ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

@atomagencykz · Kazakh · active

ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми Telegram-парақшасы Официальный Telegram-канал Агентства РК по атомной энергии

Subscribers 759 Subscribers, last 30 days: 754 → 759 +0 24h
Reach per post (ERR) 33.9%257 avg views
Posting 1.7/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.3 👍 ❤ 🔥
  1. repost

    Глава государства принял председателя Агентства по атомной энергии Алмасадама Саткалиева ✔️Президенту Касым-Жомарту Токаеву был представлен отчет об основных результатах деятельности Агентства за 2026 год. ✔️Глава государства был проинформирован о состоянии атомной промышленности и энергетики. ✔️В частности, поднимались вопросы строительства АЭС, развития атомной науки и инноваций, подготовки кадров и увеличения казахстанского содержания в отраслевых проектах. ✔️Отдельное внимание было уделено созданию Семипалатинской зоны ядерной безопасности, совершенствованию системы обращения с радиоактивными отходами, укреплению нормативно-правовой базы в сфере ядерной и радиационной безопасности. 🔹По итогам встречи Президент поручил держать на особом контроле вопросы развития национальной атомной энергетики, а также принять своевременные меры по реализации обозначенных задач в рамках Стратегии развития атомной отрасли. t.me/aqorda_resmi

  2. repost

    Мемлекет басшысы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады ✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттіктің 2026 жылы атқарған жұмысының негізгі нәтижелері туралы есебі таныстырылды. ✔️Мемлекет басшысына атом өнеркәсібі мен энергетика жөнінде мәлімет берілді. ✔️Атап айтқанда, АЭС құрылысы, атом ғылымы мен инновацияларды дамыту, маман даярлау және саладағы жобалардың отандық үлесін арттыру мәселелері көтерілді. ✔️Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру, радиоактивті қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық базаны нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. 🔹Кездесу соңында Президент ұлттық атом энергетикасын ілгерілету мәселелерін айрықша бақылауда ұстауды, сондай-ақ Атом саласының даму стратегиясы аясында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру жөнінде уақтылы шаралар қабылдауды тапсырды. t.me/aqorda_resmi

  3. 📝Общественный совет обсудил актуальные вопросы в сфере атомной энергетики Под председательством председателя Общественного совета Салимбая Шунеева состоялось заседание с участием членов Совета и представителей Агентства. В повестку дня вошли вопросы бюджетного планирования, обращения с радиоактивными отходами, а также регулирования закупочной деятельности в рамках реализации проектов атомных электростанций. Представители профильных структурных подразделений Агентства выступили с докладами по указанным вопросам, представив основные положения проектов нормативных правовых актов и информацию о планируемых мерах. По итогам заседания по всем вопросам повестки дня были приняты соответствующие решения. В ходе встречи также были рассмотрены актуальные задачи в сфере атомной энергетики, вопросы обеспечения экологической безопасности и совершенствования нормативного регулирования.

  4. edited

    📝Қоғамдық кеңес атом энергетикасы саласындағы өзекті мәселелерді талқылады Қоғамдық кеңес төрағасы Сәлімбай Шунеевтің төрағалығымен Кеңес мүшелері мен Агенттік өкілдерінің қатысуымен отырыс өтті. Күн тәртібіне бюджеттік жоспарлау, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, сондай-ақ атом электр станциялары жобаларын іске асыру аясындағы сатып алу қызметін реттеу мәселелері енгізілді. Агенттіктің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері осы мәселелер бойынша баяндама жасап, нормативтік құқықтық актілер жобаларының негізгі ережелері мен жоспарланған шаралар туралы ақпарат берді. Отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселе жөнінде тиісті шешімдер қабылданды. Жиында атом энергетикасы саласындағы міндеттер, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және нормативтік реттеуді жетілдіру мәселелері қаралды.

