ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%906 avg views
Posting 8.3/day last 8 hours ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥

🌍 Астанада өтетін Horizon Europe бағдарламасының ақпараттық және нетворкинг сессиясына шақырамыз! ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Еуропалық комиссияның Global Service Facility ұйымымен бірлесіп халықаралық ынтымақтастыққа қызығушылық танытқан қазақстандық ғалымдар, инноваторлар және ғылыми ұйымдардың басшылары үшін ауқымды іс-шара өткізеді. 📅 Күні: 7 қазан 2026 жыл ⏰ Уақыты: 09:00-17:15 (Астана уақыты) 📍 Өтетін орны: QAIRU (Qazaq AI Research University), Мәңгілік Ел даңғылы, 55/1, EXPO, B 2.2 блогы Іс-шара барысында Horizon Europe бағдарламасының 2027 жылға арналған жұмыс бағдарламалары шеңберіндегі қаржыландыру мүмкіндіктері туралы өзекті ақпарат ұсынылады. Бағдарлама екі негізгі бөлімнен тұрады: 🔹 Таңғы сессия (09:00-13:00) Сессия Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық жобаларының портфелін қалыптастыруға бағытталады. Сарапшылар негізгі тақырыптық бағыттар бойынша ақпарат береді: – критикалық маңызды шикізат материалдары (CRM); – жасанды интеллект (AI); – ауыл шаруашылығы. Сонымен қатар қазақстандық ұйымдардың еуропалық консорциумдарға COST, MSCA және EUREKA бағдарламалары арқылы интеграциялану мүмкіндіктері қарастырылады. 🔹 Күндізгі сессия (14:00-17:15) 2027 жылға арналған жобалық өтінімдерін әзірлеп жатқан командаларға арналған практикалық семинар. Іс-шара сарапшылардың жетекшілігімен екі шағын топта интерактивті форматта өткізіледі. Қатысушылар: – жобалық өтінімнің конкурс талаптарына сәйкестігі; – консорциум құрамын қалыптастыру; – бюджетті жоспарлау; – Excellence / Impact бағалау критерийлері бойынша практикалық кері байланыс алады. Іс-шараға зерттеушілер, жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, мемлекеттік және жеке сектордың өкілдері қатыса алады. 🔗 Қатысу үшін міндетті түрде тіркелу қажет. Тіркелу формасы: https://forms.gle/nJ6EZQFVLEKqMdnH8 #HorizonEurope

Views over time

02K4K6K8K18 Sep 05:0112 Nov 09:176.8K18 Sep 05:01: 0 views12 Nov 09:17: 6,830 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
18 Sep 2026, 05:010
12 Nov 2026, 09:176.8K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.