ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%906 avg views
Posting 8.3/day last 9 hours ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥
repost from UKIMET

Білім, энергетика және өнеркәсіптік инфрақұрылым 📌Қайтарылған активтер білім беру инфрақұрылымын дамытуға да бағытталады. Бұл салада жалпы сомасы 64,4 млрд теңгеге 17 жоба мақұлданды. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында жаңа мектеп және 280 орындық балабақша ашылды. Шымкентте арнайы мектеп-интернат үшін 300 орындық жатақхана пайдалануға берілді. Жаңа оқу орындары Абай және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Жамбыл және Қостанай облыстарында пайда болды. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты үшін жеке жоба жүзеге асырылды. Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен жалпы ауданы 6600 шаршы метр болатын ғимарат реконструкциядан өтті. Онда дүниетану және информатизация факультетінің студенттері, сондай-ақ педагогикалық және жаңа білім беру бағыттарының тыңдаушылары орналасады. Қосалқы ғимарат ЖОО-ның мамандар даярлау мүмкіндіктерін кеңейтеді. «Біз үшін бұл жай ғана жаңа ғимарат емес, сапалы білім беру мен ЖОО-ны одан әрі дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер. Осы жылдан бастап ақпараттық технологиялар, журналистика және ауыл шаруашылығы бойынша жаңа магистрлік бағдарламалар ашуды жоспарлап отырмыз. Ғимаратта ЖИ зертханасы мен салалық орталықтар да жұмыс істейтін болады. Мұнда білім басқармаларымен бірлескен жобалар, клиникалық мектеп, инклюзивті білім беру және педагогикалық зерттеулер бағыттары, сондай-ақ халықаралық бағдарламалар дамытылады. Мұның бәрі университеттің білім беру және ғылыми мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады», — деп атап өтті Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының проректоры Жайнагүл Дүйсебаева. Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту шеңберінде қайтарылған қаражат жаңа өндірістерді іске қосу үшін алаңдарды қажетті энергетикалық және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталады. Солтүстік Қазақстан облысында жаңа зауыттарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін кірме автожолдар, жылумен жабдықтау және телефондандыру желілері, сондай-ақ магистральдық суағар кәрізі салынуда. Жамбыл, Қарағанды облыстары мен Абай облыстарында елді мекендер мен өнеркәсіптік нысандарды энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға бағытталған қазандықтарды, газ құбырларын және электр беру желілерін салу және жаңғырту жөніндегі жобалар жүзеге асырылуда. Үкімет пен Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі бірлескен жұмысы нақты әлеуметтік және инфрақұрылымдық міндеттерді қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда елімізге медициналық және білім беру объектілерін, сумен жабдықтау жүйелерін, әуежайларды, инженерлік желілер мен спорт кешендерін салу және жаңғырту үшін жұмсалатын 1,1 трлн теңгеден астам теңге қайтарылды. Бұл тәсіл қайтарылған активтерді, ең алдымен, халықтың өмір сүру сапасы мен өңірлердің дамуы үшін тікелей маңызы бар жобаларға бағыттауға мүмкіндік береді. 📱 @KZgovernment

Views over time

02K4K18 Aug 12:3512 Nov 09:173.8K18 Aug 12:35: 0 views12 Nov 09:17: 3,840 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
18 Aug 2026, 12:350
12 Nov 2026, 09:173.8K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.