ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

@atomagencykz · Kazakh · active

ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми Telegram-парақшасы Официальный Telegram-канал Агентства РК по атомной энергии

Subscribers 759 Subscribers, last 30 days: 754 → 759 +0 24h
Reach per post (ERR) 33.9%257 avg views
Posting 1.7/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.3 👍 ❤ 🔥
  1. repost

    Құрылтай депутаттары Президент Жолдауындағы энергетиканы дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру жолдарын талқылады Президенттің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында белгіленген энергетиканы дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру жолдары Құрылтайдың Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің жетекшісі Наталья Годунованың төрағалығымен өткен отырыста талқыланды. Кеңейтілген отырысқа Құрылтай Төрағасының орынбасары Дания Еспаева, депутаттар, тиісті мемлекеттік органдар мен еліміздің энергетикалық кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Дания Еспаева Жолдауда энергетика саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты міндеттер қойылғанын атап өтті. Олардың қатарында 2029 жылға қарай электр энергиясын өндіру қуаттарының тұрақты профицитін қамтамасыз ету, Балқаш және Мойынқұм атом электр станцияларын салу жобаларын жеделдету, отандық мамандарды даярлау, технологиялар трансферті және басқа да міндеттер бар. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің мәліметінше, 2029 жылдың соңына дейін 13,3 ГВт жаңа қуатты іске қосу жоспарланып отыр. Бұл генерациялайтын қуаттардың 20 пайыздық профицитін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев «Балқаш» АЭС алаңында құрылыс жұмыстарын 2027 жылы бастау жоспарланып отырғанын, ал «Мойынқұм» АЭС жобасы бойынша тиісті үкіметаралық құжаттарды әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Құрылтай депутаты Бекжан Әлімқұлов Президент Жолдауында айқындалған энергетикалық басымдықтарды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Оның айтуынша, Құрылтайдың қарауында энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыруға, сондай-ақ баламалы энергия көздерін дамытуға бағытталған екі заң жобасы бар. Отырыс барысында энергетика секторындағы ірі компаниялардың басшылары да сөз сөйледі. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС, «Самұрық-Энерго» АҚ және «KEGOC» АҚ өкілдері уран өнеркәсібі мен ядролық отын циклін дамыту, Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесін жетілдіру және басқа да мәселелер бойынша ақпарат берді. Талқылау барысында депутаттар энергетика саласын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселені көтерді. Отырысты қорытындылаған Наталья Годунова басты міндет жоспарланған шаралардың іс жүзінде орындалуын қамтамасыз ету екенін атап өтті. Әрбір жоба бойынша нақты мерзімдер белгіленіп, қаржыландыру көздері айқындалып, дербес жауапкершілік жүктелуі қажет. Бұл ретте бақылау нысандардың нақты дайындығына, ықтимал кідірістерді уақытылы анықтауға және олардың себептерін жоюға негізделуге тиіс. t.me/quryltairesmi

  2. Балқаш АЭС құрылысына отандық компаниялар тартылады Қазақстанда салынатын алғашқы атом электр станциясы жобасындағы жергілікті қамту үлесін 30 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Құрылтай комитетінің отырысында айтты. Толығырақ https://baq.kz/balqash-aes-qurylysyna-otandyq-kompaniyalar-tartylady-320052180/

  3. Курчатовта ғылыми қалашық құрылады Қазақстанда ядролық ғылымды дамыту мақсатында Курчатов қаласында ғылыми қалашық құру жоспарланып отыр. Бұл бастама 2027–2031 жылдарға арналған жоспарға енгізілген. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Құрылтай комитетінің отырысында мәлімдеді. Толығырақ https://baq.kz/kurchatovta-gylymi-qalashyq-qurylady-320052185/

  4. Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 2027 жылы басталмақ SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы – «Балқаш» АЭС-інің құрылысын 2027 жылы бастау жоспарланып отыр. Қазір болашақ станция орналасатын аумақта инженерлік-іздестіру жұмыстары аяқталып келеді. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев хабарлады. Толығырақ https://smartnews.kz/news/33861-kazakstandagy-algashky-aes-kurylysy-2027-zhyly-bastalmak

  5. Сколько специалистов потребуется для строительства АЭС в Казахстане Председатель Агентства по атомной энергии Алмасадам Саткалиев рассказал, сколько специалистов потребуется для строительства и эксплуатации АЭС в Казахстане, передает корреспондент агентства Kazinform. Подробнее https://www.inform.kz/ru/skolko-spetsialistov-potrebuetsya-dlyastroitelstva-aes-vkazahstane-280795a9

  6. 🇰🇿 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында атом энергетикасын дамытуға ерекше назар аударылған. 🎥 Атом электр станциясын салу үшін орынды таңдауда қандай талаптар ескеріледі? Оңтүстік өңірлердің қандай артықшылықтары бар? Осы және өзге де сауалдарға ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Әсет Махамбетов жауап берді.

