Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК
Subscribers59.9K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR)1.5%906 avg views
Posting8.3/daylast 9 hours ago
Reactions per 1K views6.8👍 ❤ 🔥
🌐ҚАЗАҚСТАНДА ГУМАНОИД РОБОТТАР ӨНДІРІСІ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛАДЫ
Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық бағыт аясында елімізде жасанды интеллект саласындағы кадрлық және технологиялық әлеуетті дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Соның ішінде жоғары оқу орындарында студенттердің жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін дамытуға бағытталған AI-Sana бағдарламасы жүзеге асырылуда.
📎Толығырақ: GOV.KZ
*
🌐В КАЗАХСТАНЕ СОЗДАДУТ ПРОИЗВОДСТВО ГУМАНОИДНЫХ РОБОТОВ
В рамках стратегического направления определенного Главой государства в стране ведется системная работа по развитию кадрового и технологического потенциала в сфере искусственного интеллекта. В том числе в высших учебных заведениях реализуется программа AI-Sana, направленная на развитие компетенций студентов в области искусственного интеллекта.
📎Подробнее: GOV.KZ
🤖AI-SANA: КазНУ в этом году завершит проект по созданию большой языковой модели для казахского языка
Ученые Казахского национального университета имени аль-Фараби завершают проект по созданию больших языковых моделей, направленный на технологическое развитие казахского языка. Научный проект, начатый в 2024 году, будет полностью завершен в текущем году.
В рамках проекта был собран, очищен и структурирован значительный массив текстовых данных на казахском языке. На его основе разработано несколько больших языковых моделей, обученных с приоритетом казахского языка.
Одной из важных технических особенностей разработанных моделей является возможность вызова внешних инструментов, или tool calling. Она позволяет моделям взаимодействовать с цифровыми инструментами и поэтапно выполнять сложные задачи. Эта функция имеет особое значение для дальнейшего развития многоагентных и автономных систем.
🔗Подробнее: GOV.KZ
🤖AI-SANA: ҚазҰУ биыл қазақ тіліне арналған үлкен тілдік модельдер жобасын аяқтайды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары қазақ тілінің технологиялық дамуына арналған үлкен тілдік модельдер жобасын аяқтауға жақын. 2024 жылы басталған ғылыми жоба биыл толық аяқталады.
Жоба аясында қазақ тіліндегі ауқымды мәтіндік деректер жинақталып, тазартылып, құрылымдалды. Осы деректер негізінде қазақ тіліне басымдық беріліп оқытылған бірнеше үлкен тілдік модель әзірленді.
Әзірленген модельдердің маңызды техникалық ерекшеліктерінің бірі – tool calling мүмкіндігі. Бұл модельдерге сыртқы цифрлық құралдармен әрекеттесуге және күрделі тапсырмаларды бірнеше кезеңмен орындауға мүмкіндік береді. Аталған мүмкіндік көп агентті және автономды жүйелерді дамыту үшін маңызды.
🔗Толығырақ: GOV.KZ
⚜️ЖАНКЕНТ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНА – 20 ЖЫЛ: КӨНЕ ҚАЛАНЫҢ ЖАҢА ҚЫРЛАРЫ ЗЕРТТЕЛУДЕ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Оғыздардың материалдық және рухани мәдениеті» ғылыми-танымдық кітап-каталогының таныстырылымы және «Жанкент археологиялық экспедициясына – 20 жыл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өтті.
🔗GOV.KZ
⚜️20 ЛЕТ АРХЕОЛОГИЧЕСКОЙ ЭКСПЕДИЦИИ В ЖАНКЕНТЕ:
НОВЫЕ ГРАНИ ИССЛЕДОВАНИЯ ДРЕВНЕГО ГОРОДА
В Кызылординском университете имени Коркыт ата состоялась презентация научно-популярного каталога «Материальная и духовная культура огузов», а также прошел международный научно-практический круглый стол, посвященный 20-летию археологической экспедиции в Жанкенте.
🔗GOV.KZ
⚜️Абай облысында Murdoch University филиалын Shakarim University базасында ашу перспективалары талқыланды
Мемлекет басшысының жетекші шетелдік университеттерді Қазақстан өңірлеріне тарту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейту және жоғары білімді интернационалдандыру бағытындағы жұмысты жалғастыруда.