  5. 🔹Казахстан и Швейцария укрепляют сотрудничество в сфере мирного использования атомной энергии 20 октября 2026 года делегация Агентства Республики Казахстан по атомной энергии провела ряд двусторонних встреч в Берне (Швейцарская Конфедерация). В состав делегации также вошли представители Национального ядерного центра Республики Казахстан и Посольства Республики Казахстан в Швейцарской Конфедерации. В рамках визита состоялась встреча с директором Федерального управления энергетики Швейцарии Бенуа Рева (Benoît Revaz). Стороны обсудили перспективы развития двустороннего сотрудничества в сфере мирного использования атомной энергии, а также обмена опытом в области государственного регулирования атомной энергетики и обеспечения ядерной безопасности. Особое внимание было уделено вопросам совершенствования национальной системы ядерного и радиационного регулирования с учётом международных стандартов и передового опыта Швейцарии. Отдельная встреча состоялась с представителями швейцарской компании NAGRA, специализирующейся на вопросах обращения с радиоактивными отходами. Стороны обсудили перспективы практического взаимодействия между Национальным ядерным центром Республики Казахстан и NAGRA. Основой для дальнейшего сотрудничества стал меморандум о взаимопонимании, подписанный ранее между Национальным ядерным центром Республики Казахстан и NAGRA, на основе которого подготовлена дорожная карта сотрудничества, направленная на развитие взаимодействия в сфере безопасного обращения с радиоактивными отходами. Казахстанская сторона отметила приоритетность формирования современной национальной системы обращения с радиоактивными отходами. В частности, в Республике Казахстан вступил в силу Закон «Об обращении с радиоактивными отходами», создающий правовую основу для регулирования всех этапов обращения с ними, от образования и временного хранения до окончательного захоронения. В этой связи особую значимость приобретает изучение швейцарского опыта и применение международных практик при реализации национальных проектов. Проведённые встречи подтвердили заинтересованность Казахстана и Швейцарии в дальнейшем развитии профессионального диалога и обмена опытом в сфере мирного использования атомной энергии, ядерной безопасности и обращения с радиоактивными отходами. Справочно: Национальный ядерный центр Республики Казахстан, расположенный в городе Курчатове, обладает научно-исследовательским потенциалом в области ядерной энергетики и безопасности. Центр эксплуатирует исследовательские реакторы ИВГ.1М и ИГР и проводит исследования в области безопасности реакторов и материаловедения. Швейцарская компания NAGRA специализируется на разработке решений по безопасному обращению с радиоактивными отходами, включая их окончательное захоронение. Сотрудничество с NAGRA представляет практический интерес для Казахстана в контексте формирования современной национальной системы обращения с радиоактивными отходами.

  6. 🔹Қазақстан мен Швейцария атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 2026 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің делегациясы Швейцария Конфедерациясының Берн қаласында бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Делегация құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің өкілдері де кірді. Сапар аясында Швейцария Федералдық энергетика басқармасының директоры Бенуа Ревамен (Benoît Revaz) кездесу өтті. Тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ атом энергетикасын мемлекеттік реттеу және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды талқылады. Халықаралық стандарттар мен Швейцарияның озық тәжірибесін ескере отырып, ядролық және радиациялық реттеудің ұлттық жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу мәселелеріне маманданған швейцариялық NAGRA компаниясының өкілдерімен жеке кездесу өтті. Тараптар Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен NAGRA арасындағы практикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Бұдан әрі ынтымақтастықты дамытуға Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен NAGRA арасында бұрын қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум негіз болды. Осы меморандум аясында радиоактивті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған ынтымақтастықтың жол картасы әзірленді. Қазақстан тарапы радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің заманауи ұлттық жүйесін қалыптастыру басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, күшіне енді. Заң радиоактивті қалдықтардың түзілуінен бастап оларды жинау, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау және көмуге дейінгі кезеңдерді құқықтық реттеудің негізін қалыптастырады. Осыған байланысты ұлттық жобаларды іске асыру барысында Швейцарияның тәжірибесін зерделеу және халықаралық озық практикаларды қолдану ерекше маңызға ие. Өткізілген кездесулер Қазақстан мен Швейцарияның атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, ядролық қауіпсіздік және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу салаларындағы салалық диалог пен тәжірибе алмасуды одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады. Анықтама үшін: Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Курчатов қаласында орналасқан. Орталық ядролық энергетика және қауіпсіздік салаларында ғылыми-зерттеу әлеуетіне ие. Орталық ИВГ.1М және ИГР зерттеу реакторларын пайдаланады, сондай-ақ реакторлар қауіпсіздігі мен материалтану бағыттарында зерттеулер жүргізеді. Швейцариялық NAGRA компаниясы радиоактивті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу, оның ішінде оларды түпкілікті көму бойынша шешімдер әзірлеуге маманданған. NAGRA-мен ынтымақтастық радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің заманауи ұлттық жүйесін қалыптастыру тұрғысынан Қазақстан үшін практикалық маңызға ие.

