ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%915 avg views
Posting 8.4/day last 58 minutes ago
Reactions per 1K views 6.9 👍 ❤ 🔥
  1. repost

    🇰🇿Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі **** 🇰🇿Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на торжественном мероприятии по случаю Дня Республики t.me/aqorda_resmi

  2. +4

    🎓 QyzPU-да «Қытай – Орталық Азия білім беруді зерттеу орталығы» ашылды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Қытай – Орталық Азия» II симпозиумы аясында «Қытай – Орталық Азия білім беруді зерттеу орталығы» ашылды. Жаңа орталық Қазақстан, Қытай және Орталық Азия елдері арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын нығайтуға, озық тәжірибе алмасуға және бірлескен зерттеулерді дамытуға бағытталған. Халықаралық симпозиумға отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус мүшелері, ғалымдар, профессор-оқытушылар және жас зерттеушілер қатысты. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🎓 В QyzPU открылся центр исследований образования «Китай – Центральная Азия» В Казахском национальном женском педагогическом университете в рамках II симпозиума «Китай – Центральная Азия» состоялось открытие Центра исследований образования «Китай – Центральная Азия». Деятельность центра направлена на укрепление научно-образовательного сотрудничества между Казахстаном, Китаем и странами Центральной Азии, обмен передовым опытом и развитие совместных исследований. В международном симпозиуме приняли участие представители отечественных и зарубежных вузов, международных организаций и дипломатического корпуса, ученые, преподаватели и молодые исследователи. 🔗 Подробнее: gov.kz

  3. 🔬 Аманжолов университетінің ғылыми әзірлемелері халықаралық көрмеде таныстырылды Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Powerexpo Almaty 2026» халықаралық көрмесіне қатысып, энергетика, электротехника және машина жасау салаларына арналған ғылыми әзірлемелерін көпшілік назарына ұсынды. 21-23 қазан аралығында Алматы қаласында өтіп жатқан көрме аясында университеттің «Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми нәтижелері таныстырылды. Ұсынылған әзірлемелер ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан екі ғылыми бағдарлама аясында дайындалған. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ☢️ Научные разработки Amanzholov University представлены на международной выставке Восточно-Казахстанский университет имени Сарсена Аманжолова принял участие в международной выставке «Powerexpo Almaty 2026», представив научные разработки в области энергетики, электротехники и машиностроения. В рамках выставки, проходящей в Алматы с 21 по 23 октября, были представлены результаты исследований Научно-исследовательского центра «Поверхностная инженерия и трибология» университета. Представленные разработки созданы в рамках двух научных программ, реализуемых при программно-целевом финансировании Министерства науки и высшего образования РК. 🔗 Подробнее: gov.kz

  4. repost

    🔹Кавалерами ордена «Еңбек Даңқы» ІІІ степени стали труженики промышленности, транспорта, строительства, сельского хозяйства и других производственных отраслей. 🔹Почетное звание «Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi» присвоено видным представителям сферы культуры Б.Баймену, Т.Мүсілім, П.Палтаеву, М.Сайланбек, А.Темкиной и другим. 🔹Звания «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» удостоены педагоги и представители сферы образования Н.Каранда, К.Мажитова, Е.Омарханов и Н.Сафиулина. 🔹Звания «Қазақстанның халық әртісі» удостоены деятели искусства Т.Мусабаев, Н.Отеулов. 🔹Обладателями почетных званий «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» стал ряд медицинских работников, включая профессора Национального медицинского университета им. Т. Шарманова Т.Таркину. 🔹За образцовое исполнение воинского и служебного долга, мужество и самоотверженность, проявленные при обеспечении законности и правопорядка, укреплении национальной безопасности страны орденами «Даңқ» I и II степени, «Айбын» I, II и III степени, медалями «Ерлігі үшін» и «Жауынгерлік ерлігі үшін» награждена группа военнослужащих и сотрудников правоохранительных органов. 🔹Всего государственными наградами отмечены 129 ветеранов труда, 473 рабочих и тружеников промышленности, транспорта, строительства, сферы сельского хозяйства и других отраслей, более 200 представителей малого и среднего бизнеса, более 150 педагогов и ученых, порядка 120 медицинских работников и другие граждане, которые своим ежедневным трудом вносят личный вклад в развитие страны. t.me/aqorda_resmi

  5. repost

    🔹Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да өндірістік сала еңбеккерлері III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің кавалері атанды. 🔹«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы мәдениет саласының көрнекті өкілдері Б.Бәйменге, Т.Мүсілімге, П.Палтаевқа, М.Сайланбекке, А.Темкинаға және басқа да тұлғаларға берілді. 🔹«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына педагогтер және білім беру саласының өкілдері Н.Каранда, К.Мәжитова, Е.Омарханов, Н.Сафиуллина, «Қазақстанның халық әртісі» атағына өнер қайраткерлері Т.Мұсабаев, Н.Өтеулов лайық деп танылды. 🔹Бірқатар медицина қызметкері, соның ішінде Т.Шарманов атындағы Ұлттық медициналық университеттің профессоры Т.Таркина «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағының иегері атанды. 🔹Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін әскери қызметшілер және құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І, ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін», сондай-ақ «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды. 🔹Барлығы 129 еңбек ардагері, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардың 473 жұмысшысы, шағын және орта бизнестің 200-ден астам өкілі, 150-ден аса педагог пен ғалым, 120-ға жуық медицина қызметкері, сондай-ақ күнделікті еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген өзге де азаматтар мемлекеттік наградаларға ие болды. t.me/aqorda_resmi

