ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%906 avg views
Posting 8.3/day last 9 hours ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥
repost from UKIMET

«Бұл біз үшін жай ғана ғимарат емес, жастарымыздың сапалы білім алуына берілген жаңа мүмкіндіктер» - университет проректоры Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің ұжымы оқу ордасының аумағынан жаңа ғимараттың бой көтеріп, заманауи кабинеттермен және жабдықтармен пайдалануға берілгеніне дән риза. Олар оқу-әдістемелік жұмыстарын да жандандыра түсіруді көздеп отыр. Бұл туралы Арқалық педагогикалық университетінің проректоры Жайнагүл Дүйсебекова айтып берді. «Биыл Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің игілігіне Президенттің бастамасымен және Үкіметтің қолдауымен қайтарылған активтер есебінен жалпы көлемі 6600 шаршы метрді құрайтын жаңа корпус берілді. Бұл біз үшін жай ғана ғимарат емес, жастарымыздың сапалы білім алуына берілген жаңа мүмкіндіктер. Соны пайдаланып біз бірқатар жаңа мамандықтар ашуды жоспарлап отырмыз. Профессорлық-оқытушылық құрам да толыға түспек. Университет қабырғасында жаңа ғылыми-зерттеу орталықтары ашылмақ. Мемлекет басшысына көрсетіп отырған үлкен қолдауы үшін ұжым атынан шексіз алғысымды білдіргім келеді», — деді ол. 📱 @KZgovernment

Views over time

02K4K18 Aug 13:3712 Nov 09:174.2K18 Aug 13:37: 0 views12 Nov 09:17: 4,180 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
18 Aug 2026, 13:370
12 Nov 2026, 09:174.2K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.