  7. В Агентстве прошел семинар «Урегулирование конфликта интересов: Стандарты безопасности и этики» 20 октября 2026 года для государственных служащих структурных подразделений Агентства, Комитета атомного надзора и контроля и Южной межрегиональной инспекции проведен семинар на тему: «Урегулирование конфликта интересов: Стандарты безопасности и этики». На данной встрече Уполномоченный по этике Агентства Н.Н. Джалпаков открыв семинар предоставил слово спикеру семинара внештатному советнику Председателя Агентства, Руководителю Службы комплаенс ТОО «КАЭС» Д.Е. Акшалову. В своем выступлении спикер представив слушателям презентацию подробно остановился на вопросах разъяснения урегулировании конфликта интересов, стандартах безопасности и этики, мер противодействия коррупции, формировании антикоррупционной культуры, антикоррупционных стандартах, деятельности несовместимой с выполнением государственных функций, недопустимости совместной службы (работы) близких родственников, супругов или свойственников. В семинаре приняли участие 17 государственных служащих, участники также обсудили новые поправки в антикоррупционное законодательство. По итогам встречи было организовано обсуждение данной тематики, Даурен Есалыұлы дал исчерпывающие ответы на все интересующие вопросы участников семинара. Слушатели отметили, что подобные встречи положительно влияют на информированность требований законодательства в сфере противодействия коррупции.

  8. Агенттікте "Мүдделер қақтығысын реттеу: қауіпсіздік және әдеп стандарттары" атты семинар өтті 2026 жылғы 20 қазанда Агенттіктің кұрылымдық бөлімшелерінің, Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің және Оңтүстік өңіраралық инспекцияның мемлекеттік қызметшілері үшін "Мүдделер қақтығысын реттеу: қауіпсіздік және әдеп стандарттары" тақырыбында семинар өткізілді. Аталған кездесуде Агенттіктің Әдеп жөніндегі уәкілі Н. Н. Джалпақов семинарды ашып, семинар спикеріне Агенттік төрағасының штаттан тыс кеңесшісіне, "КАЭС" ЖШС-тің комплаенс қызметінің басшысы Д.Е. Ақшаловқа сөз берді. Спикер өз сөзінде тыңдаушыларға презентация ұсына отырып, мүдделер қақтығысын реттеу, қауіпсіздік және әдеп стандарттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар, мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызмет, жақын туыстарының, жұбайларының немесе жекжаттарының бірлескен қызметіне (жұмысына) жол бермеу мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Семинарға 17 мемлекеттік қызметші қатысты, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға жаңа түзетулерді талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша осы тақырыпты талқылау ұйымдастырылды, Дәурен Есалыұлы семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауап берді. Тыңдаушылар мұндай кездесулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарының хабардар болуына оң әсер ететінін атап өтті.

