қоғамда жаңа этика орнығуы қажет. «Адал азамат» идеологиясы өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуы керек.
«Әрекет түбі – берекет» деген халқымыз. Сондықтан мейлінше ширақ болып, отаншыл азамат екенімізді жасампаз істермен көрсету аса маңызды.
Ал отаншыл болу – заңды құрметтеу, тәртіпке бағыну, ел игілігі үшін табанды еңбек ету деген сөз. Заңға құрметпен қарайтын адам әрқашанда табысты болады.
Мен Қазақстан әрбір азаматтың дамуына жол ашатын, жалпыға бірдей мүмкіндік беретін, бірлігі бекем, Әділетті әрі Өркениетті мемлекет болуын тілеймін.
Аталған мақсатқа жету үшін бар күш-жігерімді салып келемін және алдағы уақытта да солай болады.
Қазіргі заманның басты қуаты – білім мен ғылымда, озық инновацияларда. Жаңа технологияларды, жасанды интеллектіні терең меңгерген ел дамиды.
Мемлекетімізге мықты ғалымдар, кәсіби инженерлер, ұлағатты ұстаздар мен білікті дәрігерлер әрқашанда керек болады.
Мен ұлтымыздың көшін алға бастай алатын отаншыл азаматтарға зор үмітпен қараймын».
t.me/aqorda_resmi
repost
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Ұлттық қордың ең басты мақсаты, миссиясы – ел байлығын ұқыпты ұстау және одан әрі арттыру, сондай-ақ, оны қазіргі және келешек ұрпақтың игілігіне жарату.
Ұлттық қор көп жылдар бойы осы негізгі міндетті лайықты орындап келеді, яғни қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосуда.
Жас ұрпақтың игілігін ойласақ, бұл бағытта қазірден бастап нақты әрі батыл қадамдар жасауымыз керек. Өзекті мәселелерді кейінге қалдыруға болмайды. Әр мәселе өз шешімін табуға тиіс. Басты талап – осы. Кейінгі буынға өркениетті, озық, жаңарған мемлекетті аманат етуіміз керек. Бұл – біздің міндетіміз және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз.
Глубоко убежден, что историческая ответственность перед будущими поколениями заключается не только в том, чтобы оставить им денежные накопления на счетах, но и построить и передать потомкам качественно новую страну: технологически развитую, с сильной конкурентоспособной экономикой, современной инфраструктурой и высокими стандартами жизни, где каждый гражданин имеет возможность для самореализации.
Это наша главная задача, если хотите – миссия исторического масштаба.
Бұл – адам капиталын дамытуға, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға, яғни ел болашағына салынатын ұзақ мерзімге арналған инвестиция».
t.me/aqorda_resmi
repost
⚡️Президент:
«Еліміз ұдайы қарқынды дамуы үшін ауқымды міндеттерді сапалы әрі жедел іске асыру өте маңызды.
Азаматтарымыз толыққанды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтылуы керек. Бұл – халықтың тұрмыс сапасын көтерудің маңызды шарты.
Сондықтан басты назарды инфрақұрылым құру ісіне аударамыз.
Бұған дейін де айттым: Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуға тиіс. Мәселе жекелеген жобаларға қатысты болып отырған жоқ.
Жалпы, барлық аймақта жаппай құрылысты бастап, жандандыру қажет.
Бірінші кезекте, жан-жақты зерттеу және талдау жүргізіп, облыстардың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарына деген қажеттілігін егжей-тегжей анықтау жұмысын тез арада толығымен бітіру керек».
t.me/aqorda_resmi
repost
⚡️ Мемлекет басшысы:
«Дәл осындай құбылмалы заманға қарамастан, Қазақстан ел дамуының жаңа дәуіріне үлкен сеніммен қадам басып, кең ауқымды саяси реформаны іске асырды. Бұл – дүние жүзінде өте сирек кездесетін құбылыс.
Енді алдағы уақытта да еліміздің егемендігін нығайтуымыз керек. Бұл – қазіргі әлемдегі бұлыңғыр ахуалда ішкі тұрақтылықты сақтай отырып, өсіп-өркендеу деген сөз.
