🇰🇿🎓 Welcome to Kazakhstan!»: Сәтбаев университетінің шетелдік студенттері қазақ мәдениетімен танысты Сәтбаев университетінде 35 елден келген шетелдік студенттердің қатысуымен «Welcome to Kazakhstan!» мәдени-танымдық кеші өтті. Іс-шараның мақсаты – шетелдік жастарды қазақ халқының мәдениетімен, ұлттық тағамдарымен, салт-дәстүрі және ұлттық ойындарымен таныстыру. Бүгінде Сәтбаев университетінде 2 348 шетелдік студент білім алып жатыр. Мәдени-танымдық кеш студенттерге Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы жаңа ақпарат алып, өзара тәжірибе алмасуға және жаңа ортаға жақынырақ бейімделуге мүмкіндік берді. Іс-шара барысында студенттер домбыраның үніне құлақ түріп, қазақтың күй өнерімен танысты, ұлттық тағамдардан дәм татты. Сондай-ақ асық атып, тоғызқұмалақ ойнап, қазақтың ұлттық ойындарына қатысты. Өз кезегінде шетелдік студенттер өз елдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы әңгімелеп, мәдениеттер арасындағы өзара байланысты нығайта түсті. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿🎓 «Welcome to Kazakhstan!»: иностранные студенты Satbayev University познакомились с казахской культурой В Satbayev University состоялся культурно-познавательный вечер «Welcome to Kazakhstan!» с участием иностранных студентов из 35 стран. Цель мероприятия – познакомить иностранных студентов с культурой казахского народа, национальными блюдами, традициями и национальными играми. Сегодня в Satbayev University обучаются 2 348 иностранных студентов. Культурно-познавательный вечер позволил им больше узнать об истории и культуре Казахстана, обменяться опытом и лучше адаптироваться к новой среде. В ходе мероприятия студенты познакомились с искусством кюя и звучанием домбры, попробовали национальные блюда, а также приняли участие в национальных играх – асық ату и тоғызқұмалақ. В свою очередь, иностранные студенты рассказали о культуре и традициях своих стран, что способствовало укреплению межкультурного диалога. 🔗 Подробнее: gov.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Subscribers
59.9K
−200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR)
1.5%906 avg views
Posting
8.3/day
last 8 hours ago
Reactions per 1K views
6.8
👍 ❤ 🔥
Views over time
| When | Views |
|---|---|
| 16 Sep 2026, 11:12 | 0 |
| 12 Nov 2026, 09:17 | 2.2K |
Who shared this post
Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)
Nobody yet.