  7. edited

    🇰🇿Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында атом энергетикасын дамыту және осы салаға қажетті білікті мамандар даярлау стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде айқындалған. 🎥 Қазақстанның атом энергетикасын дамыту әлеуеті, кадр даярлау бағытындағы жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Әсет Махамбетов 24KZ арнасына берген сұхбатында айтып берді.

  8. ⚛️ Қазақстанның уран қоры әлемдік атом энергетикасында маңызды рөл атқарады Еліміздің уран әлеуеті мен оның стратегиялық маңызы туралы осы бейнероликтен көріңіздер ➖➖➖ ⚛️ Запасы урана Казахстана играют важную роль в мировой атомной энергетике О потенциале страны и стратегическом значении урановых ресурсов — в этом ролике

  9. В Агентстве прошел семинар по соблюдению требований Этического кодекса, законодательства в сфере государственной службы и клиентоориентированного сервиса 29 октября 2026 года среди государственных служащих структурных подразделений Агентства, Комитета атомного надзора и контроля и Южной межрегиональной инспекции проведен семинар на тему: «Соблюдение требований Этического кодекса, законодательства в сфере государственной службы и клиентоориентированного сервиса». На данной встрече Уполномоченный по этике Агентства Н. Джалпаков представив презентацию подробно остановился на разъяснении основных принципов государственной службы, этических принципах и стандартах служебной этики государственных служащих, антикоррупционных ограничениях, правовом положение государственных служащих, служебной дисциплине, социальных гарантиях государственных служащих членов их семей, прекращение государственной службы, мерах финансового контроля, конфликте интересов, уголовной и административной ответственности за совершения коррупционных правонарушений и основные направления клиентоориентированного сервиса. В ходе семинара участники подробно остановились и обсудили основные направления по совершенствованию клиентоориентированного сервиса на государственной службе. Участники встречи отметили, что подобные встречи положительно влияют на информированность требований законодательства и соблюдение этических норм государственных служащих.

  10. Агенттікте Әдеп кодексі талаптарын, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау және клиентке бағдарланған сервис дағдыларын жетілдіру бойынша семинар өтті 2026 жылғы 29 қазанда Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің, Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің және Оңтүстік өңіраралық инспекцияның мемлекеттік қызметшілері арасында «Әдеп кодексі талаптарын және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау және клиентке бағдарланған сервис дағдыларын жетілдіру» тақырыбында семинар өткізілді. Аталған кездесуде Агенттіктің Әдеп жөніндегі уәкілі Н. Джалпаков таныстырылым ұсынып, мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарын, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттары мен қызметтік әдеп стандарттарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесін, қызметтік тәртіпті, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған әлеуметтік кепілдіктерді, мемлекеттік қызметті тоқтату тәртібін, қаржылық бақылау шараларын, мүдделер қақтығысын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті және клиентке бағдарланған сервистің негізгі бағыттары жан-жақты түсіндіріп өтті. Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік қызметте клиенттерге бағытталған сервисті жетілдірудің негізгі бағыттарын талқылады. Кездесуге қатысушылар мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің заңнама талаптары туралы хабардарлығын арттыруға және әдеп нормаларын сақтауға оң әсер ететінін атап өтті.

  11. repost

    ⚡️Мемлекет басшысы: «Принципиальное значение имеет атомная генерация. По итогам всенародного референдума было принято правильное решение по строительству АЭС, причем сразу нескольких станций. Уже сейчас надо подумать о том, как мы будем обеспечивать их урановым сырьем, скажем, через пятьдесят лет и далее. Считаю достойным серьезного рассмотрения предложение о создании государственного стратегического резерва урана, что позволит закрыть потребности казахстанских АЭС на ближайшее столетие. Важно задействовать зарубежных партнеров, участвующих в строительстве АЭС, в создании высотехнологичных производств в Казахстане, передаче компетенций в области ядерной энергетики, подготовке отечественных специалистов-атомщиков. Такие предложения поступают от российских и китайских компаний. Полагаю возможным и, может быть, необходимым уже в следующем году приступить к строительству АЭС «Балхаш» и подписать соглашение о комплексном сотрудничестве с целью скорейшего начала строительства АЭС «Мойынкум». Разумеется, все переговорные позиции должны быть тщательно отработаны и согласованы с точки зрения учета национальных интересов Казахстана». t.me/aqorda_resmi