  6. repost

    ✍️ Накануне Дня Республики Президент подписал Указ о присуждении ряду граждан государственных наград 🔹В преддверии национального праздника Дня Республики Указом Президента Республики Казахстан ряд граждан за значительный вклад в социально-экономическое и культурно-духовное развитие страны, укрепление дружбы и сотрудничества между народами, активную общественную деятельность отмечен государственными наградами. 🔹В их числе ветераны труда, представители рабочих профессий, производственной сферы, бизнеса, образования и науки, здравоохранения, военнослужащие, сотрудники правоохранительных органов, спортсмены, деятели культуры и искусства. 🔹Звание «Қазақстанның Еңбек Ері» за выдающиеся заслуги в производственной деятельности присвоено плавильщику Жезказганского медеплавильного завода ТОО «Kazakhmys Smelting» А.Доспанову. 🔹Орденом «Отан» награжден А.Коразбаев – видный деятель культуры и искусства, композитор, сыгравший важную роль в становлении популярной в стране и за рубежом группы «Музарт». 🔹Ордена «Барыс» І степени удостоены президент ОЮЛ «Концерн TNS-group» Т.Джумагулов и актер Н.Ихтымбаев; ордена «Барыс» ІІ степени – ветеран сферы образования Е.Мамбетказиев, вице-президент ОЮЛ «Федерация альпинизма и спортивного скалолазания Республики Казахстан», легендарный покоритель горных вершин К.Валиев; ордена «Барыс» ІІІ степени – директор ТОО «Ново-Приречное» В.Тюркин, председатель Актюбинского областного филиала РОО «Организация ветеранов» С.Шангутов и другие. 🔹Орденом «Парасат» отмечены заслуги известных ученых, деятелей культуры и представителей производственной сферы. В их числе председатель крестьянского хозяйства «Ақмая» Д.Жұмбеков, главный научный сотрудник РГП «Институт языкознания имени А.Байтурсынова» Н.Уәли, археолог А.Подушкин, профессор НАО «Карагандинский медицинский университет» М.Тусупбекова, генеральный директор ТОО «Радуга» Д.Шарапаев и другие. 🔹В числе награжденных орденом «Құрмет» – машинист крана АО «Озенмунайгаз» Б.Доскарин, заведующий отделением КГП «Многопрофильная областная детская больница» Карагандинской области Е.Кальмбах, главный агроном ТОО «Астык-STEM» Северо-Казахстанской области Т.Хамидуллин, основатель общественного фонда поддержки онкологических больных «Здоровая Азия» Н.Плохих, руководитель реабилитационного центра «Қамқорлық» Кызылординской области А.Мусафирова, ветеран водного хозяйства Атырауской области Н. Қонас, детский врач КГП «Многопрофильная областная детская больница» Актюбинской области Б.Медетбаев и другие. 🔹За вклад в укрепление общественного согласия и межнациональных отношений орденом «Ел бірлігі» награждены почетный председатель общественного объединения «Туркменский общественно-культурный центр города Алматы» Г.Аннакулиева, председатель общественного объединения «Чечено-ингушское этнокультурное объединение «Вайнах» Карагандинской области У.Джанаев, исполнительный директор общественного фонда «Казахстанское объединение немцев «Возрождение» Д.Редлер, учитель ТОО «Tamos Space School» Д.Ромащенко. t.me/aqorda_resmi

