ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми Telegram-парақшасы
Официальный Telegram-канал Агентства РК по атомной энергии
Subscribers759 +0 24h
Reach per post (ERR)33.9%257 avg views
Posting1.7/daylast 2 days ago
Reactions per 1K views6.3👍 ❤ 🔥
🔍Семей сынақ полигоны: зерттеулердің жаңа дәуірі
2026 жылы Семей сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толады. 1991 жылғы 29 тамызда Қазақстан Президентінің Жарлығымен әлемдегі ең ірі ядролық полигондардың бірі өз жұмысын тоқтатты. Бұл шешім еліміз үшін ғана емес, бүкіл әлемдік ядролық қаруға қарсы қозғалыс үшін де тарихи маңызға ие болды. Алайда полигонды жабу сынақтардың қырық жылға жуық уақыттағы зардаптарын жоюға қарағанда әлдеқайда оңай болды. Ұлан-ғайыр аумақта сынақ объектілері, штольнялар мен ұңғымалар, радиоактивті ластанған учаскелер қалды, ең бастысы – бұл аумақта не болып жатқаны және оның қаншалықты қауіпсіз екені туралы тұтас түсінік іс жүзінде болмады.
Толығырақ https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1283155?lang=kk
➖➖➖
🔍Семипалатинский испытательный полигон: новая эпоха исследований
В 2026 году исполняется 35 лет со дня закрытия Семипалатинского испытательного полигона. 29 августа 1991 года Указом Президента Казахстана один из крупнейших ядерных полигонов мира прекратил свое существование. Это решение стало историческим не только для нашей страны, но и для всего мирового антиядерного движения. Однако закрыть полигон оказалось гораздо проще, чем преодолеть последствия почти сорока лет испытаний. На огромной территории оставались испытательные объекты, штольни и скважины, участки радиоактивного загрязнения, а главное - практически отсутствовало целостное понимание того, что происходит с этой территорией и насколько она безопасна.
Подробнее https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1283155?lang=ru
⚡Безопасно ли сегодня находиться там, где проводились ядерные испытания?
Что происходит с такими территориями спустя годы, как оценивается их безопасность и какие работы проводятся для восстановления земель?
На эти вопросы в интервью телеканалу 24KZ ответила Евгения Мустафина.
⚡Радиоактивные отходы: что изменилось за десятилетия?
Какие подходы к их хранению и контролю применяются сегодня, что изменилось за эти годы и какие меры принимаются для обеспечения безопасности?
Об этом в интервью телеканалу 24KZ рассказала Евгения Мустафина.
☢️ Ядролық сынақ өткен аумақтарды қайта пайдалануға бола ма?
Бұрын ядролық жарылыстар жасалған жерлерді бүгінде пайдалануға қаншалықты қауіпсіз?
Бұл туралы 24KZ телеарнасына берген сұхбатында Қанат Тұяқбаев айтып берді.
☢️ 29 тамыз — Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні
Осы атаулы күнге орай радиоактивті қалдықтарды сақтау, бақылау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы 24KZ телеарнасына берген сұхбатында Қанат Тұяқбаев айтып берді.
⚛️ 35 лет со дня закрытия Семипалатинского испытательного ядерного полигона
Сегодня, 29 августа, отмечаются 35-я годовщина закрытия Семипалатинского испытательного ядерного полигона и Международный день действий против ядерных испытаний.
29 августа 1991 года был закрыт Семипалатинский испытательный ядерный полигон. После принятия этого исторического решения перед Казахстаном стояли масштабные задачи по изучению территории полигона, обеспечению безопасности объектов ядерного наследия и ликвидации последствий испытаний.
За 35 лет при научно-технической поддержке Национального ядерного центра проведены комплексные радиоэкологические исследования территории, значительная часть испытательной инфраструктуры ликвидирована или приведена в безопасное состояние. Общая площадь обследованной территории составляет более 18 тысяч квадратных километров.
В 2023 году был принят Закон «О Семипалатинской зоне ядерной безопасности», сформировавший правовую основу для долгосрочного управления территорией бывшего полигона.
Сегодня на территории площадью около 8,3 тысячи квадратных километров сохраняются радиационные риски. Вместе с тем порядка 10 тысяч квадратных километров земель, не представляющих радиационной опасности, могут поэтапно возвращаться в хозяйственный оборот.