  9. 🔹Қазақстан ЦЕРН зерттеулеріне қатысу аясын кеңейтуде 2026 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің делегациясы Женева қаласындағы Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымына (ЦЕРН) барды. Толығырақ https://www.gov.kz/org/atom-energiyasy/press/news/details/1314449?lang=kk ➖➖➖ 🔹Казахстан расширяет участие в исследованиях ЦЕРН 19 октября 2026 года делегация Агентства Республики Казахстан по атомной энергии посетила Европейскую организацию по ядерным исследованиям (ЦЕРН) в Женеве. Подробнее https://www.gov.kz/org/atom-energiyasy/press/news/details/1314449?lang=ru

  10. ✅Бельгия Королі Филипп пен Матильда Патшайым Алматыдағы Ядролық физика институтына барып, Қазақстан мен Бельгия арасындағы ядролық ғылым және медицина саласындағы ынтымақтастық нәтижелерімен танысты ➖➖➖ ✅Король бельгийцев Филипп и королева Матильда посетили Институт ядерной физики в Алматы, где ознакомились с результатами сотрудничества Казахстана и Бельгии в области ядерной науки и медицины

  11. +1

    📍Бельгия Королі мен Патшайымы сапармен Алматыдағы Ядролық физика институтында болды Ағымдағы жылдың 14 қазанында Бельгия Королі Филипп пен Матильда Патшайым Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Алматы қаласындағы Ядролық физика институтында болды. Мәртебелі қонақтарға Бельгияның ғылыми ұйымдарымен және компанияларымен ынтымақтастық нәтижелері – бірлескен зерттеулерден бастап онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуге арналған радиофармацевтикалық препараттарды өндіруге дейінгі бағыттар таныстырылды. Толығырақ https://www.gov.kz/org/atom-energiyasy/press/news/details/1310886?lang=kk ➖➖➖ 📍Король и королева бельгийцев посетили Институт ядерной физики в Алматы 14 октября в рамках государственного визита в Казахстан Король бельгийцев Филипп и королева Матильда посетили Институт ядерной физики в Алматы. Королевской делегации представили результаты сотрудничества с бельгийскими научными организациями и компаниями — от совместных исследований до производства радиофармацевтических препаратов для диагностики и лечения онкологических заболеваний. Подробнее https://www.gov.kz/org/atom-energiyasy/press/news/details/1310886?lang=ru

  12. ⚛️The construction of the country’s first nuclear power plant marks a new chapter in the development of its energy sector Benoît Bouverne, Project Manager at Assystem, shared his insights on this landmark project in an interview with Silk Way TV. Watch the report to learn more

  13. ⚛️ Еліміздегі алғашқы атом электр станциясының құрылысы энергетика саласының дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы болмақ Assystem компаниясының жоба менеджері Бенуа Буверн Silk Way телеарнасына берген сұхбатында осы маңызды жоба туралы өз пікірін білдірді. Толығырақ бейнематериалдан көріңіздер

  14. ⚪️АЭХА сарапшысы Мехмет Джейхан Astana TV телеарнасына берген сұхбатында Астанада өтіп жатқан миссияның мақсаттары мен Қазақстанның алғашқы АЭС құрылысына дайындық барысы туралы айтып берді ➖➖➖ ⚪️Эксперт МАГАТЭ Мехмет Джейхан в интервью телеканалу Astana TV рассказал о целях проходящей в Астане миссии и подготовке Казахстана к строительству первой АЭС

  15. 🛡Қазақстанда ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан Республикасында атом энергиясын пайдалану технологиялары медицина, өнеркәсіп және ғылыми қызметті қоса алғанда, әртүрлі салаларда қолданылады. Ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін пайдалану олардың сенімді қорғалуын талап етеді, өйткені атом энергиясын пайдалану объектілерін заңсыз иемдену, ұрлау, рұқсатсыз тасымалдау немесе оларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасау халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін. Толығырақ https://www.gov.kz/org/atom-energiyasy/press/news/details/1309481?lang=kk ➖➖➖ 🛡Осуществление ядерной физической безопасности в Казахстане В Республике Казахстан технологии использования атомной энергии применяются в различных сферах, включая медицину, промышленность и научную деятельность. Использование ядерных материалов и источников ионизирующего излучения требует их надежной защиты, поскольку незаконное завладение, хищение, несанкционированное перемещение или совершение противоправных действий в отношении объектов использования атомной энергии могут создать угрозу для жизни и здоровья населения, окружающей среды и национальной безопасности государства. Подробнее https://www.gov.kz/org/atom-energiyasy/press/news/details/1309481?lang=ru