  7. repost

    ✍️ Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды 🔹Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. 🔹 Олардың қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшы мамандықтардың, өндіріс, бизнес, білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері бар. 🔹«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы өндіріске сіңірген еңбегі үшін «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Ә.Доспановқа берілді. 🔹«Отан» орденімен көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, композитор, «Музарт» тобының елімізде және шет елде танылуы жолында ерекше рөл атқарған А.Қоразбаев марапатталды. 🔹І дәрежелі «Барыс» ордені «TNS-group» концерні» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Т.Жұмағұловқа және актер Н.Ықтымбаевқа; ІІ дәрежелі «Барыс» ордені білім саласының ардагері Е.Мәмбетқазиевқа, «Қазақстан Республикасы альпинизм және тауға өрмелеу федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті Қ.Уәлиевке; ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені «Ново-Приречное» ЖШС директоры В.Тюркинге, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы С.Шаңғұтовқа және басқаларға берілді. 🔹Ел дамуына еңбегі сіңген белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері, өндірістік сала өкілдері «Парасат» орденімен марапатталды. Олардың арасында «Ақмая» шаруа қожалығының төрағасы Д.Жұмбеков, «А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері Н.Уәли, археолог А.Подушкин, «Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ профессоры М.Түсіпбекова, «Радуга» ЖШС бас директоры Д.Шарапаев және басқалары бар. 🔹«Құрмет» орденімен «Өзенмұнайгаз» АҚ кран машинисі Б.Досқарин, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» КМК бөлімше меңгерушісі Е.Кальмбах, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Астық-STEM» ЖШС бас агрономы Т.Хамидуллин, «Здоровая Азия» онкологиялық ауруларды қолдау жөніндегі қоғамдық қорының негізін қалаушы Н.Плохих, Қызылорда облысындағы «Қамқорлық» оңалту орталығының басшысы А.Мұсафирова, Атырау облысындағы су шаруашылығының ардагері Н.Қонас, Ақтөбе облысының «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы» МКК балалар дәрігері Б.Медетбаев және басқалары марапатталды. 🔹Қоғамдық келісімді және ұлтаралық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін «Ел бірлігі» орденіне «Алматы қаласының Түрікмен қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы Г.Аннакулиева, Қарағанды облысы «Шешен-ингуш «Вайнах» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы У.Джанаев, «Возрождение» Қазақстандық немістердің бірлестігі» қоғамдық қорының атқарушы директоры Д.Редлер, «Tamos Space School» ЖШС мұғалімі Д.Ромащенко ие болды. t.me/aqorda_resmi

  8. viral
    +1

    🇰🇿🇬🇧Coventry University Kazakhstan Астанада жаңа кампус ашады Шымкент қаласында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR 2026) халықаралық инвестициялық форумы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Coventry University Kazakhstan арасында Астанада университеттің жаңа кампусын ашуды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жаңа кампустың құрылысы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Кешеннің жалпы аумағы шамамен 30 мың шаршы метрді құрайды. Жоба аясында оқу ғимараттары, әкімшілік, қоғамдық кеңістіктер, кітапхана және заманауи IT-инфрақұрылым қарастырылған. Сонымен қатар студенттік іс-шаралар өткізуге және бірлескен жобаларды іске асыруға арналған кеңістіктер жасақталады. Сондай-ақ 400 орындық студенттер жатақханасы салынады. Онда тұрғын бөлмелер, ас үйлер, демалыс және өздігінен білім алуға арналған орындар болады. Coventry University Kazakhstan – Ұлыбританиядағы Coventry University университетінің кампусы. Мұнда аталған университеттің білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып, британдық үлгідегі дипломдар беріледі. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿🇬🇧 Coventry University Kazakhstan откроет новый кампус в Астане В рамках IX международного инвестиционного форума Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR 2026), состоявшегося в Шымкенте с участием Премьер-министра РК Олжаса Бектенова, Министерство науки и высшего образования РК и Coventry University Kazakhstan подписали меморандум о сотрудничестве, предусматривающий открытие нового кампуса университета в Астане. Строительство нового кампуса планируется осуществлять поэтапно. Общая площадь комплекса составит около 30 тыс. кв. м. Проект предусматривает создание учебных корпусов, административных помещений, общественных пространств, библиотеки и современной ИТ-инфраструктуры. Также будут предусмотрены пространства для студенческих мероприятий и реализации совместных проектов. Отдельным объектом станет студенческое общежитие на 400 мест, включающее жилые комнаты, кухни, зоны отдыха и помещения для самостоятельной работы и учебы. Coventry University Kazakhstan является кампусом британского Coventry University и реализует образовательные программы университета с выдачей дипломов британского образца. 🔗 Подробнее: gov.kz

  9. +2

    ⚙️ Қарағандыда өнеркәсіпке қажетті инженерлік кадрлар даярлау жолға қойылады Бүгін, 22 қазанда, Шымкент қаласында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR 2026) халықаралық инвестициялық форумы аясында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен Түркияның İstanbul Gedik Üniversitesi арасында академиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Форум әлемнің 40 елінен 500-ден астам инвестор мен бизнес өкілін біріктіріп, жаңа өндірістерді дамыту, озық технологиялар тарту және халықаралық экономикалық серіктестікті нығайту мәселелеріне арналды. Ынтымақтастық Қарағанды облысында жоспарланған жаңа өнеркәсіптік жобамен байланысты. Түркияның Gedik Holding өнеркәсіптік тобы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында құбыржолдық арматура мен дәнекерлеу өнімдерін шығаратын зауыт салу жобасын пысықтап жатыр. Болашақ кәсіпорынға білікті инженерлік-техникалық мамандар даярлау үшін компания Қарағанды өңірінің өнеркәсіп саласына кадрлар даярлайтын Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетімен серіктестік орнатуға бастамашы болды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ⚙️ В Караганде будут готовить инженерные кадры для промышленности Сегодня, 22 октября, в Шымкенте в рамках IX Международного инвестиционного форума Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR 2026), прошедшего с участием Премьер-министра РК Олжаса Бектенова, Карагандинский технический университет имени Абылкаса Сагинова подписал меморандум об академическом сотрудничестве с турецким İstanbul Gedik Üniversitesi. Форум объединил более 500 инвесторов и представителей бизнеса из 40 стран мира. Основными темами стали развитие новых производств, привлечение передовых технологий и укрепление международного экономического сотрудничества. Сотрудничество связано с планируемым промышленным проектом в Карагандинской области. Турецкая промышленная группа Gedik Holding прорабатывает строительство завода по производству трубопроводной арматуры и сварочной продукции на территории специальной экономической зоны «Сарыарка». Для подготовки квалифицированных инженерно-технических специалистов будущего предприятия компания выступила с инициативой сотрудничества с Карагандинским техническим университетом имени Абылкаса Сагинова, который готовит кадры для промышленности региона. 🔗 Подробнее: gov.kz

