ℹ️ Трагедия в Мангистау: факты против информационных вбросов Центр по борьбе с дезинформацией ранее предупреждал: трагедия в Мангистау стала объектом активных информационных манипуляций. Несмотря на то, что государство оперативно и полно информирует о всех принимаемых мерах в социальных сетях продолжают выдаваться события в Мангистау не имеющие отношения к событию архивные видео, создается ИИ-контент и обсуждаются откровенные домыслы, спекулирующие на гибели военнослужащих и горе их близких. Центр также продолжает фиксировать сообщения с признаками координации, в том числе от анонимных аккаунтов. Особенно заметна активность недавно созданных анонимных страниц, которые практически сразу начинают работать на теме трагедии: создают новые ветки, тиражируют слухи и превращают предположения в якобы «общеизвестные факты». Вот лишь несколько характерных примеров. Фейк: «Скрывается реальное количество погибших». В действительности официальные данные уточнялись по мере поисковой операции. Итоговые сведения опубликованы: погибли 14 военнослужащих. Фейк: «Военнослужащих десантировали с вертолета». По опубликованным данным расследования установлено, что речь идет о выполнении задачи с использованием катера. Обстоятельства организации учений, соблюдение требований безопасности и действия ответственных лиц устанавливает следствие. Фейк: «Непосредственный командир был пьян». Это утверждение особенно цинично и кощунственно. Командир, о котором идет речь, погиб вместе со своими военнослужащими. Каких-либо оснований полагать, что он находился в состоянии алкогольного опьянения, нет. Это спекуляция на трагедии и дополнительная боль для семьи погибшего. Фейк: Старое видео с транспортировкой умершего человека под развлекательную музыку выдается за перевозку тела погибшего военнослужащего. Анализ видео показал, видеоролик с автомобилем появился в интернете еще в августе, задолго до трагедии. Старой записи просто присвоили новый эмоциональный контекст с целью вызвать общественное возмущение. Фейк: Эфектное постановочное видео в дни траура на побережье Каспийского моря. Распространяющийся с гневными постами ролик действительно многие приняли за съемку из Мангистау. В действительности видео было снято в Танжере (Марокко). По словам автора, оно случайно попало в казахстанский сегмент соцсетей, а о событиях в Казахстане он не знал. Фейк: Государство якобы «ничего не расследует» Это также расходится с фактами. Спасательная операция продолжалась до тех пока не было найдено тело последнего погибшего военнослужащего. Незамедлительно по поручению Главы государства была создана Правительственная комиссия по расследованию обстоятельств трагедии. Возбуждены уголовные дела по фактам халатного отношения к службе и нарушения правил кораблевождения. Распоряжением Президента создана отдельная комиссия по комплексной проверке состояния дел в Министерстве обороны. Она должна в семидневный срок оценить организацию работы, финансовое и материально-техническое обеспечение воинских подразделений. Все эти фейки объединяет одно: такие обсуждения затягивают в свою воронку многих пользователей. Часть из них, подключаясь к обсуждению и распространению вбросов, тем самым невольно усиливают информационную волну, которая наносит дополнительный ущерб обществу и причиняет боль семьям погибших. За распространение ложной информации о событиях в Мангистау правоохранительными органами установлен и привлечен к ответственности ряд лиц. Важно помнить: распространение заведомо ложной информации - это не «просто мнение» и не безобидная интернет-версия. ‼️ Статья 274 Уголовного кодекса Республики Казахстан предусматривает уголовную ответственность за распространение заведомо ложной информации. При распространении такой информации с использованием онлайн-платформ наказание может предусматривать до трех лет лишения свободы, а при наступлении тяжких последствий - до пяти лет.
JAQ.OrtCom.kz ✔
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының (JAQ) ресми арнасы Официальный канал Центра по борьбе с дезинформацией СЦК при Президенте Республики Казахстан @JAQOrtcom_bot
-
edited -
edited ℹ️ Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: ақпараттық манипуляцияларға қарсы фактілер Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұған дейін ескерткен болатын: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға белсенді ақпараттық манипуляциялардың нысанына айналды. Мемлекет қабылданып жатқан барлық шаралар туралы әлеуметтік желілерде жедел әрі толық ақпарат беріп отырғанына қарамастан, әлеуметтік желілерде Маңғыстаудағы оқиғаға қатысы жоқ бұрын түсірілген бейнематериалдар таратылып, ЖИ көмегімен әзірленген контент жариялануда. Сонымен қатар, әскери қызметшілердің қаза болуы мен олардың жақындарының қайғысын пайдалана отырып, негізсіз болжамдар мен алып-қашпа пікірлер таралуда. Орталық сондай-ақ үйлестірілген әрекеттердің белгілері байқалатын, оның ішінде анонимді аккаунттар арқылы таралатын хабарламаларды тіркеуді жалғастыруда. Әсіресе жақында ғана құрылған анонимді парақшалардың белсенділігі байқалады. Олар іс жүзінде бірден қайғылы оқиға тақырыбын таратуға кірісіп, жаңа талқылау тақырыптарын қалыптастырып, қауесеттерді көбейтіп, болжамдарды көпшілікке белгілі «фактілер» ретінде ұсынуда. Төменде осындай ақпараттық манипуляцияларға тән бірнеше мысал келтіріледі. Фейк: «Қаза болғандардың нақты саны жасырылып отыр» Шын мәнінде, іздестіру-құтқару жұмыстары барысында ресми деректер нақтыланып отырды. Қорытынды ақпарат жарияланды: 14 әскери қызметші қаза тапты. Фейк: «Әскери қызметшілер тікұшақтан десантталды». Жарияланған тергеу деректеріне сәйкес, әскери қызметшілер катерді пайдалана отырып тапсырма орындаған. Оқу-жаттығуды ұйымдастыру мән-жайлары, қауіпсіздік талаптарының