📌 28 қазанда магистратураға түсуге арналған КТ және докторантураға түсу емтиханына өтініштер қабылдау басталады 28 қазанда магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге және докторантураға түсу емтиханына өтініштер қабылдау басталады. Өтініш беру ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. КТ-ға өтініш беру 2026 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады. Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бейінді магистратураға түсушілерден құжаттарды қабылдау ағымдағы жылғы 28 қазан мен 10 қараша аралығында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен жүзеге асырылады. Докторантураға түсу емтиханына (ДТЕ) қатысуға өтініш қабылдау 2026 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады. Докторантураға түсушілер ДТЕ-ге қатысу үшін өтініш бергенге дейін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыруы қажет. Докторантураға түсу үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат және шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсыну қажет. TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 📌 28 октября начнется прием заявлений на КТ для поступления в магистратуру и вступительные экзамены в докторантуру 28 октября начнется прием заявлений на участие в комплексном тестировании для поступления в магистратуру и вступительные экзамены в докторантуру. Прием заявлений осуществляется на сайте Национального центра тестирования МНВО РК app.testcenter.kz. Прием заявлений на КТ продлится до 10 ноября 2026 года включительно. Прием документов от поступающих в профильную магистратуру по группам образовательных программ, требующих творческой подготовки будет осуществляться с 28 октября по 10 ноября текущего года организациями высшего и (или) послевузовского образования. Прием заявлений прием заявлений для участия во вступительном экзамене в докторантуру продлится до 10 ноября 2026 года. Поступающим в докторантуру необходимо подать документы в приемную комиссию организаций высшего и (или) послевузовского образования до подачи заявления для участия в ВЭД. Для поступления в докторантуру необходимо предоставить сертификат, подтверждающий владение государственным языком по системе КАЗТЕСТ, а также сертификат, подтверждающий владение иностранным языком. Лица, имеющие сертификат TOEFL ITP сдают дополнительное тестирование на знание английского языка до начала ВЭД. 🔗 Подробнее: gov.kz