ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

@atomagencykz · Kazakh · active

Subscribers 759 Subscribers, last 30 days: 754 → 759 +0 24h
Reach per post (ERR) 33.9%257 avg views
Posting 1.7/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.3 👍 ❤ 🔥

💠Бүгінгі «Атом маманы» айдарының кейіпкері — Атом өнеркәсібі және жер қойнауын пайдалану департаментінің бас консультанты Көбей Абылай Саятұлы. Абылай 2019 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Ядролық физика» мамандығы бойынша тәмамдаған және 7 жылдан бері өз мамандығы бойынша еңбек етіп келеді. Ол еңбек жолын Ресей Федерациясының Дубна қаласындағы Біріккен ядролық зерттеулер институтында бастаған. «Дубна» мемлекеттік университетінде қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша қатар білім алып, аға зертханашыдан инженерге дейінгі еңбек жолынан өтті. Осы кезеңде ядролық физика саласында мол практикалық тәжірибе жинақтады. Кәсіби білімін одан әрі жетілдіріп, магистратураны тәмамдаған Абылай бүгінде өз білімі мен тәжірибесін Қазақстанның атом саласын дамытуға бағыттап келеді. Абылайдың кәсіби жолы — жас маманның атом саласында өз орнын тауып, үздіксіз дамып, саланың дамуына өз үлесін қоса алатынының жарқын үлгісі.

Views over time

01002008 Sep 11:4312 Nov 09:002158 Sep 11:43: 0 views12 Nov 09:00: 215 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
8 Sep 2026, 11:430
12 Nov 2026, 09:00215

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.