Осы жолда бүкіл қоғам, соның ішінде отаншыл, белсенді, білімді азаматтар қарқынды еңбек етуі керек. Құрылтай депутаттарына да үмітім зор.
Осындай жағдайда мемлекеттік аппарат пен құқық қорғау мекемелерінің рөлі аса маңызды екені баршаңызға түсінікті.
Басқаша айтқанда, қазіргі буын өкілдері, яғни біз келе жатқан жас ұрпақтарға жоспарлар мен тұжырымдар емес, экономикасы қуатты және қарқынды, жоғары технологиялары дамыған, білім мен ғылымға негізделген, заңды мойындайтын, жасампаз әрі озық, геосаяси тұрғыдан күші мен ықпалы бар Қазақстанды қалдыруымыз керек.
Бұл – ұлтымыздың алдында тұрған нағыз стратегиялық міндет».
t.me/aqorda_resmi
repost
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Бүгін мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жөніндегі ойларыммен бөлісемін, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталамын.
Ашығын айтсақ, бүгінде тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді қорғауға қатысты барлық мәселе әлі толықтай шешімін тапқан жоқ. Бұл – алдымызда көптеген өзекті міндет тұр деген сөз.
Жұмысты ойдағыдай орындау үшін, ең алдымен, бүкіл қоғамымыз тату болуы керек. Бірлік пен келісім болмаса, ешқандай реформа және ілгерілеу болмайтыны айдан анық.
Қазір жаһандық сын-қатерлер әлдеқайда қауіпті сипат алған кезде қоғамымызда талап пен тәртіпке басымдық беруіміз қажет.
Қазіргі таңда әлем елдері арасында ақылға қонымсыз жалған айыптаулар, астыртын текетірестер күшейді, ал алпауыт, ықпалды мемлекеттердің арасында жаппай өзара сенім дағдарысы пайда болды.
Бақылаусыз, жүйесіз көші-қон ағындары әлдеқайда көбейді, бұл бірнеше еуропалық елдің қауіпсіздігіне үлкен зиян келтіргеніне көзіміз жетті.
Біріккен Ұлттар Ұйымының абырой-беделі үлкен тоқырауға ұшырады. Халықаралық құқықтың құндылығы төмендеп кетті. Қысқасы, қазіргі әлем бұлыңғыр дәуірге аяқ басты, оның келешегі қандай болатыны туралы саясаткерлер мен сарапшылар арасында біртұтас пікір жоқ.
Күллі әлем жұртшылығы аласапыран кезеңде өмір сүріп жатыр десек, артық болмас. Мұндай күрделі, болжамсыз ахуал «қырғи-қабақ соғыс» кезінде де болмаған еді».
t.me/aqorda_resmi
repost
⚡️Мемлекет басшысы:
«Бүгін мен Мемлекет басшысы ретінде Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауымды жариялаймын.
Бұл Жолдаудың мәні де, мазмұны да айрықша.
25 қазанда ұлттық мерекеміз – Республика күнін атап өттік. Осы күні Егемендік туралы декларация қабылданды. Біз дербес ел болу жолында батыл қадам жасадық. Көп ұзамай Тәуелсіздік туын биікке көтеріп, елдігіміздің іргесін бекіттік.
Міне, биыл қасиетті Тәуелсіздігімізге 35 жыл толып жатыр. Бұл тарихи меженің ұлт шежіресінде алатын орны бөлек.
Биыл наурыз айында халқымыз мемлекеттігіміздің негізгі тірегін – Конституциямызды қабылдады. Бұл тұтас еліміз үшін тарихи мән-мағынасы терең оқиға болды.
Конституцияны бірнеше ұрпақтар арасындағы қастерлі келісім деп атауға болады. Өйткені Конституцияда Қазақстанның қазіргі бітім-болмысы мен болашақтағы бейнесі нақты айқындалды.
Азаматтарымыз жаппай қолдаған Конституция 1 шілдеде заңды күшіне еніп, еліміздің саяси жүйесінің түбегейлі жаңғыруына, жаңа билік институттарының құрылуына үлкен серпіліс берді.
Жұртымыз жарқын болашаққа бастайтын ауқымды жұмысты атқаруға белсенді түрде кірісті.