Это новый этап многолетней работы по изучению и обеспечению безопасности территории бывшего Семипалатинского полигона.
От Семипалатинского полигона — к мирному атому. Сегодня развитие атомной отрасли Казахстана должно опираться на уроки прошлого и безусловный приоритет безопасности.
edited
⚛️ Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына – 35 жыл
Бүгін, 29 тамызда, Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай және Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні аталып өтуде.
1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Осы тарихи шешімнен кейін Қазақстан алдында полигон аумағын зерттеу, ядролық мұра нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сынақтардың салдарын жою бойынша ауқымды міндеттер тұрды.
35 жыл ішінде Ұлттық ядролық орталықтың ғылыми-техникалық қолдауымен полигон аумағында кешенді радиоэкологиялық зерттеулер жүргізіліп, сынақ инфрақұрылымының едәуір бөлігі жойылды немесе қауіпсіз жағдайға келтірілді. Зерттелген аумақтың жалпы көлемі 18 мың шаршы шақырымнан асады.
2023 жылы «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң қабылданып, бұрынғы полигон аумағын ұзақ мерзімді басқарудың құқықтық негізі қалыптасты.
Бүгінде шамамен 8,3 мың шаршы шақырым аумақта радиациялық тәуекелдер сақталуда. Сонымен қатар радиациялық қауіп төндірмейтін 10 мың шаршы шақырымға жуық жерді кезең-кезеңімен шаруашылық айналымға қайтару мүмкіндігі қарастырылуда.
Бұл – бұрынғы Семей полигонының аумағын зерттеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша көпжылдық жұмыстың жаңа кезеңі.
Семей полигонынан – бейбіт атомға дейін. Бүгінде Қазақстанның атом саласын дамытуы өткеннің сабақтарына сүйеніп, қауіпсіздік қағидатын сөзсіз басымдық ретінде ұстануға тиіс.
📍Установка последнего межевого знака завершает обозначение границ Семипалатинской зоны ядерной безопасности
28 августа 2026 года на территории бывшего Семипалатинского испытательного ядерного полигона установлен последний межевой знак, завершающий обозначение на местности границ Семипалатинской зоны ядерной безопасности.
В мероприятии, приуроченном к 35-летию закрытия Семипалатинского испытательного ядерного полигона, приняли участие заместитель председателя Агентства Республики Казахстан по атомной энергии Гумар Сергазин, руководитель Аппарата Павлодарской области Руслан Муканов, заместитель акима Майского района Адлет Сыздыкбаев, заместитель председателя Правления НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан» Галым Каркинбаев и исполняющий обязанности генерального директора РГП «Национальный ядерный центр Республики Казахстан» Сергей Локштанов.
На месте установки последнего межевого знака также состоялось открытие памятного знака, посвященного многолетней работе Казахстана по ликвидации последствий ядерных испытаний и обеспечению безопасности территории бывшего полигона.
«Формирование Семипалатинской зоны ядерной безопасности – принципиально новый этап государственной политики в отношении территории бывшего полигона. Сегодня наша задача – четко разделить территории по уровню риска: опасные участки должны оставаться под надежным контролем государства, а земли, безопасность которых подтверждена научными исследованиями, – поэтапно возвращаться в хозяйственный оборот», – отметил Гумар Сергазин.
После закрытия Семипалатинского испытательного ядерного полигона Казахстаном проведен масштабный комплекс работ по приведению его территории в безопасное состояние. Ликвидирована либо приведена в безопасное состояние испытательная инфраструктура, реализованы крупные проекты в области ядерного нераспространения, проведены исследования радиационной обстановки и комплексное радиоэкологическое обследование территории площадью более 18 тыс. кв. км.
Научно-техническую основу этой работы обеспечил Национальный ядерный центр Республики Казахстан. Результаты многолетних исследований позволили получить объективные данные о современном радиоэкологическом состоянии территории и определить дальнейшие подходы к ее использованию.
Важным этапом стало принятие в 2023 году Закона Республики Казахстан «О Семипалатинской зоне ядерной безопасности», сформировавшего правовую основу для нового подхода к управлению территорией бывшего полигона.
