ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%915 avg views
Posting 8.4/day last 50 minutes ago
Reactions per 1K views 6.9 👍 ❤ 🔥
  1. repost

    От имени Президента Олжас Бектенов вручил государственные награды в преддверии Дня Республики 📌 В преддверии главного общенационального праздника – Дня Республики Премьер-министр Олжас Бектенов от имени Президента Касым-Жомарта Токаева вручил государственные награды гражданам, внесшим значительный вклад в социально-экономическое развитие страны. «Под руководством Президента Касым-Жомарта Токаева в Казахстане успешно реализованы масштабные политические реформы. Важным этапом в укреплении государственности стало вступление в силу новой Конституции, сопровождавшееся коренным обновлением системы государственного управления. Благодаря единству, созидательной энергии и активному участию граждан Казахстан достойно прошел важнейшие этапы политических преобразований и приступил к реализации новых инициатив, направленных на повышение благосостояния населения», — отметил Олжас Бектенов. Премьер-министр подчеркнул, что за каждым значимым достижением страны стоит ежедневный труд людей, преданных своему делу. Государственные награды являются признанием их заслуг и высокой оценкой вклада в развитие Казахстана. Особое внимание уделено роли человека труда и ценностям «Адал азамат», в основе которой лежат трудолюбие, ответственность и стремление к знаниям. Дальнейшее развитие страны требует совместных усилий государства и общества в реализации курса Президента на построение Справедливого и Прогрессивного Казахстана. В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан государственными наградами и почетным званием отмечен ряд граждан. Орденом «Барыс» III степени награжден: 🟦Тимур Карагойшин – генеральный директор РГП «Государственная вневедомственная экспертиза проектов». Орденом «Достық» II степени награжден: 🟦Николай Подгузов – председатель правления Евразийского банка развития. Орденом «Құрмет» награждены: 🟦Ростислав Коняшкин – первый вице-министр искусственного интеллекта и цифрового развития. 🟦Шынгыс Оразалимов – заместитель председателя правления АО «Национальные информационные технологии». 🟦Дияр Нусипкожанов – руководитель аппарата АО «НК «Қазақстан темір жолы».

  2. repost
    +2

    Олжас Бектенов Республика күні қарсаңында Президент атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті 📌 Басты жалпыұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыс етті. «Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен бәріміз бір ел болып, ауқымды саяси реформаларды табысты жүзеге асырдық. Егемендіктің берік тұғырына айналған жаңа Конституциямыз заңды күшіне еніп, мемлекеттік басқару жүйесі түбегейлі қайта жаңғырды. Қазақстан азаматтарының жасампаз рухының арқасында бірегей саяси оқиғаларды жауапкершілікпен әрі жоғары ұйымшылдықпен атқарып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін аса маңызды бастамаларды қолға алдық», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Премьер-министр еліміздің әрбір маңызды жетістігі өз ісіне шынайы берілген адамдардың күнделікті еңбегіне байланысты екенін атап өтті. Мемлекеттік наградалар – еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтарымыздың қажырлы еңбектеріне деген құрмет пен лайықты бағалаудың көрінісі. Еңбек адамының рөліне және «Адал азамат» құндылықтарына ерекше мән берілді. Бұл идеяның негізінде еңбекқорлық, іскерлік, жауапкершілік пен білімге деген ұмтылыс жатыр. Еліміздің одан әрі дамуы Президенттің Әділетті, Озық, Күшті әрі Таза Қазақстанды құру бағытын жүзеге асыруда барлық қазақстандықтардың бірлескен күш-жігерін қажет етеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар мен құрметті атақ берілді. Марапатталғандар: ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен 🟦Тимур Қарағойшин – «Мемлекеттік ведомстводан тыс жобаларға сараптама» РМКҚ бас директоры. ІІ дәрежелі «Достық» орденімен 🟦Николай Подгузов – Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы. «Құрмет» орденімен 🟦Ростислав Коняшкин – Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі; 🟦Шыңғыс Оразәлімов – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары; 🟦Дияр Нүсіпқожанов – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ аппарат басшысы.