Ел өміріндегі тарихи өзгерістердің барлығы халықтың көз алдында болып жатыр. Бұл мәселе аса маңызды болса да, көп сөз айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын».
t.me/aqorda_resmi
viral
🇰🇿💻Қазақстан мен NVIDIA жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі NVIDIA компаниясымен Deep Learning Institute (DLI) бағдарламасы аясында ынтымақтастық орнатқан. Бағдарлама оқытушыларды даярлауға және сертификаттауға, сондай-ақ студенттердің жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін дамытуға бағытталған.
2026 жылғы 23 қазанда NVIDIA компаниясының негізін қалаушысы әрі бас атқарушы директоры Дженсен Хуангтың Қазақстанға сапары аясында ынтымақтастықты кеңейту қажеттілігі атап өтіліп, елімізде өңірлік NVIDIA Physical AI Hub орталығын құру ұсынылды. Бұл бастама физикалық жасанды интеллект саласында кадрлар даярлау және қолданбалы шешімдерді дамыту мақсатында университеттер мен өнеркәсіптік серіктестердің күш-жігерін біріктіруді көздейді.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
🇰🇿💻 Казахстан и NVIDIA расширяют сотрудничество в сфере искусственного интеллекта
Министерство науки и высшего образования РК сотрудничает с NVIDIA в рамках программы Deep Learning Institute (DLI), направленной на подготовку и сертификацию преподавателей, а также развитие компетенций студентов в области искусственного интеллекта.
23 октября 2026 года в рамках визита в Казахстан основателя и генерального директора NVIDIA Дженсена Хуанга была обозначена необходимость расширения сотрудничества и предложено создать в стране региональный NVIDIA Physical AI Hub. Инициатива предполагает объединение университетов и промышленных партнеров для подготовки кадров и развития прикладных решений в области физического искусственного интеллекта.
🔗 Подробнее: gov.kz
viral
📌 28 қазанда магистратураға түсуге арналған КТ және докторантураға түсу емтиханына өтініштер қабылдау басталады
28 қазанда магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге және докторантураға түсу емтиханына өтініштер қабылдау басталады. Өтініш беру ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты арқылы жүзеге асырылады.
КТ-ға өтініш беру 2026 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады. Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бейінді магистратураға түсушілерден құжаттарды қабылдау ағымдағы жылғы 28 қазан мен 10 қараша аралығында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен жүзеге асырылады.
Докторантураға түсу емтиханына (ДТЕ) қатысуға өтініш қабылдау 2026 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады. Докторантураға түсушілер ДТЕ-ге қатысу үшін өтініш бергенге дейін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыруы қажет. Докторантураға түсу үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат және шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсыну қажет. TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
📌 28 октября начнется прием заявлений на КТ для поступления в магистратуру и вступительные экзамены в докторантуру
28 октября начнется прием заявлений на участие в комплексном тестировании для поступления в магистратуру и вступительные экзамены в докторантуру. Прием заявлений осуществляется на сайте Национального центра тестирования МНВО РК app.testcenter.kz.
Прием заявлений на КТ продлится до 10 ноября 2026 года включительно. Прием документов от поступающих в профильную магистратуру по группам образовательных программ, требующих творческой подготовки будет осуществляться с 28 октября по 10 ноября текущего года организациями высшего и (или) послевузовского образования.
Прием заявлений прием заявлений для участия во вступительном экзамене в докторантуру продлится до 10 ноября 2026 года. Поступающим в докторантуру необходимо подать документы в приемную комиссию организаций высшего и (или) послевузовского образования до подачи заявления для участия в ВЭД. Для поступления в докторантуру необходимо предоставить сертификат, подтверждающий владение государственным языком по системе КАЗТЕСТ, а также сертификат, подтверждающий владение иностранным языком. Лица, имеющие сертификат TOEFL ITP сдают дополнительное тестирование на знание английского языка до начала ВЭД.
🔗 Подробнее: gov.kz
viral
🧠«AI-Sana» көрмесінде денсаулықты бақылауға арналған AI-жоба таныстырылды
«AI-Sana» көрмесі аясында С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі Айым Амангелді ер адамдардың репродуктивті денсаулығын бақылауға арналған «Әке» мобильді қосымшасын таныстырды. Жоба ер адамдардың репродуктивті денсаулығына қатысты ақпараттың қолжетімділігін арттыруға және өз денсаулығын жүйелі түрде бақылауына мүмкіндік беруге бағытталған.