По результатам комплексного экологического обследования определены границы Семипалатинской зоны ядерной безопасности. В ее состав входят территории общей площадью около 8,3 тыс. кв. км, где сохраняются радиационные риски и требуется специальный режим использования. Вместе с тем около 10 тыс. кв. км обследованных земель, не представляющих радиационной опасности для населения, могут поэтапно вовлекаться в хозяйственный оборот.
Формирование Семипалатинской зоны ядерной безопасности станет основой для дальнейшей реабилитации территории бывшего полигона и создаст условия для социально-экономического развития соответствующих территорий областей Абай, Павлодарской и Карагандинской областей.
📍Соңғы шекаралық белгінің орнатылуы Семей ядролық қауіпсіздік аймағының шекараларын белгілеуді аяқтайды
2026 жылғы 28 тамызда бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағында Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жергілікті жерде шекараларын белгілеуді аяқтайтын соңғы шекаралық белгі орнатылды.
Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шараға Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Сергазин, Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Мұқанов, Май ауданы әкімінің орынбасары Әділет Сыздықбаев, «Мемлекеттік корпорация «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Қарқынбаев және «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының міндетін атқарушы Сергей Локштанов қатысты.
Соңғы шекаралық белгі орнатылған жерде Қазақстанның ядролық сынақтардың салдарын жою және бұрынғы полигон аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша көпжылдық жұмысына арналған естелік белгі де ашылды.
«Семей ядролық қауіпсіздік аймағын қалыптастыру – бұрынғы полигон аумағына қатысты мемлекеттік саясаттың түбегейлі жаңа кезеңі. Бүгінде біздің міндетіміз – аумақтарды тәуекел деңгейіне қарай нақты бөлу: қауіпті учаскелер мемлекет тарапынан сенімді бақылауда қалуы тиіс, ал қауіпсіздігі ғылыми зерттеулермен расталған жерлер кезең-кезеңімен шаруашылық айналымға қайтарылуы қажет», – деп атап өтті Ғұмар Сергазин.
Семей ядролық сынақ полигоны жабылғаннан кейін Қазақстан оның аумағын қауіпсіз жағдайға келтіру бойынша ауқымды жұмыстар кешенін жүргізді. Сынақ инфрақұрылымы жойылды немесе қауіпсіз жағдайға келтірілді, ядролық қаруды таратпау саласында ірі жобалар іске асырылды, радиациялық ахуалға зерттеулер және ауданы 18 мың шаршы километрден асатын аумаққа кешенді радиоэкологиялық зерттеу жүргізілді.
Бұл жұмыстың ғылыми-техникалық негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы қамтамасыз етті. Көпжылдық зерттеулердің нәтижелері аумақтың қазіргі радиоэкологиялық жай-күйі туралы объективті деректер алуға және оны одан әрі пайдалану тәсілдерін айқындауға мүмкіндік берді.
Маңызды кезеңдердің бірі 2023 жылы Қазақстан Республикасының «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Заңының қабылдануы болды. Аталған заң бұрынғы полигон аумағын басқарудың жаңа тәсілінің құқықтық негізін қалыптастырды.
Кешенді экологиялық зерттеу нәтижелері бойынша Семей ядролық қауіпсіздік аймағының шекаралары айқындалды. Оның құрамына радиациялық қауіптер сақталатын және пайдаланудың арнайы режимін талап ететін, жалпы ауданы шамамен 8,3 мың шаршы километр аумақтар кіреді. Сонымен қатар, халыққа радиациялық қауіп төндірмейтін, зерттелген шамамен 10 мың шаршы километр жер кезең-кезеңімен шаруашылық айналымға енгізілуі мүмкін.
Семей ядролық қауіпсіздік аймағын қалыптастыру бұрынғы полигон аумағын одан әрі оңалту үшін негіз болады және Абай, Павлодар және Қарағанды облыстарының тиісті аумақтарын әлеуметтік-экономикалық дамытуға жағдай жасайды.
☀35 лет со дня закрытия Семипалатинского полигона: от ядерных испытаний — к мирной атомной науке
В Национальном ядерном центре Республики Казахстан состоялся круглый стол, посвященный 35-летию закрытия Семипалатинского испытательного ядерного полигона.
