ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

@atomagencykz · Kazakh · active

Subscribers 757 Subscribers, last 30 days: 754 → 757 +3 24h
Reach per post (ERR) 34.2%259 avg views
Posting 1.7/day last 1 day ago
Reactions per 1K views 7.5 👍 ❤ 🔥

Агенттікте Әдеп кодексі талаптарын, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау және клиентке бағдарланған сервис дағдыларын жетілдіру бойынша семинар өтті 2026 жылғы 29 қазанда Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің, Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің және Оңтүстік өңіраралық инспекцияның мемлекеттік қызметшілері арасында «Әдеп кодексі талаптарын және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау және клиентке бағдарланған сервис дағдыларын жетілдіру» тақырыбында семинар өткізілді. Аталған кездесуде Агенттіктің Әдеп жөніндегі уәкілі Н. Джалпаков таныстырылым ұсынып, мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарын, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттары мен қызметтік әдеп стандарттарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесін, қызметтік тәртіпті, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған әлеуметтік кепілдіктерді, мемлекеттік қызметті тоқтату тәртібін, қаржылық бақылау шараларын, мүдделер қақтығысын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті және клиентке бағдарланған сервистің негізгі бағыттары жан-жақты түсіндіріп өтті. Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік қызметте клиенттерге бағытталған сервисті жетілдірудің негізгі бағыттарын талқылады. Кездесуге қатысушылар мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің заңнама талаптары туралы хабардарлығын арттыруға және әдеп нормаларын сақтауға оң әсер ететінін атап өтті.

Views over time

010020030030 Oct 05:3412 Nov 09:0024230 Oct 05:34: 0 views12 Nov 09:00: 242 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
30 Oct 2026, 05:340
12 Nov 2026, 09:00242

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.