Қосымша пайдаланушының бастапқы денсаулық жағдайын бағалауға арналған сауалнаманы, медициналық хаттамалар мен әдебиеттер негізінде сұрақтарға жауап беретін жасанды интеллект чат-ботын қамтиды. Сонымен қатар пайдаланушылар күнделікті денсаулық көрсеткіштерін тіркеп, ағзадағы өзгерістерді бақылап, жеті және отыз күндік кезеңдер бойынша аналитикалық мәліметтер ала алады.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
🧠 На выставке «AI-Sana» представили ИИ-проект для мониторинга здоровья
В рамках выставки «AI-Sana» выпускница Казахского национального медицинского университета имени С.Д.Асфендиярова Айым Амангелди представила мобильное приложение «Әке», предназначенное для мониторинга репродуктивного здоровья мужчин. Проект направлен на повышение доступности информации о мужском репродуктивном здоровье и предоставление возможностей для систематического отслеживания состояния своего организма.
Приложение включает анкету для первоначальной оценки состояния здоровья пользователя и чат-бот на основе искусственного интеллекта, который отвечает на вопросы, опираясь на актуальные клинические протоколы и медицинскую литературу. Кроме того, пользователи могут ежедневно фиксировать показатели здоровья, отслеживать изменения в организме и получать аналитические данные за периоды в семь и тридцать дней.
🔗 Подробнее: gov.kz
viralrepost
🇰🇿 Поздравление Президента Касым-Жомарта Токаева
с Днем Республики
Уважаемые соотечественники!
Поздравляю вас с национальным праздником – Днем Республики!
Этот праздник имеет исключительную значимость, символизируя возрождение многовековой казахской государственности.
Мы прошли большой и тернистый путь суверенного развития, наполненный знаковыми событиями и весомыми достижениями.
К 35-летию Независимости Казахстан состоялся как зрелое государство с сильной экономикой и прогрессивным обществом, уважаемая и влиятельная средняя держава.
Нынешний год открывает рубежный этап, по сути, новый цикл в летописи страны.
Мы созидаем развитое, прогрессивное, светское государство, в котором институциональная прочность и качество человеческого капитала являются залогом глобальной конкурентоспособности.
Вступление в силу Конституции стало особым с исторической точки зрения событием, привлекшим внимание международного сообщества.
Конституция придала мощный импульс обновлению системы государственного управления, коренным изменениям в политике, экономике, культуре и социальной сфере.
Опираясь на конституционные ценности, мы будем твердо следовать нашим стратегическим курсом поступательных преобразований, реализуем все стоящие перед нами задачи.
Сейчас мы планомерно внедряем передовые технологии и инновации, расширяем применение искусственного интеллекта.
Открываем современные производства, модернизируем инфраструктуру, возводим школы, больницы и другие социальные объекты. В наших планах множество проектов, направленных на повышение благополучия народа.
Но самое главное – мы как нация уверенно смотрим в будущее, сплотившись вокруг созидательных целей и вдохновляющих идеалов.
Стремление к знаниям и добросовестному труду, высокая ответственность и подлинный патриотизм становятся неотъемлемой частью мировоззрения наших граждан.
Мы строим наш общий дом, укрепляя дух нации, формируя новую общественную этику, укореняя ценности Закона и Порядка, Чистоты и Природолюбия, Единства и Согласия.
Убежден, что совместными усилиями мы упрочим наш Суверенитет, построим Справедливый, Безопасный, Прогрессивный и Чистый Казахстан.
Пусть гордо реет наш небесно-голубой флаг!
Пусть процветает наша Родина!
С Днем Республики!
t.me/aqorda_resmi
viralrepost
🇰🇿 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы
Қымбатты отандастар!
Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтаймын!
Бұл – мыңжылдықтардан тамыр тартатын қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке.
Біз егемендік жылдарында талай сын-қатерді еңсеріп, биік белестерді бағындырдық. Осылайша, еліміздің іргесін бекемдеп, елдігіміздің тұғырын нығайта түстік.