  16. edited

    ✔️В Астане проходит миссия МАГАТЭ по подготовке к оценке ядерной инфраструктуры Казахстана для реализации проекта строительства АЭС С 12 по 15 октября 2026 года в Астане проходит совместная миссия Международного агентства по атомной энергии (МАГАТЭ) по поддержке подготовки отчета самооценки ядерной инфраструктуры Казахстана и подготовке к основной миссии комплексного обзора ядерной инфраструктуры INIR (Integrated Nuclear Infrastructure Review) по второй фазе. В работе участвуют эксперты МАГАТЭ, представители Агентства Республики Казахстан по атомной энергии, ТОО «Казахстанские атомные электрические станции» и АО «НАК «Казатомпром». Основная цель совместной работы является обсуждение предложений экспертов к отчету самооценки, уточнение представленной информации и определение дальнейших шагов по подготовке к миссии INIR. Отчет позволяет системно рассмотреть состояние национальной ядерной инфраструктуры и определить направления, требующие дополнительной проработки для успешной реализации проекта строительства АЭС. Программа предусматривает обсуждение 19 инфраструктурных вопросов в соответствии с поэтапным подходом МАГАТЭ. В их числе ядерная, радиационная и ядерная физическая безопасность, законодательная и регулирующая база, финансирование, развитие кадрового потенциала, взаимодействие с заинтересованными сторонами, готовность электрических сетей, ядерный топливный цикл. Сотрудничество с МАГАТЭ направлено на последовательное развитие инфраструктуры, необходимой для безопасной и ответственной реализации ядерно-энергетической программы Казахстана. Экспертная поддержка поможет повысить качество отчета самооценки и уточнить приоритеты дальнейшей работы национальных организаций. Справочно: INIR (Integrated Nuclear Infrastructure Review) ­ комплексный обзор ядерной инфраструктуры, проводимый МАГАТЭ по запросу государства. Под ядерной инфраструктурой понимаются не только площадка и технические объекты, но и законы, система надзора, подготовка специалистов, финансирование и меры безопасности, необходимые для развития атомной энергетики. Обзор охватывает 19 таких направлений и помогает определить, что уже сделано и какие вопросы требуют дальнейшей работы. Вторая фаза поэтапного подхода МАГАТЭ это этап подготовки после принятия решения о развитии атомной энергетики. В этот период страна создает необходимые условия для реализации проекта первой АЭС и готовится к строительству. Эксперты МАГАТЭ помогают оценить данную подготовку и определить направления для улучшения.

