ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

@atomagencykz · Kazakh · active

Subscribers 757 Subscribers, last 30 days: 754 → 757 +3 24h
Reach per post (ERR) 33.2%251 avg views
Posting 1.7/day last 1 day ago
Reactions per 1K views 7.0 👍 ❤ 🔥

🔹Алмасадам Сәтқалиев АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілімен кездесті Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев АҚШ Мемлекеттік департаментінің қауіпсіздік саласындағы көмек бағдарламалары жөніндегі мемлекеттік хатшысының көмекшісінің орынбасары Шона Джейн Уилсонмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану перспективаларын, шағын модульдік реакторларды (ШМР) дамыту, ғылыми-техникалық әлеуетті нығайту және бейінді мамандар даярлау мәселелерін талқылады. Шағын модульдік реакторлар технологияларын жауапкершілікпен пайдалануға арналған инфрақұрылымды дамыту жөніндегі FIRST (Foundational Infrastructure for Responsible Use of Small Modular Reactor Technology) бағдарламасына ерекше назар аударылды. Бағдарлама аясында ШМР технологияларына техникалық-экономикалық бағалау жүргізіліп, оларды Қазақстанда қолдану перспективалары зерделенуде. Сондай-ақ ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде радиациялық материалтану саласында бірлескен зерттеулер жүргізу, ғылыми кадрлар даярлау және академиялық ұтқырлықты дамыту перспективалары талқыланды. Бұдан бөлек, қазақстандық ғалымдардың халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуы арқылы Қазақстан мен АҚШ-тың ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті нығайту мүмкіндіктері қарастырылды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстан-Америка ынтымақтастығын одан әрі дамытуға өзара мүдделі екендіктерін растады.

Views over time

010020027 Oct 13:5912 Nov 09:0022227 Oct 13:59: 0 views12 Nov 09:00: 222 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
27 Oct 2026, 13:590
12 Nov 2026, 09:00222

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.