Қазақстан Тәуелсіздіктің 35 жылдық межесіне экономикасы қуатты, қоғамы жасампаз, күллі әлем қауымдастығы құрметпен қарайтын, беделі зор әрі ықпалды орта держава, өркениетті мемлекет ретінде жетіп отыр.
Биыл біз ұлт жылнамасының жаңа парағын ашып, тарихи өрлеу дәуіріне бетбұрыс жасадық.
Алдымызда тұрған мақсат – баршаға айқын. Біз мықты мемлекеттік институттары мен сапалы адам капиталы бар, жаһандық бәсекеге қабілетті, озық, дамыған, жасампаз, зайырлы ел болуымыз керек.
Осы орайда, Конституциямыздың заңды күшіне енуі халықаралық қоғамдастықтың назарын аударған, тарихи мән-мағынасы аса ерекше оқиға болды.
Конституция мемлекеттік басқару жүйесінің толығымен жаңаруына, еліміздің саяси, экономикалық, мәдени және әлеуметтік салаларында түбегейлі өзгерістер жасауға үлкен серпін берді.
Біз Конституцияда айқындалған құндылықтарға сүйене отырып, стратегиялық бағдарымыздан айнымай, міндетті түрде алға қадам басамыз, алдымызға қойған барлық міндеттерді жүзеге асырамыз.
Қазір біз озық технологиялар мен инновацияларды жүйелі дамытып, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін ел игілігіне жарата бастадық.
Заманауи өндіріс орындарын ашып, инфрақұрылымды жаңғыртып, мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандарды салып жатырмыз. Халқымыздың игілігі үшін көптеген жобаны іске асыру жоспарымызда бар.
Ең бастысы, біз алысқа көз тігетін ұлт ретінде жасампаз мақсаттар мен ұлы мұраттар жолында ұйысып, жарқын болашаққа зор сеніммен ұмтыламыз.
Бүгінде білімпаздық, адал еңбек, жоғары жауапкершілік және шынайы отаншылдық қасиеттері халқымыздың болмысына сіңіп, өмірлік дағдысына айналуда.
Біз Заң мен Тәртіп, Тазалық пен Қоршаған ортаға қамқорлық, Бірлік пен Келісім құндылықтарын кең ауқымда дәріптеп, қоғамда жаңа этика қалыптастыру ісін қолға алдық.
Осылайша, егемендігіміздің тұғырын күшейтіп, Әділетті, Қауіпсіз, Озық әрі Таза Қазақстанды құрып жатырмыз.
Еліміздің шаңырағы биік, ұлтымыздың рухы асқақ болсын!
Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіресін!
Республика күні құтты болсын!
t.me/aqorda_resmi
viral
▪️ Республика күні қарсаңында ғылым және жоғары білім саласының өкілдері марапатталды
Республика күні қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің салтанатты іс-шарасы өтті. Мерекелік жиында министрлік қызметкерлері мен ғылым және жоғары білім саласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды.
Іс-шара барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ұлттық мерекемен құттықтап, адам капиталын дамыту, сапалы білім беру мен ғылымды өркендетудің ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталды.
«Президентіміз атап өткендей, адам капиталын дамыту – еліміздің конституциялық міндеті. Ата Заңда адам капиталын, білім беру жүйесін, ғылымды және серпінді инновацияларды дамыту басымдықтарының жоғары конституциялық деңгейде бекітілуі – маңызды қадам. Бұл ел дамуының жаңа бағдарларын айқындап, оның өзегіне адамды, оның білімі мен кәсіби құзыреттерін, зияткерлік әлеуетін толық іске асыру мүмкіндігін қояды. Отандық ғылым мен жоғары білім саласы үшін бұл өзгерістер сапалы кадрлар даярлауға, заманауи ғылыми-зерттеу ортасын дамытуға және озық инновацияларды енгізуге қолайлы экожүйе қалыптастыруға бағытталған жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді», - деді министр.