  17. edited

    ✔️Астанада АЭС салу жобасын іске асыру үшін Қазақстанның ядролық инфрақұрылымын бағалауға дайындық бойынша АЭХА миссиясы өтуде 2026 жылғы 12–15 қазан аралығында Астанада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Қазақстанның ядролық инфрақұрылымына өзіндік бағалау есебін дайындауға және INIR (Integrated Nuclear Infrastructure Review) кешенді шолуының екінші кезеңіне дайындалуға қолдау көрсету жөніндегі бірлескен миссиясы өтуде. Жұмысқа АЭХА сарапшылары, Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-нің және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның өкілдері қатысуда. Бірлескен жұмыстың негізгі мақсаты – өзіндік бағалау есебіне қатысты сарапшылардың ұсыныстарын талқылау, ұсынылған ақпаратты нақтылау және INIR миссиясына дайындық бойынша алдағы қадамдарды айқындау. Есеп ұлттық ядролық инфрақұрылымның қазіргі жай-күйін жүйелі түрде қарастыруға және АЭС салу жобасын табысты іске асыру үшін қосымша пысықтауды қажет ететін бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді. Бағдарламада АЭХА-ның кезең-кезеңімен іске асыру тәсіліне сәйкес инфрақұрылымның 19 бағытын талқылау көзделген. Олардың қатарында ядролық және радиациялық қауіпсіздік, ядролық физикалық қауіпсіздік, заңнамалық және реттеуші база, қаржыландыру, кадрлық әлеуетті дамыту, мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл, электр желілерінің дайындығы және ядролық отын циклі бар. АЭХА-мен ынтымақтастық Қазақстанның атом энергетикасы бағдарламасын қауіпсіз әрі жауапты іске асыруға қажетті инфрақұрылымды кезең-кезеңімен дамытуға бағытталған. Сараптамалық қолдау өзіндік бағалау есебінің сапасын арттыруға және ұлттық ұйымдардың алдағы жұмысының басым бағыттарын нақтылауға ықпал етеді. Анықтама: INIR (Integrated Nuclear Infrastructure Review) – мемлекеттің сұрауы бойынша АЭХА жүргізетін ядролық инфрақұрылымның кешенді шолуы. Ядролық инфрақұрылым ұғымына тек құрылыс алаңы мен техникалық нысандар ғана емес, сонымен қатар атом энергетикасын дамытуға қажетті заңнама, қадағалау жүйесі, мамандар даярлау, қаржыландыру және қауіпсіздік шаралары да кіреді. Шолу осы 19 бағытты қамтиды және атқарылған жұмыстарды бағалауға, сондай-ақ одан әрі пысықтауды қажет ететін мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. АЭХА-ның кезең-кезеңімен іске асыру тәсілінің екінші кезеңі – атом энергетикасын дамыту туралы шешім қабылданғаннан кейінгі дайындық кезеңі. Бұл кезеңде мемлекет алғашқы АЭС жобасын іске асыру үшін қажетті жағдайларды қалыптастырып, құрылысқа дайындалады. АЭХА сарапшылары осы дайындық деңгейін бағалауға және жетілдіруді қажет ететін бағыттарды айқындауға көмектеседі.

