ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

@atomagencykz · Kazakh · active

Subscribers 759 Subscribers, last 30 days: 754 → 759 +0 24h
Reach per post (ERR) 33.9%257 avg views
Posting 1.7/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.3 👍 ❤ 🔥
edited

💬Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан тарапы құрылыс жұмыстарын бастау үшін барлық қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді жүргізуге дайын екенін растаймыз. Оның ішінде келесі жылы тиісті орналастыру лицензиясын алу көзделіп отыр. Бұл құрылыс жұмыстарын бастаудың негізгі алғышарты болады. Құрылысты 2027 жылы бастау жоспарлануда. Құрылыс басталғаннан кейін жобаны іске асыру кестесіне сәйкес шамамен 10 жыл ішінде жұмыстарды аяқтап, алғашқы энергоблокты пайдалануға беру көзделіп отыр. Қазақстанның осы энергетикалық нысанды салу және пайдалану кезеңдерінде алатын пайдасы мен сөзсіз артықшылықтарын атап өту өте маңызды. Біріншіден, бұл еліміздің энергия тапшылығы байқалатын оңтүстігінде төмен көміртекті электр энергиясы көзін қалыптастыру. Бұл жалпы энергетикалық теңгерімнің тұрақтылығына және Орталық Азия өңіріндегі энергожүйе жұмыс режимдерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен қатар бұл – отандық шикізатты, яғни қазақстандық уран өнімін атом электр станциясы үшін отын ретінде пайдалану мүмкіндігі. Бұдан бөлек, «Росатом» корпорациясымен ынтымақтастықтың кең ауқымын дамытуға мүмкіндік туады. Бұл – жоғары білікті кадрлар даярлау, ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу, ядролық отын циклі саласындағы жұмыстар және уран өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты дамыту.

Views over time

02004003 Sep 05:2812 Nov 09:003923 Sep 05:28: 0 views12 Nov 09:00: 392 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
3 Sep 2026, 05:280
12 Nov 2026, 09:00392

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.