ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%906 avg views
Posting 8.3/day last 8 hours ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥

🇰🇿🇬🇧 Қазақстандық және британдық ғалымдар білім беру саласындағы бірлескен зерттеулерді дамытады Ұлыбританиядағы Сассекс университетінің ғалымдары Марғұлан университетінде бірлескен жұмыстар жүргізіп жатыр. Павлодарда шетелдік сарапшылар бір апта бойы университеттің оқытушылары мен ғалымдарымен бірлесіп жұмыс жүргізіп, педагогтерді даярлау, сондай-ақ білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні қолданудың жаңа тәсілдерін талқылайды. Аталған жұмыс «Қазақстанның дарынды балаларын дамытуға арналған педагог кадрларды даярлаудың кешенді ғылыми-инновациялық жүйесін құру» ғылыми-зерттеу бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Британдық делегация құрамында Сассекс университеті проректорының орынбасары, профессор Саймон Томпсон, Білім беру департаментінің басшысы Кит Перера және бастауыш білім беру саласының ассистент-профессоры Марсело Старикофф бар. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿🇬🇧 Казахстанские и британские ученые развивают совместные исследования в сфере образования Ученые Университета Сассекса Великобритании проводят совместную работу на базе Марғұлан университета. В течение недели в Павлодаре зарубежные эксперты совместно с преподавателями и учеными университета рассматривают вопросы подготовки педагогических кадров, а также применения новых подходов и технологий искусственного интеллекта в образовательном процессе. Работа осуществляется в рамках научно-исследовательской программы «Создание комплексной научно-инновационной системы подготовки педагогических кадров для развития одаренных детей Казахстана». В состав британской делегации вошли заместитель проректора Университета Сассекса, профессор Саймон Томпсон, руководитель Департамента образования Кит Перера и ассистент-профессор в области начального образования Марсело Старикофф. 🔗 Подробнее: gov.kz

Views over time

01K2K3K16 Sep 12:4012 Nov 09:172.3K16 Sep 12:40: 0 views12 Nov 09:17: 2,320 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
16 Sep 2026, 12:400
12 Nov 2026, 09:172.3K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.