ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%906 avg views
Posting 8.3/day last 9 hours ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥
repost from UKIMET

Қазақстанның жоғары оқу орындары еңбек нарығымен өзара байланысты күшейтуде 📌 ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында жоғары оқу орындары мен кәсіпорындар арасында кадрларды оқыту мәселелерінде өзара іс-қимылды жолға қою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Министр жоғары оқу орындарының жұмыс берушілермен тиімді ынтымақтастығына мысал ретінде «Самұрық-Қазына» қорымен бірлескен жұмысты атап өтті. Қордың портфельдік компанияларында жыл сайын шамамен 10 мың студент дуалды оқудан және өндірістік практикадан өтеді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында осы форматпен 4,3 мыңнан астам студент қамтылды. Дуалды оқыту тау-кен ісі, энергетика, IT, электр техникасы, теміржол көлігі, телекоммуникациялар, цифрлық технологиялар, ресурстарды өндіру және өңдеу бағыттарын қамтиды. «Сонымен қатар биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақ зерттеу жасанды интеллект университеті студенттерді оқытуды бастайды. Шамаман 600 білім алушы қабылданады деп күтілуде», — деп атап өтті Саясат Нұрбек. Бакалавариатта 400 студент, оның 308-і мемлекеттік грант иегері. Магистратура бағдарламасына 100 адам Астана Хаб, Алагеум гранттарына және ақылы оқуға қабылданады. 📱 @KZgovernment

Views over time

02K4K18 Aug 05:4012 Nov 09:174.3K18 Aug 05:40: 0 views12 Nov 09:17: 4,260 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
18 Aug 2026, 05:400
12 Nov 2026, 09:174.3K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.