  10. repost

    На полях KGIR-2026 в Шымкенте подписан 22 документа на сумму $4,8 млрд. В их числе Соглашения об инвестициях: 🟦по строительству ветровой электростанции мощностью 1 000 МВт с системой накопления энергии в Костанайской области на $730 млн (между Министерством энергетики РК и ТОО «Turan Wind Energy»); 🟦по созданию интеллектуальной системы контроля на автомобильных дорогах Казахстана (ИСКАД) на $249,6 млн (между Министерством транспорта РК и ТОО «Freedom Lab»); 🟦по строительству завода по выпуску стеклотары в г. Ақтөбе на $150 млн (между Министерством промышленности и строительства РК и компанией Aktobe Steklo). Меморандумы: 🟦по реализации проекта строительства сети из 20 региональных инклюзивных школ на $1 млрд (между Министерством просвещения РК и ТОО «DSKZ & KAMC»); 🟦по строительству многофункционального терминала в рамках первого этапа развития порта Құрық на $1 млрд (между АО «Национальный инвестиционный холдинг «Байтерек» и Guoyou Materials Group Co., Ltd.); 🟦по реализации инвестиционного проекта «Международный медицинский город Казахстана» на $650 млн (между АО «НК «KAZAKH INVEST» и Shoval Kazakhstan Ltd); 🟦по строительству дата-центра мощностью 250 МВт на территории Долины ЦОДов на $500 млн (между Министерством искусственного интеллекта и цифрового развития РК и компанией Amsa Digital); 🟦по созданию мясного кластера на $111,1 млн (между акиматом Туркестанской области и ТОО «Nurym Group»); 🟦по строительству и эксплуатации кампуса университета с общежитием в Астане по британской модели образования на $40,8 млн (между Министерством науки и высшего образования РК и Coventry University Kazakhstan); 🟦по строительству завода по производству полипропиленовых мешков и биг-бэгов на $8,8 млн (между акиматом Кызылординской области и компанией Apex Packaging) и др. Также подписано рамочное соглашение по строительству завода по производству ПЭТ-преформ и переработке пластика на $74,3 млн (между акиматом Шымкента и ТОО «KOKSAN»). За вклад в реализацию социально-экономических и индустриальных проектов наградами отмечены генеральные директора ТОО «СП «Кока-Кола Алматы Боттлерс» Вели Динчел, Aksa Energy – Наджи Агбал, ТОО «Kazakhstan Hydrogen Peroxide» – Сунь Пэнчэн, ТОО «KamLitKZ» – Алексей Котов, ТОО «Saran Machinery» – Станислав Ли; председатель правления ТОО «Fabe Agro» – Ахмед Будан, Emirates Kazakhstan Education Investment Group – Руслан Жумагулов; президент Carlsberg Central Asia и глава региона Центральная Азия – Вячеслав Мальцев; региональный директор SABIS – Рами Малак; руководитель международного образовательного учреждения Ardingly Astana – Даррен Джонс; председатель совета директоров группы компаний TEXOL – Шота Абхазава; основатель и генеральный директор Network School – Баладжи Шринивасан. 📱 @KZgovernment

  11. repost

    Среди приоритетных для реализации инвестиционных проектов направлений названы обрабатывающая и химическая промышленность, производство продуктов питания и транспортное машиностроение, АПК и агропереработка, цифровизация и развитие IT-инфраструктуры, строительство высокотехнологичных городов. В Казахстане для инвесторов созданы максимально благоприятные условия: в едином центре Kazakhstan Investment House предусматривается более 100 видов экспортной и промышленной поддержки, внедряется специальный визовый режим Altyn visa, имеется возможность применения норм английского права на базе Международного финансового центра «Астана», работают механизмы защиты прав инвесторов на уровне Генеральной прокуратуры, сопровождение инвестпроектов осуществляется Советом при Правительстве. Инвестиционная привлекательность также подтверждается международными рейтингами. Ведущие агентства сохраняют за страной инвестиционный уровень. S&P впервые за десятилетие повысило суверенный рейтинг Казахстана до «BBB» со стабильным прогнозом. В Global Investment Risk and Resilience Index страна поднялась на 17 позиций, заняв 53-е место. Руководитель Правительства подчеркнул, что ведущие зарубежные компании продолжают выбирать Казахстан для своих новых проектов. Об этом свидетельствуют успешно реализуемые инициативы. К примеру, Stadler Rail наладила выпуск пассажирских вагонов нового поколения в Астане, Carlsberg Group уже открыла современное производство напитков, Harvest Agro Holding формирует крупный агроиндустриальный кластер, Mars создает производство кормов для домашних животных, а Air Liquide развивает водородную промышленность. В ходе пленарной сессии также выступили аким г. Шымкента Габит Сыздыкбеков, президент и главный исполнительный директор The Boeing Company Келли Ортберг, президент Исламского банка развития, председатель Группы Исламского банка развития Мухаммад Сулейман Аль-Джассер, главный исполнительный директор Masdar Мохамед Джамиль Аль-Рамахи, президент Sarens Kazakhstan Лудо Антон Саренс, главный исполнительный директор Lasselsberger Group Йозеф Ласселсбергер.