сақталуы және жауапты тұлғалардың әрекеттері тергеу барысында анықталуда. Фейк: «Тікелей командир мас күйінде болған» Бұл мәлімдеме әсіресе цинизм мен адамгершілікке жат сипатымен ерекшеленеді. Сөз болып отырған командир өз әскери қызметшілерімен бірге қаза тапты. Оның алкогольдік масаң күйде болғанын растайтын қандай да бір дерек жоқ. Фейк: ескі видео қаза тапқан әскери қызметшінің денесін тасымалдау ретінде таратылуда. Бейнематериалды талдау барысында автомобиль бейнеленген роликтің қайғылы оқиғаға дейін, тамыз айында жарияланғаны анықталды. Яғни бұрын түсірілген бейнежазбаға қоғамдық наразылық тудыру мақсатында жаңа эмоционалдық контекст берілген. Фейк: Каспий теңізінің жағалауында қаралы күндері түсірілген әсерлі қойылым сипатындағы видео. Ашулы жазбалармен бірге тараған бұл роликті көптеген қолданушы Маңғыстауда түсірілген бейне деп қабылдаған. Шын мәнінде, видео Танжер қаласында (Марокко) түсірілген. Автордың айтуынша, бейнематериал кездейсоқ Қазақстанның әлеуметтік желілер сегментіне тарап кеткен. Оның өзі Қазақстандағы оқиғалардан хабардар болмаған. Фейк: Мемлекет «ешқандай тергеу жүргізіп жатқан жоқ». Бұл да фактілерге сәйкес келмейді. Іздестіру-құтқару операциясы қаза болған соңғы әскери қызметшінің денесі табылғанға дейін жалғасты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтік комиссия дереу құрылды. Қызметке салғырт қарау және кеме жүргізу қағидаларын бұзу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Президенттің өкімімен Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды кешенді тексеру жөніндегі жеке комиссия құрылды. Комиссия жеті күн мерзімде жұмысты ұйымдастыруға, әскери бөлімдердің қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне баға беруі тиіс. Бұл фейктердің барлығына ортақ бір нәрсе бар: мұндай талқылаулар көптеген қолданушыны өз ақпараттық ағынына тартады. Маңызды: көрінеу жалған ақпарат тарату – бұл «жай ғана пікір» де, зиянсыз интернет-нұсқа да емес. ‼️ ҚР ҚК 274-бабында көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Мұндай ақпарат онлайн-платформаларды пайдалана отырып таратылған жағдайда, жаза үш жылға дейін бас бостандығынан айыруды, ал ауыр зардаптарға әкеп соққан жағдайда бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздеуі мүмкін.
-
ℹ️ Трагедия в Мангистау: дезинформация и спекуляции на трагедии С первых часов после трагедии в Мангистауской области Центр по борьбе с дезинформацией отслеживал информационную ситуацию. В целом пользователи социальных сетей проявили ответственность и уважение к семьям погибших. Но одновременно появились попытки использовать трагедию для набора просмотров, продвижения аккаунтов и распространения непроверенной информации. Фиксировались также сообщения с признаками координации - в том числе с анонимных аккаунтов и аккаунтов лиц, находящихся за пределами Казахстана. Архивное видео выдали за «последний звонок» погибшего Один из наиболее показательных случаев - видео разговора отца с сыном, которое распространяли как якобы последний звонок военнослужащего незадолго до его гибели на учениях. Информация оказалась ложной. Молодой человек на видео жив и является курсантом высшего военного учебного заведения. Запись была сделана ранее и не связана с трагедией в Мангистау. Тем не менее ложная версия успела широко разойтись в социальных сетях. Ее распространяли анонимные паблики, а отдельные СМИ перепечатали без достаточной проверки. Архивные кадры выдали за события в Мангистау В социальных сетях распространялись и видео январских событий, которые сопровождались утверждениями о якобы проходящих в Мангистау митингах после трагедии. Использование реального видео с ложной датой, местом или обстоятельствами - один из распространенных способов создать иллюзию происходящего события там, где его в действительности не было. ИИ-ролики с фотографиями погибших Отдельного внимания заслуживает массовое распространение сгенерированных с помощью ИИ роликов с фотографиями погибших военнослужащих. Авторов не останавливало даже то, что речь идет о недавно погибших людях: фотографии «оживлялись», им приписывались вымышленные реплики, создавались искусственные сцены и реконструкции якобы произошедшего. Такой контент вызвал возмущение и у представителей казахстанской креативной индустрии. Продюсеры, режиссеры и креаторы публично отмечали недопустимость использования человеческой трагедии для набора просмотров, саморекламы и привлечения аудитории. Особенно очевидна проблема в том, что подобные материалы могут увидеть родители и близкие погибших. Точками повышенного внимания для дезинформаторов могут стать похороны и поминки, промежуточные сообщения следствия и Правительственной комиссии, решения в отношении должностных лиц, обсуждение срочной службы и призыва, сообщения о «сокрытии» информации. В этот период могут распространяться правдоподобные, но не подтверждённые ИИ-реконструкции, построенные на реальных деталях трагедии. Еще одна зона риска - сбор средств. Инициатива по оказанию помощи семьям погибших получила широкий отклик. Для систематизации помощи в Мангистау был определен единый оператор, необходимая сумма собрана, дальнейший сбор завершен. Главное сейчас не дать реальной трагедии стать основой для искусственной информационной повестки. Скорбь общества естественна. Вопросы о причинах произошедшего закономерны. Требование объективного расследования - нормально. Но пока расследование продолжается, любые утверждения о причинах трагедии, действиях конкретных должностных лиц или якобы скрытых обстоятельствах не могут считаться версиями, если они не подтверждены компетентными органами. ‼️ Центр по борьбе с дезинформацией продолжит отслеживать информационную ситуацию и обращать внимание на попытки манипулировать общественной реакцией на трагедию.