🔗GOV.KZ
⚜️В области Абай обсудили перспективы открытия филиала Murdoch University на базе Shakarim University
В рамках реализации поручения Главы государства по привлечению ведущих зарубежных университетов в регионы Казахстана Министерство науки и высшего образования Республики Казахстан продолжает работу по расширению международного академического сотрудничества и интернационализации высшего образования.
🔗 GOV.KZ
repost
«Бұл біз үшін жай ғана ғимарат емес, жастарымыздың сапалы білім алуына берілген жаңа мүмкіндіктер» - университет проректоры
Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің ұжымы оқу ордасының аумағынан жаңа ғимараттың бой көтеріп, заманауи кабинеттермен және жабдықтармен пайдалануға берілгеніне дән риза. Олар оқу-әдістемелік жұмыстарын да жандандыра түсіруді көздеп отыр. Бұл туралы Арқалық педагогикалық университетінің проректоры Жайнагүл Дүйсебекова айтып берді.
«Биыл Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің игілігіне Президенттің бастамасымен және Үкіметтің қолдауымен қайтарылған активтер есебінен жалпы көлемі 6600 шаршы метрді құрайтын жаңа корпус берілді. Бұл біз үшін жай ғана ғимарат емес, жастарымыздың сапалы білім алуына берілген жаңа мүмкіндіктер. Соны пайдаланып біз бірқатар жаңа мамандықтар ашуды жоспарлап отырмыз. Профессорлық-оқытушылық құрам да толыға түспек. Университет қабырғасында жаңа ғылыми-зерттеу орталықтары ашылмақ. Мемлекет басшысына көрсетіп отырған үлкен қолдауы үшін ұжым атынан шексіз алғысымды білдіргім келеді»,
— деді ол.
📱 @KZgovernment
📝27 МЫҢ АДАМ ТАМЫЗ ҰБТ-СЫН ТАПСЫРДЫ
27 мыңнан астам адам тамыз айындағы ҰБТ-ны тапсырды. Шекті балды 53% талапкер жинады. Бес пән бойынша орташа балл – 55 балл. Ең жоғары балл – 136.
Тамыз ҰБТ-сына 98 ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкер қатысты.
🔗Толығырақ: GOV.KZ
*
📝27 ТЫС. ЧЕЛОВЕК СДАЛИ АВГУСТОВСКОЕ ЕНТ
Более 27 тысяч человек сдали августовское ЕНТ. Пороговый балл набрали 53% абитуриентов. Средний балл по пяти предметам составил 55баллов. Максимальный балл – 136.
В августовском ЕНТ приняли участие 98 абитуриентов с особыми образовательными потребностями.
🔗Подробнее: GOV.KZ
Образование, энергетика и промышленная инфраструктура
📌Возвращенные активы направляются и на развитие образовательной инфраструктуры. В этой сфере одобрено 17 проектов на общую сумму 64,4 млрд теңге.
В Северо-Казахстанской области открыты новая школа в Петропавловске и детский сад на 280 мест. В Шымкенте ввели в эксплуатацию общежитие на 300 мест для специальной школы-интерната. Новые учебные заведения появились в областях Абай и Ұлытау, а также в Жамбылской и Костанайской областях.
Отдельный проект реализован для Аркалыкского педагогического института им. Ы. Алтынсарина – за счет средств Специального государственного фонда реконструировано здание общей площадью 6600 м2, где разместятся студенты факультета естествознания и информатизации, а также слушатели педагогических и новых образовательных направлений. Дополнительный корпус расширит возможности вуза по подготовке специалистов.
«Для нас это не просто новый корпус, а дополнительные возможности для качественного образования и дальнейшего развития вуза. Уже с этого года планируем открыть новые магистерские программы по информационным технологиям, журналистике и сельскому хозяйству. В здании также будут работать AI-лаборатория и профильные центры. Здесь получат развитие совместные проекты с управлениями образования, клиническая школа, направления инклюзивного образования и педагогических исследований, а также международные программы. Все это позволит расширить образовательные и научные возможности университета»,
— отметила проректор Аркалыкского педагогического института им. Ы. Алтынсарина Жайнагуль Дуйсебаева.
В рамках развития специальных экономических зон возвращенные средства направляются на обеспечение необходимой энергетической и инженерной инфраструктурой площадок для запуска новых производств. В Северо-Казахстанской области строятся подъездные автодороги, сети теплоснабжения и телефонизации, а также магистральная ливневая канализация для обеспечения инженерной инфраструктурой новых заводов.
В Жамбылской, Карагандинской областях и области Абай реализуются проекты по строительству и модернизации котельных, газопроводов и линий электропередачи, направленные на повышение надежности энергоснабжения населенных пунктов и промышленных объектов.