  12. repost

    Олжас Бектенов принял участие в IX Kazakhstan Global Investment Roundtable в Шымкенте: подписаны документы на $4,8 млрд 📌 Премьер-министр РК Олжас Бектенов принял участие в IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (Казахстанский круглый стол по глобальным инвестициям). В этом году мероприятие проходит в городе Шымкенте, что свидетельствует о динамичном развитии мегаполиса, расположенного на пересечении ключевых торговых потоков Евразии и международного транспортного коридора Западная Европа – Западный Китай. Перед началом пленарной сессии Олжас Бектенов ознакомился с рядом проектов, реализуемых совместно с иностранными партнерами в обрабатывающей промышленности, АПК, энергетике и др. Среди них: строительство ветроэлектростанции Masdar в Жамбылской области, объекты ВИЭ China Energy в Карагандинской и Туркестанской областях, завод безалкогольных напитков Carlsberg Group в Алматинской области и проекты Alatau City. Отдельное внимание уделено размещенным в Шымкенте проектам по строительству тепличного комплекса Alsera и завода QazAlPack. На площадке KGIR-2026 собрались свыше 500 инвесторов и представителей бизнеса из более чем 40 стран, нацеленных на выстраивание конструктивного диалога. Открывая работу пленарной сессии на тему «От стабильности к росту: новый инвестиционный цикл Казахстана», Премьер-министр проинформировал бизнес-сообщество о широких инвестиционных возможностях, созданных и активно развивающихся по поручению Президента Касым-Жомарта Токаева. «Мы уделяем особое внимание налаживанию прямого диалога с международным бизнес-сообществом. В прошлом году ВВП страны превысил $300 млрд при росте на 6,5%. За годы независимости Казахстан привлек почти полтриллиона долларов прямых иностранных инвестиций. Только за последние 5 лет привлечено более $100 млрд. Убежден, у Казахстана есть все основания для уверенного движения вперед. Принципиальное значение для нас имеет качественное обновление экономики за счет внедрения передовых технологий, создания новых производств и глубокой переработки сырья. Эти стратегические приоритеты заложены в обновленной Концепции инвестиционной политики до 2030 года. Казахстан остается открытой и предсказуемой страной для долгосрочных инвестиций», — подчеркнул Олжас Бектенов и пригласил инвесторов принять активное участие в реализации таких амбициозных проектов как «Долина ЦОДов» в Екібастұз и строительство высокотехнологичного города Alatau City, а также иных инициатив, открывающих новые горизонты для взаимовыгодного сотрудничества.