-
ℹ️ Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: жалған ақпарат және қайғылы оқиғаға қатысты спекуляциялар Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиғадан кейінгі алғашқы сағаттардан бастап Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ақпараттық ахуалға мониторинг жүргізді. Жалпы алғанда, әлеуметтік желі қолданушылары жауапкершілік танытып, қаза тапқандардың отбасыларына құрметпен қарады. Алайда сонымен қатар қайғылы оқиғаны қаралым жинау, аккаунттарды ілгерілету және тексерілмеген ақпаратты тарату мақсатында пайдалануға тырысқан жағдайлар да байқалды. Сондай-ақ үйлестіру белгілері бар хабарламалар, оның ішінде анонимді аккаунттардан және Қазақстаннан тыс жерде жүрген адамдардың аккаунттарынан жарияланған жазбалар анықталды. Мұрағаттағы видео қаза тапқан әскери қызметшінің «соңғы қоңырауы» ретінде таратылды Ең айқын мысалдардың бірі - әкесінің ұлымен сөйлескен видеосы. Аталған видео әскери қызметшінің оқу-жаттығу кезінде қаза табардан аз уақыт бұрын болған соңғы қоңырауы ретінде таратылған. Ақпараттың жалған екені анықталды. Видеодағы жас жігіт аман-есен, ол жоғары әскери оқу орнының курсанты болып шықты. Жазба бұған дейін түсірілген және Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға еш қатысы жоқ. Соған қарамастан, жалған ақпарат әлеуметтік желілерде кеңінен тарап үлгерді. Оны пабликтер таратса, жекелеген БАҚ ақпаратты тиісті деңгейде тексермей қайта жариялаған. Мұрағаттағы кадрлар Маңғыстауда болған оқиғалар ретінде көрсетілді Әлеуметтік желілерде қаңтар оқиғалары кезінде түсірілген видеолар да таралып, олар Маңғыстауда қайғылы оқиғадан кейін митингілер өтіп жатыр деген мәлімдемелермен сүйемелденді. Шынайы видеоны жалған күнмен, орынмен немесе мән-жайлармен байланыстырып көрсету - шын мәнінде болмаған оқиғаның болғаны туралы жалған түсінік қалыптастырудың кең таралған тәсілдерінің бірі. Қаза тапқандардың фотосуреттері негізінде ЖИ көмегімен жасалған бейнероликтер Қаза тапқан әскери қызметшілердің фотосуреттері негізінде ЖИ көмегімен әзірленген бейнероликтердің жаппай таралуы да ерекше назар аудартады. Авторларды адамдардың жақында ғана қаза тапқаны да тоқтатпаған. Олардың фотосуреттері «жандандырылып», қаза тапқандарға ойдан шығарылған сөздер айтқызылған, жасанды көріністер жасалып, оқиғаның болжамды желісі бойынша түрлі реконструкциялар әзірленген. Мұндай контент қазақстандық креативті индустрия өкілдерінің де наразылығын туғызды. Контент авторлары адам трагедиясын қаралым жинау, өзін-өзі жарнамалау және аудитория тарту мақсатында пайдалануға жол берілмейтінін жария түрде атап өтті. Мұндай материалдарды қаза тапқандардың ата-аналары мен жақындарының көруі мүмкін екені мәселенің өзектілігін арттыра түседі. Жалған ақпарат таратушылардың ерекше назарында жерлеу және ас беру рәсімдері, тергеу мен Үкіметтік комиссияның аралық хабарламалары, лауазымды тұлғаларға қатысты қабылданатын шешімдер, мерзімді әскери қызмет және әскерге шақыру мәселелерін талқылау, сондай-ақ ақпаратты «жасыруға» қатысты хабарламалар болуы ықтимал. Осы кезеңде қайғылы оқиғаның нақты деректеріне негізделген, алайда шындыққа сәйкес келмейтін, жасанды интеллект көмегімен жасалған нанымды реконструкциялар таралуы мүмкін. Қаражат жинау - тағы бір тәуекел аймағы. Қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету жөніндегі бастамаға қоғам тарапынан кең қолдау көрсетілді. Маңғыстауда көрсетілетін көмекті жүйелеу мақсатында бірыңғай оператор белгіленіп, қажетті қаражат жиналды және одан әрі қаражат жинау тоқтатылды. Қазіргі таңда басты міндет - болған қайғылы оқиғаның жасанды ақпараттық күн тәртібін қалыптастыру құралына айналуына жол бермеу. Қоғамның қайғыруы - табиғи жағдай. Оқиғаның себептері туралы сұрақтардың туындауы да заңды. Объективті тергеу жүргізуді талап ету - қалыпты жағдай. Алайда тергеу жалғасып жатқан кезеңде қайғылы оқиғаның себептері, нақты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттері немесе жасырып қалынды делінген мән-жайлар туралы кез келген мәлімдеме құзыретті органдардың растауынсыз негізді нұсқа ретінде қарастырыла алмайды. ‼️ JAQ.OrtCom ақпараттық ахуалға мониторинг жүргізуді жалғастырады және қайғылы оқиғаға қатысты қоғамдық реакцияны манипуляциялауға бағытталған әрекеттерге назар аударады.
-
🔎 Сводка официальных опровержений за период с 10 по 20 сентября 2026 года ➡️ Фейк: Бесплатное предоставление миллиона квартир гражданам Казахстана. Официальное заявление JAQ.Ort.Com: Распространяемый видеоролик о якобы готовящемся бесплатном предоставлении миллиона квартир гражданам Казахстана не соответствует действительности. Комментарий JAQ.Ort.Com: В данном случае используется типовой и уже неоднократно встречавшийся механизм манипуляции: реальные видеокадры становятся основой для наложения на них ложного сообщения. Использование узнаваемых лиц и голосов, которое придает подделке видимость официальной информации, по замыслу создателей дезинформации должно создать у аудитории впечатление, что заявление действительно исходило от государственных органов или первых лиц страны. ➡️ Фейк: Видеоролик с учеником на самокате в казахстанской школе. Официальное заявление JAQ.OrtCom: Распространяемый видеоролик не имеет отношения к казахстанским школам. Проверка показала, что видео снято в соседней стране. На это указывают визуальные признаки в самом ролике, а также данные об аккаунте, разместившем оригинальную публикацию. Комментарий JAQ.OrtCom: В данном случае дезинформаторами используется механизм трансфера повестки: зарубежный видеоролик получает ложную географическую привязку, что становится основанием для необоснованных выводов о ситуации в Казахстане. Такая подмена контекста позволяет превратить локальный эпизод из другой страны в эмоциональный искусственный информационный повод о системе образования. ➡️ Фейк: Убийство учителя в Зайсанском районе из-за игры «Синий кит». Официальное опровержение Департамента полиции Восточно-Казахстанской области: Информация о том, что погибшая являлась учителем, не соответствует действительности. Также в ходе проверки не установлена связь произошедшего с так называемой игрой «Синий кит». Комментарий JAQ.OrtCom: К факту произошедшего добавляются неподтвержденные детали о личности погибшей и версии о связи случившегося с так называемой игрой «Синий кит». Такое привязывание трагического происшествия к ранее резонансной истории создает дополнительный информационный повод, возвращает в публичную повестку утратившую актуальность тему и усиливает тревожность вокруг произошедшего. ➡️ Фейк: Выдача Министром финансов РК Мади Такиевым лицензий на инвестиционную деятельность. Официальное опровержение Министерства финансов РК: Министерство финансов не осуществляет лицензирование брокерской, дилерской, инвестиционной и иной профессиональной деятельности на финансовом рынке. Выдача соответствующих лицензий, регистрация и контроль деятельности инвестиционных компаний и брокеров относятся к компетенции уполномоченного государственного органа. Комментарий JAQ.OrtCom: Имя руководителя государственного органа и упоминание якобы выданной лицензии используются для придания мошенническому предложению официального статуса. Такая схема рассчитана на повышение доверия потенциальных инвесторов и может побуждать граждан передавать деньги или персональные данные организациям, не имеющим необходимых разрешений. ➡️ Фейк: Подделка подписи водителя сотрудником полиции при оформлении административного протокола в г.Шымкент. Официальное опровержение Департамента полиции г. Шымкент: Информация о том, что сотрудник полиции самостоятельно поставил подпись за водителя, не соответствует действительности. Административный протокол был оформлен в установленном порядке. Комментарий JAQ.OrtCom: Предусмотренная процедурой отметка об отказе от подписи была представлена как подделка подписи сотрудником полиции. Изъятый из контекста элемент оформления административного протокола превращается в обвинение должностного лица в противоправных действиях, формируя негативное восприятие работы государственных органов.