  18. 🔄«Атом — часть нашей жизни»: в Актау прошёл День открытых дверей на объекте БН-350 В Актау состоялся День открытых дверей «Атом — часть нашей жизни», в рамках которого представители средств массовой информации посетили реакторную установку БН-350. Мероприятие организовано Агентством РК по атомной энергии совместно с ТОО «Мангистауский атомный энергетический комбинат». Представители СМИ непосредственно на объекте ознакомились с его текущим состоянием, проводимыми работами по обеспечению безопасности и выводу установки из эксплуатации, а также получили ответы специалистов на вопросы о дальнейших этапах работ. БН-350 является частью истории Актау и развития энергетической инфраструктуры Мангистауского региона. Энергетический пуск реактора состоялся в 1973 году. В течение 25 лет установка обеспечивала производство электроэнергии для энергосистемы региона и одновременно использовалась для опреснения морской воды. Пар, вырабатываемый реакторной установкой, направлялся на опреснительную установку, что позволяло обеспечивать город и регион пресной водой. Таким образом, БН-350 был не только энергетическим объектом, но и частью системы водоснабжения Мангистауского региона. Особенность БН-350 заключалась и в примененных технологических решениях. Это реактор на быстрых нейтронах с жидкометаллическим натриевым теплоносителем. Опыт его эксплуатации стал частью истории развития атомной энергетики Казахстана и практического опыта страны в сфере эксплуатации ядерных энергетических установок. Изначально проектный срок эксплуатации БН-350 составлял 20 лет. В дальнейшем срок его эксплуатации был продлен. В марте 1998 года реактор был остановлен, после чего начался переход к следующему этапу - выводу установки из эксплуатации. 22 апреля 1999 года постановлением Правительства Республики Казахстан №456 было принято решение о выводе БН-350 из эксплуатации. В соответствии с постановлением установка должна была быть приведена в безопасное состояние и законсервирована с последующим выполнением предусмотренных этапов вывода из эксплуатации. Сегодня БН-350 электроэнергию не вырабатывает. Основная задача на текущем этапе - поддержание безопасного состояния объекта и последовательное выполнение работ по его выводу из эксплуатации. На объекте осуществляется контроль состояния реакторной установки, инженерных систем и радиационной обстановки, проводятся мероприятия по обеспечению безопасности и обращению с радиоактивными материалами, радиоактивными отходами и натриевым теплоносителем. Работы по выгрузке и вывозу отработавшего ядерного топлива с площадки БН-350 завершены. В 2010 году топливо было передано на долговременное хранение на специализированный объект. В настоящее время специалисты сосредоточены на безопасном обращении с радиоактивными отходами и натриевым теплоносителем, а также подготовке к дальнейшим этапам вывода БН-350 из эксплуатации. При планировании и проведении этих работ учитываются результаты исследований и международный опыт. Казахстан сотрудничает с Международным агентством по атомной энергии (МАГАТЭ) по вопросам вывода БН-350 из эксплуатации. В настоящее время мы работаем по двум основным направлениям. Одно из них - переработка радиоактивных отходов и приведение их в безопасное состояние. Для предотвращения риска попадания жидких и твёрдых радиоактивных отходов в окружающую среду мы обрабатываем их в соответствии с установленными технологическими требованиями. При этом применяются технологии концентрирования отходов, химической обработки и их стабилизации. «В дальнейшем основными приоритетами работы останутся обеспечение радиационной и экологической безопасности, предупреждение возможных рисков и максимальное снижение негативного воздействия на окружающую среду», — отметил директор реакторной установки БН-350 Марат Молдагулов. Открытый формат встречи позволил представителям СМИ получить информацию о текущем состоянии БН-350 непосредственно от профильных специалистов и ознакомиться с работами, которые проводятся сегодня для обеспечения безопасного состояния объекта и его дальнейшего вывода из эксплуатации.