  3. 🧠 Студенттік GhostTech жобасы HackAlem AI хакатонының «Білім беру» бағыты бойынша жеңімпаз атанды 23 қазанда жасанды интеллект негізінде инновациялық шешімдер әзірлеуге мыңдаған қатысушыны біріктірген HackAlem AI халықаралық хакатоны жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры Дженсен Хуанг қатысты. Рәсімнің басында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйлеп, жасанды интеллектіні дамытудың, дарынды жастарды қолдаудың және инновациялық идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік жасаудың маңызын атап өтті. Іс-шара аясында министр «Білім беру» бағыты бойынша жеңімпаз атанған GhostTech жобасының авторы Ян Құрманбаевқа марапат табыстады. GhostTech – нақты бизнес міндеттері бар кәсіпкерлер мен сол міндеттерді шешуге дайын студенттік командаларды біріктіретін платформа. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🧠 Студенческий проект GhostTech стал победителем HackAlem AI в треке «Образование» 23 октября состоялась церемония награждения победителей международного хакатона HackAlem AI, объединившего тысячи участников для разработки инновационных решений на основе искусственного интеллекта. В мероприятии принял участие основатель и генеральный директор NVIDIA Дженсен Хуанг. В начале церемонии министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек выступил с приветственным словом, подчеркнув важность развития искусственного интеллекта, поддержки талантливой молодежи и создания возможностей для реализации инновационных идей. В рамках церемонии министр вручил награду победителю трека «Образование» – автору проекта GhostTech Яну Курманбаеву. GhostTech представляет собой платформу, объединяющую предпринимателей с конкретными бизнес-задачами и студенческие команды, готовые предлагать решения и работать над практическими проектами. 🔗 Подробнее: gov.kz

  4. +5

    💻️ КАЗАХСТАН ПРЕДЛОЖИЛ СОЗДАТЬ РЕГИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР NVIDIA ПО ФИЗИЧЕСКОМУ ИСКУССТВЕННОМУ ИНТЕЛЛЕКТУ В Международном центре искусственного интеллекта alem.ai в Астане состоялась встреча с основателем и генеральным директором NVIDIA Дженсеном Хуангом. В рамках мероприятия на площадке Qazaq AI Research University (QAIRU) министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек представил потенциал страны в сфере искусственного интеллекта, результаты цифровой трансформации высшего образования и предложения по расширению сотрудничества с NVIDIA. Ключевой инициативой стало предложение о создании в Казахстане регионального центра NVIDIA по физическому искусственному интеллекту и симуляционным технологиям – NVIDIA Physical AI Hub в Центральной Азии, который объединит образовательный и научный потенциал университетов, технологические возможности NVIDIA и потребности реального сектора экономики. Физический искусственный интеллект (Physical AI) – одно из перспективных направлений развития ИИ, предполагающее использование интеллектуальных систем в реальном мире. Такие технологии позволяют моделировать физические процессы, обучать робототехнические системы, тестировать инженерные решения в виртуальной среде и создавать цифровые двойники промышленных объектов. В своем выступлении министр подчеркнул, что Казахстан последовательно развивает цифровую инфраструктуру и систему подготовки специалистов, создавая основу для перехода от освоения технологий искусственного интеллекта к разработке и внедрению собственных технологических решений. «Мы рассматриваем технологии физического искусственного интеллекта, цифровых двойников и симуляционного моделирования как важнейшую основу для будущего промышленного сектора Казахстана и развития умных городов», - отмечает он. Предлагаемый NVIDIA Physical AI Hub планируется сформировать на базе QAIRU с участием казахстанских университетов, филиалов зарубежных вузов и технологических партнеров. В структуре центра предполагается развивать региональную площадку NVIDIA DLI, сеть университетских лабораторий и совместные с промышленными предприятиями площадки для разработки и тестирования решений на базе NVIDIA Omniverse и Isaac. 🔗 Подробнее: gov.kz