Совместная работа Правительства и Генеральной прокуратуры по возврату активов обеспечивает финансирование конкретных социальных и инфраструктурных задач. На сегодняшний день в страну возвращено свыше 1,1 трлн теңге, которые используются для строительства и модернизации медицинских и образовательных объектов, систем водоснабжения, аэропортов, инженерных сетей и спортивных комплексов.
Такой подход позволяет направлять возвращенные активы прежде всего на проекты, имеющие непосредственное значение для качества жизни населения и развития регионов.
📱 @KZgovernment
Білім, энергетика және өнеркәсіптік инфрақұрылым
📌Қайтарылған активтер білім беру инфрақұрылымын дамытуға да бағытталады. Бұл салада жалпы сомасы 64,4 млрд теңгеге 17 жоба мақұлданды.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында жаңа мектеп және 280 орындық балабақша ашылды. Шымкентте арнайы мектеп-интернат үшін 300 орындық жатақхана пайдалануға берілді. Жаңа оқу орындары Абай және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Жамбыл және Қостанай облыстарында пайда болды.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты үшін жеке жоба жүзеге асырылды. Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен жалпы ауданы 6600 шаршы метр болатын ғимарат реконструкциядан өтті. Онда дүниетану және информатизация факультетінің студенттері, сондай-ақ педагогикалық және жаңа білім беру бағыттарының тыңдаушылары орналасады. Қосалқы ғимарат ЖОО-ның мамандар даярлау мүмкіндіктерін кеңейтеді.
«Біз үшін бұл жай ғана жаңа ғимарат емес, сапалы білім беру мен ЖОО-ны одан әрі дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер. Осы жылдан бастап ақпараттық технологиялар, журналистика және ауыл шаруашылығы бойынша жаңа магистрлік бағдарламалар ашуды жоспарлап отырмыз. Ғимаратта ЖИ зертханасы мен салалық орталықтар да жұмыс істейтін болады. Мұнда білім басқармаларымен бірлескен жобалар, клиникалық мектеп, инклюзивті білім беру және педагогикалық зерттеулер бағыттары, сондай-ақ халықаралық бағдарламалар дамытылады. Мұның бәрі университеттің білім беру және ғылыми мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады»,
— деп атап өтті Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының проректоры Жайнагүл Дүйсебаева.
Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту шеңберінде қайтарылған қаражат жаңа өндірістерді іске қосу үшін алаңдарды қажетті энергетикалық және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталады. Солтүстік Қазақстан облысында жаңа зауыттарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін кірме автожолдар, жылумен жабдықтау және телефондандыру желілері, сондай-ақ магистральдық суағар кәрізі салынуда.
Жамбыл, Қарағанды облыстары мен Абай облыстарында елді мекендер мен өнеркәсіптік нысандарды энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға бағытталған қазандықтарды, газ құбырларын және электр беру желілерін салу және жаңғырту жөніндегі жобалар жүзеге асырылуда.
Үкімет пен Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі бірлескен жұмысы нақты әлеуметтік және инфрақұрылымдық міндеттерді қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда елімізге медициналық және білім беру объектілерін, сумен жабдықтау жүйелерін, әуежайларды, инженерлік желілер мен спорт кешендерін салу және жаңғырту үшін жұмсалатын 1,1 трлн теңгеден астам теңге қайтарылды.
Бұл тәсіл қайтарылған активтерді, ең алдымен, халықтың өмір сүру сапасы мен өңірлердің дамуы үшін тікелей маңызы бар жобаларға бағыттауға мүмкіндік береді.
📱 @KZgovernment
⚜️ҚазҰУ-да жасанды интеллект саласындағы халықаралық симпозиум өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қытай-Қазақстан интеллектуалды есептеу және жасанды интеллект инновациялары» тақырыбында халықаралық симпозиум ұйымдастырылды.
ҚазҰУ мен Қытай компьютер федерациясының (CCF) бірлесуімен өткен ауқымды шараға отандық және шетелдік ғылыми қауымдастық өкілдері, IT-мамандар мен халықаралық сарапшылар қатысты.
🔗Толығырақ: GOV.KZ
**
⚜️В КазНУ состоялся международный симпозиум в области искусственного интеллекта
В Казахском национальном университете имени аль-Фараби организован международный симпозиум на тему «Китайско-казахстанские инновации в области интеллектуальных вычислений и искусственного интеллекта».