-
🔎 2026 жылғы 10-20 қыркүйек аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы. ➡️ Фейк: Қазақстан азаматтарына бір миллион пәтерді тегін беріледі JAQ.OrtCom ресми мәлімдемесі: Қазақстан азаматтарына бір миллион пәтерді тегін беру жоспарланып жатқаны туралы таралып жатқан видеоролик шындыққа сәйкес келмейді. JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл жағдайда бұған дейін де бірнеше рет кездескен манипуляция тәсілі қолданылған: шынайы бейнекадрлар жалған хабарламаны тарату үшін пайдаланылған. Танымал тұлғалардың бейнесі мен дауысының қолданылуы жалған материалға ресми сипат беріп, оның шынайы ақпарат екеніне сендіруге бағытталған. Мұндай тәсілдің мақсаты - аудиторияда бұл мәлімдеме мемлекеттік органдардан немесе елдің жоғары лауазымды тұлғаларынан тараған деген әсер қалыптастыру. ➡️ Фейк: Қазақстан мектебінде самокатпен жүрген оқушы туралы видеоролик JAQ.OrtCom ресми мәлімдемесі: Таралып жатқан видеороликтің Қазақстан мектептеріне қатысы жоқ. Тексеру нәтижесінде видеоның көршілес елде түсірілгені анықталды. Бұған роликтегі визуалды белгілер, сондай-ақ түпнұсқа жарияланымды орналастырған аккаунт туралы деректер дәлел болады. JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл жағдайда дезинформаторлар ақпараттық күн тәртібін бір жағдайдан екіншісіне көшіру тәсілін қолданған: шетелде түсірілген видеороликке Қазақстанға қатысты жалған географиялық байланыс беріліп, соның негізінде еліміздегі жағдай туралы негізсіз қорытындылар жасалған. Осылайша, басқа елдегі жергілікті оқиға Қазақстанның білім беру жүйесіне қатысты эмоциялық сипаттағы жасанды ақпараттық себепке айналдырылған. ➡️ Фейк: Зайсан ауданында «Көк кит» ойынының салдарынан мұғалім қаза тапты деген ақпарат Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің ресми теріске шығаруы: Қаза болған адамның мұғалім болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сондай-ақ тексеру барысында болған оқиғаның «Көк кит» деп аталатын ойынмен байланысы анықталған жоқ. JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Болған оқиға туралы ақпаратқа қаза болған адамның жеке басына қатысты расталмаған мәліметтер және оқиғаның «Көк кит» деп аталатын ойынмен байланысы туралы болжам қосылған. Қайғылы оқиғаны бұрын қоғамда резонанс тудырған оқиғамен байланыстыру қосымша ақпараттық себеп қалыптастырады, өзектілігін жоғалтқан тақырыпты қайтадан қоғамдық күн тәртібіне шығарып, болған жағдайға қатысты алаңдаушылықты күшейтеді. ➡️ Фейк: Қаржы министрі Мәди Такиев инвестициялық қызметке лицензия берді деген ақпарат - жалған ҚР Қаржы министрлігінің ресми теріске шығаруы: Қаржы министрлігі қаржы нарығындағы брокерлік, дилерлік, инвестициялық және өзге де кәсіби қызмет түрлерін лицензиялайды. Тиісті лицензияларды беру, инвестициялық компаниялар мен брокерлердің қызметін тіркеу және бақылау уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне жатады. JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Мемлекеттік орган басшысының есімі мен берілді деген лицензия туралы мәлімет алаяқтық ұсынысқа ресми сипат беру үшін пайдаланылған. Мұндай схема әлеуетті инвесторлардың сенімін арттыруға бағытталған және азаматтарды қажетті рұқсаттары жоқ ұйымдарға ақша аударуға немесе дербес деректерін беруге итермелеуі мүмкін. ➡️ Фейк: Шымкентте полиция қызметкері әкімшілік хаттамаға жүргізушінің орнына қол қойған Шымкент қаласы Полиция департаментінің ресми теріске шығаруы: Полиция қызметкерінің жүргізушінің орнына өз бетінше қол қойғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Әкімшілік хаттама белгіленген тәртіппен рәсімделген. JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Рәсімде көзделген қол қоюдан бас тарту туралы белгі полиция қызметкерінің жүргізушінің орнына қол қоюы ретінде көрсетілген. Әкімшілік хаттаманы рәсімдеу барысында қойылған белгі контекстен алынып, лауазымды тұлғаны құқыққа қайшы әрекет жасады деп айыптауға негіз болған. Мұндай интерпретация мемлекеттік органдардың жұмысына қатысты теріс көзқарас қалыптастыруы мүмкін.