  13. repost

    Шымкентте KGIR-2026 алаңында жалпы сомасы $4,8 млрд болатын 22 құжатқа қол қойылды. Олардың қатарында келесідей Инвестициялар туралы келісімдер: 🟦Қостанай облысында $730 млн сомасына қуаты 1 000 МВт болатын, энергия жинақтау жүйесі бар жел электр стансасын салу туралы (ҚР Энергетика министрлігі мен «Turan Wind Energy» ЖШС арасында); 🟦$249,6 млн сомасына Қазақстанның автомобиль жолдарында интеллектуалды бақылау жүйесін (АЖИБЖ) құру туралы (ҚР Көлік министрлігі мен «Freedom Lab» ЖШС арасында); 🟦 Ақтөбе қаласында $150 млн сомасына шыны ыдыс өндіретін зауыт салу туралы (ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Aktobe Steklo компаниясы арасында). Меморандумдар: 🟦$1 млрд сомасына 20 өңірлік инклюзивті мектептен тұратын желі салу жобасын жүзеге асыру туралы (ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «DSKZ & KAMC» ЖШС арасында); 🟦$1 млрд сомасына Құрық портының дамуының бірінші кезеңі аясында көпфункционалды терминал салу туралы («Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ мен Guoyou Materials Group Co., Ltd. арасында); 🟦$650 млн сомасына «Қазақстанның халықаралық медициналық қаласы» инвестициялық жобасын жүзеге асыру туралы («KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен Shoval Kazakhstan Ltd. арасында); 🟦$500 млн сомасына ДӨО алқабының аумағында қуаты 250 МВт болатын дата-орталық салу туралы (ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Amsa Digital компаниясы арасында); 🟦$111,1 млн сомасына ет кластерін құру туралы (Түркістан облысының әкімдігі мен «Nurym Group» ЖШС арасында); 🟦Астанада $40,8 млн сомасына британдық білім беру моделі бойынша жатақханасы бар университет кампусын салу және пайдалану туралы (ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Coventry University Kazakhstan арасында); 🟦$8,8 млн сомасына полипропилен қаптар мен биг-бэгтер өндіретін зауыт салу туралы (Қызылорда облысының әкімдігі мен Apex Packaging компаниясы арасында) және басқа да құжаттар бар. Сондай-ақ Шымкент қаласының әкімдігі мен «KOKSAN» ЖШС арасында $74,3 млн сомасына ПЭТ-преформалар өндіретін және пластикті қайта өңдейтін зауыт салу жөніндегі негіздемелік келісімге қол қойылды. Әлеуметтік-экономикалық және индустриялық жобаларды жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін «Кока-Кола Алматы Боттлерс» БК» ЖШС бас директоры Вели Динчел, Aksa Energy компаниясының бас директоры Наджи Агбал, «Kazakhstan Hydrogen Peroxide» ЖШС бас директоры Сунь Пэнчэн, «KamLitKZ» ЖШС бас директоры Алексей Котов, «Saran Machinery» ЖШС бас директоры Станислав Ли; «Fabe Agro» ЖШС басқарма төрағасы Ахмед Будан, Emirates Kazakhstan Education Investment Group өкілі Руслан Жұмагұлов; Carlsberg Central Asia президенті әрі Орталық Азия өңірінің басшысы Вячеслав Мальцев; SABIS өңірлік директоры Рами Малак; Ardingly Astana халықаралық білім беру мекемесінің басшысы Даррен Джонс; TEXOL компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы Шота Абхазава; Network School негізін қалаушы әрі бас директоры Баладжи Шринивасан марапаттарға ие болды. 📱 @KZgovernment

  14. repost
    +6

    Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін басым бағыттар ретінде өңдеу және химия өнеркәсібі, тамақ өнімдерін өндіру және көлік машина жасау, АӨК пен агроөңдеу, IT-инфрақұрылымды цифрландыру мен дамыту, жоғары технологиялық қалаларды салу аталды. Қазақстанда инвесторлар үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған: инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін Kazakhstan Investment House орталығында экспорттық және өнеркәсіптік қолдаудың 100-ден астам түрі қолжетімді болады, Altyn Visa арнайы визалық режимі енгізілуде, «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында ағылшын құқығы нормаларын қолдану мүмкіндігі бар, инвесторлардың құқықтарын Бас прокуратура деңгейінде қорғау тетіктері жұмыс істейді, инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді Үкімет жанындағы кеңес жүзеге асырады. Инвестициялық тартымдылық халықаралық рейтингтермен де расталады. Жетекші рейтингтік агенттіктер Қазақстанның инвестициялық деңгейін растап отыр. Ал, S&P агенттігі еліміздің рейтингін тұрақты болжаммен «BBB» деңгейіне дейін көтерді. Бұл – соңғы онжылдықта қол жеткізілген осындай алғашқы көрсеткіш. Сонымен қатар еліміз Global Investment Risk and Resilience Index индексінде бірден 17 сатыға көтеріліп, әлем бойынша 53-ші орынға ие болды. Премьер-министр жетекші шетелдік компаниялар жаңа жобалары үшін Қазақстанды таңдауды жалғастырып жатқанын атап өтті. Табысты жүзеге асырылып жатқан бастамалар осының айқын дәлелі. Мәселен, Stadler Rail Астанада жолаушылар вагондарының жаңа буынын шығаруды жолға қойды, Carlsberg Group қазіргі заманғы сусындар өндірісін ашты, Harvest Agro Holding ірі агроиндустриалды кластерді қалыптастыруда, Mars үй жануарларына арналған азық өндірісін құруда, ал Air Liquide сутегі өнеркәсібін дамытуда. Пленарлық сессия барысында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, The Boeing Company президенті және бас атқарушы директоры Келли Ортберг, Ислам даму банкінің президенті, Ислам даму банкі тобының төрағасы Мухаммад Сулейман Аль-Джассер, Masdar бас атқарушы директоры Мохамед Джамиль Аль-Рамахи, Sarens Kazakhstan президенті Лудо Антон Саренс, Lasselsberger Group бас атқарушы директоры Йозеф Ласселсбергер сөз сөйледі.