В масштабном мероприятии, прошедшем совместно с Китайской компьютерной федерацией (CCF), приняли участие представители отечественного и зарубежного научного сообщества, IT-специалисты и международные эксперты.
🔗Подробнее: GOV.KZ
repost
В Казахстане запускают Qazaq AI Research University по модели AI+X
📌 По поручению Главы государства в Казахстане создается специализированный исследовательский вуз с особым статусом AI Enabled University. Об этом на заседании Правительства сообщил первый вице-министр искусственного интеллекта и цифрового развития Ростислав Коняшкин.
«Qazaq AI Research University – специализированный исследовательский университет в области искусственного интеллекта с особым статусом AI Enabled University. Университет работает по модели AI+X. Эта модель предполагает подготовку специалистов в разных профессиональных направлениях. При этом ИИ является частью обучения по каждой специальности. Студенты изучают не только технологии искусственного интеллекта, но и их применение в конкретной профессиональной сфере»,
— проинформировал Ростислав Коняшкин.
В рамках международного сотрудничества вуз выстраивает партнерство с профильными центрами и университетами Китая, ОАЭ и Финляндии. Кроме того, планируется создание международной AI-платформы обучения, которая позволит масштабировать образовательные программы и привлекать зарубежных студентов.
📱 @KZgovernment
repost
Қазақстанда AI+X моделі бойынша жұмыс істейтін Qazaq AI Research University іске қосылады
📌 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда AI-Enabled University ерекше мәртебесі бар мамандандырылған зерттеу ЖОО құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді.
«Qazaq AI Research University AI-Enabled University ерекше мәртебесі
берілген жасанды интеллект саласындағы мамандандырылған зерттеу университеті. Университет AI+X моделі бойынша жұмыс істейді.Бұл модель әртүрлі кәсіби бағыттар бойынша мамандар даярлауды көздейді. Жасанды интеллект әр мамандық бойынша оқытудың бір бөлігі болады. Студенттер AI технологияларын үйренеді. Оларды нақты кәсіби салада қолдануды да меңгереді»,
— деп атап өтті Ростислав Коняшкин.
Университет халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып келеді. Қытай Халық Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері және Финляндияның жетекші университеттері мен зерттеу орталықтарымен ынтымақтастық орнатылған. Сондай-ақ халықаралық AI-оқыту платформасын құру жоспарлануда.
📱 @KZgovernment
repost
Новые студенческие общежития на более 6,8 тыс. мест введут в эксплуатацию в этом году в РК
В 2026 году в Казахстане планируется ввести в эксплуатацию 18 студенческих общежитий общей вместимостью 6 857 мест. Об этом на заседании Правительства сообщил министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек.
Он отметил, что новые общежития оборудуются с учетом потребностей молодежи и создаются в комфортном формате.
Например, в городе Астане два новых общежития при Казахском национальном университете спорта готовы разместить более 1,5 тыс. студентов. Их открытие состоится на этой неделе – 22 августа.
В городе Алматы в этом году введено в эксплуатацию современное общежитие Международной образовательной корпорации на 339 мест.
В настоящее время ведутся работы по вводу в эксплуатацию 7 общежитий. До конца года планируется ввести еще 11 общежитий.
«В начале учебного года основная часть обращений от студентов поступают по вопросам размещения в общежитиях. В связи с этим в городе Алматы организована работа Ситуационного и Кризисного центров. Ситуационный центр работает на базе Казахского национального женского педагогического университета. Здесь студентам и родителям предоставляется подробная информация о порядке размещения в общежитии, необходимых документах и порядке подачи заявления»,
— добавил Саясат Нурбек.
📱 @KZgovernment
repost
Биыл Қазақстанда 6,8 мыңнан астам орынға арналған жаңа студенттік жатақханалар пайдалануға беріледі
📌 2026 жылы Қазақстанда жалпы сыйымдылығы 6 857 орындық 18 студенттік жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Ол жаңа жатақханалар жастардың сұранысына сай, жайлы форматта жасақталып жатқанын атап өтті.
Мысалы, Астана қаласында Қазақ ұлттық спорт университетінде жаңа 2 жатақхана 1,5 мыңнан астам студентті орналастыруға дайын. Ашылуы 22 тамыз күні өтеді.
Алматы қаласында Халықаралық білім корпорациясының 339 орындық замануи жатақханасы биыл қолданысқа берілді.