-
ℹ️ Зарубежный ролик выдали за кадры из казахстанской школы В социальных сетях распространяется видеоролик, на котором учащийся едет на самокате внутри школы, несмотря на замечания окружающих. В публикациях ролик стали связывать с Казахстаном, сопровождая его комментариями о якобы снижающемся уровне воспитания школьников и «падении нравов». Более того, эту ошибочную версию подхватили отдельные медиа, фактически вводя свою аудиторию в заблуждение относительно места, где был снят ролик. Центр по борьбе с дезинформацией проанализировал исходный материал. Речь, звучащая в ролике, действительно может быть воспринята как казахская из-за сходства тюркских языков. Проверка Центра по борьбе с дезинформацией показала: видео снято в соседней стране. На кадрах есть аудиовизуальные признаки, указывающие на это, а аккаунт, разместивший оригинал, также находится за пределами Казахстана. Таким образом, распространяемый ролик не имеет отношения к казахстанским школам. ❗️ Этот случай показывает, как отсутствие элементарной проверки первоисточника приводит к появлению искусственной повестки: чужой видеоролик получает казахстанскую привязку, а затем становится поводом для эмоциональных выводов уже о нашем обществе. Для СМИ такая ошибка особенно существенна: перепубликация непроверенного контента превращает предположение в якобы установленный факт и вводит в заблуждение собственную аудиторию.
-
ℹ️ Шетелде түсірілген роликті қазақстандық мектептің кадры ретінде таратқан Әлеуметтік желілерде оқушының айналасындағылардың ескертуіне қарамастан мектеп ішінде самокатпен жүрген видеоролигі тарады. Жарияланымдарда бұл ролик Қазақстанмен байланыстырылып, мектеп оқушыларының тәрбие деңгейі төмендеп, «адамгершілік құндылықтар құлдырап бара жатқаны» туралы пікірлер айтылған. Бұдан бөлек, бұл қате нұсқаны жекелеген БАҚ өкілдері де таратып, роликтің нақты қай жерде түсірілгеніне қатысты өз аудиториясын жаңылыстырған. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бастапқы материалды талдады. Түркі тілдерінің ұқсастығына байланысты роликтегі сөздерді қазақ тілінде айтылған деп қабылдауға болады. Орталықтың тексеруі нәтижесінде видеоның көрші елде түсірілгені анықталды. Кадрда мұны көрсететін бірқатар аудиовизуалды белгілер байқалады. Сонымен қатар, түпнұсқа видеоны жариялаған аккаунттың Қазақстанға қатысы жоқ екені анықталды. Осылайша, таралып жатқан роликтің Қазақстан мектептеріне еш қатысы жоқ. ❗️ Бұл жағдай бастапқы дереккөзді қарапайым тексерудің өзі қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Бөгде елде түсірілген видеоға Қазақстанға қатысты сипаттама беріліп, кейін ол қоғамдағы жағдай туралы эмоциялық пікірлер айтуға себеп болған. БАҚ үшін мұндай қателік айрықша маңызды. Тексерілмеген контентті қайта жариялау болжамды ақпаратты нақты анықталған дерек ретінде көрсетуге әкеліп, өз аудиториясын жаңылыстыруы мүмкін.
-
🔎 Центр по борьбе с дезинформацией подготовил новый цикл информационно-просветительских материалов, который поможет ответить на ряд важных вопросов о том, как мы воспринимаем информацию и почему не всегда замечаем попытки повлиять на наше мнение. В новых каруселях простые объяснения сложных информационных явлений, с которыми мы сталкиваемся каждый день. 📲 Новые материалы регулярно публикуются на официальных страницах JAQ.ORTCOM в Instagram и TikTok. Подписывайтесь и повышайте свою цифровую грамотность вместе с нами.
-
🔎 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ақпаратты қалай қабылдайтынымыз және неге кейде біздің пікірімізге ықпал ету әрекеттерін байқай бермейтініміз туралы бірқатар маңызды сұраққа жауап іздеуге көмектесетін жаңа ақпараттық-түсіндіру материалдар топтамасын дайындады. Жаңа карусельдерде күнделікті өмірде кездесетін күрделі ақпараттық құбылыстар қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіріледі. 📲 Жаңа материалдар JAQ.ORTCOM-ның Instagram және TikTok желілеріндегі ресми парақшаларында тұрақты түрде жарияланып отырады. Парақшаларымызға жазылып, цифрлық сауаттылығыңызды арттырыңыз.
-
ℹ️ Очередной типовой вброс. Центр по борьбе с дезинформацией на протяжении длительного периода фиксирует повторяющийся сценарий: реальные кадры выступлений высокопоставленных лиц используются для создания вымышленных заявлений и придания им видимости официальной информации. Подобные вбросы регулярно появляются накануне и в период значимых общественно-политических событий - референдумов и выборов, формирования Правительства, государственных и памятных дат, а также других событий, вызывающих повышенное внимание аудитории. Один из последних примеров - встречающийся в социальных сетях видеоролик о якобы готовящемся бесплатном предоставлении миллиона квартир гражданам Казахстана. Используется уже неоднократно применявшийся прием: достоверные видеокадры и узнаваемые голоса становятся основой для сообщения, которого в действительности не было. Это позволяет создать у аудитории ложное впечатление, будто информация исходит непосредственно от государственных органов или первых лиц страны. Центр по борьбе с дезинформацией фиксировал аналогичные попытки и ранее - в период проведения референдума, избирательных кампаний и других значимых событий. Меняются содержание и информационный повод, но сам механизм остаётся практически неизменным. ❗️ При появлении подобных сообщений важно прежде всего проверить, действительно ли соответствующее заявление было сделано, и обратиться к первоисточнику полной видеозаписи выступления, а не к отдельному смонтированному фрагменту.
-
edited
ℹ️ Кезекті типтік ақпараттық араңдату. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жүйелі түрде қайталанатын ақпараттық бұрмалау тәсілін тіркеді. Атап айтқанда, жоғары лауазымды тұлғалардың сөйлеген сөздерінен алынған шынайы бейнекадрлары ойдан шығарылған мәлімдемелер жасау және оларға ресми ақпарат сипат беру үшін қолданылуда. Мұндай ақпараттық араңдатулар маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардың қарсаңында және оларды өткізу кезеңінде тұрақты түрде таратылады. Олардың қатарында референдумдар мен сайлау, Үкімет құрамының қалыптасуы, мемлекеттік және атаулы күндер, сондай-ақ аудиторияның жоғары қызығушылығын тудыратын басқа да маңызды шаралар кезінде жүйелі түрде таратылады. Соңғы мысалдардың бірі - әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтарына миллион пәтерді тегін беру жоспарланып отырғаны туралы тараған видеоролик. Бұл ретте бұған дейін де бірнеше рет қолданылған тәсіл пайдаланылған: шынайы бейнекадрлар мен көпшілікке таныс дауыстар іс жүзінде болмаған хабарламаның негізіне айналған. Нәтижесінде аудиторияда ақпарат тікелей мемлекеттік органдардан немесе елдің жоғары лауазымды тұлғалары айтқандай теріс түсінік қалыптастастыруға бағытталған. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мұндай әрекеттерді бұған дейін де - референдум өткізу кезеңінде, сайлау науқандары мен басқа да маңызды оқиғалар барысында тіркеген. Ақпараттың мазмұны мен ақпараттық себебі өзгергенімен, оның таралу тетігі іс жүзінде өзгеріссіз қалып отыр. ❗️ Осындай хабарламалар пайда болған кезде, ең алдымен, аталған мәлімдеменің шын мәнінде жасалған-жасалмағанын тексеріп, монтаждалған бөлек үзінділерге емес, сөйлеген сөздің толық бейнежазбасы орналасқан бастапқы дереккөзіне жүгіну маңызды.
