ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

@atomagencykz · Kazakh · active

Subscribers 759 Subscribers, last 30 days: 754 → 759 +0 24h
Reach per post (ERR) 33.9%257 avg views
Posting 1.7/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.3 👍 ❤ 🔥
edited

🏅Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі «КАТКО»-ның уран саласын дамытудағы жетістіктерін атап өтті Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Әсет Махамбетов «КАТКО» БК» ЖШС-не барып, кәсіпорынның құрылғанына 30 жыл толуына арналған іс-шараға қатысты. Сондай-ақ, Әсет Кеңесбекұлы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің атынан компания ұжымын және ардагерлерін мерейтоймен құттықтап, «КАТКО»-ның Қазақстанның уран өндіру саласын дамытуға, қазақ-француз ынтымақтастығын нығайтуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті. Іс-шара барысында Агенттік төрағасының атынан кәсіпорынның бірқатар еңбек сіңірген қызметкерлеріне көп жылғы адал еңбегі және компанияның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамоталары табысталды. Өз сөзінде кәсіпорынның өндірістік әлеуетті нығайту, елдің уран өндіру саласын дамыту және білікті мамандар даярлау бағытындағы жетістіктері де атап өтілді. «КАТКО» қызметкерлері мен ұжымына алдағы уақытта да толағай табыс, тұрақты даму және жаңа өндірістік жетістіктер тілектер айтылды.

Views over time

01002003003 Sep 10:5312 Nov 09:002653 Sep 10:53: 0 views12 Nov 09:00: 265 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
3 Sep 2026, 10:530
12 Nov 2026, 09:00265

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.