Министрліктегі салтанатты іс-шара аясында ғылым мен жоғары білімнің дамуына үлес қосқан азаматтарға «Құрмет» ордені, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі, сондай-ақ «Қаныш Сәтбаев», «Жоғары білім беру саласына қосқан үлесі үшін» және «Еңбек ардагері» ведомстволық наградалары табысталды.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
▪️ В преддверии Дня Республики наградили представителей сферы науки и высшего образования
В преддверии Дня Республики состоялось торжественное мероприятие Министерства науки и высшего образования РК. В ходе праздничной церемонии государственные и ведомственные награды были вручены сотрудникам министерства и гражданам, внесшим значительный вклад в развитие науки и высшего образования.
Министр науки и высшего образования Саясат Нурбек поздравил собравшихся с национальным праздником и подчеркнул важность развития человеческого капитала, качественного образования и науки для будущего страны.
«Как отметил наш Президент, развитие человеческого капитала – конституционная обязанность государства. Закрепление в Конституции приоритетов развития человеческого капитала, системы образования, науки и передовых инноваций на высшем конституционном уровне – важный шаг. Это определяет новые ориентиры развития страны, в центре которых находится человек, его знания и профессиональные компетенции, а также возможности для полной реализации интеллектуального потенциала. Для отечественной науки и высшего образования эти изменения означают начало нового этапа, направленного на подготовку квалифицированных кадров, развитие современной научно-исследовательской среды и формирование благоприятной экосистемы для внедрения передовых инноваций», - отметил министр.
В рамках торжественного мероприятия в министерстве гражданам, внесшим вклад в развитие науки и высшего образования, были вручены орден «Құрмет», почетное звание «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», медаль «Ерен еңбегі үшін», нагрудный знак «Мемлекеттік қызмет ардагері», а также ведомственные награды «Қаныш Сәтбаев», «Жоғары білім беру саласына қосқан үлесі үшін» и «Еңбек ардагері».
🔗 Подробнее: gov.kz
repost
Глава NVIDIA высоко оценил поставленную Президентом в самом начале новой индустриальной революции стратегическую цель превратить Казахстан в AI-нацию, государство, ориентированное на развитие и повсеместное внедрение искусственного интеллекта
✔️Кроме того, Дженсен Хуанг предложил сделать Казахстан Хабом мирового Physical AI.
– Для развития искусственного интеллекта необходимы прежде всего энергетические ресурсы, а также люди, обладающие знаниями в области науки, математики и технологий. Казахстан располагает значительным потенциалом для развития каждого из этих направлений, – сказал Дженсен Хуанг.
✔️Он также указал на значительный прогресс, достигнутый за последний год в рамках сотрудничества NVIDIA с Казахстаном, отдельно остановившись на укреплении связей с технологическими компаниями.
– За последний год наше сотрудничество принесло значительные результаты. Мы развиваем партнерские отношения с казахстанскими компаниями, включая Firebird AI KZ Ltd и Казахтелеком, а также поддерживаем Higgsfield – первого казахстанского технологического единорога, который стал заметным участником глобальной технологической экосистемы. Я очень впечатлен и горжусь той работой, которую мы проделали вместе. Это лишь начало долгого пути. Я благодарен за то, что ваша страна решила сотрудничать с нами, – резюмировал руководитель компании.
t.me/aqorda_resmi
repost
NVIDIA жетекшісі Президенттің жаңа өнеркәсіптік революцияның бастапқы кезеңінде Қазақстанды жасанды интеллект елі ретінде өркендету жөніндегі стратегиялық мақсатын жоғары бағалады
✔️Бұл бастама жасанды интеллектіні дамытуға және оны кеңінен енгізуге бағытталған.
✔️Бұдан бөлек, компания басшысы Қазақстанды Physical AI әлемдік хабына айналдыруды ұсынды.
– Жасанды интеллектіні дамыту үшін, ең алдымен, мол қуат көзі, сондай-ақ ғылым, математика мен технология салаларында білім-білігі жоғары мамандар керек. Осы бағыттардың әрқайсысын дамытуға Қазақстанның әлеуеті жеткілікті, – деді Дженсен Хуанг.
✔️Сондай-ақ ол NVIDIA компаниясының елімізбен ықпалдастығы аясында кейінгі жылдары елеулі табысқа қол жеткізілгеніне, технологиялық компаниялармен байланыстар нығая түскеніне назар аударды.