-
Сводка официальных опровержений за период с 1 по 10 сентября 2026 года ➡️ Фейк: Запрет на отмену исполнительных надписей нотариусами и судебный порядок их оспаривания с 8 сентября. Официальное разъяснение Министерства юстиции РК: Право должника обратиться к нотариусу с возражением против исполнительной надписи сохраняется. Нотариус также по-прежнему вправе отменить исполнительную надпись в предусмотренных законом случаях. Должник может направить возражение нотариусу в течение десяти рабочих дней со дня получения уведомления, указав конкретные причины несогласия с требованием взыскателя. Обращение в суд необходимо в случае, если на основании исполнительной надписи уже возбуждено исполнительное производство. Комментарий JAQ.OrtCom: Изменения в законодательстве были интерпретированы как полный запрет нотариусам отменять исполнительные надписи. В результате уточнение отдельных процедур представляется как лишение должников одного из способов защиты своих прав. Распространение таких разъяснений может вводить граждан в заблуждение и побуждать их обращаться за платными юридическими услугами даже в тех случаях, когда вопрос может быть урегулирован непосредственно через нотариуса. ➡️ Фейк: Эвакуация жителей поселка Урнек Карабалыкского района из-за природного пожара со стороны России. Официальные разъяснения акимата Костанайской области и ДЧС Костанайской области: Информация о проводимой эвакуации жителей поселка Урнек не соответствует действительности. В акимате области сообщили, что эвакуация населения не проводится. При этом сам факт перехода природного пожара с территории Российской Федерации на территорию Карабалыкского района подтвержден. Возгорание степной растительности частично распространилось на территорию Карадумского лесничества. Ситуация находится на контроле ДЧС Костанайской области. Комментарий JAQ.OrtCom: В данном случае реальный чрезвычайный инфоповод был дополнен неподтвержденной информацией об эвакуации населения. Смешение подтвержденного факта пожара с недостоверными сведениями о мерах реагирования повышает убедительность сообщения и может усиливать тревожность среди жителей. В подобных ситуациях важно отдельно проверять не только сам факт происшествия, но и информацию о его масштабах, последствиях и решениях государственных органов. ➡️ Фейк: Выступление премьер-министра Армении Никола Пашиняна с резкими высказываниями в адрес Казахстана. Официальное разъяснение JAQ.OrtCom: Распространяемая цитата является сфальсифицированной. В ходе проверки установлено, что Никол Пашинян подобных заявлений в адрес Казахстана не делал. Основой для манипуляции стал ответ Премьер-министра Армении на вопрос журналиста во время брифинга 3 сентября. В оригинальном выступлении речь шла о самостоятельности Армении в принятии государственных решений, при этом Казахстан в данном контексте не упоминался. Комментарий JAQ.OrtCom: В данном случае используется подмена содержания реального высказывания: подлинная цитата частично изменяется и дополняется вымышленными фразами, что позволяет придать ей принципиально иной смысл. Приписывание иностранному государственному деятелю резких заявлений в адрес Казахстана может использоваться для формирования негативных настроений и создания искусственного информационного повода для напряженности между обществами двух стран. ➡️ Фейк: Штраф родителям школьницы в г. Астана за черный цвет школьных брюк. Официальное разъяснение Управления образования г. Астана: Информация о том, что родители могут быть оштрафованы именно за черный цвет брюк, не соответствует действительности. В общеобразовательных школах столицы допускается школьная форма как черного, так и темно-синего цвета. Комментарий JAQ.OrtCom: Отдельная конфликтная ситуация и некорректное толкование требований конкретной школой могут быть представлены как общее правило для всех учебных заведений. В результате у родителей формируется ошибочное представление о якобы действующем запрете на чёрную школьную форму и автоматическом штрафе за его нарушение, хотя таких требований на уровне столичных школ нет. ➡️ Фейк: Обязательное продление срока регистрации брака для казахстанцев. Официальное разъяснение Министерства юстиции РК: В соответствии с брачно-семейным законодательством брак регистрируется один раз и не имеет установленного срока действия. Его продление не требуется. Комментарий JAQ.OrtCom: Мошенническая схема строится на имитации официального уведомления о якобы обязательной государственной процедуре. Упоминание «продления брака» может вызвать тревогу и побудить пользователя перейти по ссылке или передать персональные данные, не проверив содержание сообщения. Для усиления доверия злоумышленники используют привычные гражданам цифровые сервисы и формулировки, стилизованные под официальные уведомления.
