ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%906 avg views
Posting 8.3/day last 9 hours ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥
repost from UKIMET

Биыл Қазақстанда 6,8 мыңнан астам орынға арналған жаңа студенттік жатақханалар пайдалануға беріледі 📌 2026 жылы Қазақстанда жалпы сыйымдылығы 6 857 орындық 18 студенттік жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Ол жаңа жатақханалар жастардың сұранысына сай, жайлы форматта жасақталып жатқанын атап өтті. Мысалы, Астана қаласында Қазақ ұлттық спорт университетінде жаңа 2 жатақхана 1,5 мыңнан астам студентті орналастыруға дайын. Ашылуы 22 тамыз күні өтеді. Алматы қаласында Халықаралық білім корпорациясының 339 орындық замануи жатақханасы биыл қолданысқа берілді. Қазір 7 жатақхананы іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін тағы 11 жатақхана іске қосылады. «Оқу жылының басында студенттерден түсетін өтініштердің негізгі бөлігі жатақханаға орналастыру мәселелеріне байланысты. Осыған себепті Алматы қаласында Ахуалдық және Дағдарыс орталықтарының жұмысы ұйымдастырылды. Ахуалдық орталық Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында жұмыс істейді. Мұнда студенттер мен ата-аналарға жатақханаға орналасу тәртібі, қажетті құжаттар және өтініш беру мәселелері бойынша нақты ақпарат беріледі», — деді Саясат Нұрбек. 📱 @KZgovernment

Views over time

01K2K3K4K18 Aug 05:5512 Nov 09:173.2K18 Aug 05:55: 0 views12 Nov 09:17: 3,200 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
18 Aug 2026, 05:550
12 Nov 2026, 09:173.2K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.