В работе круглого стола приняли участие заместитель председателя Агентства Республики Казахстан по атомной энергии Гумар Сергазин, заместитель акима области Абай Мейрлан Раханов, руководитель аппарата акима Павлодарской области Руслан Муканов, заместитель акима Майского района Адлет Сыздыкбаев, а также представители государственных органов, научных организаций и экспертного сообщества, приветствие направил президент Национальной академии наук Республики Казахстан при Президенте Республики Казахстан Акылбек Куришбаев.
Выступая перед участниками круглого стола, Гумар Сергазин подчеркнул: «35-летие закрытия Семипалатинского полигона – это не только повод оценить пройденный путь, но и возможность определить наши дальнейшие задачи. Для Казахстана история полигона стала историей перехода от тяжелого ядерного наследия к политике мира, безопасности и созидательного использования атомной энергии».
Основными темами круглого стола стали итоги работы, проведенной Казахстаном после закрытия полигона, а также современные задачи в области мирного использования атомной энергии, радиационной безопасности и нераспространения.
Закрытие Семипалатинского испытательного ядерного полигона 29 августа 1991 года стало историческим решением, определившим дальнейший курс Казахстана в ядерной сфере. За прошедшие десятилетия страна перешла от преодоления последствий ядерных испытаний и решения проблем ядерного наследия к формированию собственных научных компетенций и активному участию в укреплении международного режима нераспространения.
Особое внимание в ходе круглого стола было уделено результатам работы Национального ядерного центра Республики Казахстан. На протяжении десятилетий его специалистами решались научные, технические и практические задачи, связанные с обеспечением безопасности территории бывшего испытательного полигона.
При непосредственном участии специалистов Национального ядерного центра проведен комплекс работ по ликвидации и приведению в безопасное состояние испытательной инфраструктуры, укреплению режима нераспространения и исследованию объектов ядерного наследия.
Одним из крупнейших направлений стало комплексное радиоэкологическое обследование бывшего полигона площадью более 18 тыс. кв. км. Результаты многолетних исследований позволили получить объективные данные о современном радиоэкологическом состоянии территории, определить участки, где сохраняются радиационные риски, и земли, не представляющие радиационной опасности для населения. Эта работа стала научной основой для принятия государственных решений по дальнейшему управлению территорией и формированию Семипалатинской зоны ядерной безопасности.
В ходе обсуждения было отмечено международное значение накопленного Казахстаном опыта. Реализованные на бывшем полигоне проекты демонстрируют, как последовательная государственная политика, научная экспертиза и международное сотрудничество позволяют решать вопросы, связанные с ядерным наследием.
Продолжением круглого стола стала церемония закладки «Аллеи Мира» на территории Национального ядерного центра Республики Казахстан.
Посадка деревьев в год 35-летия закрытия Семипалатинского испытательного ядерного полигона отражает путь, пройденный Казахстаном, – от территории ядерных испытаний к территории науки, безопасности и мирного созидания.
В закладке «Аллеи Мира» приняли участие почетные гости мероприятия. Высаженные деревья станут напоминанием о прошлом, ответственности перед будущими поколениями, ценности мира и необходимости международного сотрудничества.
Сегодня Курчатов, некогда являвшийся центром испытательной инфраструктуры, становится пространством науки, современных технологий и мирного использования атомной энергии.
☀Семей полигоны жабылғанына 35 жыл: ядролық сынақтардан – бейбіт атом ғылымына
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин, Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов, Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Мұқанов, Май ауданы әкімінің орынбасары Әділет Сыздықбаев, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев құттықтау сөзін жолдады.
Қатысушылар алдында сөз сөйлеген Ғұмар Серғазин: «Семей полигонының жабылғанына 35 жыл толуы — бұл өткенге көз жүгіртіп, атқарылған жұмыстарды саралайтын ғана емес, алдағы міндеттерімізді айқындайтын да маңызды уақыт. Қазақстан үшін полигон тарихы ядролық сынақтардың ауыр салдарынан бейбітшілік, қауіпсіздік және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саясатына көшу тарихына айналды», – деп атап өтті.