  5. 💻️ ҚАЗАҚСТАН NVIDIA-НЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУДЫ ҰСЫНДЫ Астанадағы alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры Дженсен Хуангпен кездесу өтті. Іс-шара аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Qazaq AI Research University (QAIRU) алаңында Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы әлеуетін, жоғары білім беруді цифрлық трансформациялау нәтижелерін және NVIDIA компаниясымен ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі ұсыныстарды таныстырды. Басты бастамалардың бірі – Қазақстанда NVIDIA-ның физикалық жасанды интеллект пен симуляциялық технологиялар жөніндегі өңірлік орталығын – NVIDIA Physical AI Hub құру ұсынысы. Physical AI Hub Орталық Азиядағы университеттердің білім беру және ғылыми әлеуетін, NVIDIA компаниясының технологиялық мүмкіндіктерін және экономиканың нақты секторының қажеттіліктерін бір арнаға тоғыстыруға бағытталған. Физикалық жасанды интеллект (Physical AI) – интеллектуалды жүйелерді практикада қолдануға мүмкіндік беретін, қарқынды дамып келе жатқан ЖИ бағыттарының бірі. Бұл технологиялар физикалық үдерістерді модельдеуге, робототехникалық жүйелерді үйретуге, инженерлік шешімдерді виртуалды ортада сынақтан өткізуге және өнеркәсіптік нысандардың цифрлық егіздерін жасауға мүмкіндік береді. Министр өз сөзінде Қазақстан цифрлық инфрақұрылымды және мамандар даярлау жүйесін жүйелі түрде дамытып келе жатқанын атап өтті. Бұл жасанды интеллект технологияларын меңгеруден бастап, отандық технологиялық шешімдерді әзірлеу мен енгізуге көшуге негіз қалайды. «Біз физикалық жасанды интеллект, цифрлық егіздер және симуляциялық модельдеу технологияларын Қазақстанның өнеркәсіптік секторының болашағы мен ақылды қалаларды дамыту үшін аса маңызды негіз ретінде қарастырамыз», - деді Саясат Нұрбек. Ұсынылып отырған NVIDIA Physical AI Hub орталығын қазақстандық университеттердің, шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының және технологиялық серіктестердің қатысуымен QAIRU базасында құру жоспарланып отыр. Орталық аясында NVIDIA DLI өңірлік алаңын, университеттік зертханалар желісін және NVIDIA Omniverse пен Isaac технологиялары негізінде шешімдер әзірлеу мен сынақтан өткізуге арналған өнеркәсіптік кәсіпорындармен бірлескен алаңдарды дамыту көзделеді. 🔗 Толығырақ: gov.kz

  6. repost

    ⚡️Касым-Жомарт Токаев: «В этот знаменательный день мы воздаем должное Сергею Николаевичу Пустыльникову – механизатору из района Шал акына Северо-Казахстанской области. На протяжении трех десятилетий он плодотворно трудится на ниве сельского хозяйства и передает свой богатый опыт подрастающему поколению. За успехи в труде и верность призванию Сергей Николаевич Пустыльников награждается орденом «Еңбек Даңқы» ІІІ степени. Мы уделяем особое внимание укреплению здоровья нации и воспитанию интеллектуально развитого поколения. Наш долг – всесторонняя поддержка педагогов и медицинских работников, глубокое уважение к их труду. Сегодня старшая медсестра Анар Рахманбековна Абдыкулова и почетный педагог Салима Ибраимовна Жумамуратова награждаются медалью «Шапағат». Общественное согласие – нерушимая гарантия нашего суверенитета. Орденом «Ел бірлігі» будет отмечена группа граждан, которые плодотворно трудятся во имя укрепления единства и согласия в нашей стране. Государственных наград удостоены граждане, которые внесли и продолжают вносить особый вклад в поступательное развитие Казахстана. В том числе 129 ветеранов труда, 473 труженика промышленности, транспорта, строительства, сельского хозяйства и других отраслей, свыше 200 представителей малого и среднего бизнеса, более 150 педагогов и ученых, около 120 медицинских работников и другие наши соотечественники. Поздравляю всех с заслуженными наградами!» t.me/aqorda_resmi

