🟧Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы мен ЮНЕСКО ынтымақтастық туралы келісім жасасты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) Азия-Тынық мұхиты өңірінде жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы Токио конвенциясын іске асыруға қолдау көрсетуге бағытталған ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Ынтымақтастықтың мақсаты – білім беру біліктіліктерін танудың ұлттық жүйесін одан әрі жетілдіру, халықаралық өзара іс-қимылды дамыту және осы бағыттағы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру. Жоба аясында біліктіліктерді тану тәсілдері мен рәсімдерін жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу, халықаралық тәжірибені талдау және Токио конвенциясын Қазақстанда іске асыру жөніндегі жол картасын дайындау жоспарланып отыр. Сонымен қатар біліктіліктерді танудың ұлттық жүйесін одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен және бейінді ұйымдармен консультациялар өткізу көзделген. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🟧Национальный центр развития высшего образования и ЮНЕСКО заключили соглашение о сотрудничестве Национальный центр развития высшего образования Министерства науки и высшего образования РК и Организация Объединенных Наций по вопросам образования, науки и культуры (ЮНЕСКО) заключили договор о сотрудничестве, направленный на поддержку реализации Токийской конвенции о признании квалификаций, относящихся к высшему образованию в Азиатско-Тихоокеанском регионе. Сотрудничество направлено на дальнейшее совершенствование национальной системы признания образовательных квалификаций, развитие международного взаимодействия и повышение доступности соответствующих государственных услуг. В рамках проекта планируется подготовка рекомендаций по совершенствованию подходов и процедур признания квалификаций, анализ международного опыта и разработка дорожной карты реализации Токийской конвенции в Казахстане. Предусматривается также проведение консультаций с заинтересованными государственными органами и профильными организациями для выработки предложений по дальнейшему развитию национальной системы признания квалификаций. 🔗 Подробнее: gov.kz