ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%906 avg views
Posting 8.3/day last 8 hours ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥

👨‍🔬 Қазақстандық ғалымдар мұнай өндіруде кванттық есептеулерді қолданудың жаңа тәсілін ұсынды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары мұнай өндіру үдерістерін модельдеу және оңтайландыруда кванттық есептеулерді қолдану бағытында зерттеу жүргізіп жатыр. Ғалымдар физикаға негізделген нейрондық желілерді (PINN) кванттық есептеулермен біріктіріп, мұнай қабатындағы күрделі үдерістерді модельдеуге мүмкіндік беретін кванттық PINN моделін әзірледі. Мұнай өндіру барысында қабатқа су айдау, қысым арқылы әсер ету және басқа да технологиялық әдістер қолданылады. Бұл үдерістердің тиімділігін арттыру үшін мұнай қабатындағы физикалық құбылыстарды дәл есептеп, өндіріс параметрлерін оңтайлы басқару маңызды. Дәстүрлі модельдеу тәсілдері күрделі көп параметрлі есептеулерді қажет етеді. Сондықтан есептеу мүмкіндіктерін кеңейтетін жаңа технологияларды енгізу мұнай-газ саласындағы өзекті ғылыми міндеттердің бірі болып отыр. Осы бағытта ҚазҰУ ғалымдары кванттық есептеулердің мүмкіндіктерін зерттеп, мұнай өндіру үдерістерін модельдеуге арналған жаңа тәсіл ұсынды. Әзірленген кванттық PINN моделі физикалық заңдылықтарды нейрондық желілердің мүмкіндіктерімен және кванттық есептеу тәсілдерімен ұштастырады. Бұл күрделі өндірістік үдерістерді модельдеуді жетілдіруге, есептеу тиімділігін арттыруға және мұнай өндіру параметрлерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. 🔗 Толығырақ: gov.kz

Views over time

01K2K16 Sep 08:2812 Nov 09:171.9K16 Sep 08:28: 0 views12 Nov 09:17: 1,930 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
16 Sep 2026, 08:280
12 Nov 2026, 09:171.9K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.