  7. repost

    ⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Осы айтулы күнде біз Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданынан келген механизатор Сергей Николаевич Пустыльниковке лайықты құрмет көрсетеміз. Ол отыз жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында жемісті жұмыс істеп, жиған тәжірибесін жас буынға үйретіп келеді. Адал еңбегі мен толайым табысы үшін Сергей Николаевич Пустыльников ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталады. Біз ұлт саулығын нығайту және зияткер ұрпақ тәрбиелеу ісіне баса мән беріп отырмыз. Ұстаздар мен дәрігерлер қауымына жан-жақты қолдау көрсету және олардың еңбегіне зор құрметпен қарау – маңызды міндет. Бүгін аға мейірбике Анар Рахманбекқызы Әбдіқұловаға және ұлағатты ұстаз Сәлима Ибраиымқызы Жұмамұратоваға «Шапағат» медалі табысталады. Қоғамдық келісім – егемендігіміздің мызғымас кепілі. Бүгін ырысты ынтымағымызды нығайту жолында жемісті еңбек етіп жүрген бір топ азаматқа «Ел бірлігі» ордені табысталады. Сонымен бірге бүгін мемлекетімізді көркейтуге белсене атсалысқан, адал еңбегімен көпке үлгі болған 2 мыңнан астам азамат марапатталады. Соның ішінде 270-ке жуық білім-ғылым, денсаулық сақтау саласының қызметкеріне, 473 жұмысшы мамандығы өкілдеріне және 129 еңбек ардагеріне, сондай-ақ, 200-ден астам шағын және орта бизнес өкіліне мемлекеттік награда тапсырылады. Бәріңізге құтты болсын!» t.me/aqorda_resmi

  8. repost

    ⚡️Президент: «День Республики – это уникальный общенациональный праздник, который объединяет всех наших граждан. Суверенитет и Независимость – наше самое дорогое достояние, наивысшие ценности! Поэтому сохранение и укрепление нашей государственности – наш священный долг. Благодаря твердой воле и стойкости наших предков мы обрели Суверенитет. Память о героях, отдавших жизнь за Независимость и самоотверженно сражавшихся за свободу, навсегда останется в наших сердцах. Старшее поколение выдержало все удары судьбы, преодолело трудности и опасности, продолжая упорно трудиться на благо страны. Все наши соотечественники, особенно молодежь, начали глубоко понимать историю своей страны, относиться к ней с истинным уважением. Это весьма позитивная тенденция. Действительно, историю нельзя рассматривать однобоко. Наше прошлое – это летопись великих побед, славного наследия и непревзойденных традиций. Богатая событиями история нашей страны написана отважными, преданными своему делу, яркими личностями. Их жизнь и идеалы служат примером для подрастающего поколения. В конечном счете, наша страна крепнет благодаря государственникам, патриотам, интеллигентным, ответственными и трудолюбивым людям». t.me/aqorda_resmi

  9. repost

    ⚡️Президент: «Республика күні – күллі халқымыздың басын қосатын, жалпыұлттық сипаты бар бірегей мереке. Егемендік пен Тәуелсіздік – бәрінен қымбат қазынамыз, ең асыл құндылығымыз! Сондықтан мемлекеттігімізді күшейтіп, еліміздің іргесін бекіте түсу – баршамыздың қасиетті борышымыз. Біз егемендікке ата-бабаларымыздың бойындағы мықты ерік-жігер мен өшпес рухтың арқасында қол жеткіздік. Халқымыз Тәуелсіздік жолында құрбан болған ерлердің, бостандық үшін жанқиярлықпен күрескен тұлғалардың есімін әрқашан жадында сақтайды. Аға буын тар жол, тайғақ кешуден өтсе де, барлық сын-қатерді еңсеріп, ел үшін қажырлы қызмет етті. Халқымыз, әсіресе жастарымыз төл шежіремізді терең танып, оған құрметпен қарай бастады. Бұл – өте жақсы үрдіс. Шын мәнінде, тарихқа тек біржақты көзқараспен қарауға болмайды. Біздің тарихымыз – ұлы жеңістердің, мәңгілік мұралар мен теңдессіз дәстүрлердің шежіресі. Біздің тарихи деректерге толы даңқты жолымызды жігерлі, табанды, жасампаз тұлғалар жазды. Олардың өмірі мен ұстанымы – жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Түптеп келгенде, елдігіміздің тұғырын мемлекетшіл, отаншыл, парасатты, адал, еңбекқор адамдар нығайтады». t.me/aqorda_resmi