-
2026 жылғы 1–10 қыркүйек аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы ➡️ Фейк: 8 қыркүйектен бастап нотариустарға атқарушылық жазбалардың күшін жоюға тыйым салынып, оларды тек сот тәртібімен даулау қажет болады. ҚР Әділет министрлігінің ресми түсіндірмесі: Борышкердің атқарушылық жазбаға қарсылық білдіріп, нотариусқа жүгіну құқығы сақталады. Нотариус та заңда көзделген жағдайларда атқарушылық жазбаның күшін жоюға бұрынғыдай құқылы. Борышкер өндіріп алушының талабымен келіспеуінің нақты себептерін көрсете отырып, хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде нотариусқа қарсылық жолдай алады. Атқарушылық жазба негізінде атқарушылық іс жүргізу қозғалған жағдайда сотқа жүгіну қажет. JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Заңнамадағы өзгерістер нотариустардың атқарушылық жазбалардың күшін жоюға толық тыйым салу ретінде түсіндірілген. Нәтижесінде жекелеген рәсімдердің нақтылау борышкерлерді өз құқықтарын қорғаудың бір тәсілінен айыру ретінде көрсетіледі. Мұндай түсіндірмелер азаматтарды жаңылыстырып, мәселені тікелей нотариус арқылы реттеуге болатын жағдайлардың өзінде оларды ақылы заңгерлік қызметке жүгінуге итермелеуі мүмкін. ➡️ Фейк: Ресей аумағынан тараған табиғи өртке байланысты Қарабалық ауданындағы Үрнек ауылының тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Қостанай облысы әкімдігі мен Қостанай облысы ТЖД-ның ресми түсіндірмелері: Үрнек ауылы тұрғындарын эвакуациялау жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Облыс әкімдігі халықты эвакуациялау жүргізілмейтінін хабарлады. Сонымен қатар табиғи өрттің Ресей Федерациясы аумағынан Қарабалық ауданының аумағына өткені расталды. Дала өсімдіктерінің жануы Қарадум орманшылығы аумағына ішінара тараған. Жағдай Қостанай облысы ТЖД бақылауында. JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл жағдайда төтенше жағдайға қатысты нақты ақпарат расталмаған эвакуация туралы мәліметпен толықтырылған. Өрттің болғаны туралы расталған ақпарат пен оған байланысты қабылданған шаралар жөніндегі жалған мәліметтердің араластырылуы хабарламаның шынайылығына деген сенімді арттырып, тұрғындар арасындағы алаңдаушылықты күшейтуі мүмкін. Мұндай жағдайларда оқиғаның өзін ғана емес, оның ауқымы мен салдарын, сондай-ақ мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдер туралы ақпаратты да жеке-жеке тексеру маңызды. ➡️ Фейк: Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның Қазақстанға қатысты өткір мәлімдеме жасағаны туралы ақпарат. JAQ.OrtCom ресми түсіндірмесі: Таралып жатқан дәйексөз бұрмаланған. Тексеру барысында Никол Пашинянның Қазақстанға қатысты мұндай мәлімдеме жасамағаны анықталды. Манипуляцияға Армения Премьер-министрінің 3 қыркүйектегі брифинг барысында журналистің сұрағына берген жауабы негіз болған. Түпнұсқа сөзінде Арменияның мемлекеттік шешімдерді дербес қабылдауы туралы айтылған, бұл контексте Қазақстан мүлде аталмаған. JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл жағдайда нақты айтылған сөздің мазмұнын бұрмалау тәсілі қолданылған: түпнұсқа дәйексөз ішінара өзгертіліп, ойдан шығарылған сөз тіркестерімен толықтырылған. Соның нәтижесінде бастапқы дәйексөзге мүлде басқа мағына берілген. Шетелдік мемлекет қайраткеріне Қазақстанға қатысты өткір мәлімдемелерді телу қоғамда теріс пікір қалыптастыру және екі ел арасында шиеленіс туғызатын жасанды ақпараттық себеп жасауға пайдаланылуы мүмкін. ➡️ Фейк: Астана қаласында мектеп оқушысының қара түсті шалбар кигені үшін ата-анасына айыппұл салынады. Астана қаласы Білім басқармасының ресми түсіндірмесі: Ата-аналарға шалбардың қара түсі үшін айыппұл салынуы мүмкін деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Елордадағы жалпы білім беретін мектептерде қара және қою көк түсті мектеп формасын киюге рұқсат етіледі. JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Жекелеген жанжалды жағдай мен нақты бір мектептің талаптарды дұрыс түсіндірмеуі барлық білім беру ұйымдарына ортақ ереже ретінде көрсетілуі мүмкін. Нәтижесінде ата-аналарда қара түсті мектеп формасына тыйым салынғаны және бұл талапты бұзғаны үшін автоматты түрде айыппұл салынатыны туралы қате түсінік қалыптасады. Алайда елорда мектептеріне ортақ мұндай талап жоқ. ➡️ Фейк: Қазақстандықтар неке тіркеу мерзімін міндетті түрде ұзартуы тиіс. ҚР Әділет министрлігінің ресми түсіндірмесі: Неке-отбасы заңнамасына сәйкес неке бір рет тіркеледі және оның белгіленген қолданылу мерзімі жоқ. Некені ұзарту талап етілмейді. JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Алаяқтық схема міндетті мемлекеттік рәсім туралы ресми хабарламаға ұқсатып жасалған хабарламаны таратуға негізделген. «Некені ұзарту» туралы ақпарат азаматтар арасында алаңдаушылық туғызып, оларды хабарламаның мазмұнын тексерместен сілтемеге өтуге немесе дербес деректерін беруге итермелеуі мүмкін. Сенімді арттыру мақсатында алаяқтар азаматтарға таныс цифрлық сервистерді және ресми хабарламаларға ұқсас тұжырымдарды пайдаланады.
-
edited
ℹ️ В социальных сетях распространяется недостоверная информация о якобы прозвучавших высказываниях Премьер-министра Республики Армения Никола Пашиняна в адрес Казахстана. Проведенная проверка показала, что цитата является сфальсифицированной. Никол Пашинян подобных слов не произносил. Основой для манипуляции послужил ответ главы Правительства Армении на вопрос журналиста во время брифинга 3 сентября. Комментируя предположение о внешнем влиянии на решения Еревана, Никол Пашинян заявил: «Складывается такое впечатление, будто перед вами стоит первый секретарь Центрального комитета Компартии Армянской ССР». Таким образом, речь шла исключительно о самостоятельности Армении в принятии государственных решений. Казахстан в данном контексте не упоминался. Авторы фейка изменили отдельные слова и дополнили ответ фразами, отсутствующими в оригинальном выступлении. В результате высказывание получило альтернативный смысл и было искусственно представлено как выпад в адрес Казахстана. Содержание подлинного ответа подтверждается опубликованной видеозаписью брифинга. Полный ответ приведен в публикации VERELQ. Подобные манипуляции направлены на формирование негативных настроений и создание искусственных поводов для напряженности между народами Казахстана и Армении. ⚠️ Центр по борьбе с дезинформацией призывает пользователей социальных сетей не распространять непроверенные цитаты и публикации, обращать внимание на первоисточник, дату и контекст высказывания. Также, призываем удалить недостоверные публикации, если они уже были размещены, и опубликовать опровержение. Напоминаем, что за распространение ложной информации предусмотрена административная ответственность по статье 456-2 КоАП РК (штраф до 250 МРП либо, в предусмотренных законом случаях, административный арест). Распространение заведомо ложной информации, создающей опасность нарушения общественного порядка или причинения существенного вреда охраняемым законом правам и интересам, может повлечь уголовную ответственность по статье 274 УК РК – лишение свободы сроком до 7 лет. Не становитесь инструментом информационных манипуляций. Проверяйте информацию до ее публикации и распространения.