Қазір 7 жатақхананы іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін тағы 11 жатақхана іске қосылады.
«Оқу жылының басында студенттерден түсетін өтініштердің негізгі бөлігі жатақханаға орналастыру мәселелеріне байланысты. Осыған себепті Алматы қаласында Ахуалдық және Дағдарыс орталықтарының жұмысы ұйымдастырылды. Ахуалдық орталық Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында жұмыс істейді. Мұнда студенттер мен ата-аналарға жатақханаға орналасу тәртібі, қажетті құжаттар және өтініш беру мәселелері бойынша нақты ақпарат беріледі»,
— деді Саясат Нұрбек.
📱 @KZgovernment
repost
Вузы Казахстана усиливают взаимодействие с рынком труда
📌 Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек на заседании Правительства доложил о проводимой работе по налаживанию взаимодействия между вузами и предприятиями в вопросах обучения кадров.
В качестве примера эффективного взаимодействия вузов с работодателями министр привел совместную работу с Фондом «Самұрық-Қазына».
Ежегодно в портфельных компаниях фонда около 10 тыс. студентов проходят дуальное обучение и производственную практику. В первом полугодии 2026 года в таком формате было охвачено более 4,3 тыс. студентов.
Дуальное обучение охватывает такие направления, как горное дело, энергетика, IT, электротехника, железнодорожный транспорт, телекоммуникации, цифровые технологии, добыча и переработка ресурсов.
«Кроме того, в соответствии с поручением Главы государства в текущем году начнет обучение студентов Казахский исследовательский университет искусственного интеллекта. Планируется принять около 600 обучающихся»,
— добавил Саясат Нурбек.
На программы бакалавриата планируется принять 400 студентов, из них 308 – обладатели государственных образовательных грантов. На программы магистратуры планируется принять 100 человек за счет грантов Astana Hub, Alageum, а также на платной основе.
📱 @KZgovernment
repost
Қазақстанның жоғары оқу орындары еңбек нарығымен өзара байланысты күшейтуде
📌 ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында жоғары оқу орындары мен кәсіпорындар арасында кадрларды оқыту мәселелерінде өзара іс-қимылды жолға қою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Министр жоғары оқу орындарының жұмыс берушілермен тиімді ынтымақтастығына мысал ретінде «Самұрық-Қазына» қорымен бірлескен жұмысты атап өтті.
Қордың портфельдік компанияларында жыл сайын шамамен 10 мың студент дуалды оқудан және өндірістік практикадан өтеді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында осы форматпен 4,3 мыңнан астам студент қамтылды.
Дуалды оқыту тау-кен ісі, энергетика, IT, электр техникасы, теміржол көлігі, телекоммуникациялар, цифрлық технологиялар, ресурстарды өндіру және өңдеу бағыттарын қамтиды.
«Сонымен қатар биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақ зерттеу жасанды интеллект университеті студенттерді оқытуды бастайды. Шамаман 600 білім алушы қабылданады деп күтілуде»,
— деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Бакалавариатта 400 студент, оның 308-і мемлекеттік грант иегері. Магистратура бағдарламасына 100 адам Астана Хаб, Алагеум гранттарына және ақылы оқуға қабылданады.
📱 @KZgovernment
repost
📢📢 Қазақстан Үкіметінің отырысы (18.08.2026)
📹 Күн тәртібі — жаңа оқу жылына дайындық.
➖
📢📢 Заседание Правительства Казахстана (18.08.2026)
📹 Повестка заседания — подготовка к новому учебному году.
📱 @KZgovernment
🇰🇿🇦🇺ҚАЗАҚСТАН МЕН АУСТРАЛИЯ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТІП ЖАТЫР
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Аустралияның Мёрдок университетінің өкілдерімен кездесті. Тараптар Шәкәрім университеті мен Мёрдок университеті арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту және Семей қаласында Аустралия университетінің филиалын ашу перспективаларын талқылады.
🔗Толығырақ: GOV.KZ
*
🇰🇿🇦🇺КАЗАХСТАН И АВСТРАЛИЯ РАСШИРЯЮТ СОТРУДНИЧЕСТВО В СФЕРЕ ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
Министр науки и высшего образования Республики Казахстан Саясат Нурбек встретился с представителями Университета Мёрдок (Австралия). Стороны обсудили развитие стратегического партнерства между Университетом Шакарима и Университетом Мёрдок, а также перспективы открытия филиала австралийского вуза в Семее.
🔗Подробнее: GOV.KZ