  10. repost

    ⚡️Глава государства: «Как известно, мир стремительно меняется, и чтобы не оказаться на обочине прогресса, исключительно важно идти в ногу со временем. Развитие человеческого капитала – стратегическое направление деятельности государства, закрепленное в нашей Конституции. Нам нужно воспитывать сознательных, открытых, конкурентоспособных, патриотичных, ответственных граждан. Именно это обеспечит рост и процветание нашей страны. Необходимо глубоко укоренять ценности патриотизма, трудолюбия, созидания, взаимного уважения и милосердия, а также формировать в нашем обществе обновленную этику. Вам хорошо известно о нынешней международной ситуации, в том числе о последних событиях, происходящих в развитых странах. Несомненно, без обеспечения Закона и Порядка, поддержания мира и гармонии невозможно достичь прогресса и, в конечном итоге, сохранить наше единство. Убежден, что сплоченность общества и синергия усилий ради общих интересов позволят нам преодолеть любые вызовы и достичь всех поставленных целей». t.me/aqorda_resmi

  11. repost

    ⚡️Мемлекет басшысы: «Өздеріңіз білесіздер, қазір әлем аса жоғары қарқынмен өзгеруде. Өркениет көшінен қалып қоймау үшін заман талабына сай әрекет ету ұдайы маңызды. Адам капиталын дамыту – еліміздің конституциялық міндеті. Біз саналы, жауапкершілігі мол, ойы ұшқыр, бәсекеге қабілетті, отаншыл және адал азаматтарды тәрбиелеуіміз керек. Бұл – еліміздің өсіп-өркендеуінің кепілі. Отаншылдық, еңбекқорлық, жасампаздық, өзара сыйластық, жанашырлық құндылықтарын кең ауқымда дәріптеп, қоғамымызда жаңарған этика қалыптастыруымыз қажет. Халықаралық ахуалды, соның ішінде дамыған елдерде болып жатқан соңғы оқиғаларды көріп-біліп отырсыздар. Расында Заң мен Тәртіп сақталмаса, татулық пен ынтымақ болмаса, ешқандай даму, қысқасы, төрт құбыламыз түгел болмайтыны айдан анық. Біз ауызбіршілігімізді сақтап, ортақ мүдде жолында біртұтас қоғам болып еңбек етсек, кез келген белесті бағындырамыз, барлық мақсат-мұратымызға жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін!». t.me/aqorda_resmi

  12. repost

    ⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Еще одной важной задачей является всестороннее развитие сферы образования. Это делается, прежде всего, во имя светлого будущего подрастающего поколения. За это время в стране было открыто 1483 детских сада, было построено 1342 современных школы. В течение последних семи лет на высшее образование для молодежи было выделено более 655 тысяч образовательных грантов на общую сумму 1,5 трлн тенге. Предпринятые шаги будут способствовать освоению молодыми людьми выбранных профессий и качественному развитию их практических навыков. Есть такая народная мудрость: «Егемен елдің еңсесі – биік» («У суверенного государства – высокий дух»). Благодаря Независимости мы добились больших успехов в различных сферах. Поэтому мы обязаны беречь мир в стране и самоотверженно трудиться ради укрепления нашей государственности. Сегодня я напомнил о некоторых наших достижениях. Однако в условиях современных вызовов и обостряющейся конкуренции недопустимо довольствоваться прошлыми успехами.Нам предстоит еще многое сделать. Мы признаем имеющиеся недостатки и упущения. Правительство, депутаты и государственные служащие должны приложить все усилия для их устранения. Подробно приоритетные задачи и планы развития государства я представлю на следующей неделе в Послании народу Казахстана». t.me/aqorda_resmi