-
ℹ️ Әлеуметтік желілерде Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинянның Қазақстанға қатысты мәлімдемелері туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таралуда. Жүргізілген тексеру нәтижесінде аталған дәйексөздің бұрмаланғаны анықталды. Никол Пашинян мұндай сөздер айтпаған. Манипуляцияға Армения Үкіметі басшысының 3 қыркүйекте өткен брифингте журналистің сұрағына берген жауабы негіз болған. Ереванның шешімдеріне сыртқы ықпалдың болуы туралы болжамға түсініктеме бере отырып, Никол Пашинян: «Сіздердің алдарыңызда Армян КСР Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы тұрғандай әсер қалыптасады», - деп мәлімдеген. Осылайша, оның сөзі Арменияның мемлекеттік шешімдерді өз бетінше қабылдау мәселесіне қатысты болған. Бұл контексте Қазақстан туралы ешқандай сөз айтылмаған. Жалған ақпарат авторлары бастапқы жауаптағы жекелеген сөздерді өзгертіп, түпнұсқада болмаған сөз тіркестерін қосқан. Нәтижесінде мәлімдеменің бастапқы мәні өзгертіліп, ол Қазақстанға қарсы бағытталған пікір ретінде әдейі ұсынылған. Жауаптың түпнұсқалық мазмұны брифингтің бейнежазбасымен расталады. Толық жауап VERELQ жарияланымында берілген. Мұндай манипуляциялар теріс көңіл күй қалыптастыруға және Қазақстан мен Армения халықтары арасында жасанды түрде түсініспеушілік тудыруға бағытталған. ⚠️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген дәйексөздер мен жарияланымдарды таратпауға, ақпараттың бастапқы дереккөзіне, жарияланған күні мен мәнмәтініне назар аударуға шақырады. Сондай-ақ, бұған дейін жарияланған жалған жазбаларды өшіріп, тиісті теріске шығаруды жариялауды сұрайды. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (250 АЕК-ке дейінгі айыппұл немесе заңда көзделген жағдайларда әкімшілік қамаққа алу). Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе заңмен қорғалатын құқықтар мен мүдделерге елеулі зиян келтіру қаупін тудыратын көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық (7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру) қарастырылған. Ақпараттық манипуляциялардың құралына айналмаңыз. Ақпаратты жарияламас және таратпас бұрын оның шынайылығын тексеріңіз.
-
edited Центром по борьбе с дезинформацией Службы центральных коммуникаций подготовлен Обзор опровержений за август 2026 года.
-
edited Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы 2026 жылдың тамыз айында теріске шығарылған жалған ақпараттарға шолу дайындады.
-
ℹ️ В социальных сетях распространяется информация, которая может создавать ошибочное представление о том, что бесплатное школьное питание и материальная помощь на подготовку детей к учебному году являются одной и той же мерой государственной поддержки и предоставляются всем учащимся без исключения. Данное утверждение не соответствует действующему законодательству. Речь идет о двух самостоятельных мерах государственной поддержки, имеющих различные цели, условия предоставления и круг получателей. Согласно Статье 6 Закона Республики Казахстан «Об образовании», местные исполнительные органы обеспечивают оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам. Порядок предоставления такой помощи определен Постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 января 2008 года № 64. Помощь предоставляется, в частности, детям из семей, имеющих право на адресную социальную помощь, семьям со среднедушевым доходом ниже величины прожиточного минимума, детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей, а также другим категориям, предусмотренным законодательством. В государственных организациях среднего образования бесплатным горячим питанием обеспечиваются все учащиеся 1–4 классов независимо от социального статуса, а также обучающиеся 5–11 классов, относящиеся к отдельным социально уязвимым категориям населения. В свою очередь, материальная помощь на приобретение одежды, обуви и школьно-письменных принадлежностей носит адресный характер и предоставляется потенциально нуждающимся, детям и семьям, имеющим соответствующие основания, предусмотренные законодательством. ‼️ Важно корректно информировать граждан о действующих мерах государственной поддержки. Представление адресной помощи отдельным категориям обучающихся как выплаты, которая полагается всем школьникам, создает необоснованные ожидания у родителей и искажает содержание государственной социальной политики. 🔈 Просим руководствоваться официальной информацией и действующими нормами законодательства Республики Казахстан.
-
ℹ️ Әлеуметтік желілерде тегін мектепте тамақтандыру мен балаларды оқу жылына дайындауға берілетін материалдық көмек бір мемлекеттік қолдау шарасы болып табылады және ол барлық оқушыға бірдей беріледі деген қате түсінік қалыптастыратын ақпарат таралуда. Бұл тұжырым қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмейді. Мұнда мақсаты, көрсетілу шарттары мен алушылар санаты әртүрлі мемлекеттік қолдаудың екі дербес шарасы туралы сөз болып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылық және материалдық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Мұндай көмекті көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен айқындалған. Аталған көмек, атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ заңнамада көзделген басқа да санаттарға көрсетіледі. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, 1-4 сыныптардың барлық оқушысы, сондай-ақ халықтың жекелеген әлеуметтік осал санаттарына жататын 5-11 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Ал, киім-кешек, аяқ киім және мектеп оқу құралдарын сатып алуға берілетін материалдық көмек атаулы сипатта болады. Ол заңнамада белгіленген тиісті негіздері бар мұқтаж балалар мен отбасыларға көрсетіледі. ‼️ Қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы азаматтарға дұрыс ақпарат беру маңызды. Оқушылардың жекелеген санаттарына арналған атаулы көмекті барлық оқушыға берілетін төлем ретінде көрсету ата-аналар арасында негізсіз күтулердің қалыптасуына және мемлекеттік әлеуметтік саясаттың мазмұнының бұрмалануына әкелуі мүмкін. 🔈 Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алуға шақырамыз.
- Older posts