  15. repost
    +1

    Олжас Бектенов Шымкентте өткен IX Kazakhstan Global Investment Roundtable іс-шарасына қатысты: жалпы құны $4,8 млрд болатын құжаттарға қол қойылды 📌 Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (Жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстел) іс-шарасына қатысты. Биылғы іс-шараның Шымкент қаласында өтуі Еуразияның негізгі сауда ағындары мен Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің тоғысында орналасқан мегаполистің қарқынды дамуын көрсетеді. Пленарлық отырыс басталар алдында Олжас Бектенов шетелдік серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан өңдеу өнеркәсібін, АӨК, энергетика және басқа да салалардағы бірқатар жобамен танысты. Олардың қатарында Жамбыл облысындағы Masdar жел электр стансасының құрылысы, Қарағанды және Түркістан облыстарындағы China Energy компаниясының ЖЭК саласындағы жобалары, Алматы облысындағы Carlsberg Group компаниясының алкогольсіз сусындар өндіретін зауыты және Alatau city жобалары бар. Сондай-ақ Шымкент қаласында орналасқан Alsera жылыжай кешені мен QazAlPack зауытының құрылысына да ерекше назар аударылды. KGIR-2026 алаңынна сындарлы диалог орнатуды мақсат еткен 40-тан астам елден келген 500-ден астам инвестор мен бизнес өкілі жиналды. «Тұрақтылықтан өсімге: Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі» тақырыбындағы пленарлық отырысты ашқан Премьер-министр іскерлік қоғамдастық өкілдеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қалыптастырылып, белсенді дамып келе жатқан кең ауқымды инвестициялық мүмкіндіктер туралы мәлімет берді. «Біз халықаралық іскерлік қоғамдастықпен, оның ішінде бүгінгі Дөңгелек үстел аясында тікелей диалог орнатуға ерекше мән береміз. Былтыр еліміздің жалпы ішкі өнімі 6,5%-ға өсіп, $300 млрд-тан асты. Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, биыл бұл көрсеткіш $300 млрд-қа жетеді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға жарты трлн долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылса, тек соңғы 5 жылдың өзінде бұл көрсеткіш $100 млрд-тан асты. Біз үшін озық технологияларды енгізу, жаңа өндірістерді құру және шикізатты терең өңдеу арқылы экономиканы сапалы жаңғырту – аса маңызды міндет. Дәл осы стратегиялық басымдықтар 2030 жылға дейінгі жаңартылған Инвестициялық саясат тұжырымдамасында көрініс тапқан. Қазақстан ұзақмерзімді инвестициялар үшін ашық әрі тұрақты мемлекет болып қала береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Сондай-ақ Премьер-министр инвесторларды Екібастұз қаласындағы «ДӨО алқабын» құру, жоғары технологиялы Alatau City қаласын салу және өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашатын өзге де ауқымды бастамаларға белсенді қатысуға шақырды.

  16. 🟧Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы мен ЮНЕСКО ынтымақтастық туралы келісім жасасты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) Азия-Тынық мұхиты өңірінде жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы Токио конвенциясын іске асыруға қолдау көрсетуге бағытталған ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Ынтымақтастықтың мақсаты – білім беру біліктіліктерін танудың ұлттық жүйесін одан әрі жетілдіру, халықаралық өзара іс-қимылды дамыту және осы бағыттағы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру. Жоба аясында біліктіліктерді тану тәсілдері мен рәсімдерін жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу, халықаралық тәжірибені талдау және Токио конвенциясын Қазақстанда іске асыру жөніндегі жол картасын дайындау жоспарланып отыр. Сонымен қатар біліктіліктерді танудың ұлттық жүйесін одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен және бейінді ұйымдармен консультациялар өткізу көзделген. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🟧Национальный центр развития высшего образования и ЮНЕСКО заключили соглашение о сотрудничестве Национальный центр развития высшего образования Министерства науки и высшего образования РК и Организация Объединенных Наций по вопросам образования, науки и культуры (ЮНЕСКО) заключили договор о сотрудничестве, направленный на поддержку реализации Токийской конвенции о признании квалификаций, относящихся к высшему образованию в Азиатско-Тихоокеанском регионе. Сотрудничество направлено на дальнейшее совершенствование национальной системы признания образовательных квалификаций, развитие международного взаимодействия и повышение доступности соответствующих государственных услуг. В рамках проекта планируется подготовка рекомендаций по совершенствованию подходов и процедур признания квалификаций, анализ международного опыта и разработка дорожной карты реализации Токийской конвенции в Казахстане. Предусматривается также проведение консультаций с заинтересованными государственными органами и профильными организациями для выработки предложений по дальнейшему развитию национальной системы признания квалификаций. 🔗 Подробнее: gov.kz