Дөңгелек үстелдің негізгі тақырыптары — Қазақстанның полигон жабылғаннан кейінгі жылдары атқарған жұмыстардың қорытындысы, сондай-ақ атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, радиациялық қауіпсіздік және ядролық қаруды таратпау саласындағы қазіргі міндеттер жайлы болды.
1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы шешім Қазақстанның ядролық саладағы алдағы бағытын айқындаған тарихи шешім болды. Өткен онжылдықтар ішінде еліміз ядролық сынақтардың салдарын жоюдан бастап, өзіндік ғылыми құзыреттерін қалыптастыруға, ядролық сынақтар кезеңінде жинақталған ғылыми-техникалық әлеуетті бейбіт мақсатта пайдалануға және ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық режимді нығайтуға белсенді қатысуға көшті.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы атқарған жұмыстарға ерекше назар аударылды. Кәсіпорын мамандары ондаған жыл бойы бұрынғы сынақ полигоны аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ғылыми, техникалық және практикалық мәселелерді шешіп келеді.
ҚР ҰЯО мамандарының тікелей қатысуымен сынақ инфрақұрылымын жою және қауіпсіз күйге келтіру, ядролық қаруды таратпау режимін нығайту, полигон объектілерін зерттеу бағыттарында кешенді жұмыстар жүргізілді.
Ең ірі бағыттарының бірі — аумағы 18 мың шаршы километрден асатын бұрынғы полигонға кешенді радиоэкологиялық зерттеу жүргізу болды. Ұзақ жылғы зерттеу нәтижесінде аумақтың қазіргі радиоэкологиялық жағдайы туралы шынайы дерек, радиациялық қауіп сақталған учаскелер мен халыққа радиациялық қауіп төндірмейтін жерлер анықталды. Бұл жұмыстар бұрынғы полигон аумағын одан әрі басқару және Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру жөнінде мемлекеттік деңгейде шешім қабылдауға ғылыми негіз болды.
Талқылау барысында Қазақстанның жинақтаған тәжірибесінің халықаралық маңызы жайлы атап көрсетілді. Бұрынғы полигонда жүзеге асырылған жобалар дәйекті мемлекеттік саясаттың, ғылыми сараптаманың және халықаралық ынтымақтастықтың арқасында ядролық сынақтардан кейінгі мәселелерді шешудің мүмкін екенін көрсетеді.
Дөңгелек үстелдің жалғасы ретінде Ұлттық ядролық орталық аумағында «Бейбітшілік аллеясының» негізі қаланды.
Семей сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай отырғызылған ағаштар Қазақстанның ядролық сынақтар жүргізілген аумақтан ғылым мен қауіпсіздікке, бейбіт дамуға бет алған жолын бейнелейді.
«Бейбітшілік аллеясының» іргесін қалауға іс-шараға келген құрметті қонақтар қатысты. Отырғызылған ағаштар өткен тарихымызды, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті, бейбітшіліктің маңызын және халықаралық ынтымақтастықтың қажет екенін еске салатын белгі болмақ.
Кезінде сынақ инфрақұрылымының орталығы болған Курчатов бүгінде ғылым, заманауи технологиялар және бейбіт атом саласы тоғысқан орталыққа айналып келеді.
🔔Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының объектілеріне техникалық турлар
Семей сынақ полигонының тарихы және Қазақстанның оның ядролық мұрасын еңсеру жөніндегі бірегей тәжірибесі ел ішінде де, шетелде де үлкен қызығушылық тудырып келеді. ҚР Ұлттық ядролық орталығы жыл сайын көптеген делегацияны, халықаралық ұйымдардың өкілдерін, ғалымдарды, қоғам қайраткерлері мен журналистерді қабылдайды.
Толығырақ https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1281141?lang=kk
➖➖➖
🔔Технические туры на объекты
Национального ядерного центра Республики Казахстан
История Семипалатинского испытательного полигона и уникальный опыт Казахстана по преодолению его ядерного наследия продолжают вызывать большой интерес как в стране, так и за ее пределами. Ежегодно Национальный ядерный центр РК принимает многочисленные делегации, представителей международных организаций, ученых, общественных деятелей и журналистов.
Подробнее https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1281141?lang=ru
🔰Халықтың қауіпсіздігі – мемлекеттік басымдық: радиациялық жағдайға мониторинг қалай жүргізіледі?