  13. repost

    ⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тағы бір маңызды міндет – білім беру саласын жан-жақты дамыту. Бұл, ең алдымен, жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін қажет. Осы уақыт аралығында еліміз бойынша 1483 балабақша ашылды. 1342 заманауи мектеп бой көтерді. Кейінгі жеті жыл ішінде жастардың жоғары білім алуы үшін жалпы құны 1,5 триллион теңге болатын 655 мыңнан астам оқу гранты бөлінді. Бұл шаралар жас буынның қалаған кәсіпті меңгеруіне, қабілетін ұштауына мүмкіндік береді. «Егемен елдің еңсесі – биік» деген сөз бар. Біз қасиетті Тәуелсіздігіміздің арқасында түрлі салада толайым табысқа жетіп келеміз. Сондықтан бейбіт күннің қадірін біліп, мемлекеттігімізді күшейте түсу үшін табанды еңбек етуіміз керек. Мен бүгін еліміздің бірқатар жетістігіне тоқталып өттім. Бірақ қазіргідей құбылмалы әрі бәсекеге толы заманда бей-жай, бейқам отыруға мүлдем болмайды. Әлі көп жұмыс істеуіміз қажет, кемшіліктер мен олқылықтар бар екенін мойындаймыз, оларды жою және түзету үшін Үкімет пен депутаттар және барлық мемлекеттік қызметшілер күш салуы керек. Мемлекетіміздің алдында тұрған нақты міндеттер мен жоспарлар жөнінде келесі аптада Қазақстан халқына Жолдауымда толығырақ айтамын». t.me/aqorda_resmi

  14. repost

    ⚡️Касым-Жомарт Токаев: «В течение семи лет построено и отремонтировано несколько десятков тысяч километров автомобильных и железных дорог. Через нашу территорию прокладываются транспортные, энергетические и цифровые маршруты, соединяющие Европу и Азию. Казахстан стал известен в мире как развитое, стабильное, светское государство, вносящее значительный вклад в укрепление мирового порядка в качестве средней державы. Благодаря прагматичной и ответственной внешней политике Казахстан сохраняет высокий международный авторитет. Наш паспорт пользуется большим уважением во всем мире. Для наших граждан и бизнеса открыты все границы. Казахстан стал активным участником глобальной цифровой трансформации. В нашей столице функционируют Международный центр искусственного интеллекта Alem.ai и современный уникальный технопарк Astana Hub. Экспорт IT-услуг превысил один миллиард долларов. Запущены два суперкомпьютера, ресурсы которых служат отечественным компаниям и ученым. На подходе третий очень мощный суперкомпьютер. Прочной основой цифровой экономики призван стать строящийся кластер дата-центров – «Долина ЦОДов». Мы реализуем общенациональную стратегию Digital Qazaqstan, внедряем технологии искусственного интеллекта во все сферы жизни. Все эти шаги нацелены на построение Цифрового, другими словами, прогрессивного государства, стоящего на службе нашего народа». t.me/aqorda_resmi

  15. repost

    ⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жеті жыл ішінде он мыңдаған шақырым автокөлік жолы мен теміржолдар салынып, жөнделді. Еуропа мен Азияның арасын жалғап тұрған көлік, энергетика және цифрлық тораптар Қазақстан арқылы өтіп жатыр. Қазақстан орта держава ретінде әлемдік тәртіптің нығаюына елеулі қосып келе жатқан, дамыған, тұрақты әрі зайырлы мемлекет болып танылды. Сындарлы және жауапты сыртқы саясаттың арқасында еліміздің әлемдік абырой-беделі артуда. Қазақстан төлқұжатының мәртебесі жоғары. Еліміздің азаматтары мен бизнес өкілдері үшін барлық елдің есігі ашық. Сонымен қатар Қазақстан дүние жүзінде болып жатқан түбегейлі цифрлық өзгерістерге белсене қатысуда. Елордамызда Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы мен заманауи Astana Hub технопаркі жұмыс істейді. ІТ қызметтердің экспорты 1 миллиард доллардан асты. Екі суперкомпьютер іске қосылды. Оның игілігін отандық компаниялар мен ғалымдар көріп жатыр. Жақында аса қуатты тағы бір суперкомпьютер пайдалануға беріледі. Жаңадан салынып жатқан дата орталықтар кластері – Деректерді өңдеу орталығының алқабы цифрлық экономиканың берік негізін қалайды. Біз Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыруды қолға алдық, жасанды интеллект технологиясы қоғамның барлық саласына енгізіледі. Мұның бәрі – цифрлық, басқаша айтқанда, халқымыздың игілігіне қызмет ететін өркендеген мемлекет құруға бағытталған қадам». t.me/aqorda_resmi

