ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 60.5K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60.5K −100 24h
Reach per post (ERR) 2.2%1.3K avg views
Posting 6.1/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.1 👍 ❤ 🔥
viral · 2.7× typical

▪️ Республика күні қарсаңында ғылым және жоғары білім саласының өкілдері марапатталды Республика күні қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің салтанатты іс-шарасы өтті. Мерекелік жиында министрлік қызметкерлері мен ғылым және жоғары білім саласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды. Іс-шара барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ұлттық мерекемен құттықтап, адам капиталын дамыту, сапалы білім беру мен ғылымды өркендетудің ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталды. «Президентіміз атап өткендей, адам капиталын дамыту – еліміздің конституциялық міндеті. Ата Заңда адам капиталын, білім беру жүйесін, ғылымды және серпінді инновацияларды дамыту басымдықтарының жоғары конституциялық деңгейде бекітілуі – маңызды қадам. Бұл ел дамуының жаңа бағдарларын айқындап, оның өзегіне адамды, оның білімі мен кәсіби құзыреттерін, зияткерлік әлеуетін толық іске асыру мүмкіндігін қояды. Отандық ғылым мен жоғары білім саласы үшін бұл өзгерістер сапалы кадрлар даярлауға, заманауи ғылыми-зерттеу ортасын дамытуға және озық инновацияларды енгізуге қолайлы экожүйе қалыптастыруға бағытталған жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді», - деді министр. Министрліктегі салтанатты іс-шара аясында ғылым мен жоғары білімнің дамуына үлес қосқан азаматтарға «Құрмет» ордені, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі, сондай-ақ «Қаныш Сәтбаев», «Жоғары білім беру саласына қосқан үлесі үшін» және «Еңбек ардагері» ведомстволық наградалары табысталды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ▪️ В преддверии Дня Республики наградили представителей сферы науки и высшего образования В преддверии Дня Республики состоялось торжественное мероприятие Министерства науки и высшего образования РК. В ходе праздничной церемонии государственные и ведомственные награды были вручены сотрудникам министерства и гражданам, внесшим значительный вклад в развитие науки и высшего образования. Министр науки и высшего образования Саясат Нурбек поздравил собравшихся с национальным праздником и подчеркнул важность развития человеческого капитала, качественного образования и науки для будущего страны. «Как отметил наш Президент, развитие человеческого капитала – конституционная обязанность государства. Закрепление в Конституции приоритетов развития человеческого капитала, системы образования, науки и передовых инноваций на высшем конституционном уровне – важный шаг. Это определяет новые ориентиры развития страны, в центре которых находится человек, его знания и профессиональные компетенции, а также возможности для полной реализации интеллектуального потенциала. Для отечественной науки и высшего образования эти изменения означают начало нового этапа, направленного на подготовку квалифицированных кадров, развитие современной научно-исследовательской среды и формирование благоприятной экосистемы для внедрения передовых инноваций», - отметил министр. В рамках торжественного мероприятия в министерстве гражданам, внесшим вклад в развитие науки и высшего образования, были вручены орден «Құрмет», почетное звание «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», медаль «Ерен еңбегі үшін», нагрудный знак «Мемлекеттік қызмет ардагері», а также ведомственные награды «Қаныш Сәтбаев», «Жоғары білім беру саласына қосқан үлесі үшін» и «Еңбек ардагері». 🔗 Подробнее: gov.kz

Views over time

01K2K3K23 Oct 14:1212 Nov 09:172.4K23 Oct 14:12: 0 views12 Nov 09:17: 2,380 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
23 Oct 2026, 14:120
12 Nov 2026, 09:172.4K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.