Атом электр станциясын салу туралы әңгіме басталған кезде, тұрғындар қоятын алғашқы сұрақтардың бірі – радиациялық қауіпсіздікке қатысты. Әрине, әңгіме адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаның жай-күйі жайлы болғандықтан бұл табиғи нәрсе.
Толығырақ https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1280316?lang=kk
➖➖➖
🔰Безопасность населения – государственный приоритет: как проводится мониторинг радиационной обстановки?
Когда начинается разговор о строительстве атомной электростанции, один из первых вопросов, который задают жители, касается радиационной безопасности. Это вполне естественно, поскольку речь идет о здоровье людей и состоянии окружающей среды.
Подробнее https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1280316?lang=ru
edited
🏷Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?
«Уран банкі» тіркесі ерекше болып көрінуі мүмкін, тіпті сақ болуға мәжбүр етеді. Алайда, әңгіме ядролық отын өндірісі немесе радиоактивті қалдықтарды сақтау туралы болып отырған жоқ. Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытының аумағында ерекше жағдайларда, атом электр станциялары үшін отын жеткізудің сенімділігін қамтамасыз ету үшін құрылған ядролық материалдың халықаралық резерві – МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкі орналасқан.
Толығырақ https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1279642?lang=kk
➖➖➖
🏷Банк низкообогащённого урана в Казахстане: какие технологии применяются при хранении?
Словосочетание «Банк урана» может звучать непривычно и даже вызывать настороженность. Однако речь идет не о производстве ядерного топлива и не о хранилище радиоактивных отходов. На территории Ульбинского металлургического завода в Усть-Каменогорске расположен Банк низкообогащенного урана МАГАТЭ - международный резерв ядерного материала, созданный для обеспечения надежности поставок топлива для атомных электростанций в исключительных случаях.
Подробнее https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1279642?lang=ru
💠АЭС құрылысы туралы сізде де күмән бар ма?
Қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілетінін негізгі фактілер арқылы көрсетеміз.
🎬 Документальный фильм, подготовленный Институтом ядерной физики по поручению Агентства Республики Казахстан по атомной энергии, посвящен одному из ведущих научных центров Казахстана, его вкладу в развитие научно-исследовательской базы, подготовку специалистов и укрепление кадрового потенциала атомной отрасли.
Особое внимание уделено научной базе Института, международному сотрудничеству, участию молодых ученых в крупных научных экспериментах ЦЕРН, а также созданию современных условий для сотрудников и гостей, включая строительство единственного общежития, возведенного в годы Независимости Казахстана специально для научно-исследовательской организации.
🎬 Ядролық физика институты Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің тапсырмасы бойынша дайындаған деректі фильмді ұсынады.
Фильм Қазақстанның жетекші ғылыми орталықтарының бірі — Ядролық физика институтының тарихына, ғылыми-зерттеу базасын дамытуға, мамандар даярлауға және атом саласының кадрлық әлеуетін нығайтуға қосқан үлесіне арналған. Онда Институттың ғылыми базасы, халықаралық ынтымақтастығы, ЦЕРН-нің ірі ғылыми эксперименттеріне жас ғалымдардың қатысуы, сондай-ақ қызметкерлер мен қонақтарға қолайлы жағдай жасау, соның ішінде тәуелсіздік жылдары ғылыми-зерттеу ұйымы үшін арнайы салынған жалғыз жатақхананың құрылысы көрсетіледі.
❗️Измерение уровня радиации и оценка радиационной безопасности — важная часть системы радиационного контроля
На АЭС этот процесс осуществляется постоянно с помощью специальных приборов и комплексной системы мониторинга.
О том, как проводится радиационный контроль и какие единицы измерения используются, — подробнее в видео.
❗️Радиация деңгейін өлшеу және оның қауіпсіздігін бағалау — радиациялық бақылаудың маңызды бөлігі
АЭС-те бұл процесс арнайы аспаптар мен бақылау жүйелері арқылы тұрақты түрде жүргізіледі.
Радиациялық бақылаудың қалай жүзеге асырылатыны және қандай өлшем бірліктері қолданылатыны туралы толығырақ видеода