  16. repost

    ⚡️Президент: «Кроме того, создаются условия для развития производства на базе передовых технологий. За последние 5 лет доля экспорта обрабатывающей промышленности превысила 45%. Таким образом, индустрия Казахстана поднимается на новый качественный уровень развития. За последние годы мы совершили настоящий рывок в развитии железнодорожного машиностроения. Начали производить почти все необходимое – от рельсов и шпал до вагонов и электровозов. Набирает обороты и выпуск автомобилей. Ежегодно с конвейера сходит свыше 150 тысяч легковых и грузовых машин. Мощный импульс получают все стратегические отрасли экономики. Поступательному прогрессу страны способствуют масштабные иностранные инвестиции. За последние семь лет объем привлеченных средств достиг 155 млрд долларов. Участие в международных мероприятиях высшего уровня и посещение различных стран, помимо укрепления политической репутации Казахстана, приносят также огромную практическую пользу. Показательно, что с начала года подписано 355 коммерческих соглашений на общую сумму 60 млрд долларов. Наша страна укрепляет позиции в качестве ведущего транспортно-логистического хаба Евразии. Возводятся и модернизируются аэропорты, вокзалы, мосты, морские гавани, обновляется приграничная инфраструктура. Это важная работа, и она будет иметь продолжение». t.me/aqorda_resmi

  17. repost

    ⚡️Глава государства: «Поздравляю вас с Днем Республики! Эта знаменательная дата имеет особое значение для всего нашего народа! 25 октября был принят судьбоносный документ – Декларация о государственном суверенитете Казахстана. Именно этот день открыл новую эпоху в летописи нации, положившую начало самостоятельному развитию нашей страны. Восторжествовала историческая справедливость, и на нашей священной земле был заложен прочный фундамент Независимости. Поэтому без преувеличения можно сказать, что этот день ознаменовал собой возрождение традиции государственности в Великой степи. В нынешнем году мы отмечаем национальный праздник в преддверии 35-летия Независимости страны. К этому историческому рубежу Казахстан подходит как динамично развивающееся государство, пользующееся уважением всего мирового сообщества. Годы Суверенитета увенчались значительными достижениями. Утверждены незыблемые атрибуты национальной идентичности – государственные символы. Наш небесно-голубой флаг развевается у штаб-квартиры Организации Объединенных Наций. Сформирована национальная финансовая система. Окончательно закреплены наши границы. В самом сердце священной Сарыарки, на месте старого города, был заложен фундамент нашей новой столицы Астаны – города, которым восхищается весь мир. Укрепив наше единство, мы на глобальном уровне заявили о себе как о территории мира и согласия». t.me/aqorda_resmi

  18. repost

    ⚡️Мемлекет басшысы: «Ұлық мерекеміз – Республика күні баршаңызға құтты болсын! Бұл – бүкіл халқымыз үшін мән-мағынасы ерекше және қастерлі мейрам! 25 қазанда ақжолтай құжат – Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Дәл сол күні ұлт жылнамасының жаңа кезеңі басталды. Көп ұзамай өз алдына дербес ел атандық. Тарихи әділдік орнап, қасиетті қазақ жеріне Тәуелсіздіктің алтын қазығы қағылды. Сондықтан бұл күнді Ұлы даладағы мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған күн деп айтсақ, артық емес. Биыл біз ұлттық мерекені ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында атап өтіп жатырмыз. Қазақстан осы мемлекет тарихының мерейлі межесіне қарқынды дамып келе жатқан, әлем қауымдастығының құрметіне ие болған ел ретінде жетіп отыр. Халқымыз егемендік жылдарында көптеген белесті абыроймен еңсерді. Ұлттық болмысымыздың мызғымас нышандары – мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді. Көк Туымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде желбіреді. Ұлттық қаржы жүйесі құрылды. Мемлекеттік шекарамыз шегенделді. Қасиетті Сарыарқаның төрінде, бұрынғы ескі қаланың орнында бүкіл дүние жүзін таңғалдырған, әлем мойындаған жаңа елордамыз – Астананың іргесі қаланды. Біз бірлігімізді бекемдеп, жер жүзіне бейбітшілік бесігі ретінде танылдық». t.me/aqorda_resmi

  19. Older posts