💻️ Қазақстан NVIDIA бағдарламалары бойынша оқытушылар мен студенттерді даярлау ауқымын кеңейтеді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі NVIDIA компаниясымен бірлесіп, жасанды интеллект және жоғары өнімді есептеулер саласында кадрлар даярлау бағытындағы ынтымақтастықты дамытып келеді. Осы жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушыларын NVIDIA Deep Learning Institute (DLI) халықаралық бағдарламалары бойынша даярлау. Бағдарлама аясында NVIDIA DLI сертификатталған оқытушы-амбассадорларының желісін қалыптастыру көзделген. Олар компанияның халықаралық бағдарламалары бойынша оқыту жүргізіп, ресми оқу және зертханалық материалдарды пайдалана алады. Сондай-ақ университеттерде студенттердің жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін дамытуға үлес қосады. 2026 жылғы 23 қазанда Астанада ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуангпен кездесуі өтті. Кездесу барысында министр Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы әлеуетін, жоғары білім беруді цифрлық трансформациялау бағытындағы нәтижелерін және физикалық жасанды интеллектіні (Physical AI) дамыту жөніндегі бастамасын таныстырды. Physical AI – жасанды интеллект пен нақты физикалық ортамен өзара әрекеттесетін жүйелерді ұштастыратын бағыт. Бұл технологиялар роботтарды оқытуға, өндірістік процестерді модельдеуге, инженерлік шешімдерді виртуалды ортада сынақтан өткізуге және өнеркәсіптік нысандардың цифрлық егіздерін жасауға мүмкіндік береді. Оларды тау-кен өнеркәсібінде, энергетикада, көлікте және басқа да салаларда қолдану жаңа мүмкіндіктер ашады. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 💻️ Казахстан расширит подготовку преподавателей и студентов по программам NVIDIA Министерство науки и высшего образования РК совместно с компанией NVIDIA развивает сотрудничество в области подготовки кадров по искусственному интеллекту и высокопроизводительным вычислениям. Одним из направлений работы стала подготовка преподавателей казахстанских вузов по международным программам NVIDIA Deep Learning Institute (DLI). Программа предусматривает формирование сети сертифицированных преподавателей-амбассадоров NVIDIA DLI, которые смогут проводить обучение по международным программам компании, использовать официальные учебные и лабораторные материалы, а также развивать компетенции студентов в области ИИ на базе своих университетов. 23 октября 2026 года в Астане состоялась встреча министра науки и высшего образования РК Саясата Нурбек с основателем и генеральным директором NVIDIA Дженсеном Хуангом. В ходе встречи министр представил потенциал Казахстана в сфере искусственного интеллекта, результаты цифровой трансформации высшего образования и инициативу по развитию физического искусственного интеллекта (Physical AI). Physical AI – направление на стыке искусственного интеллекта и систем, взаимодействующих с реальным физическим миром. Эти технологии позволяют обучать роботов, моделировать производственные процессы, тестировать инженерные решения в виртуальной среде и создавать цифровые двойники промышленных объектов. Их применение открывает новые возможности для горнодобывающей промышленности, энергетики, транспорта и других отраслей. 🔗 Подробнее: gov.kz