  12. 🔹ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Шона Джейн Уилсонмен атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады ➖➖➖ 🔹Председатель Агентства РК по атомной энергии Алмасадам Саткалиев обсудил с представителем Госдепартамента США Шоной Джейн Уилсон вопросы развития сотрудничества в сфере атомной энергетики

  13. 🔹Алмасадам Саткалиев встретился с представителем Госдепартамента США Председатель Агентства Республики Казахстан по атомной энергии Алмасадам Саткалиев провёл встречу с заместителем помощника государственного секретаря по программам содействия в области безопасности Государственного департамента США Шоной Джейн Уилсон. В ходе встречи стороны обсудили перспективы мирного использования атомной энергии, развитие малых модульных реакторов (ММР), укрепление научно-технического потенциала и подготовку профильных специалистов. Отдельное внимание было уделено программе FIRST (Foundational Infrastructure for Responsible Use of Small Modular Reactor Technology), в рамках которой проводится технико-экономическая оценка технологий ММР для изучения перспектив их применения в Казахстане. Обсуждены перспективы расширения научно-технического сотрудничества, включая проведение совместных исследований в области радиационного материаловедения, подготовку научных кадров и развитие академической мобильности. Также рассмотрены возможности укрепления партнёрства между научными организациями и университетами Казахстана и США, в том числе посредством участия казахстанских учёных в международных исследовательских проектах. По итогам встречи подтверждена взаимная заинтересованность в дальнейшем развитии казахстанско-американского сотрудничества в сфере мирного использования атомной энергии.

  14. 🔹Алмасадам Сәтқалиев АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілімен кездесті Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев АҚШ Мемлекеттік департаментінің қауіпсіздік саласындағы көмек бағдарламалары жөніндегі мемлекеттік хатшысының көмекшісінің орынбасары Шона Джейн Уилсонмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану перспективаларын, шағын модульдік реакторларды (ШМР) дамыту, ғылыми-техникалық әлеуетті нығайту және бейінді мамандар даярлау мәселелерін талқылады. Шағын модульдік реакторлар технологияларын жауапкершілікпен пайдалануға арналған инфрақұрылымды дамыту жөніндегі FIRST (Foundational Infrastructure for Responsible Use of Small Modular Reactor Technology) бағдарламасына ерекше назар аударылды. Бағдарлама аясында ШМР технологияларына техникалық-экономикалық бағалау жүргізіліп, оларды Қазақстанда қолдану перспективалары зерделенуде. Сондай-ақ ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде радиациялық материалтану саласында бірлескен зерттеулер жүргізу, ғылыми кадрлар даярлау және академиялық ұтқырлықты дамыту перспективалары талқыланды. Бұдан бөлек, қазақстандық ғалымдардың халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуы арқылы Қазақстан мен АҚШ-тың ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті нығайту мүмкіндіктері қарастырылды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстан-Америка ынтымақтастығын одан әрі дамытуға өзара мүдделі екендіктерін растады.

  15. edited

    🇰🇿 Республика күні құтты болсын! Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтайды! Елімізге бейбітшілік пен өркендеу, әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке тілейміз! ➖➖➖ 🇰🇿 С Днём Республики Казахстан! Агентство Республики Казахстан по атомной энергии поздравляет всех казахстанцев с Днём Республики! Желаем нашей стране мира и процветания, а каждой семье — счастья, благополучия и согласия!

  16. edited

    🇰🇿Атом саласының дамуы — әр маманның кәсібилігі мен жауапкершілігінің нәтижесі ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Бюджет және қаржылық рәсімдер департаментінің бас консультанты Бақытжан Ермұханбетұлы Сәлемов «Қаржы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. ➖➖➖ 🇰🇿Развитие атомной отрасли — результат профессионализма и ответственности каждого специалиста Главный консультант Департамента бюджета и финансовых процедур Агентства Республики Казахстан Бакытжан Ермуханбетулы Салемов награждены нагрудным знаком «Қаржы саласының үздігі».

  17. 🇰🇿Мемлекеттік қызмет — адалдық пен жауапкершілікті талап ететін маңызды жол Гаухар Кенебайқызы Сапарбаева — ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Радиоактивті қалдықтар және қоршаған ортаны қорғау департаментінің бас консультанты. Ол «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды. ➖➖➖ 🇰🇿Государственная служба — это путь, требующий преданности делу и высокой ответственности Гаухар Кенебайкызы Сапарбаева — главный консультант Департамента радиоактивных отходов и охраны окружающей среды Агентства Республики Казахстан по атомной энергии. Она награждена нагрудным знаком «Мемлекеттік қызмет ардагері».

