ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%914 avg views
Posting 8.4/day last 14 minutes ago
Reactions per 1K views 6.9 👍 ❤ 🔥
viral · 2.6× typical

🇰🇿🇬🇧Coventry University Kazakhstan Астанада жаңа кампус ашады Шымкент қаласында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR 2026) халықаралық инвестициялық форумы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Coventry University Kazakhstan арасында Астанада университеттің жаңа кампусын ашуды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жаңа кампустың құрылысы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Кешеннің жалпы аумағы шамамен 30 мың шаршы метрді құрайды. Жоба аясында оқу ғимараттары, әкімшілік, қоғамдық кеңістіктер, кітапхана және заманауи IT-инфрақұрылым қарастырылған. Сонымен қатар студенттік іс-шаралар өткізуге және бірлескен жобаларды іске асыруға арналған кеңістіктер жасақталады. Сондай-ақ 400 орындық студенттер жатақханасы салынады. Онда тұрғын бөлмелер, ас үйлер, демалыс және өздігінен білім алуға арналған орындар болады. Coventry University Kazakhstan – Ұлыбританиядағы Coventry University университетінің кампусы. Мұнда аталған университеттің білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып, британдық үлгідегі дипломдар беріледі. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿🇬🇧 Coventry University Kazakhstan откроет новый кампус в Астане В рамках IX международного инвестиционного форума Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR 2026), состоявшегося в Шымкенте с участием Премьер-министра РК Олжаса Бектенова, Министерство науки и высшего образования РК и Coventry University Kazakhstan подписали меморандум о сотрудничестве, предусматривающий открытие нового кампуса университета в Астане. Строительство нового кампуса планируется осуществлять поэтапно. Общая площадь комплекса составит около 30 тыс. кв. м. Проект предусматривает создание учебных корпусов, административных помещений, общественных пространств, библиотеки и современной ИТ-инфраструктуры. Также будут предусмотрены пространства для студенческих мероприятий и реализации совместных проектов. Отдельным объектом станет студенческое общежитие на 400 мест, включающее жилые комнаты, кухни, зоны отдыха и помещения для самостоятельной работы и учебы. Coventry University Kazakhstan является кампусом британского Coventry University и реализует образовательные программы университета с выдачей дипломов британского образца. 🔗 Подробнее: gov.kz

Views over time

05001K1.5K22 Oct 13:2312 Nov 09:171.5K22 Oct 13:23: 0 views12 Nov 09:17: 1,490 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
22 Oct 2026, 13:230
12 Nov 2026, 09:171.5K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.