  17. 💼 Атырау университетінің студенттері дуалды оқыту бағдарламасы бойынша еңбек тәжірибесін жинақтап жатыр Жоғары білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының сұранысына бейімдеу және жұмыс берушілерді оқу үдерісіне тарту мақсатында Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің 93 студенті дуалды оқыту жүйесі аясында түрлі мекемелерде кәсіби тәжірибеден өтіп, еңбек жолын бастады. Дуалды оқытуды дамыту – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеген 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасында көзделген маңызды міндеттердің бірі. Құжатта білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ білім алушылардың практикалық даярлығын арттыру мәселелеріне басымдық берілген. Атырау университетінің тәжірибесі осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың өңірлік деңгейде жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 💼 Студенты Атырауского университета получают профессиональный опыт в рамках дуального обучения В целях адаптации образовательных программ к потребностям рынка труда и привлечения работодателей к учебному процессу 93 студента Атырауского университета имени Х.Досмухамедова проходят профессиональную практику в различных организациях в рамках системы дуального обучения, получая первый опыт трудовой деятельности. Развитие дуального обучения – одна из важных задач, предусмотренных Концепцией развития высшего образования и науки на 2023-2029 годы, разработанной Министерством науки и высшего образования РК. В документе особое внимание уделяется укреплению взаимодействия между организациями образования и работодателями, а также повышению уровня практической подготовки обучающихся. Опыт Атырауского университета демонстрирует реализацию государственной политики в этом направлении на региональном уровне. 🔗 Подробнее: gov.kz

  18. viral

    🌎 Қазақстандағы Erasmus+: академиялық ұтқырлықтан жоғары білім берудегі инновацияларға дейін Astana IT University базасында «Ұтқырлықтан нақты нәтижелерге дейін: жоғары білім берудегі инновациялар мен жасанды интеллект» тақырыбында Қазақстандағы Erasmus+ түлектерінің 2026 жылғы кездесуі өтті. Іс-шара мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, еуропалық компаниялардың, жоғары оқу орындары мен халықаралық білім беру бағдарламаларының өкілдерін біріктірді. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты. Сондай-ақ кездесуге Қазақстандағы Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің өкілдері, елде қызмет ететін еуропалық компаниялардың өкілдері, академиялық ұтқырлық бағдарламалары мен Erasmus Mundus Joint Masters түлектері, Erasmus+ жобаларының үйлестірушілері мен қатысушылары, қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық бөлімдерінің қызметкерлері, зерттеушілер, сарапшылар және басқа да мүдделі тараптар қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстандағы Erasmus+ түлектерінің қауымдастығын нығайту, кәсіби байланыстарды кеңейту, сондай-ақ бағдарламаның мамандардың кәсіби дамуына және жоғары оқу орындарының әлеуетін арттыруға қосқан үлесін көрсету. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🌎 Erasmus+ в Казахстане: от академической мобильности к инновациям в высшем образовании В Astana IT University состоялась встреча выпускников Erasmus+ в Казахстане 2026 на тему «От мобильности к реальным результатам: инновации и искусственный интеллект в высшем образовании». Мероприятие объединило представителей государственных органов, дипломатического корпуса, европейских компаний, университетов и международных образовательных программ. В мероприятии принял участие министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек. Среди участников также были представители дипломатических миссий государств – членов Европейского союза в Казахстане, европейских компаний, работающих в стране, выпускники программ академической мобильности и Erasmus Mundus Joint Masters, координаторы и участники проектов Erasmus+, сотрудники международных подразделений казахстанских вузов, исследователи, эксперты и другие заинтересованные стороны. Основной целью мероприятия стало укрепление сообщества выпускников Erasmus+ в Казахстане, расширение профессиональных связей и демонстрация вклада программы в развитие специалистов и повышение потенциала университетов. 🔗 Подробнее: gov.kz

  19. viral

    🏅 Нобель сыйлығының лауреаты атанған топтың мүшесі Қазақстан университетінің құрметті профессоры атанды Топырақтану, агроэкология және климаттық зерттеулер саласының маманы, мажар ғалымы Йожеф Жембелге (József Zsembeli) Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің құрметті профессоры атағы берілді. Йожеф Жембел Мажарстанның Ауыл шаруашылығы және өмір туралы ғылымдар университетінің (MATE) атынан өкілдік етеді, сондай-ақ Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде сеньор-лектор қызметін атқарады. Ол халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға, ғылыми тәжірибе алмасуға және Қазақстанның аграрлық саласына қажетті мамандарды даярлауға үлес қосып келеді. Ғалым Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының (IPCC) ғылыми-сараптамалық жұмысына қатысқан. Аталған топ 2007 жылы климаттың өзгеруін зерттеуге және осы бағыттағы ғылыми білімді таратуға қосқан үлесі үшін Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ие болды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🏅 Участник группы – лауреата Нобелевской премии – стал почетным профессором казахстанского университета Венгерскому ученому Йожефу Жембелу (József Zsembeli), специалисту в области почвоведения, агроэкологии и климатических исследований, присвоено звание почетного профессора Казахского агротехнического исследовательского университета имени Сакена Сейфуллина. Йожеф Жембел представляет Венгерский университет сельского хозяйства и наук о жизни (MATE) и работает сеньор-лектором Казахского агротехнического исследовательского университета имени Сакена Сейфуллина. Он вносит вклад в развитие международного академического сотрудничества, обмен научным опытом и подготовку специалистов для аграрного сектора Казахстана. Ученый принимал участие в научно-экспертной деятельности Межправительственной группы экспертов по изменению климата (IPCC), которая в 2007 году была удостоена Нобелевской премии мира за вклад в изучение и распространение научных знаний об изменении климата. 🔗 Подробнее: gov.kz

  20. Older posts