  18. 🏅В преддверии Дня Республики награждены работники атомной отрасли В преддверии национального праздника —Дня Республики председатель Агентства Республики Казахстан по атомной энергии Алмасадам Саткалиев вручил государственные награды и ведомственные нагрудные знаки ряду работников, вносящих вклад в развитие атомной отрасли. В ходе торжественной церемонии глава Агентства поздравил награждённых с праздником, отметив их профессионализм и значимость добросовестного труда. «Ваш труд и преданность делу на благо развития нашей страны заслуживают глубокого уважения. Этот год стал для атомной отрасли периодом важных задач и новых инициатив. Мы последовательно достигаем поставленных целей благодаря вашему профессионализму и совместной работе. Желаю всем крепкого здоровья, благополучия вашим семьям, мира нашей стране и успехов в работе!» - отметил Алмасадам Саткалиев. В торжественной церемонии приняли участие сотрудники Агентства Республики Казахстан по атомной энергии, ТОО «Казахстанские атомные электрические станции» и Института ядерной физики. Государственной медалью «Ерен еңбегі үшін награждены: Зоя Владимировна Медведева —руководитель группы обеспечения качества Научно-технического центра радиохимии и производства изотопов Института ядерной физики РГП; Жандос Турысбекулы Ерболганов — управляющий директор по экономике и финансам ТОО «Казахстанские атомные электрические станции»; Денис Борисович Зарва — заместитель главного инженера РГП «Национальный ядерный центр» Республики Казахстан; Анатолий Николаевич Ворожейкин —директор филиала «Байкал» РГП «Национальный ядерный центр» Республики Казахстан. Нагрудным знаком «Мемлекеттік қызмет ардагері» награждена Гаухар Кенебайкызы Сапарбаева — главный консультант Департамента радиоактивных отходов и охраны окружающей среды Агентства Республики Казахстан по атомной энергии. Нагрудным знаком «Қаржы саласының үздігі» награждены Жаслан Серикулы Абдрахманов — директор Департамента бюджета и финансовых процедур Агентства Республики Казахстан по атомной энергии, и Бакытжан Ермуханбетулы Салемов — главный консультант этого департамента.

  19. 🏅Республика күні қарсаңында атом саласының қызметкерлері марапатталды Ұлттық мереке —Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев атом саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерге мемлекеттік наградалар мен ведомстволық марапаттар табыс етті. Салтанатты рәсімде Агенттік төрағасы марапат иелерін мерекемен құттықтап, олардың кәсібилігі мен адал еңбегінің маңызын атап өтті. «Еліміздің дамуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген әрқайсыңыздың еңбектеріңіз зор құрметке лайық. Биыл атом саласы үшін маңызды міндеттер мен жаңа бастамаларға толы кезең болды. Алға қойған мақсаттарға сіздердің кәсібиліктеріңіз бен бірлескен еңбектеріңіздің арқасында қол жеткізіп келеміз. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!» - деді Алмасадам Сәтқалиев. Салтанатты рәсімге ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС және Ядролық физика институтының қызметкерлері қатысты. «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен: «Ядролық физика институты» РМК Радиохимия және изотоптар өндірісі ғылыми-техникалық орталығының сапаны қамтамасыз ету тобының жетекшісі — Зоя Владимировна Медведева; «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры — Жандос Турысбекұлы Ерболғанов; ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас инженерінің орынбасары — Денис Борисович Зарва; ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Байкал» филиалының директоры —Анатолий Николаевич Ворожейкин марапатталды. «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Радиоактивті қалдықтар және қоршаған ортаны қорғау департаментінің бас консультанты —Гаухар Кенебайқызы Сапарбаева марапатталды. «Қаржы саласының үздігі» төсбелгісімен ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Бюджет және қаржылық рәсімдер департаментінің директоры —Жаслан Серікұлы Абдрахманов пен осы департаменттің бас консультанты —Бақытжан Ермұханбетұлы Сәлемов марапатталды.

  20. 🎥 IV буын реакторларының қауіпсіздігін негіздеу бойынша зерттеулер және халықаралық ғылыми жобаларды іске асыру. ҚР ҰЯО РМК Атом энергиясы институтының озық әзірлемелері – «КТК» телеарнасының сюжетінде ➖➖➖ 🎥 «Исследования в обоснование безопасности реакторов IV поколения и реализация международных научных проектов. О передовых разработках Института атомной энергии РГП НЯЦ РК - в сюжете телеканала «КТК»

  21. Older posts