– Соңғы жылы өзара қарым-қатынасымыз өте нәтижелі болды. Біз қазақстандық, соның ішінде Firebird AI KZ Ltd және «Қазақтелеком» компанияларымен серіктестік байланыстарды дамыта бастадық. Сонымен бірге Қазақстанның алғашқы технологиялық сыңармүйізі саналатын Higgsfield компаниясына қолдау көрсетеміз. Бұл жоба жаһандық технологиялық экожүйеде ойып тұрып орын алды. Бірге атқарған жұмыстарымызға дән ризамын. Бұл біз еңсеретін жолдың басы ғана. Еліңіздің компаниямызбен ынтымақтастық орнатқанына қуанамын, – деді компания жетекшісі.
t.me/aqorda_resmi
repost
Глава государства принял сооснователя и президента компании NVIDIA Дженсена Хуанга
📌 В ходе встречи в Акорде Президент Касым-Жомарт Токаев подчеркнул значимость визита президента компании NVIDIA для укрепления двустороннего сотрудничества и выразил признательность за его личный вклад в развитие отечественной экосистемы искусственного интеллекта.
– Этот визит имеет для нас большое значение с точки зрения придания серьезного импульса сотрудничеству с NVIDIA. Я хотел бы лично поблагодарить Вас за вклад в укрепление нашего партнерства и за то, что Вы делаете для Казахстана, – отметил Глава государства.
✔️Касым-Жомарт Токаев назвал развитие искусственного интеллекта и цифровизации в качестве национального приоритета, а также напомнил, что текущий год объявлен в стране Годом цифровизации и искусственного интеллекта.
✔️Президент приветствовал партнерство NVIDIA с компанией Higgsfield. По его словам, Казахстан гордится тем, что компания является частью отечественного технологического проекта.
t.me/aqorda_resmi
repost
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
📌 Ақордада өткен кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA басшысы сапарының екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы маңызын атап өтіп, оның отандық жасанды интеллект экожүйесін дамытуға қосқан үлесіне ризашылық білдірді.
– NVIDIA компаниясымен ықпалдастыққа соны серпін беру тұрғысынан сапарыңыздың мәні зор. Серіктестігімізді нығайту жолындағы және Қазақстанның игілігі үшін атқарып жатқан еңбегіңізге алғыс айтқым келеді, – деді Мемлекет басшысы.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуды ұлттық басымдық ретінде атады, сондай-ақ биыл елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы жарияланғанын еске салды.
✔️Мемлекет басшысы NVIDIA мен Higgsfield компаниялары арасындағы әріптестікті қуаттайды. Оның айтуынша, халқымыз аталған компанияның отандық технологиялық жобаларға атсалысқанын құп көреді.
t.me/aqorda_resmi
🔋ҚазҰУ-да аккумуляторларды қайта өңдеу цехы ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде пайдаланылған литий-ионды аккумуляторларды қайта өңдеуге арналған пилоттық цех ашылды. Жаңа өндірістік алаңда аккумуляторларды қайта өңдеу және олардың құрамындағы бағалы металдар мен басқа да пайдалы материалдарды бөліп алу технологиялары сынақтан өткізіледі.
Салтанатты ашылу рәсіміне университет басшылығы, отандық және шетелдік ғалымдар, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. Жоба қоршаған ортаны қорғауға және қалдықтарды тиімді басқаруға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасының мақсаттарына сәйкес келеді.
Жиында ҚазҰУ Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Алина Галеева ғылыми зерттеулерді дамыту және инновациялық технологияларды өндіріске енгізу маңыздылығына тоқталды.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
🔋В КазНУ открылся цех по переработке аккумуляторов
В Казахском национальном университете имени аль-Фараби открылся пилотный цех по переработке использованных литий-ионных аккумуляторов. На новой производственной площадке будут испытывать технологии переработки аккумуляторов и извлечения из их состава ценных металлов и других полезных материалов.
В церемонии открытия приняли участие руководство университета, отечественные и зарубежные ученые, профессорско-преподавательский состав и студенты. Проект соответствует целям общенациональной экологической инициативы «Таза Қазақстан», направленной на охрану окружающей среды и эффективное управление отходами.
На мероприятии член Правления КазНУ – проректор по академическим вопросам Алина Галеева отметила важность развития научных исследований и внедрения инновационных технологий в производство.