  19. 🔄«Атом – өміріміздің бір бөлігі»: Ақтауда БН-350 нысанында ашық есік күні өтті Ақтауда «Атом – өміріміздің бір бөлігі» атты Ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне БН-350 реакторлық қондырғысы таныстырылды. Іс-шараны ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырды. БАҚ өкілдері нысанның қазіргі жағдайымен, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және пайдаланудан шығару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен тікелей танысты. Сондай-ақ мамандардан алдағы жұмыс кезеңдеріне қатысты сұрақтарына жауап алды. БН-350 – Ақтау қаласының тарихы мен Маңғыстау өңірінің энергетикалық инфрақұрылымының даму тарихының бір бөлігі. Реакторды энергетикалық іске қосу 1973 жылы жүзеге асырылды. 25 жыл бойы қондырғы өңірдің энергетикалық жүйесін электр энергиясымен қамтамасыз етіп, сонымен қатар теңіз суын тұщыту үшін пайдаланылды. Реакторлық қондырғыда өндірілген бу тұщыландыру қондырғысына жіберіліп, бұл қала мен өңірді тұщы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осылайша, БН-350 тек энергетикалық нысан ғана емес, Маңғыстау өңірінің сумен жабдықтау жүйесінің де маңызды бөлігі болды. БН-350 қондырғысының ерекшелігі оның технологиялық шешімдерінде де жатыр. Бұл – сұйық металл натрий жылутасымалдағышы қолданылатын жылдам нейтронды реактор. Оны пайдалану барысында жинақталған тәжірибе Қазақстанның атом энергетикасының даму тарихының және елдің ядролық энергетикалық қондырғыларды пайдалану саласындағы практикалық тәжірибесінің бір бөлігіне айналды. Бастапқыда БН-350 реакторын пайдаланудың жобалық мерзімі 20 жыл болып белгіленген. Кейіннен оның пайдалану мерзімі ұзартылды. 1998 жылғы наурызда реактор тоқтатылып, содан кейін қондырғыны пайдаланудан шығару кезеңіне көшу жұмыстары басталды. 1999 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №456 қаулысымен БН-350-ні пайдаланудан шығару туралы шешім қабылданды. Қаулыға сәйкес, қондырғы қауіпсіз күйге келтіріліп, консервациялануы және кейіннен пайдаланудан шығару бойынша көзделген кезеңдерден өтуі тиіс болды. Бүгінде БН-350 электр энергиясын өндірмейді. Қазіргі кезеңдегі негізгі міндет – нысанның қауіпсіз жағдайын сақтау және оны пайдаланудан шығару жұмыстарын кезең-кезеңімен жүзеге асыру. Нысанда реакторлық қондырғының, инженерлік жүйелердің жай-күйі мен радиациялық ахуал бақыланады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, радиоактивті материалдармен, радиоактивті қалдықтармен және натрий жылутасымалдағышымен жұмыс істеу шаралары жүргізілуде. БН-350 алаңынан пайдаланылған ядролық отынды шығару және тасымалдау жұмыстары аяқталды. 2010 жылы отын ұзақ мерзімді сақтауға арналған мамандандырылған нысанға тапсырылды. Қазіргі уақытта мамандар радиоактивті қалдықтармен және натрий жылутасымалдағышымен қауіпсіз жұмыс істеуге, сондай-ақ БН-350-ні пайдаланудан шығарудың келесі кезеңдеріне дайындық жүргізуге басымдық беріп отыр. Бұл жұмыстарды жоспарлау және жүзеге асыру кезінде зерттеу нәтижелері мен халықаралық тәжірибе ескеріледі. Қазақстан БН-350-ні пайдаланудан шығару мәселелері бойынша Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (АЭХА) ынтымақтастық орнатқан. Қазіргі уақытта біз екі негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Оның бірі — радиоактивті қалдықтарды өңдеу және қауіпсіз күйге келтіру. Сұйық және қатты радиоактивті қалдықтардың қоршаған ортаға таралу қаупін болдырмау үшін оларды белгіленген технологиялық талаптарға сәйкес өңдейміз. Бұл ретте қалдықтарды қоюландыру, химиялық әдістермен өңдеу және тұрақты күйге келтіру технологиялары қолданылады. Алдағы уақытта да жұмыстардың басым бағыты — радиациялық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ықтимал тәуекелдердің алдын алу және қоршаған ортаның қауіпсіздігін сақтау», — деді БН-350 реакторлық қондырғысының директоры Марат Молдағұлов. Кездесудің ашық форматта өтуі БАҚ өкілдеріне БН-350 нысанының қазіргі жағдайы туралы ақпаратты бейінді мамандардан тікелей алуға, сондай-ақ нысанның қауіпсіз күйін сақтау және оны одан әрі пайдаланудан шығару мақсатында бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстармен танысуға мүмкіндік берді.

  20. ❕АЭС құрылысы алғашқы бетон құйылғанға дейін неден басталады? 3 қыркүйекте Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын жобалау, жабдықтау және салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды. Құжатқа қол қою жобаның жаңа, практикалық кезеңге өткенін білдірді. Болашақ станция «Балқаш» АЭС-і деп аталды және оны Алматы облысының Жамбыл ауданында салу жоспарлануда. Толығырақ https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1307784?lang=kk ➖➖➖ ❕Почему строительство АЭС начинается задолго до первого бетона 3 сентября был подписан контракт на проектирование, поставку и строительство первой атомной электростанции в Казахстане. Подписание документа стало переходом проекта на новый, практический этап. Будущая станция получила название АЭС «Балхаш» и планируется к строительству в Жамбылском районе Алматинской области. Подробнее https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1307784?lang=ru

  21. Older posts