ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%914 avg views
Posting 8.4/day last 13 minutes ago
Reactions per 1K views 6.9 👍 ❤ 🔥
repost from Aqorda 🇰🇿

✍️ Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды 🔹Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. 🔹 Олардың қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшы мамандықтардың, өндіріс, бизнес, білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері бар. 🔹«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы өндіріске сіңірген еңбегі үшін «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Ә.Доспановқа берілді. 🔹«Отан» орденімен көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, композитор, «Музарт» тобының елімізде және шет елде танылуы жолында ерекше рөл атқарған А.Қоразбаев марапатталды. 🔹І дәрежелі «Барыс» ордені «TNS-group» концерні» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Т.Жұмағұловқа және актер Н.Ықтымбаевқа; ІІ дәрежелі «Барыс» ордені білім саласының ардагері Е.Мәмбетқазиевқа, «Қазақстан Республикасы альпинизм және тауға өрмелеу федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті Қ.Уәлиевке; ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені «Ново-Приречное» ЖШС директоры В.Тюркинге, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы С.Шаңғұтовқа және басқаларға берілді. 🔹Ел дамуына еңбегі сіңген белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері, өндірістік сала өкілдері «Парасат» орденімен марапатталды. Олардың арасында «Ақмая» шаруа қожалығының төрағасы Д.Жұмбеков, «А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері Н.Уәли, археолог А.Подушкин, «Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ профессоры М.Түсіпбекова, «Радуга» ЖШС бас директоры Д.Шарапаев және басқалары бар. 🔹«Құрмет» орденімен «Өзенмұнайгаз» АҚ кран машинисі Б.Досқарин, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» КМК бөлімше меңгерушісі Е.Кальмбах, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Астық-STEM» ЖШС бас агрономы Т.Хамидуллин, «Здоровая Азия» онкологиялық ауруларды қолдау жөніндегі қоғамдық қорының негізін қалаушы Н.Плохих, Қызылорда облысындағы «Қамқорлық» оңалту орталығының басшысы А.Мұсафирова, Атырау облысындағы су шаруашылығының ардагері Н.Қонас, Ақтөбе облысының «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы» МКК балалар дәрігері Б.Медетбаев және басқалары марапатталды. 🔹Қоғамдық келісімді және ұлтаралық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін «Ел бірлігі» орденіне «Алматы қаласының Түрікмен қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы Г.Аннакулиева, Қарағанды облысы «Шешен-ингуш «Вайнах» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы У.Джанаев, «Возрождение» Қазақстандық немістердің бірлестігі» қоғамдық қорының атқарушы директоры Д.Редлер, «Tamos Space School» ЖШС мұғалімі Д.Ромащенко ие болды. t.me/aqorda_resmi

Views over time

05001K23 Oct 04:0812 Nov 09:171.1K23 Oct 04:08: 0 views12 Nov 09:17: 1,120 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
23 Oct 2026, 04:080
12 Nov 2026, 09:171.1K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.