🔗 Подробнее: gov.kz
repost
Почетного звания «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» удостоен:
🟦Владимир Денисов — президент авиакомпании SCAT.
Нагрудным знаком «Мемлекеттік қызмет ардагері» награждены:
🟦Олег Федоров — заведующий Отделом Аппарата Правительства.
🟦Загифа Хамитова — заместитель заведующего Отделом Аппарата Правительства.
Кроме того, за профессиональные достижения ряд граждан были отмечены благодарственными письмами Премьер-министра.
📱 @KZgovernment
repost
Медалью «Ерен еңбегі үшін» награждены:
🟦Ергали Абдурайымов – генеральный директор АО «Национальный холдинг QazBioPharm;
🟦Абылайхан Оспанов – управляющий директор АО «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»;
🟦Бакытжан Жунисбеков – председатель Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства промышленности и строительства;
🟦Жаныл Умбетьярова – председатель правления АО «Международный аэропорт имени Хиуаз Доспановой»;
🟦Малик Саулебай – генеральный директор РГП «Казахстанский институт стандартизации и метрологии»;
🟦Айгуль Акимбаева – управляющий директор АО «KEGOC»;
🟦Сейилбек Нурумбетов – председатель Комитета по регулированию, охране и использованию водных ресурсов Министерства водных ресурсов и ирригации;
🟦Ерболат Кожиков – председатель Комитета экологического регулирования и контроля Министерства экологии и природных ресурсов;
🟦Талгат Сапаргалиев – региональный инспектор Аппарата Правительства;
Канат Ерубаев – председатель Комитета геологии Министерства промышленности и строительства;
🟦Дамир Сейсембеков – председатель Комитета телекоммуникаций Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития;
🟦Ержан Актаев – заместитель председателя Комитета государственных услуг Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития;
🟦Олжас Алибеков – заместитель председателя Комитета промышленности Министерства промышленности и строительства;
🟦Еркин Уйсимбаев – региональный инспектор Аппарата Правительства;
🟦Умитжан Арыкбекова – заместитель председателя Комитета информационной безопасности Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития;
🟦Айман Рахимова – главный консультант Аппарата Правительства;
🟦Эльмира Асан – заместитель председателя Комитета языковой политики Министерства науки и высшего образования;
🟦Анар Бекбаева – заместитель председателя Комитета по развитию межэтнических отношений Министерства культуры и информации;
🟦Сауле Сарсенова – заведующая сектором Аппарата Правительства
🟦Жанна Есинбаева – заместитель председателя Комитета высшего и послевузовского образования Министерства науки и высшего образования;
🟦Айгерим Байзакова – заведующая сектором Аппарата Правительства.
🟦Сарсен Жарылгасов – заместитель председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта;
🟦Мейрамгуль Жанысова – заведующая сектором Аппарата Правительства;
🟦Канат Жеңісбекұлы – заместитель председателя Комитета по защите прав потребителей Министерства торговли и интеграции;
🟦Сунгат Жуматов – заведующий сектором Аппарата Правительства;
🟦Жанар Нуржанова – управляющий директор АО «Казатомпром»;
🟦Габдолла Жунисов – заместитель заведующего отделом Аппарата Правительства;
🟦Бакытжан Таубаев – управляющий директор АО «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»;
🟦Юлия Овечкина – заместитель председателя Комитета по охране прав детей Министерства просвещения;
🟦Абай Кунанбаев – заведующий сектором Аппарата Правительства.
🟦Нурбек Сериков – заместитель председателя Комитета водного хозяйства Министерства водных ресурсов и ирригации;
🟦Айгуль Омарова – главный консультант Аппарата Правительства.
🟦Эльмира Тілләбайқызы– заместитель председателя Комитета миграции Министерства труда и социальной защиты населения;
🟦Мейрман Усупов – главный инспектор Аппарата Правительства.
🟦Акмарал Сламова – главный инспектор Аппарата Правительства.
🟦Ерден Ибраев – заместитель председателя Аэрокосмического комитета Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития;
🟦Аслан Тургалиев – главный инспектор Аппарата Правительства.
🟦Алтынай Туякова – заведующая сектором Аппарата Правительства.
🟦Серикбол Шалданбаев – главный инспектор Аппарата Правительства.